Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2019.19.04. берілген өзгерістермен)
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін караңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; №11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; №17-18, 112, 114-құжаттар; №20-21, 119-құжат; 2010 жылғы 24 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 23 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 447-1-баптың бірінші бөлігінде:
бірінші абзац «дискiлермен» деген сөзден кейін «не электрондық (цифрлық) тахографтарды қолданған жағдайда электрондық карточкаларды пайдаланбай» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жолаушыларды, багажды облысаралық, ауданаралық (облысішілік қаларалық) және ауданішілік автомобильмен тасымалдауды жүзеге асырған кезде жүгізушілердің еңбек және демалыс режимін күнделікті тіркеу парақтарын жүргізбей автокөлік құралдарын пайдалануы,-»;
2) мынадай мазмұндағы 447-5-баппен толықтырылсын:
«447-5-бап. Республикаішілік қатынаста жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асырған кезде автокөлік құралдары жүргiзушiлерінде тасымалдау шартының болмауы
Республикаішілік қатынаста жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асырған кезде автокөлік құралдары жүргiзушiлерінде тасымалдау шартының болмауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
3) 479-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«479-бап. Жолаушыларды билетсiз алып жүру
Жолаушыларды билетсiз алып жүру:
1) халықаралық авиамаршруттарда ұшуды орындайтын әуе кемелерiнде - он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
2) iшкі авиамаршруттарда ұшуды орындайтын әуе кемелерiнде, - сегіз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
3) халықаралық қатынастағы поездарда -
жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
4) республикаiшiлiк қатынастағы поездарда -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
5) халықаралық қатынастағы теңіз кемелерінде -
жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
6) республикаiшiлiк қатынастағы теңіз кемелерінде -
алты айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
7) халықаралық қатынастағы өзен кемелерінде -
алты айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
8) республикаiшiлiк қатынастағы өзен кемелерінде -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
9) трамвайда, троллейбуста, қалада және қала маңында қатынайтын автобуста және маршрутты таксиде -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
10) халықаралық, облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және ауданішілік қатынастағы автобуста -
жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
4) 548-баптың бірінші бөлігі, екінші бөлігінің үшінші абзацы «447-4,» деген цифрлардан кейін «447-5,» деген цифрлармен толықтырылсын.
2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
115-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«115-бап. Автомобиль көлiгiнiң жерi
1. Автомобиль көлiгi қажеттерiне арналған жерге:
1) автомобиль жолдарына, олардың конструкциялық элементтерi мен жол ғимараттарына және олармен технологиялық байланысқан құрылыстар мен ғимараттарға;
2) автовокзалдар мен автостанцияларды, автомобиль көлiгiнiң басқа объектiлерiн және жер бетi мен жерасты үйлерiн, құрылыстарын, ғимараттарын, құрылғыларын пайдалану, күтiп-ұстау, салу, қайта жаңғырту, жөндеу, дамыту үшiн қажеттi жол шаруашылығы объектiлерiн орналастыру үшiн;
3) автомобиль жолдарына бөлiнетiн белдеулердi белгiлеу үшiн бөлiнген жер жатады.
2. Автомобиль көлiгiнiң қажеттерi үшiн бөлiнетiн белдеуге арналған жер учаскелерi жолдың санатына байланысты және жобалау құжаттамасына сәйкес белгiленген нормалардың негiзiнде берiледi.
3. Тұрғын халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және автомобиль жолдарын пайдалануға жағдай жасау үшiн жолда жүру қауiпсiздiгiнің талаптары ескерiле отырып, оларды пайдаланудың ерекше режимi белгiленiп, ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарына бөлiнетiн белдеулерге екi жағынан iргелес жатқан жер учаскелерi түрiнде жол бойындағы белдеулер жасалады.
Жол бойындағы белдеудің мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жеке және заңды тұлғаларға уақытша жер пайдалануға беруі мүмкін.
4. Жол қызметі, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін, жол полициясы, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, кеден қызметі, шекаралық, көліктік бақылау бекеттерін, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттерін қоспағанда, ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары бойынан бөлінген жер белдеулерінің шегінде ғимараттар мен құрылыстар салуға, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар төсеуге тыйым салынады.
Құрылысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын жол қызметі объектілерін және жол сервисі объектілерін қоспағанда, ортақ пайдаланудағы автомобиль жолы бойындағы жол белдеуінде ғимараттар мен құрылыстар салуға тыйым салынады.».
3. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат):
1) 105-бапта:
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақтағы «кеме қатынасы үшiн ашық» деген сөздер «кеме жүруі, әуе кемелерінің ұшуы (қонуы) үшін пайдаланылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 125-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «су объектiлерiнде» деген сөздер «су жолдарында» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат):
257-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы екінші сөйлем «тасымалдауды» деген сөзден кейін «, навигациялық жағдайды бақылау құралдарын қоюды, ауыстыруды, алуды және тексеруді» деген сөздермен толықтырылсын.
5. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат):
212-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«212-бап. Вахтаның ұзақтығы
1. Объектіде жұмыс орындау уақытын және ауысымаралық демалыс уақытын қамтитын кезең вахта болып есептеледі.
2. Вахтаның ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.
Теңіз кемелері экипаждарының мүшелері үшін қызметкердің келісімімен вахтаның ұзақтығы күнтiзбелiк бір жүз жиырма күнге дейін ұзартылуы мүмкін.».
6-тармақ 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат;):
1) 54-баптың 1-тармағы 10) тармақшасының екінші абзацындағы «(қалааралық) қатынастар» деген сөздер «(облысішілік қалааралық), сондай-ақ қала маңындағы темір жол қатынастары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 55-баптың 1-тармағы 10) тармақшасының екінші абзацындағы «iшкi» деген сөз «қалалық және қала маңындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 56-баптың 1-тармағы 8) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«темір жол қатынасын қоспағанда, әлеуметтік мәні бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;».
7-тармақ 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Салық кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат):
528-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) автомобиль жолдары жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрi - жол органы) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен белгiлi бiр мерзiмге беретiн құжат негiзiнде, жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнама объектілерін орналастыру кезінде, ал тиісінше облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы беретiн құжат негiзiнде облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнама объектiлерiн орналастыру кезiнде;».
8. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат):
1) 8-баптың бірінші бөлігі «басқару» деген сөзден кейін «және өзін-өзі басқару» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 9-бапта:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Рентабельдiлiгi қолданылып жүрген реттелетiн тарифтермен қамтамасыз етiлмейтiн жолаушылар тасымалын ұйымдастыру жөнiнде шешiмдер қабылдаған мемлекеттік органдар тасымалдаушылар залалдарын субсидиялауды бюджет қаражаты есебінен:»;
бесінші бөліктегі «республикалық бюджет қаражаттары» деген сөздер «бюджет қаражаттары» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 273-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 13-14, 54-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 23, 100-құжат):
15-баптың 1-тармағының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«кемінде үш жыл жүргізушілік стажы, оның ішінде кемінде бір жыл «С» санатына жататын көлiк құралдарын жүргiзу стажы бар, жиырма бір жасқа толған адамдарға - жүргізушінің орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орындары бар және жолаушылар тасымалдауға арналған автомобильдердi («Д» санаты), троллейбустар мен трамвайларды жүргiзуге;».
10. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 25-құжат; 2001 ж., № 20, 258-құжат; 2002 ж., № 5, 50-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; № 13, 74-құжат; 2005 ж., № 17-18, 73-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 86-құжат; № 13, 100-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 13-14, 55-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 22, 94-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат):
3-1-баптың 11) тармақшасы алып тасталсын.
11. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар):
1) 27-баптың 1-тармағының 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) Қазақстан Республикасының көлік саласындағы заңнамасына сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастырады;»;
2) 31-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Қазақстан Республикасының көлік саласындағы заңнамасына сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастырады;».
12. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) автомобиль жолдарын басқарушылар - автомобиль жолдарының меншiк иелерi болып табылатын немесе автомобиль жолдарын шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығымен, сондай-ақ жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз пайдалану шартына сәйкес басқару жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
2) автомобиль жолдарын пайдаланушылар - жол қозғалысына қатысушылар болып табылатын немесе автомобиль жолдарына бөлiнген белдеу мен жол бойындағы белдеу шегiнде өзге де қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
3) автомобиль жолы - автомобильдердiң және басқа да көлiк құралдарының белгiленген жылдамдықпен, жүктемелермен, габаритпен үздiксiз, қауiпсiз жүрiсiн қамтамасыз ететiн, автомобильдер жүрiсiне арналған инженерлiк құрылыстар кешенi, сондай-ақ осы кешендi орналастыру үшiн берiлген жер учаскелерi (көлiк жерлерi) және олардың үстіндегі белгiленген габарит шегіндегі әуе кеңiстiгi;
4) автомобиль жолын ағымдағы жөндеу - маршруттық тәсілмен орындалатын, бұзылған учаскелерді жөндеу жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, бүкіл жыл бойы жүргізілетін, автомобиль жолдарында авариялық жағдайлар, ақаулар туындауының алдын алу, сондай-ақ автомобиль жолын шұғыл қалпына келтіру және жөндеу тәртібімен орындалатын жұмыстар кешені;
5) автомобиль жолын жөндеу - ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулерді қамтитын, автомобиль жолы ақауларының алдын алу және оларды жою, сондай-ақ көліктік-пайдалану сапаларын қалпына келтіру және жақсарту жөніндегі жұмыстар кешені;
6) автомобиль жолын күрделі жөндеу - қолданыстағы техникалық санатын өзгертпей, автомобиль жолының көліктік-пайдалану сипаттамаларын қалпына келтіру және (немесе) жақсарту жөніндегі жұмыстар кешені;
7) автомобиль жолын күтіп ұстау - автомобиль жолын тиісті техникалық жай-күйде ұстау, оның техникалық жай-күйін бағалау жөніндегі, сондай-ақ жолда жүру қауіпсіздігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар кешені;
8) автомобиль жолын орташа жөндеу - автомобиль жолының бастапқы пайдалану сапаларын және жол құрылыстарын қалпына келтіруге байланысты жұмыстар кешені;
9) автомобиль жолын реконструкциялау - автомобиль жолын немесе оның жекелеген учаскесін неғұрлым жоғары техникалық санатқа ауыстыра отырып, көліктік-пайдалану сапаларын, қозғалыс қауіпсіздігі мен қолайлылығын арттыруды қамтамасыз ететін жұмыстар кешені;
10) автомобиль жолының ұзындығы - километрлiк белгiлер бойынша нақты (жергiлiктi жерде) көрсетiлген, объектiлердiң немесе елдi мекендердiң арасындағы жолдың нақты ұзындығы;
11) ақылы автомобиль жолдары - өздерiне қатысты ақылы негiзде пайдаланылу туралы шешiм қабылданған және онымен жүргенi үшiн ақы алынатын автомобиль жолдары;
12) ауыр салмақты көлiк құралы - толық массасы немесе жүктеменiң оның осi бойынша бөлiнуi осы жол санаты мен ондағы құрылыстар үшiн рұқсат етiлген шектi жүктеме мөлшерiнен асатын, жүгi бар немесе жүксiз көлiк құралы;
13) габариті iрi көлiк құралы - нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген габарит мөлшерiнен асатын, жүгi бар немесе жүксiз көлiк құралы;
14) жол бойындағы белдеулер - көлiк жүрісін және халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн шекарасында жер пайдаланудың ерекше шарттары белгiленетiн, автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуге жалғасып жатқан жер учаскелерi;
15) жолға бөлiнген белдеу - автомобиль жолдары алып жатқан, автомобиль жолының тиiстi құрастырмалы элементтерi мен инженерлiк құрылыстарын, сондай-ақ оларды пайдалану үшiн қажеттi ғимараттарды, құрылыстарды, қорғаныштық және әсемдiк орман екпелерiн отырғызуға және жол байланысы құрылғыларын орналастыруға арналған көлiк жерлерi;
16) жол қызметi - автомобиль жолдарын және олардағы құрылыстарды жобалау, салу, реконструкциялау және жөндеу, сондай-ақ оларды күтiп ұстау мен пайдалану жөніндегі қызмет;
17) жол қызметiн басқару - жолдардағы қозғалысты ұйымдастыруға және қауiпсiздiк пен қолайлылықты қамтамасыз етуге, автомобиль жолдары мен құрылыстардың көлiктiк-пайдалану жай-күйiн арттыруға, оларды қорғау тәртібін қамтамасыз етуге, нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген мемлекеттік стандарттар мен озық технологияларды енгізу негiзiнде автомобиль жолдарын жобалауды, салуды, реконструкциялауды, жөндеудi, күтiп ұстауды және пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған iс-шаралар кешенi;
18) жол қызметінің объектілері - жол-пайдалану кешендері, пайдалану қызметінің қызметкерлеріне арналған тұрғын үйлер, автобус аялдамалары, павильондар, демалыс алаңдары, автомобильдердің қысқа уақыт тоқтауына арналған алаңдар, автомобильдерді техникалық қарауға арналған құрылғылар, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған құрылыстар мен құрылғылар, орман алқаптары, көпірлерге қызмет көрсету әрі оларды қорғау пункттері, технологиялық және авариялық шақыру байланысының құрылғылары;
19) жол органдары - жалпыға ортақ пайдаланылатын мемлекеттік автомобиль жолдарын басқаруды жүзеге асыратын автомобиль жолдары жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган, оның аумақтық органдары;
20) жол сервисі объектілері - қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, автожанармай құю станциялары, техникалық қызмет көрсету станциялары, тамақтандыру және сауда пункттері;
21) көше (көшенiң көлiк жүретiн бөлiгi) - елдi мекендер шекарасының шегіндегі автомобиль жолы.»;
2) 2-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бап. Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары туралы заңнамасы»;
1-тармақтағы «жол қызметiн реттейтiн» деген сөздер алып тасталсын;
3) 3-бапта:
1-тармақтағы «қалалар мен» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақта:
2) тармақшадағы «республиканың ірі әкімшілік, мәдени және экономикалық орталықтары, сондай-ақ көршілес мемлекеттер арасында көлік қатынасын қамтамасыз ететін автомобиль жолдары және» деген сөздер «республиканың және көршілес мемлекеттердің әкімшілік, мәдени және экономикалық орталықтары арасында көлік қатынасын қамтамасыз ететін автомобиль жолдары, сондай-ақ» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-1) тармақша алып тасталсын;
4-тармақтағы «Қалалар мен елді» деген сөздер «Елді» деген сөзбен ауыстырылсын;
7-тармақта:
екінші бөлігінде:
бұл өзгерістің мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын;
«облыстық атқарушы органдар» деген сөздер «облыстың жергілікті атқарушы органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тiзбелерiн аудандардың жергілікті атқарушы органдары облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен келісім бойынша бекiтедi.»;
8-тармақтағы «қалалар мен» деген сөздер алып тасталсын;
4) 4-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдары немесе олардың учаскелері Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына (несие алушыларға) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалану шартына сәйкес өтеусіз уақытша пайдалануға берілуі мүмкін.»;
5-тармақтағы «Қалалардың және елді» деген сөздер «Елді» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:
«4-1-бап. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын өтеусіз уақытша пайдалануға беру
1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешімді несие алушы өтінішінің негізінде тиісінше облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы (несие беруші) қабылдайды.
2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалану құқығы бес жылға дейінгі мерзімге беріледі. Өз міндеттерін тиісті түрде атқарған несие алушы шарттың мерзімі өткеннен кейін талаптар тең болған өзге жағдайда жаңа мерзімге шарт жасасуға басқа тұлғаларға қарағанда басым құқыққа ие болады.
3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз пайдалану шартына сәйкес несие алушы: