2012.13.01. № 542-IV ҚР Заңымен 548-1-баппен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлді)
548-1-бап. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органдары
1. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органдары осы Кодекстің 219-1, 219-2, 219-3, 219-4, 219-5, 219-7, 219-8 (бірінші бөлігі), 219-10-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау органдарының аумақтық бөлімшелерінің басшылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.
ҚР 07.01.03 ж. № 372-II; 03.06.03 ж. № 428-II; 03.07.03 ж. № 464-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 549-бап толықтырылды; ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.15.07. № 340-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 549-бап өзгертілді
549-бап. Көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi орган
1. Көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 175 (екінші бөлігінде) (темір жол көлігімен, теңіз және ішкі су көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 357-2 (бірінші бөлігінде), 441, 443 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 444, 446 (бірiншi бөлiгiнде), 450, 451 (екiншi бөлiгiнде), 452, 453 (бірiншi бөлiгiнде), 455 (үшiншi бөлiгiнде), 457 (өздерiнiң қадағалауындағы шағын кемелер мен олардың тұруына арналған құрылыстар базалары бөлiгiнде), 459, 460, 481 (теңіз және әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтар бөлігінде), 488-489 -баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
Көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның, олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 549-1-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.07.12 № 221-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 549-1-бап өзгертілді
549-1-бап. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті орган
1. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 357-2 (бірінші бөлігінде), 492 (бірінші бөлігінде), 494 (бірінші бөлігінде), 494-1 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 495, 496 (бірінші бөлігінде), 497-1, 497-2, 497-3-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
1) ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары;
2) ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2005.13.04 № 40-III (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.05.06 № 146-III Заңдарымен 550-бап өзгертілді; 2009.30.12 № 234-IV ҚР Заңымен 550-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 550-бап өзгертілді
550-бап. Мемлекеттік еңбек инспекциясы органдары
1. Мемлекеттік еңбек инспекциясы органдары осы Кодекстiң 87 (бірінші-төртінші бөліктерінде), 87-1, 89-94, 175 (екiншi бөлiгiнде, жұмыс берушiлер жасаған құқық бұзушылықтарға қатысты), 396 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 399-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
мемлекеттік еңбек инспекторлары;
Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларына қатысты - Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның лауазымды адамдары құқылы.
2005.22.11 № 90-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 551-бап өзгертілді
551-бап. Әділет органдары
1. Әділет органдары осы Кодекстiң 128-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға зияткерлік меншік құқығы саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары, облыстық, Астана және Алматы қалалары әділет органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен 551-1-баппен толықтырылды; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 551-1-бап өзгертілді
551-1-бап. Заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, бағалау қызметін реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган
1. Заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, бағалау қызметін ретт саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган осы Кодекстің 357-2 (бірінші бөлігінде)-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға мыналар құқылы:
1) осы Кодекстің 357-2-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін, — заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, бағалау қызметін реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның басшысы, оның орынбасарлары;
2) 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 551-2-баппен толықтырылды
551-2-бап. Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган
1. Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 525 - 527-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы және әкімшілік жазалар қолдану туралы көрсетілген істерді қарауды атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдарының (аумақтық органдар) басшылары мен олардың орынбасарлары жүзеге асырады.
2006.02.03. № 131-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.06.07 № 276-ІІI (бұр.ред. қара ); 2009.04.12 № 217-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 552-бап өзгертілді
552-бап. Көшi-қон жөніндегі органдар
1. Көшi-қон жөніндегі органдар (өз құзыреті шегінде) осы Кодекстің 399-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасының көшi-қон жөніндегі органының басшысы, облыстық, Астана және Алматы қалалық және соған теңестiрiлген көшi-қон жөніндегі органының бастығы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 553-бап өзгертілді; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 553-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 553-бап өзгертілді
553-бап. Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган
1. Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 89, 175 (екінші бөлігінде) (қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелері жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 220, 221, 270, 271, 272 (техникалық қауіпсіздік бөлігінде), 357-2 (бірінші бөлігінде), 504-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның атынан істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
1) өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының мемлекеттік инспекторлары жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
2) өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының басшысы және оның орынбасарлары жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
3) өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның басшысы, басқарма, бөлім бастықтары және олардың орынбасарлары жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.
3. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 553-1-баппен толықтырылды
553-1-бап. Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орган
1. Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 504-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Азаматтық қорғаныс саласындағы нормативтік құқықтық актілерді орындамауға байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
1) Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс саласындағы және оның аумақтық органдарының мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары;
2) Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының басшысы және оның орынбасарлары құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 554-бап өзгертілді; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 554-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 554-бап өзгертілді
554-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстің 123 (екінші бөлігінде), 175 (шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық тұрғыдан қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын адамдар жасаған құқық бұзушылықтар бойынша екінші бөлігінде), 220 (бірінші бөлігінде), 240, 240-1, 241 - 246 (бірінші бөлігінде), 247 - 250, 261, 264, 265, 270 - 272, 275 (екінші бөлігінде), 276, 291, 294, 296, 301, 302 (бірінші бөлігінде), 303 (бірінші бөлігінде), 304 (бірінші бөлігінде), 305 (бірінші бөлігінде), 306 (бірінші бөлігінде), 306-1 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 306-3 (бірінші бөлігінде), 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттiк экологиялық инспекторлары және мемлекеттiк экологиялық аға инспекторлары - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға - екі жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экологиялық инспекторлары - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға - жетпіске дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экологиялық аға инспекторлары - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырыққа дейiнгi, лауазымды адамдарға - үш жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға - бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттiк экологиялық бас инспекторлары - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - бір жүз елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға - екі мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүргізілген операция сомасынан не қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасынан пайызбен көрсетілген айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экологиялық бас инспекторы және оның орынбасары - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - бір жүз елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға екі мыңға дейiнгi мөлшерiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүргізілген операция сомасынан не қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасынан пайызбен көрсетілген айыппұл салуға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II 554-1-баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 554-1-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
554-1-бап. Жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган
1. Жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 123 (бірінші бөлігінде), 259-274, 275 (бірінші бөлігінде), 301, 302 (бірiншi, екiншi бөлiктерiнде), 303 (бірiншi бөлiгiнде), 304 (бірiншi бөлiгiнде), 305 (бірiншi бөлiгiнде), 306 (бірiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі аумақтық аға мемлекеттік инспекторлар мен аумақтық мемлекеттік инспекторлар жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - он беске дейiнгi, заңды тұлғаларға - жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекторлары, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі аумақтық бас мемлекеттік инспекторлардың орынбасарлары жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға - екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі аумақтық мемлекеттік бас инспекторлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға - бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы мен оның орынбасарлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға - жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға - бір мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 554-2-баппен толықтырылды
554-2-бап. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган
1. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 147-11 (бірінші - алтыншы, сегізінші бөліктерінде), 357-2 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган ведомствосының лауазымды адамдары әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III ( бұр.ред. қара); 2007.27.07. № 314-III (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 555-бап өзгертілді ; 2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) 555-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 555-бап өзгертілді
555-бап. Кеден органдары
1. Кеден органдары осы Кодекстің 140 (бірінші бөлігінде), 141, 357-2 (бірінші бөлігінде), 400, 401, 402, 403, 404, 405 (екінші және үшінші бөліктерінде), 406, 407, 409-1, 411, 412, 425, 431, 434, 434-1, 435, 438, 438-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Кеден органдары осы тармақта аталған әкімшілік құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде жасалса, осы Кодекстің 175 (екінші бөлігінде), 220, 240 (бірінші бөлігінде), 247, 294 (бірінші бөлігінде), 323 (бірінші бөлігінде), 447 (екінші және үшінші бөліктерінде), 447-1 (бірінші бөлігінде), 447-2, 447-3, 460 (автомобиль көлігіндегі әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша), 461 (бiрiншi, екiншi, төртiншi, бесiншi, алтыншы, 6-1, сегізінші бөлiктерiнде), 463 (екінші, үшінші және 3-1-бөліктерінде) 467-1, 470 (үшінші бөлігінде), 477 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
3. Кеден органдарының бастықтары немесе олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.22.05. № 255-III (бұр.ред. қара); 2007.27.07. № 314-III (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 556-бап өзгертілді
556-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң органдары
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң органдары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы Кодекстiң 461 (бірiншi, екiншi, төртiншi-алтыншы бөлiктерiнде), 462 (бірiншi және екiншi бөлiктерiнде), 463 (1-1-бөлігін қоспағанда), 464 (бірiншi бөлiгiнде), 467 (төртiншi, алтыншы бөлiктерiнде), 468 (үшiншi бөлiктерiнде), 470, 472-476, 477 (бірiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 503, 505-512 баптарында көзделген iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң органдары атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және:
1) осы Кодекстiң 503, 505-512 баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн - жергілікті әскери басқару органдарының бастықтары;
2) осы Кодекстің 461 (бірінші бөлігінде), 462 (бірінші бөлігінде), 463 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде), 470 (бірінші бөлігінде), 473 (бірінші бөлігінде), 476-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін - әскери автомобиль полициясының лауазымды адамдары: бастық немесе бастықтың орынбасары, әскери біліктілік комиссиясының төрағасы, аға инспектор және белгіленген тәртіппен әскери автомобиль полициясының штаттағы және штаттан тыс инспекторлары болып тағайындалған басқа да әскери қызметкерлер ескерту түрінде әкімшілік жаза қолдануға құқылы.
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдарын жүргiзушiлер - әскери қызметшiлер және жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған әкiмшiлiк жазалау ретiнде айыппұл көзделген тәртiп бұзушылық туралы материалдарды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгiлеген тәртiппен әскери автомобиль инспекциясы кiнәлiлердi Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Тәртiптiк жарғысы бойынша жауапқа тарту үшiн тиiстi командирлерге (бастықтарға) бередi.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдарын жүргiзушiлер - әскери қызметшiлер мен жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған көлiк құралын жүргiзу құқығынан айыру түрiнде әкiмшiлiк жаза қолданылуы мүмкiн тәртiп бұзушылық туралы хаттамаларды әскери автомобиль инспекциясы Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігімен бірлесiп белгiленген тәртiппен сотқа жiберу үшiн жол полициясы органдарына бередi.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.10.07 № 180-IV (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 557-бап өзгертілді
557-бап. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын органдар
1. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 89, 140 (бірінші бөлігінде), 161 (бірінші бөлігінде), 164, 220, 221, 236, 239, 240, 242, 244, 248, 249, 261, 270, 272, 275, 276, 277 (екiншi бөлiгiнде), 281-1, 294, 304 (бірiншi бөлiгiнде), 310, 323 (бірінші бөлігінде), 333, 357-2 (бірінші бөлігінде), 387, 477 (бірiншi, екiншi бөлiктерiнде), 494 (бірiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бас санитариялық дәрiгерi мен оның орынбасарлары, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік бас санитариялық дәрiгерлерi мен олардың орынбасарлары, көліктегі мемлекеттік бас санитариялық дәрiгерлер мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
ҚР 06.05.04 ж. № 551-II Заңымен 557-1-баппен толықтырылды; 2009.16.07 № 186-IV ҚР Заңымен 357-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
557-1-бап. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы саласындағы мемлекеттік орган
1. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы саласындағы мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері осы Кодекстің 324-бабының бірінші бөлігінде, 357-2-бабының бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді өз құзыреті шегінде қарайды.
2. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы саласындағы мемлекеттік органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 557-2-баппен толықтырылды; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.16.07 № 186-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 557-2-бап өзгертілді
557-2-бап. Медициналық қызмет көрсетулер саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган
1. Медициналық қызмет көрсетулер саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері өз құзыреті шегінде осы Кодекстің 85 (бірінші, екінші және үшінші бөліктері), 85-1 (бірінші бөлігі), 85-2 (бірінші бөлігі), 322 (бірінші және екінші бөліктері), 325 - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Медициналық қызмет көрсетулер саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік органның басшысы және оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
ҚР 09.12.04 ж. № 10-III Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 558-бап өзгертілді; 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен 558-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
558-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнің және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң санитариялық қадағалауды жүзеге асыратын медициналық қызметтерi
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң санитариялық қадағалауды жүзеге асыратын медициналық қызметтерi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери қалалары мен оқу орталықтарының аумақтарында орналасқан объектiлерде және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiне ведомстволық бағынысты объектiлерде санитариялық-гигиеналық және санитариялық-эпидемияға қарсы қағидаларды бұзу туралы осы Кодекстiң 323-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.24.07 № 190-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 559-бап өзгертілді; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 559-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)