Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қала құрылысын жоспарлаған, жер учаскелерін бөлген, құрылысты жобалаған және салған кезде су қорғау және табиғат қорғау тәртібін сақтау
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140 құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; 2009 жылғы 8 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 9 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауар биржалары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 8 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 9 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 3-баптың екінші бөлігі «осы Кодекстің» деген сөздерден кейін «281-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
2) 118-баптың екінші абзацындағы «оннан он беске дейінгі», «жиырмадан жиырма беске дейінгі» және «үш жүзден бес жүзге дейінгі» деген сөздер тиісінше «елуден жетпіс беске дейінгі», «жүзден жүз елуге дейінгі» және «бес жүзден жеті жүзге дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 276-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы «қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, » деген сөздерден кейін «және Қазақстан Республикасының су заңнамасында тыйым салынған қызмет түрлерін су қорғау аймақтары мен су белдеулері шекаралары шегінде жүзеге асыру» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 280-бапта:
бірінші абзац «бұрмалау» деген сөзден кейін «, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде табыс етпеу» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацтағы «айлық есептік көрсеткіштің отыздан алпысқа дейінгі мөлшерінде» деген сөздер тиісінше «отыз» деген сөзбен, «жүзден жүз елуге дейінгі» деген сөздер «жүз айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) мынадай мазмұндағы 281-1 және 281-2-баптармен толықтырылсын:
«281-1-бап. Ортақ су пайдалану ережелерін бұзу
1. Ортақ су пайдалану ережелерін:
тыйым салынған жерлерде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу;
жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдаланудағы су объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет бекеттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеуі түрінде бұзу, -
жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бірден екіге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - оннан он беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден алпысқа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
281-2-бап. Белгіленген су сервитуттарын бұзу
1. Белгіленген су сервитуттарын бұзу -
жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бірден екіге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - оннан он беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден алпысқа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
6) 387-баптың тақырыбындағы және бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «сондай-ақ қала мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу» деген сөздер «сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 543-бапта:
бірінші бөлік «277,» деген цифлардан кейін «281-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
екінші бөлікте:
4) тармақша «165,» деген цифрлардан кейін «281-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
8) тармақша «осы Кодекстің» деген сөздерден кейін «281-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
8) 557-баптың бірінші бөлігі «277 (екінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «281-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
9) 561-баптың бірінші бөлігі «281» деген цифрлардан кейін «, 281-2» деген цифрлармен толықтырылсын;
10) 563-баптың екінші бөлігінде:
екінші абзацтағы «қырыққа дейінгі» және «бес жүзге дейінгі» деген сөздер тиісінше «жетпіс беске дейінгі» және «жеті жүзге дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «жиырмаға дейінгі», «жүзге дейінгі» және «үш жүз елуге дейінгі» деген сөздер тиісінше «алпысқа дейінгі», «жүз жиырмаға дейінгі» және «бес жүз елуге дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы «онға дейінгі», «елуге дейінгі» және «жүз елуге дейінгі» деген сөздер тиісінше «елуге дейінгі», «жүзге дейінгі» және «үш жүзге дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат):
1) 32-бапта:
2-тармақтағы «тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының немесе» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтың екінші бөлігіндегі «Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы немесе арнайы» деген сөздер «Арнайы» деген сөзбен, «табыстаған туралы» деген сөздер «табыстау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 43-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасындағы, 6 және 7-тармақтардың бірінші бөлігіндегі «тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының немесе» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жер учаскелерін меншікке немесе жер пайдалануға беруді облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері осы Кодексте белгіленген өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
Арнайы экономикалық аймақтың аумағында жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) беруді арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзінің құзыреті шегінде жүзеге асырады.
Жер учаскесін беру немесе жер учаскесін беруден бас тарту туралы шешім облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары жергілікті өкілді орган депутаттарының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органы, сондай-ақ тиісті әкімдіктердің сәулет және қала құрылысы істері жөніндегі құрылымдық бөлімшелері және жергілікті өзін-өзі басқару органдары (олар бар болса) өкілдерінің арасынан құратын комиссияның қорытындысы негізінде қабылданады.
Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейінде құрылатын комиссиялардың құрамына қоршаған ортаны қорғау, ауыл және орман шаруашылығы, су қорын пайдалану және қорғау, жер ресурстарын басқару саласындағы уәкілетті органдардың тиісті аумақтық бөлімшелерінің өкілдері де міндетті түрде енгізіледі. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қалауы бойынша комиссияның құрамына басқа да адамдар енгізілуі мүмкін.
Аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкімдерінің жер учаскесін беру немесе жер учаскесін беруден бас тарту туралы шешімі ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары құратын комиссиялардың қорытындылары негізінде қабылданады.
Арнайы экономикалық аймақ аумағында жер учаскесін беру туралы мәселені шешу кезінде осы тармақта көзделген комиссия құрылмайды.»;
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына немесе» деген сөздер алып тасталсын;
3) 44-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте елді мекеннің бас жоспарлары негізінде орындалған егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары және (немесе) құрылыс салу жобалары (немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейінгі елді мекендерді дамытудың және құрылыс салудың оларды алмастыратын схемасы), сондай-ақ қонысаралық аумақтарға арналған аудандық жоспарлау жобалары болмаса, жер учаскелерін құрылыс үшін беруге тыйым салынады.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге тұрғын үйлер, оның ішінде жеке тұрғын үйлер салуға осы елді мекеннің бекітілген бас жоспарына (немесе шағын ауылдық елді мекендердің бас жоспарын алмастыратын өзге де жобалау құжаттамасына) сәйкес көрсетілген жерлерді елді мекендер жерінің санатына ауыстырғаннан кейін ғана және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы немесе осы учаскелерде құрылыс салу жобасы болғанда ғана жол беріледі. Бұл ретте ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығасының орнын толтыру осы Кодекстің 105-бабына сәйкес жүргізіледі.»;
4) 49-1-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге оның құқықтық режимі, осы Кодекстің 1-бабында санамаланған жердің осы немесе өзге де санатқа тиесілігі және жерді аймақтарға бөлуге сәйкес рұқсат етілген пайдалану негізге алына отырып жол беріледі.»;
5) 50-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін ұтымды пайдалану мақсатында облыстық өкілді және атқарушы органдардың бірлескен шешімдерімен жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері белгіленеді.»;
6) 97-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ауыл шаруашылығы алқаптары айрықша қорғалуға жатады. Бұл жерлерді ауыл шаруашылығы өндірісіне байланысты емес мақсаттарға пайдалануға ерекше жағдайларда жол беріледі (осы Кодекстің 90-бабы).
Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа немесе фермер қожалықтарын жүргізу үшін жеке және заңды тұлғаларға берілген жер учаскелерінде және жеке қосалқы шаруашылықтың егістік телімдерінде ауыл шаруашылығын жүргізуге қатысы жоқ объектілер, оның ішінде тұрғын үйлер (жеке тұрғын үйлерді қоса алғанда) салуға жол берілмейді. Бұл ретте мал шаруашылығы кешендерін салуға, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығына арналған уақытша құрылыстарға және шаруашылық-тұрмыстық құрылыстарға суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарының барлық түрлері, егістік, тыңайған жерлер, көп жылдық екпелер егілген жерлер жататын бағалы ауыл шаруашылығы алқаптары пайдаланыла алмайды.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Жеке меншіктегі немесе жер пайдаланудағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін алаңдары осы Кодекстің 50-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленген ең аз мөлшерден төмен учаскелерге бөлуге жол берілмейді.»;
7) 121-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы «мен белдеулері» деген сөздер алып тасталсын;
8) 132-баптағы «осы құрылыстардың су күзет аймақтары мен белдеулеріне» деген сөздер «көрсетілген су объектілерінің су күзет белдеулеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 134-баптың 1-тармағындағы «су ресурстарын басқарудың уәкілетті органының ұсынысымен», «, гидротехникалық және басқа да су шаруашылығы құрылыстары жанынан» деген сөздер алып тасталсын;
10) мынадай мазмұндағы 136-1-баппен толықтырылсын:
«136-1-бап. Су қорының жерлерін басқа
санаттағы жерлерге ауыстыру тәртібі
1. Су қорының жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру су объектісінің мөлшері табиғи немесе жасанды түрде жойылып немесе азайып кеткен және су қорының жерлері мемлекет мұқтажы үшін алып қойылған жағдайларда жүргізіледі.
2. Су қорының жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы шешімді облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы қабылдайды.
Су қорының жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру немесе су қорының жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстырудан бас тарту туралы шешім облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы жергілікті өкілді орган депутаттарының, қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және сақтау саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелері, жер ресурстары басқармасы өкілдерінің арасынан құрылатын арнаулы комиссияның қорытындысы негізінде қабылданады.».
3. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат):
1) 1-бапта:
29) тармақшада:
«және су шаруашылығы құрылыстарына» деген сөздер алып тасталсын;
«жиырма» деген сөз «отыз бес» деген сөздермен ауыстырылсын;
31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«31) су қорының жерлері:
су объектілері (өзендер және соларға теңестірілген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар және басқа да ішкі су айдындары, аумақтық сулар, мұздықтар, батпақтар) және су көздеріндегі ағысты реттеуге арналған су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан жерлер;
су объектілерінің су қорғау белдеулеріне бөлініп берілген жерлер;
ауыз сумен жабдықтаудың су тарту жүйелерінің санитарлық қорғау аймақтарына бөлініп берілген жерлер;»;
2) 22-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жеке және заңды тұлғаларға cу объектілерін пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгіленген арнайы, оқшау немесе бірлесіп пайдалану тәртібімен беріледі.»;
3) 36-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде берудің тәртібін айқындайды;»;
4) 39-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) конкурстық негізде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға береді;»;
5) 40-баптың 2-тармағында:
7) тармақшаның бірінші абзацындағы «мүдделі мемлекеттік органдардың қорытындыларын» деген сөздер «мыналарды» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-1) және 11-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«9-1) су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру жөніндегі конкурстарды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;»;
«11-1) оқшау немесе бірлесіп пайдалануға берілген су объектілерін пайдаланған кезде жеке және заңды тұлғалардың белгіленген су сервитуттарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;»;
6) 50-баптың 1-тармағының үшінші абзацында:
«аға мемлекеттік инспекторлары және» деген сөздерден кейінгі «тиісті бассейн басқармасының су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі» деген сөздер алып тасталсын;
«бассейн басқармасының» деген сөздер «бассейннің» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 55-бапта:
1-тармақта:
«құрылыстарды» деген сөз «объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендерін, коммуникацияларды)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қоршаған ортаны қорғау» деген сөздер «экологиялық талаптар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
«қайта жаңғырту» деген сөздерден кейін «(кеңейту, жаңарту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейіндеу)» деген сөздермен толықтырылсын;
«кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды» деген сөздер «объектілерді» деген сөзбен ауыстырылсын, «тарату» деген сөзден кейін «(кейіннен кәдеге жарату)» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 65-бапта:
2 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.
Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдалану объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеуіне тыйым салынады.»;
«4. Ортақ су пайдаланудың шарттары мен ережелерін облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары белгілейді.
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өңірдегі жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, ортақ су пайдалану ережелерінде тиісті өңірдің аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу тыйым салынған жерлерді айқындауы мүмкін.»;
9) 94-баптың 1-тармағындағы «Әлеуетті мақсатты» деген сөздер «Ықтимал сел» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 116-бапта:
2-тармақтағы «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдарымен» деген сөздер «жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Су қорғау аймақтары мен белдеулерінде орналасқан ормандарда орман пайдалануды шектеу режимі Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес су объектілерін қорғауды қамтамасыз ету ескеріле отырып белгіленеді.»;
11) 119-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«119-бап. Су қорғау белдеулеріндегі жер учаскелерін уақытша пайдалануға беру және су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі шаруашылық қызметінің режиміне қойылатын талаптардың сақталуын бақылау»;
1-тармақтағы «және су шаруашылығы құрылыстарының су қорғау аймақтары мен» деген сөздер «су қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 125-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«125-бап. Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындарды және басқа да құрылыстарды орналастыру, жобалау, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру шарттары
1. Су қорғау белдеулерінің шегінде:
1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;
3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
7) тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.
2. Су қорғау аймақтарының шегінде:
1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал көмінділерін, сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.
Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.
3. Су объектілерінде және (немесе) су қорғау аймақтарында (су қорғау белдеулерінен басқа) жаңа объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендерін және коммуникацияларды) жобалау, салу және орналастыру, сондай-ақ олар алып жатқан жер учаскелері су қорғау аймақтарына және белдеулерге немесе өзге де ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызылғанға дейін тұрғызылған қолданыстағы объектілерді реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейіндеу) уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен, ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен келісіледі.