Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы
2001 ж. 15 желтоқсандағы № 271-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
(2010.19.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV Заңымен күші жойылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 3 баптар)
2-тарау. Мемлекеттік органдардың азаматтық (4 - 5 баптар)
авиацияны мемлекеттік реттеу
саласындағы құзыреті
3-тарау. Азаматтық авиацияны мемлекеттік (6 - 17 баптар)
реттеу
4-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер (18 - 20 баптар)
Осы Заң жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы қызметін мемлекеттік реттеудің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін белгілейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) авиамаршрутқа арналған куәлік - авиациялық маршрутты пайдалану құқығына берілген құжат;
2) авиациялық қызмет көрсетулер - азаматтық авиацияның жолаушылардың, багаждың, жүктің және почтаның әуе тасымалдарын ұйымдастыру мeн қамтамасыз етуге және авиациялық жұмыстарды орындауға байланысты қызмет көрсетулері;
3) авиациялық маршрут (авиамаршрут) - үстінде авиатасымалдар пункттері арасындағы әуе қатынасы жүзеге асырылатын жер бетінің географиялық сипаттамасы немесе географиялық сипаттамалар құрастырылымы;
4) авиациялық техника - азаматтық әуе кемелері, олардың жабдығы, жинақтаушы бұйымдары, двигательдері, тренажерлері және азаматтық әуе кемелеріне жерде қызмет көрсету құралдары;
5) авиация персоналы - авиациялық бағдардағы кәсіби даярлығы бар, ұшуды ұйымдастыру, әуе кемелерінің қозғалысын басқару, әуе кемелеріне қызмет көрсету, авиациялық жұмыстарды орындау жөніндегі, сондай-ақ тасымалдарды, ұшу қауіпсіздігін немесе авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар;
6) азаматтық авиация - мынадай мақсаттарда:
а) жолаушылар, багаж, жүк және почта тасымалдау (әуе тасымалдары);
б) авиациялық жұмыстарды орындау;
в) оқу, спорт, мәдени-ағарту шараларын жүргізу, техникалық шығармашылықты дамыту;
г) әуе кемесі пайдаланушысының жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру;
д) іздестіру-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, дүлей апаттар бола қалған жағдайда көмек көрсету мақсатында пайдаланылатын авиация;
7) азаматтық авиация ұйымы - азаматтық авиация саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
8) азаматтық әуе кемесі - азаматтық авиацияда пайдаланылатын және Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген әуе кемесі;
9) әуе еркіндігі - тұрақты халықаралық әуе тасымалдарына қатысты бір мемлекет екінші мемлекетке немесе мемлекеттерге жолаушылар, багаж, жүк және почта тасымалдау үшін өз аумағында ұшу мен қонуды жүзеге асыруға беретін тасымалдау құқығы;
10) әуе тасымалдары - жеке және заңды тұлғалардың азаматтық әуе кемелерімен жолаушылар, багаж, жүк және почта тасымалдау жөніндегі қызметі;
11) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімі - Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін, оларға құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу жүргізілетін құжат;
12) тұрақты емес (чартерлік) рейс - тұрақты авиатасымалы болып табылмайтын коммерциялық әуе тасымалы;
13) тұрақты рейс - бекітілген кестеге сәйкес орындалатын рейс;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
14) уақытша басқару - әуежай пайдаланушыдағы сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру немесе оны кері қайтарып алу кезінде енгізілетін басқару;
15) уәкілетті орган - азаматтық авиация саласында мемлекеттік саясат жүргізуді, азаматтық және эксперименттік авиация қызметіне мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, оны үйлестіру мен реттеуді және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органы;
16) ұшу жарамдылығы - азаматтық әуе кемесінің қауіпсіздігі мен ұшу сапасын қамтамасыз ететін ұшу-техникалық сипаттамаларына жауап беретін азаматтық әуе кемесінің техникалық жай-күйі;
17) ұшу қауіпсіздігі - ұшудың қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз ететін шаралар кешені, азаматтық әуе кемесінің және авиациялық қызметтер мен (немесе) жұмыстардың адам өмірі мен денсаулығына қатерсіз ұшуды орындауға қабілеттілігін айқындайтын кешенді сипаттамасы.
2-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, әуе кеңiстiгiн пайдалану және Қазақстан Республикасы авиациясының қызметi мәселелерiн реттейтiн заң актiсiнен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
2. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заңның күшi азаматтық авиация ұйымдарына және қызметi әуеде ұшуды орындау мен қамтамасыз етуге байланысты пайдаланушыларға қолданылады.
2-тарау. Мемлекеттік органдардың азаматтық
авиацияны мемлекеттік реттеу
саласындағы құзыреті
4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу саласындағы өкiлеттiгi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкiлеттiгiне мыналар жатады:
1) Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы халықаралық ынтымақтастығы;
2) авиациялық қауiпсiздiк ережелерiн бекіту;
3) азаматтық әуе кемелерiмен тасымалдауға арналған қауiптi жүктердiң тiзбесiн бекіту;
4) 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының әуе кемелерiн, оларға берiлетiн құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi, сондай-ақ оларға берiлетiн құқықтарды куәландыратын құжаттардың нысанын мемлекеттік тiркеу тәртібін айқындау;
6) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4-бап 7-1) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді)
7-1) 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
8) авиамаршрутқа конкурс өткізу ережелерiн бекіту;
9) авиамаршруттарға куәлiктер беру ережелерiн бекіту;
10) авиамаршруттарға субсидиялар жұмсау тәртібін бекіту;
11) тағайындалған тасымалдаушыны анықтау;
12) флагмандық әуе тасымалдаушысын анықтау және оны анықтау ережелерiн бекіту;
13) рұқсаттар беру ережелерiн бекіту;
14) уақытша басқару енгізуге келісім беру;
15) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4-бап 15-1) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді)
15-1) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн азаматтық авиация саласындағы қызметтi жүзеге асыратын шетел авиакомпаниялары мен ұйымдарын, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн аккредиттеу тәртібі мен шарттарын айқындау;
16) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды
17) азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларын белгілеу;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды
18) азаматтық әуе кемелерін және аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін пайдаланушының сертификаттарын, тип сертификаттарын, аэродромның жарамдылық сертификаттарын, ұшу жарамдылығы сертификаттары мен нұсқа сертификаттарын сертификаттау және беру тәртібін бекіту;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды
19) азаматтық авиация саласындағы еңбек қауіпсіздігі мен өндірістік санитарияны қамтамасыз ету тәртібін айқындайтын, сондай-ақ ұшуларға аэронавигациялық қызмет көрсету жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды
20) ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды
21) ұшуды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 22) тармақшамен толықтырылды
22) азаматтық авиация саласындағы техникалық регламенттерді бекіту.
5-бап. Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi
1. Уәкiлеттi органның құзыретiне мыналар жатады:
1) азаматтық әуе кемелерiн ұшуға жарамды етiп ұстауды бақылау;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) ұшу қауiпсiздiгi ережелерiнiң, авиациялық адам өмірі, денсаулығы, қоршаған орта үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі азаматтық авиация саласындағы өзге де нормативтiк құжаттардың сақталуын бақылау;
3) халықаралық әуе тасымалдарының жүзеге асырылуын бақылау;
4) азаматтық авиация қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеу;
5) халықаралық азаматтық авиация ұйымдарында халықаралық ынтымақтастықты, оның iшiнде Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк етудi жүзеге асыру;
6) әуе қатынасы мәселелерi жөніндегі халықаралық шарттарды iске асыру;
7) 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
8) азаматтық әуе кемелерін және аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін сертификаттау және оларды пайдаланушының сертификаттарын, тип сертификаттарын, аэродромның жарамдылық сертификаттарын, ұшу жарамдылығы сертификаттары мен нұсқа сертификаттарын беру;
9) жолаушылар, багаж, жүк және почта тасымалдау ережелерiн бекіту;
10) тұрақты ұшу кестесiн бекіту;
11) iшкi авиамаршруттарды бекіту;
12) тұрақты емес ұшуға рұқсаттар беру, сондай-ақ тұрақты емес ұшуға рұқсаттар беру ережелерiн және осы рұқсаттарды беруден бас тарту негiздерiн белгiлеу;
13) Қазақстан Республикасының Үкіметімен келiсе отырып уақытша басқаруды енгізу және уақытша әкiмшiлiктi жасақтау;
14) азаматтық әуе кемелерiнің техникалық пайдаланылуын бақылау ережелерiн бекіту;
15) авиамаршрутты пайдалану шарттарын айқындау;
16) авиамаршруттарға куәлiктер беру;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
17) техникалық регламенттерді әзірлеу;
18) авиация техникасын, әуежайларды, аэродромдарды меншiкке сатып алуға, мүлiктiк жалға, лизингке, сенiмгерлiк басқаруға алуға, сондай-ақ өзге де пайдалану құқығына рұқсаттар беру;
19) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiн, оларға берiлетiн құқықтарды және олармен жасалған мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу;
20) аса жеңiл авиация аэродромдарының жарамдылығын анықтау тәртібін бекіту және аса жеңiл авиацияның авиациялық персоналын аттестаттаудан өткізу;
21) флагмандық әуе тасымалдаушысын айқындау ережелерiн әзiрлеу;
22) ұшу қауiпсiздiгi мен авиациялық қауіпсiздiк талаптарының бұзылу есебiн жүргiзу;
23) өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарау;
24) азаматтық авиация саласында ғылыми зерттеулер ұйымдастыру;
25) авиациялық персоналды қайта даярлау бағдарламаларын бекіту;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 26) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
26) авиациялық персонал қызметтерiнің басшысы мен мамандары лауазымына біліктiлiк талаптарын бекіту;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ 26-1) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді)
26-1) 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ 26-2) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді)
26-2) Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының жердегi радиосәулелендiру құралдарын мемлекеттік тiркеу ережелерiн бекіту және олардың жарамдылық куәлiктерiн беру;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ 26-3) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді)
26-3) 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ 26-4) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді)
26-4) өз құзыретi шегiнде әуежай қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер қабылдау;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ 26-5) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді)
26-5) азаматтық авиация саласында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу жөнiнде нормативтiк құқықтық актiлер қабылдау;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ 26-6) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді)
26-6) әуе кемелерiн есептен шығару ережелерiн қабылдау;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ 26-7) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді)
26-7) 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ 26-8) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді)
26-8) 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ 26-9) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді)
26-9) 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ 26-10) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді)
26-10) азаматтық авиация саласында инспекциялық қарауды және инспекциялық тексерудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның лауазымды тұлғаларына, авиациялық персоналдың қолданылып жүрген куәлiктерi бар, ұшуларды техникалық жағынан қамтамасыз ететiн экипаж мүшелерiне, бортсерiктерге, инженерлiк техникалық құрамға және ұлттық қауiпсiздiк органдарымен келісілгеннен кейiн әуе кемесiнiң ұшу кезіндегі қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн персоналға халықаралық үлгiдегi сәйкестендiру карточкаларын беру;
27) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
28) киiм нысаны (погонсыз) үлгiлерiн және айырым белгiлерiн, нысанды киiм киiп жүру тәртібін, қамтамасыз ету нормаларын және азаматтық авиацияның оны киіп жүруге құқығы бар қызметкерлерi лауазымдарының (кәсiптерiнiң) тiзбесiн бекіту;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 29) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
29) Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететiн шетел авиакомпанияларын, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн аккредиттеу.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 30) тармақшамен толықтырылды; 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 30) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
30) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлеу және бекіту.
2. Уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының:
1) азаматтық авиация ұйымдарының лауазымды адамдары мен пайдаланушыларға авиациялық қауiпсiздiктi және ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша орындалу мерзiмiн белгiлей отырып нұсқаулар және инспекторлық нұсқамалар беруге;
2) азаматтық авиация ұйымдарының лауазымды адамдары мен пайдаланушылардан қажеттi ақпарат, құжаттар, соның iшiнде қаржылық құжаттар сұратуға, сондай-ақ өз функцияларын орындау үшін қажеттi түсiнiктемелер мен материалдар талап етуге;
3) авиациялық персонал куәлiктерiн, кеме, ұшу аэродром құжаттамасын және өзге де құжаттаманы тексеруге;
4) борттық құжаттаманың болуын, сондай-ақ, шетелдiк әуе кемелерін қоса алғанда, азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығының талаптарына сәйкестiгiн тексеруге құқығы бар.
3-тарау. Азаматтық авиацияны мемлекеттік
реттеу
6-бап. Авиакомпаниялар
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тiзбеге сәйкес авиациялық жұмыстарды жүзеге асыратын авиакомпанияларды қоспағанда, азаматтық әуе кемелерiмен жолаушылар, багаж, жүк, почта тасымалдауды жүзеге асыратын және (немесе) азаматтық әуе кемелерiмен авиациялық жұмыстарды орындайтын авиакомпаниялар осы Заңда көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртіппен акционерлік қоғам нысанында ғана құрылады.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
2. Авиакомпанияның ресми мәртебесi әдiлет органдарында заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеумен, уәкiлеттi орган берген әуежай пайдаланушы сертификатының болуымен айқындалады.
Авиакомпания деген ресми мәртебесi жоқ бiрде бiр заңды тұлға "авиакомпания" деп атала алмайды немесе өзiн авиациялық қызмет көрсетулердi және (немесе) жұмыстарды жүзеге асырушы ретiнде сипаттай алмайды.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Шетелдiк авиакомпаниялар Қазақстан Республикасы аумағындағы өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн шетел авиакомпаниялары, азаматтық авиация саласындағы қызметтi жүзеге асыратын шетел ұйымдары, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен аккредиттелуге жатады.
Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн шетел авиакомпанияларын, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн аккредиттеуден:
1) Қазақстан Республикасының шет мемлекетпен жасасқан келісімдерiнiң қолданылуы тоқтатылған жағдайда немесе осындай келісімдердiң Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтiн шетел авиакомпанияларын, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға қатысты шарттарымен айқындалған өзге де негiздi;
2) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн шетелдiк авиакомпанияларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн аккредиттеудiң тәртібі мен талаптары сақталмаған жағдайларда бас тартады.
Шетел авиакомпанияларын аккредиттеу мерзiмi аккредиттеу үшiн қажеттi барлық құжаттар ұсынылған күннен бастан отыз күннен аспайды.
4. Жолаушыларды, багажды, жүктi және почтаны тасымалдау жөніндегі мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiстi дәрежеде орындалмаған жағдайда авиакомпаниялар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде , Қазақстан Республикасының көлiк туралы заң актілерінде, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде, сондай-ақ тараптардың келісімдерiнде белгiленген жауапкершiлiкте болады.
7-бап. Авиамаршруттар
1. Авиамаршруттар халықаралық және iшкi авиамаршруттардан тұрады. Халықаралық авиамаршруттар Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерiне сәйкес белгiленедi. Iшкi авиамаршруттарды уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Авиамаршруттарды бөлу конкурстық негiзде жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе ол уәкiлеттiк берген мемлекеттік органның шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырылатын авиамаршруттар бойынша тұрақты тасымалдар, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерi негiзiнде жүзеге асырылатын, авиамаршруттың тиiмдi жұмыс iстеуiне қажеттi кiрiс деңгейiн қамтамасыз етпейтiн тасымалдарға тиiстi бюджетте көзделген қаражат есебiнен субсидия берiлуге тиiс.
Авиабағыттарға субсидияларды жұмсау ережесін қараңыз
3. Авиамаршрутқа берiлген куәлiк авиакомпанияның белгiлi бiр авиамаршрутта жолаушылар, багаж, жүк және почта тасымалдарын орындау құқығын куәландырады.
Авиамаршрут куәлiгiн тасымалдар түрлерi мен аталған куәлiктiң қолданылу мерзiмiн көрсетiп уәкiлеттi орган бередi.
Авиамаршрут куәлiгiн иелiктен айыруға болмайды және ол басқа жеке және заңды тұлғаларға берiп жiберiлмейдi.
Бiр авиамаршрутқа бiрнеше куәлiк берiлуi мүмкiн.
Егер авиакомпанияда, болжамдалған кiрiстi ескермегенде, бекітілген кестеге сәйкес бiр ай iшiнде ұшуды қамтамасыз ету үшiн қажеттi қаржы қаражаты болмаған жағдайда, авиамаршрутқа куәлiк беруден бас тартылуы мүмкiн.
Авиамаршрут куәлiгiн беруге негiз болған шарттар бұзылған жағдайда, оны уәкiлеттi орган керi қайтарып алуы мүмкiн.
4. Тұрақты емес ұшуды орындау уәкiлеттi органның рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.
5. Басқа мемлекеттің немесе мемлекеттердің тағайындалған тасымалдаушысына қатысты әуе еркiндiгiн, тасымалдау құқығын беру шарттары әуе қатынастары туралы халықаралық келісімдермен белгiленедi.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 8-бап өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
8-бап. Ұлттық, тағайындалған, флагмандық тасымалдаушылар
Ұлттық тасымалдаушы - Қазақстан Республикасында тiркелген және әуежай пайдаланушы сертификаты бар әуе тасымалдаушысы.
Тағайындалған тасымалдаушы - әуе қатынасы туралы екiжақты немесе көпжақты халықаралық келісімнiң шарттарына сәйкес әуе тасымалдарын жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасынан тағайындалған әуе тасымалдаушысы.
Флагмандық тасымалдаушы - тұрақты және тұрақты емес халықаралық әуе тасымалдарын жүзеге асыру үшiн мемлекет тағайындаған әуе тасымалдаушысы.
Қазақстан Республикасының флагмандық әуе тасымалдаушысын тағайындалған әуе тасымалдаушылары арасынан конкурстық негiзде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды және оған халықаралық авиамаршруттарды пайдалану кезiнде басымдық берiледi.
ҚР флагмандық әуе тасымалдаушысын анықтау ережесін қараңыз
9-бап. 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
10-бап. Азаматтық авиация саласындағы сәйкестікті растау
Сәйкестікті растау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
11-бап. Азаматтық авиация ұйымдарының аудитi
Азаматтық авиация ұйымдары жыл сайынғы аудиттi жүргiзуге мiндеттi. Бұл талап Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тiзбе бойынша авиациялық жұмыстарды жүзеге асыратын авиакомпанияларға қолданылмайды.
12-бап. Рұқсаттар
Азаматтық авиация ұйымдары авиациялық техниканы, аэродромдарды, әуежайларды меншiкке сатып алуға, мүлiктiк жалға, лизингке, сенiмгерлiк басқаруға алуға, сондай-ақ өзге де пайдалану құқығына уәкiлеттi органнан рұқсат алуға мiндеттi.
Ұшу жарамдылығының нормаларына, мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмеген, тиiстi сертификат болмаған жағдайда уәкiлеттi орган рұқсат беруден бас тартады.
13-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiн, оларға берiлетiн құқықтарды және олармен жасалған мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу
1. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiн оларға берiлетiн құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiнде мiндеттi мемлекеттік тiркеуге тиiс. Уәкiлеттi органның азаматтық әуе кемелерiне меншiк құқығын және басқа құқықтарды, сондай-ақ азаматтық әуе кемелерiне ауыртпалықтарды Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiнде есепке алу рәсiмi мемлекеттік тiркеу болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiне құқықтар мемлекеттік тiркеу объектiлерi болып табылады. Мыналар:
1) меншiк құқығы;
2) шаруашылық жүргiзу құқығы;
3) оралымды басқару құқығы;
4) мүлiктi жалға алу құқығы;
5) сенiмгерлiкпен басқару құқығы;
6) кепiл;
7) азаматтық әуе кемелерiне өзге де құқықтар, сондай-ақ осы құқықтардың ауыртпалықтары тiркелуге тиiс.
3. Мәмiлелердiң және өзге де заңды фактiлердiң нәтижесiнде азаматтық әуе кемелерiне құқықтардың (ауыртпалықтардың) өзгертiлуi мен тоқтатылуы да тiркелуге тиiс.