Қазақстан Республикасының Кеден кодексі
(2010.30.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2011 жылғы 1 шілдеден бастап 19-баптың 12-1) тармақшасын және 27-баптың 2-тармағын қоспағанда ҚР 2010 жылғы 30 маусымдағы № 298-IV Заңымен 2010 ж 1 шілдеден бастап күшін жойды
Осы Кодекске енгізілетін өзгерістерді қара:
ҚР 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 262-IV Заңын қара (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Жалпы бөлім (1 - 32 баптар)
1-Бөлім. Жалпы ережелер (1 - 15 баптар)
1-тарау. Негізгі ережелер (1 - 7 баптар)
2-тарау. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан (8 - 15 баптар)
Республикасының Кедендік шекарасы арқылы өткізу
туралы негізгі ережелері
2-Бөлім. Қазақстан Республикасының Кеден органдары (16 - 26 баптар)
3-тарау. Қазақстан Республикасы Кеден органдарының (16 - 22 баптар)
құрылымы мен қызметі
4-тарау. Кеден органдарының өкілеттігі (23 - 26 баптар)
3-Бөлім. Кеден органдарының мемлекеттік органдармен, (27 - 32 баптар)
сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы
өзге де қызметке қатысушылармен өзара қатынастары
5-тарау. Кеден органдарының мемлекеттік органдармен, (27 - 29 баптар)
сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге
де қызметке қатысушылармен өзара қатынастары
6-тарау. Кеден ісі саласында ақпарат және (30 - 32 баптар)
кеңес беру
2. Ерекше Бөлім (33 - 429 баптар)
4-Бөлім. Тауарлардың шығарылған елі. Сыртқы (33 - 52 баптар)
экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы.
Алдын-ала шешім
7-тарау. Тауарлардың шығарылған елін анықтау (33 - 43 баптар)
8-тарау. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар (44 - 46 баптар)
номенклатурасы
9-тарау. Алдын ала шешім (47 - 52 баптар)
5-Бөлім. Тауарлар мен көлік құралдарын өткізуге (53 - 115 баптар)
байланысты алдын ала операциялар, кедендік
операциялар мен рәсімдер
10-тарау. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан (53 - 60 баптар)
Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу
11-тарау. Кедендік тасымалдаушы (61 - 70 баптар)
12-тарау. Ішкі кедендік транзит (71 - 86 баптар)
13-тарау. Уақытша сақтау (87 - 111 баптар)
14-тарау. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан (112 - 115 баптар)
Республикасының кедендік аумағынан тысқары
жерлерге әкету кезіндегі кедендік рәсімдер
6-Бөлім. Тауарлардың кедендік режимдері (116 - 253 баптар)
15-тарау. Кедендік режимдерге жататын жалпы ережелер (116 - 118 баптар)
16-тарау. Тауарларды еркін айналыс үшін шығару (119 - 120 баптар)
17-тарау. Тауарлардың кері импорты (121 - 123 баптар)
18-тарау. Кеден қоймасы (124 - 140 баптар)
19-тарау. Бажсыз сауда дүкені (141 - 151 баптар)
20-тарау. Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу (152 - 163 баптар)
21-тарау. Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеу (164 - 172 баптар)
22-тарау. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу (173 - 187 баптар)
23-тарау. Тауарлар мен көлік құралдарын (188 - 196 баптар)
уақытша әкелу
24-тарау. Тауарлар мен көлік құралдарын (197 - 205 баптар)
уақытша әкету
25-тарау. Тауарлар экспорты (206 - 208 баптар)
26-тарау. Тауарлардың кері экспорты (209 - 211 баптар)
27-тарау. Тауарлар транзиті (212 - 219 баптар)
28-тарау. Тауарларды жою (220 - 224 баптар)
29-тарау. Тауардан мемлекет пайдасына бас тарту (225 - 228 баптар)
30-тарау. Еркін кеден аймағы (229 - 237 баптар)
31-тарау. Еркін қойма (238 - 251 баптар)
32-тарау. Арнайы кедендік режим (252 - 253 баптар)
7-Бөлім. Арнайы кедендік рәсімдер (254 - 289 баптар)
33-тарау. Көлік құралдарын өткізу (254 - 262 баптар)
34-тарау. Жеке тұлғалардың тауарлар мен көлік (263 - 270 баптар)
құралдарын өткізуі
35-тарау. Тауарларды халықаралық почта (271 - 276 баптар)
жөнелтілімдерімен өткізу
36-тарау. Шетелдік тұлғалардың жекелеген (277 - 289 баптар)
санаттарының тауарларды өткізуі
8-Бөлім. Кедендік төлемдер және салықтар (290 - 358 баптар)
37-тарау. Жалпы ережелер (290 - 299 баптар)
38-тарау. Кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу (300 - 304 баптар)
39-тарау. Тауарлардың кедендік құнын айқындау (305 - 321 баптар)
40-тарау. Кедендік төлемдерді төлеу мерзімдері мен тәртібі (322 - 328 баптар)
41-тарау. Кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер (329 - 331 баптар)
42-тарау. Кедендік баждарды төлеу мерзімдерінің өзгеруі (332 - 337 баптар)
43-тарау. Кедендік төлемдердің және (338 - 345 баптар)
салықтардың төленуін қамтамасыз ету
44-тарау. Кедендік төлемдерді және салықтарды қайтару (346 - 347 баптар)
45-тарау. Берешекті және өсімпұлды өндіріп алу (348 - 358 баптар)
9-Бөлім. Кедендік ресімдеу (359 - 409 баптар)
46-тарау. Кедендік ресімдеуге қатысты негізгі ережелер (359 - 369 баптар)
47-тарау. Кедендік ресімдеуге қатысты қосымша ережелер (370 - 371 баптар)
48-тарау. Тауарларды декларациялау (372 - 385 баптар)
49-тарау. Тауарларды декларациялауға қатысты (386 - 389 баптар)
қосымша ережелер
50-тарау. Тауарларды шығару (390 - 393 баптар)
51-тарау. Кеден брокері (394 - 409 баптар)
10-Бөлім. Кеден органдарының интеллектуалдық (410 - 420 баптар)
меншік объектілеріне құқықты қорғауы
52-тарау. Кеден органдарының интеллектуалдық меншік (410 - 414 баптар)
объектілеріне құқықты қорғауы үшін негіздер
53-тарау. Интеллектуалдық меншік объектілері бар (415 - 420 баптар)
тауарларды кедендік ресімдеу және кедендік
бақылау ерекшеліктері
11-Бөлім. Кедендік статистика. (421 - 429 баптар)
Ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологиялар
54-тарау. Кедендік статистиканы жүргізу (421 - 423 баптар)
55-тарау. Ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологиялар (424 - 429 баптар)
3. Арнайы бөлім (430 - 531 баптар)
12-Бөлім. Кедендік әкімшілік жүргізу (430 - 479 баптар)
56-тарау. Кедендік бақылау (430 - 440 баптар)
57-тарау. Кедендік бақылау жүргізудің нысандары (441 - 452 баптар)
мен тәртібі
58-тарау. Кедендік сараптама (453 - 458 баптар)
59-тарау. Кеден ісі саласындағы сыртқы (459 - 467 баптар)
экономикалық және өзге де қызметке
қатысушыларды тексеру
60-тарау. Тәуекелді бағалау және басқару (468 - 470 баптар)
61-тарау. Кедендік бақылауға қатысты қосымша ережелер (471 - 479 баптар)
13-Бөлім. Валюталық және экспорттық бақылау (480 - 484 баптар)
саласындағы кедендік бақылау
62-тарау. Кеден органдарының валюталық бақылау (480 - 481 баптар)
саласындағы функциясы
63-тарау. Кеден органдары жүзеге асыратын (482 - 484 баптар)
экспорттық бақылау
14-Бөлім. Тауарлар мен көлік құралдарын мемлекет (485 - 492 баптар)
меншігіне айналдыру
64-тарау. Тауарлар мен көлік құралдарын мемлекет (485 - 487 баптар)
меншігіне айналдыру
65-тарау. Кеден органдары мемлекет меншігіне айналдырған (488 - 492 баптар)
тауарлармен көлік құралдарына билік ету тәртібі
15-Бөлім. Шағымды қарау және ол бойынша шешім қабылдау (493 - 531 баптар)
66-тарау. Кеден органының және кеден органы (493 - 497 баптар)
лауазымды адамының шешіміне, әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағымдану
67-тарау. Кеден органының және кеден органы лауазымды (498 - 502 баптар)
адамының шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымды қарау
68-тарау. Кеден органының және кеден органы лауазымды (503 - 504 баптар)
адамының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымданудың оңайлатылған тәртібі
16-Бөлім. Кеден органдарында қызмет атқару тәртібі (505 - 531 баптар)
69-тарау. Кеден органдарында қызмет атқару тәртібі (505 - 516 баптар)
70-тарау. Дене күшін, арнаулы құралдар мен (517 - 521 баптар)
атыс қаруын қолдану
71-тарау. Кеден органдарының лауазымды адамдарын (522 - 526 баптар)
материалдық қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау
72-тарау. Кеден органдарының және олардың лауазымды (527 - 528 баптар)
адамдарының жауаптылығы
73-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер (529 - 531 баптар)
2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.08.12. № 224-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «контрафактылы тауарлар», «контрафактылы болып табылатын», «контрафактылы тауарларды», «контрафактылы тауарды», «контрафактылы емес», «контрафактылы болып табылады», «контрафактылы», «тауарлар контрафактылы», «тауарлар контрафактылы деп танылмаған», «тауарлардың контрафактылық», «контрафактылық», «тауарлардың контрафактылығы», «Контрафактылы тауарды» деген сөздер «зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарларды», «зияткерлік меншік құқығы бұзылған», «тауарлардың зияткерлік меншік құқығы бұзылмаған», «тауарлардың зияткерлік меншік құқығы бұзылған», «зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарды», «тауарлардың зияткерлік меншік құқығы бұзылғандық», «Зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарды» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Кодекс Қазақстан Республикасындағы кеден ісінің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейді және Қазақстан Республикасының егемендігі мен экономикалық қауіпсіздігін қорғауға, Қазақстан экономикасының дүниежүзілік экономикалық қатынастар жүйесіндегі байланыстарын жандандыруға және сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыруға бағытталған.
1. Жалпы бөлім
1-Бөлім. Жалпы ережелер
1-тарау.
Негізгі ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасындағы кеден ісі
Қазақстан Республикасындағы кеден ісі тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің, кедендік ресімдеу мен кедендік бақылаудың, кедендік режимдерді қолданудың, кедендік төлемдері және салықтарды алудың, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізудің тәртібі мен шарттарын, мемлекет пен сыртқы экономикалық және өзге де қызметті жүзеге асырушы тұлғалардың арасындағы билік қатынастарына негізделген кеден саясатын іске асырудың басқа да құралдарын қамтиды.
2-бап. Кеден ісі саласы
1. Кеден ісі саласы - Қазақстан Республикасының кеден саясатын іске асыру кезінде кеден ісін қолдану жөніндегі мемлекеттік реттеу саласы.
2. Осы Кодекспен реттелмеген кеден ісі саласына қатысты қатынастар Қазақстан Республикасының өзге заң актілерімен реттеледі.
3-бап. Қазақстан Республикасының кеден саясаты
1. Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі болып табылатын бірыңғай кеден саясаты жүзеге асырылады.
2. Кеден саясаты өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының қарауына жатады.
3. Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуды ынталандыру және экономикалық мүдделерін қорғау, тиімді кедендік бақылауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген өзге де мақсаттар Қазақстан Республикасы кеден саясатының негізгі мақсаттары болып табылады.
4-бап. Қазақстан Республикасының кеден заңдары
1. Қазақстан Республикасының кеден заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекстен, сондай-ақ қабылдануы осы Кодексте көзделген өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
5-бап. Қазақстан Республикасы кеден заңдарының уақыт жағынан қолданылуы
1. Кеден ісі саласында осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден органы кеден декларациясы мен құжаттарын тіркеген күні қолданыста болған Қазақстан Республикасының кеден заңдары қолданылады.
2. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы осы Кодексте белгіленген талаптарды бұза отырып өткізу кезінде тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы іс жүзінде өткізілген күні қолданыста болған Қазақстан Республикасының кеден заңдары қолданылады.
3. Егер тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы іс жүзінде өткізілген күнін анықтау мүмкін болмаса, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылық айқындалған күні қолданыста болған Қазақстан Республикасының кеден заңдары қолданылады.
6-бап. Қазақстан Республикасының кедендік аумағы мен кедендік шекарасы
1. Қазақстан Республикасының кедендік аумағын құрғақтағы аумақ, аумақтық сулар (теңіз) және ішкі сулар, олардың үстіндегі әуе кеңістігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңында орналасқан жасанды аралдар, қондырғылар, ғимараттар және кеден ісі саласында Қазақстан Республикасының юрисдикциясында ғана болатын өзге де объектілер құрайды.
2. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған арнайы экономикалық аймақтың аумағы Қазақстан Республикасының кедендік аумағының бір бөлігі болып табылады.
3. Қазақстан Республикасы кедендік аумағының шектері, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың периметрлері Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы болып табылады. Кедендік шекара - Қазақстан Республикасының кедендік аумағының шектерін белгілейтін сызық пен осы сызық бойынша өтетін вертикалды бет.
4. Кедендік шекара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына дәл келуі мүмкін.
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді ; 2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) бірлескен бақылау - бақылау рәсімін жеңілдету үшін, шектес мемлекеттердің кеден және бақылаушы органдары бірлесіп және келісіп қолданатын және жүзеге асыратын, көрсетілген мемлекеттердің кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты іс-әрекеттердің, шаралардың, бақылау әдістерінің, құралдары мен нысандарының жиынтығы;
2) декларант - тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші тұлға не тауарлар мен көлік құралдарын өз атынан декларациялайтын, білдіретін және ұсынатын кеден брокері;
3) декларациялау - Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және (немесе) кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдары туралы мәліметтерді мәлімдеу;
4) жөнелтуші кеден органы - тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылаумен тасымалдау басталатын Қазақстан Республикасының кеден органы;
5) жүк операциялары - кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдау, тиеу, түсіру, қайта тиеу, орамның зақымданған жерлерін жөндеу, орау, қайта орау және тасымалдау үшін қабылдау, мұндай тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу, көрсетілген тауарлар болуы мүмкін үй-жайлар мен басқа да орындарды ашу;
6) кедендік алымдар - Қазақстан Республикасының кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу, кедендік алып жүру үшін, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының кеден органдары бекітетін қоймаларда сақтау үшін алатын кедендік төлем түрлері;
7) кедендік алып жүру - Қазақстан Республикасының кеден органдары лауазымды адамдарының кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарын алып жүруі;
8) кедендік әкімшілік жүргізу - Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын ұйымдық-құқықтық және өзге де іс-әрекеттер мен шаралар жиынтығы;
9) кедендік баж - Қазақстан Республикасының кеден органдары тауарды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелген кезде немесе тауарды аталған аумақтан әкеткен кезде алатын және осындай әкелу немесе әкетудің ажырамас шарты болып табылатын кедендік төлемнің түрі;