Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Алматы қаласының
өңірлік қаржы орталығын құру мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының заматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; 2006 жылғы 17 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 13 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2006 жылғы 24 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 13 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
42-баптың 1-тармағының бірінші сөйлеміндегі «Заңды» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, заңды» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 24, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат):
1) 28-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының лауазымды адамдары мен органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдануы туралы істерді, басқа да азаматтық істерді, егер тараптардың біреуі Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы болса, мамандандырылған қаржылық соты қарайды.»;
2) 30-баптың бірінші бөлігіндегі «екінші бөлігінде» деген сөздер «екінші және үшінші бөліктерінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; 2006 жылғы 17 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 24 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2006 жылғы 24 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 13 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
550-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларына қатысты осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган қарайды.».
2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
4. 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4, 5-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; 2006 жылғы 17 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 13 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2006 жылғы 24 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 13 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 91-баптың 1-тармағының 10) тармақшасындағы «табыс алып тасталуға тиіс.» деген сөздер «табыс;» деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 1-1), 3-1) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында сатып алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша дивидендтер, сыйақылар;»;
«3-1) борыштық бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмілелер Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында жасалған жағдайда осы сауда алаңына жіберілген борыштық бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс;»;
«11) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушы заңды тұлғасының қаржылық қызметтер көрсетуден алған табысы алып тасталуға тиіс. Осы тармақшада көрсетілген қаржылық қызметтердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
2) 124-баптың 2-тармағындағы «және агенттік облигацияларды» деген сөздер «, агенттік облигацияларды және олармен азаматтық-құқықтық мәмілелер Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында жасалған жағдайда осы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздарды» деген сөздермен; «қағаздар мен агенттік облигацияларды» деген сөздер «қағаздарды, агенттік облигацияларды және олармен азаматтық-құқықтық мәмілелер Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында жасалған жағдайда осы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 131-баптың 1-1-тармағының 3) тармақшасындағы «дивидендтер төлем көзінен салық салуға жатпайды.» деген сөздер «дивидендтер;» деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында сатып алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша дивидендтер, сыйақылар төлем көзінен салық салуға жатпайды.»;
4) 144-бап мынадай мазмұндағы 4-1) және 13-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында сатып алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша дивидендтер, сыйақылар;»;
«13-1) олармен азаматтық-құқықтық мәмілелер Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында жасалған жағдайда осы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс;»;
5) 178-баптың 3) тармақшасының үшінші абзацындағы «үлестерін өткізу нәтижесінде алынған құн өсімінен түскен табыстар;» деген сөздер «үлестерін өткізу» деген сөздермен ауыстырылып, тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«резидент еместер шығарған және Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген борыштық бағалы қағаздарды өткізу нәтижесінде алынған құн өсімінен түскен табыстар;»;
6) 179-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында сатып алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша дивидендтер, сыйақылар;»;
7) 183-баптың 1-тармағындағы «және агенттік облигацияларды» деген сөздер «, агенттік облигацияларды және олармен азаматтық-құқықтық мәмілелер Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында жасалған жағдайда осы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 187-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында сатып алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша дивидендтерді, сыйақыларды;»;
9) 190-баптың 1-тармағының үшінші абзацындағы «мемлекеттік бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды» деген сөздер «мемлекеттік бағалы қағаздарды, агенттік облигацияларды және олармен азаматтық-құқықтық мәмілелер Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында жасалған жағдайда осы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) мынадай мазмұндағы 517-1-баппен толықтырылсын:
«517-1-бап. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының
қатысушыларын салықтық бақылау
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын салықтық бақылауды салық органдары уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша аудиторлық есеппен расталатын салықтық есептілік негізінде ғана жүзеге асыруы мүмкін. Аудиторлық ұйымдардың тізбесін Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және аудиторлық қызмет саласын реттеу мен аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметін бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып айқындайды.»;
11) 520-1-баптың 1-1-тармағында:
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Заңды тұлғалар - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушылары бойынша хабарламаның нысанын және оны статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға табыс ету тәртібін уәкілетті мемлекеттік органмен және статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.»;
үшінші бөліктегі «жіберуге тиіс» деген сөздер «, ал, салық төлеушіге - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысына Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жіберуге тиіс» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат):
1) 4-бап «әділет органдары (тіркеуші органдар)» деген сөздерден кейін « , заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеуді Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 6-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Заңды тұлғаны - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысын тіркеу үшін тіркеуші органға Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша өтініш беріледі. Заңды тұлғалар - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушылары туралы мәліметтерді әділет органдары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жіберген хабарламалар негізінде бірыңғай Мемлекеттік тізілімге енгізеді.»;
3) 9-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса тіркеліп өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.»;
4) 13-бапта:
екінші бөліктегі «уәкілетті мемлекеттік статистика органымен» деген сөздер «статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Заңды тұлғаларды - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) жүргізілгені туралы хабарламаның нысанын және оны мемлекеттік статистика органдарына табыс ету тәртібін статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.».
6. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 202-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат):
1) 10-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушылары құжаттаманы мемлекеттік тілде және (немесе) орыс және (немесе) ағылшын тілдерінде жүргізуге құқылы.»;
2) 15-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушылары мәмілелерді мемлекеттік тілде және (немесе) орыс және (немесе) ағылшын тілдерінде жасасуға құқылы.».
7. «Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін қолданысқа енгізу туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 645-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 15-16, 239-құжат):
мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:
«4-1-бап. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 28-бабында белгіленген істердің мамандандырылған қаржылық соттарда соттылыққа жатқызылуы мұндай соттардың құрылуына қарай қолданылады. Мамандандырылған қаржылық соттар құрылғанға дейін істердің бірінші сатыдағы соттарда соттылыққа жатқызылуы осы Кодекстің 27-бабында белгіленген ережелер бойынша айқындалады.».
8. «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 24, 1068-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 24, 149-құжат; 2005 ж., № 24, 121-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат):
1) 102-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының осы Заңды және еңбек туралы өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауын - бақылауды Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.«;
2) мынадай мазмұндағы 104-1-баппен толықтырылсын:
«104-1-бап. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының
қызметін реттеу жөніндегі уәкілеттi
мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек
инспекторларының міндеттерi
Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекторлары:
1) өз құзыреті шегінде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органды Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының бұзылу фактілері туралы хабардар етуге;
2) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанға сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы талаптарының орындалу жай-күйі туралы ақпаратты жүргізуге және оны тоқсан сайын еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға табыс етуге міндетті.».
9. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж,, № 3, 22-құжат):
1) 11-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Заңның шетелдік жұмыс күшін квоталау және оны тартуға рұқсат беру туралы нормалары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында басшылар және мамандар лауазымында жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған құжаттары бар жоғары және орта кәсіптік білімді шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.»;
2) 22-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын сақтауын бақылауды Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.«.
10. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат, № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат):
18-баптың 2) тармақшасы «заңды тұлғаларды» деген сөздердің алдынан «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын.
11. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2002 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 9, 95-құжат; 2004 ж., № 14, 83-құжат; № 17, 101-құжат; 2005 ж., № 6, 7-құжат; № 23, 105-құжат):
27-1-баптың 1-тармағының 30) тармақшасындағы «қызметтерді сатып алуы мемлекеттік сатып алу нысанасы болып табылмайды.« деген сөздер «қызметтерді сатып алуы;» деген сөздермен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 31) тармақшамен толықтырылсын:
«31) Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның Халықаралық кеңесі мүшелерінің қызметтерін қоса алғанда, Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның консалтингтік қызметтер көрсетуді сатып алуы мемлекеттік сатып алу нысанасы болып табылмайды.».
12. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат):
18-баптың 4-тармағында «орналастырылатын акциялардың санын және (немесе) орналастыру бағасын өзгерту» деген сөздер «орналастырылатын акциялардың санын ұлғайту және (немесе) орналастыру бағасын төмендету» деген сөздермен ауыстырылсын.
13. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; 2006 жылғы 17 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 13 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2006 жылғы 24 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 13 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
63) тармақша «трансфер-агентті» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қатысушылары болып табылатын брокерді және (немесе) дилерді» деген сөздермен толықтырылсын;
74) тармақша «құжаттарына сәйкес» деген сөздерден кейін «және (немесе) Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 9-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Эмитент осы баптың 1-тармағының 1)-3), 8)-12) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда, эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен тіркеу үшін олар туындаған (қоғамның тиісті органдары шешім қабылдаған) күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органға беруге міндетті. Уәкілетті орган жарияланған акциялардың саны ұлғайған және (немесе) жарияланған акциялардың түрі өзгерген не облигациялардың саны өзгерген кезде жарияланған акциялар (облигациялар) шығарылымының мемлекеттік тіркеу куәлігін ауыстырады. Уәкілетті орган жарияланған акцияларды (облигацияларды) шығару проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды тіркеуді не жарияланған акциялар (облигациялар) шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыруды күнтізбелік он бес күн ішінде жүзеге асырады.";
3) 22-бапта:
2-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Эмитенттің тиісті органы эмиссиялық бағалы қағаздарды инвесторлардың шек қойылмаған тобы арасында орналастыру туралы шешім қабылдағаннан кейін эмитент күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде бұқаралық ақпарат құралдарында эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру туралы хабарлама жариялауға міндетті.»;
екінші бөлік мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) акционерлердің акцияларды артықшылықпен сатып алу құқығын іске асырудың мерзімдері мен тәртібі туралы мәліметтер;»;
4-тармақ алып тасталсын;
4) 22-1-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының үшінші абзацында «осы акцияларды шет мемлекет аумағында орналастыру басталғанға дейін» деген сөздер «қоғамның уәкілетті органының акцияларды орналастыру туралы шешімі» деген сөздермен ауыстырылсын; «ұсынылған болуға тиіс» деген сөздер «ұсынылуға тиіс деген шартты қамтуы қажет.» деген сөздермен толықтырылсын;