Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану және
мемлекеттік органдардың жекелеген нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң
қолданылуын жою туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы
9 ақпандағы № 124 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 1-қосымшаға сәйкес Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
2. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының жекелеген нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң қолданылуы жойылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 қаулысына
1-қосымша
Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің, Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетінің, Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң және Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің күшi
жойылған кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жөніндегі жәрдемақылар туралы" КCPO Министрлер Кеңесiнiң және БКООК 1984 жылғы 23 ақпандағы № 191 қаулысы туралы" Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің және Қазақ республикалық Кәсіподақтар одағы кеңесінің 1984 жылғы 29 наурыздағы № 121 қаулысы (Қазақ КСР-ның ҚЖ-ы, 1984 ж., № 8, 26-құжат).
2. "Науқас баланы күту жөніндегі ақы төленетін кезеңнiң ұзақтығын ұлғайту туралы" КСРО Министрлер Кеңесінiң және БКООК 1987 жылғы 20 қазандағы № 1177 қаулысы туралы" Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң және Қазақ республикалық Кәсiподақтар одағы кеңесінің 1987 жылғы 9 қарашадағы № 491 қаулысы (Қазақ КСР-ның ҚЖ-ы, 1988 ж., № 2, 9-құжат).
3. "Жұмысшылар мен қызметшiлердiң кейбір санаттарына жұмысқа уақытша жарамсыздығы жөніндегі жәрдемақылардың мөлшерлерін арттыру туралы" КCPO Министрлер Кеңесiнiң және БКООК 1990 жылғы 14 мамырдағы № 478 қаулысы туралы" Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің және Қазақ республикалық Кәсiподақтар одағы кеңесiнiң 1990 жылғы 31 мамырдағы № 227 қаулысы (Қазақ КСР-ның ҚЖ-ы, 1990 ж., № 15, 83-құжат).
4. "Қазақ КСР Ғылым Академиясының мәселелері" атты Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 20 наурыздағы № 172 қаулысы.
5. "Көтерме бағаларды реформалау және халықты әлеуметтік қорғау туралы" КСРО Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 19 наурыздағы № 105 қаулысын iске асыру туралы" Қазақ КCP Министрлер Кабинетінiң 1991 жылғы 21 наурыздағы № 184 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ-ы, 1991 ж., № 9, 63-құжат).
6. "Жобалау-сметалық құжаттарды, құрылыстардың бетпарақ тізiмдерін сараптау және бекіту және құрылыспен аяқталған объектілердi пайдалануға қабылдау бойынша Мемлекеттік комиссияны құру тәртібі туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 22 мамырдағы № 318 қаулысы (Қазақ КCP ҚЖ-ы, 1991 ж., № 15, 91-құжат).
7. "Әскери қызметкерлерiне және iшкi iстер органдарының басқару мен қатардағы құрамдағы тұлғаларға өтемақы төлемдерінің енгiзiлгенін ескерiп зейнетақыны есептеу тәртібі туралы" Қазақ КCP Министрлер Кабинетінiң 1991 жылғы 30 мамырдағы № 344 қаулысы.
8. "Елдi мекендi пункттердi ауылдық халық орналасқан желiге және агроөнеркәсiптiк кешен жүйесiне жататын халық шаруашылығы салаларының, кәсіпорындардың, ұйымдар мен басқа да шаруашылық жүргізушi субъектiлердiң тiзбесiне енгізу тәртібі туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 5 маусымдағы № 356 қаулысы.
9. "Республикада ағаш дайындау және ағаш өңдеу өнеркәсiбiн дамыту бойынша қосымша шаралар туралы" Қазақ КCP Министрлер Кабинетінiң 1991 жылғы 6 маусымдағы № 358 қаулысы.
10. "Оқитын жастардың жекелеген категориясын шәкiртақымен қамтамасыз ету туралы" КСРО Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 19 мамырдағы № 249 қаулысын iске асыру туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетінiң 1991 жылғы 20 маусымдағы № 387 қаулысы.
11. "Бөлшек сауданың реформасына байланысты тұрғын халықты әлеуметтiк қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы" КCPO Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 17 мамырдағы № 270 қаулысын iске асыру туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 23 шiлдедегі № 436 қаулысы.
12. "Еңбекке жарамсыз азаматтарды күтетiн жұмыс iстемейтiн еңбекке жарамды адамдарға бөлшек сауданың реформасына байланысты өтемақы төлеу туралы" КСРО Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 2 маусымдағы № 328 қаулысын iске асыру туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 24 шiлдедегі № 452 қаулысы (Қазақ КСР КЖ-ы, 1991 ж., № 18, 122-құжат).
13. "Бөлшек сауданың реформасына байланысты балалы отбастарын әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 30 шiлдедегi № 456 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ-ы, 1991 ж., № 18, 123-құжат).
14. "Жекелеген жағдайларда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жөнiндегі жәрдемдермен қамсыздандыру тәртібі туралы" КCPO Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 14 тамыздағы № 601 қаулысы туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 13 қыркүйектегі № 529 қаулысы (Қазақ КCP ҚЖ-ы, 1991 ж., № 22, 155-құжат).
15. "Жарыстарға және оқу-жаттығу жиындарына қатынасушыларға материалдық қамқорлық жасауға жұмсалатын шығындар көлемiн бекіту құқы туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнің 1991 жылғы 5 қарашадағы № 676 қаулысы.
16. "Қазақстан кiтап лотереясын өткізу шарттары туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетінiң 1991 жылғы 10 қарашадағы № 681 қаулысы.
17. "Қазақ КCP-iнде азаматтардың қарамағындағы мүлікті мiндетті сақтандыруды жою туралы" Қазақ КCP Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 13 қарашадағы № 696 қаулысы.
18. "Совхоздардың және Қазақ КCP ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрлiгі жүйесінің басқа да ауыл шаруашылық кәсіпорындарының мүлкiн мемлекеттік мiндеттi сақтандыруды жою туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 25 қарашадағы № 724 қаулысы.
19. "Көтеріңкі сауда жеңiлдiктерi берілетiн аудандардың, ұйымдар мен мекемелердiң тiзiмiн анықтау туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 25 қарашадағы № 725 қаулысы.
20. "Қазақстан Республикасында айналадағы табиғи ортаның пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 18 желтоқсандағы № 785 қаулысы (Қазақ КСР ҚЖ-ы, 1991 ж., № 27, 186-құжат).
21. "Европа елдерiнiң территориясында бұрын астыртын партизан күресiне қатысқан адамдарға жеңілдiктер беру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 20 желтоқсандағы № 791 қаулысы (Қазақ КCP ҚЖ-ы, 1991 ж., № 27, 188-құжат).
22. "Ғылым және жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы қызметкерлерінің жалақысы мен лауазымдық окладтары ставкаларының жаңа мөлшерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 31 қаңтардағы № 84 қаулысы.
23. "Қазақстан Республикасында туристiк қызметті лицензиялау туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 4 ақпандағы № 93 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж., № 5, 86-құжат).
24. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеден қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 19 ақпандағы № 127 қаулысы.
25. "Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 5 маусымдағы № 356 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 4 наурыздағы № 180 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., № 9, 165-құжат).
26. "Суармалы жерлердегi су беру жөніндегі қызметтерге ақы төлеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1992 жылғы 4 наурыздағы № 182 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., № 9, 167-құжат).
27. "Республикалық жастар кәсіпкерлігін қолдау қоры туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 10 наурыздағы № 207 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж., № 10, 178-құжат).
28. "Қазақстан музыка қайраткерлерінің одағына аударымдар жасау туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 11 наурыздағы № 211 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., № 10, 180-құжат).
29. "Республиканың халық шаруашылығында бухгалтерлiк есеп пен статистика жүйесiн жетiлдiру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 31 наурыздағы № 306 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., № 13, 225-құжат).
30. "Жер салығынан басқа және белгiленген тәртiппен басқа салықтарды төлейтін өнеркәсiптiк түрдегi ауыл шаруашылық кәсiпорындарының тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 20 сәуірдегі № 355 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж., № 16, 256-құжат).
31. "Ауыл шаруашылық жұмыстарына тартылатын қызметкерлердiң кейбір санаттарына жеңiлдiктер беру тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 20 сәуірдегі № 356 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., № 16, 257-құжат).
32. "Қылмыстық iс-қимылдардан зардап шеккен азаматтардың стационарлық емделуiне арналған қаражатты есептеуге арналған ставка туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 29 сәуiрдегі № 393 қаулысы.
33. "Қазақстан Республикасының Yкіметі, министрлiктерi мен ведомстволары жасасатын халықаралық шарттар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 29 сәуірдегі № 395 қаулысы.
34. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы еңбекақыны көтеру және бағаны реттеу туралы" 1992 жылғы 25 сәуірдегі № 730 Жарлығын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 20 мамырдағы № 448 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., № 20, 324-құжат).
35. "Қазақстан Республикасындағы iшкi әскер әскери қызметшiлерiнiң ақшалай үлесi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 27 мамырдағы № 470 қаулысы.
36. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1992 жылғы 10 маусымдағы № 138-ө өкімі.
37. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы еңбекақыны көтеру және бағаны реттеу туралы" 1992 жылғы 25 сәуірдегі № 730 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 20 мамырдағы № 448 қаулысына өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 17 маусымдағы № 533 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., № 24, 373-құжат).
38. "Өнiмдi жеткізу туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 19 маусымдағы № 536 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж., № 24, 374-құжат).
39. "Баспа шығармаларының бақылау және мiндеттi даналарын тарату тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 22 маусымдағы № 548 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж., № 25, 396-құжат).
40. "Ауыл шаруашылық дақылдарының тұқымдарын және өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң басқа түрлерiн мемлекетке сату үшін комбикормды қарсы сату нормаларын реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 2 шiлдедегi № 570 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., № 27, 408-құжат).
41. "Республикада медициналық құралдар, приборлар мен жабдықтар өндiрiсiн дамыту жөніндегі шұғыл шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 3 шiлдедегi № 577 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., № 28, 415-құжат).
42. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік салық инспекциясының қызметкерлерi жалақыларының схемалары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1992 жылғы 16 шiлдедегi № 605 қаулысы.
43. "Қазақстан Республикасында ынталы кеншiлер артельдерінiң қызметін жақсарту шаралары және асыл металдарды, асыл тастарды және басқа минералды шикiзатты ынталы түрде өндiру мен қайта өңдеудi дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 23 шiлдедегi № 628 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., № 30, 450-құжат).
44. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік ломбарды туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 6 тамыздағы № 660 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., № 32, 487-құжат).
45. "Балалар ассортиментi тауарларын қосылған құн салығынан босату туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1992 жылғы 12 тамыздағы № 673 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., № 32, 494-құжат).
46. "Невада-Семей" акционерлік қоғамының тауарлары мен қызметтерiнiң экспортына ставкаларды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 17 қыркүйектегі № 773 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., № 35, 545-құжат).
47. "Шетелдiк қазақ диаспорасының өкiлдерiне Қазақстан Республикасында болған кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық жеңілдiктердi қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 23 қыркүйектегi № 791 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., № 36, 558-құжат).
48. "Тауарларды кредитке сату туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 24 қыркүйектегі № 805 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., № 36, 561-құжат).
49. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң экология және табиғатты пайдалану мәселелерi бойынша кейбір шешiмдерiн өзгерту және күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 9 қазандағы № 856 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістердiң 10-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж., № 39, 590-құжат).
50. "Қазақстан Республикасындағы рационализаторлық қызмет туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 27 қарашадағы № 996 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., № 47, 691-құжат).
51. "Пісірілген нанға, манна жармасына, тарыға және комбикормға сатылатын нанды, нан-қалаш бұйымдарын, ұнды сатудан келетiн шығынды өтеуге арналған қаражат жетіспеушiлiгiн кредиттеу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1992 жылғы 7 желтоқсандағы № 1029 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж., № 48, 707-құжат).
52. "Қазақстан Республикасының халық шаруашылығындағы статистиканы, алғашқы және бухгалтерлік есептi қайта құру жөнiндегі мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 29 желтоқсандағы № 1098 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., № 50, 725-құжат).
53. "Мемлекет мұқтаждары үшiн 1993 жылы ауыл шаруашылығы өнiмiн және шикізатын сатып алу және жеткізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 4 наурыздағы № 161 қаулысы.
54. "1992 жылғы астық пен астықмайлы тұқымдарын мемлекеттік ресурстарға қосымша сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1993 жылғы 19 наурыздағы № 216 қаулысы.
55. "Қазақстан Республикасының авариялық-құтқару қызметiн құру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 19 наурыздағы № 222 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 8, 102-құжат).
56. "Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптiк кешенiнiң салалары үшiн жаңа техниканы әзiрлеу және өндiрiске қою туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 23 наурыздағы № 225 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 9, 106-құжат).
57. "Қазақстан Республикасының зейнетақы қоры туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 14 сәуірдегі № 300 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 12, 300-құжат).
58. "Төтенше жағдайларда сақтандырудың және іс-әрекет жасаудың республикалық жүйесін көлiк құралдарымен қамтамасыз ету және оның күштері мен құрал-жабдықтарын тасымалдауды ұйымдастыру тәртібі туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 16 сәуірдегі № 315 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., № 13, 159-құжат).
59. "Сүттің, малдың және құстың мемлекеттік кепiлдiк сатып алу бағасы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 30 сәуірдегі № 337 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., № 15, 176-құжат).
60. "Республиканың мемлекеттік мұқтажын қамтамасыз ету үшiн қара металл сынықтары мен қалдықтарын дайындауды (тапсыруды) ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 5 мамырдағы № 364 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 16, 188-құжат).
61. "Республиканың күкірт қышқылын өндiрумен шұғылданатын өнеркәсiп орындарының жұмысын тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 19 мамырдағы № 401 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 17, 206-құжат).
62. "Қазақстан Республикасының зейнетақы қоры туралы ережеге толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1993 жылғы 21 мамырдағы № 423 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 18, 220-құжат).
63. "Республикада өндiрiлетiн және орталықтандырылған түрде сатып алынатын азық-түлік ресурстары мен халық тұтынатын тауарлар бөлу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 26 мамырдағы № 435 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 19, 237-құжат).
64. "Қазақстан Республикасының зейнетақы қорына қаржыны аудару кезiнде берешек сомасына салынатын өсiмдi арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 31 мамырдағы № 444 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 19, 240-құжат).
65. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1993 жылғы 7 маусымдағы № 229-ө өкімі.
66. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тапсырыстар мәселелерi бойынша кейбір шешiмдерiн өзгерту және күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 8 маусымдағы № 481 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерістердiң 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 22, 283-құжат).
67. "Фабрикалық қант қызылшасын өндiрудi ұлғайтуға және оны мемлекет мұқтажының есебiне барынша мол тартуға колхоздардың, совхоздардың, басқа шаруашылықтар мен көлiк ұйымдарының материалдық ынталылығын арттыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 30 маусымдағы № 560 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., № 26, 318-құжат).
68. "Жүннің экспортына кеден бажының ставкасын өзгерту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 5 шiлдедегі № 571 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 26, 322-құжат).
69. "Қой шаруашылығын дамытуды экономикалық тұрақтандыру және ынталандыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 15 шiлдедегі № 612 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 29, 346-құжат).
70. "Қазақстан Республикасындағы бағалы металдардың қайталама ресурстарын пайдаланудың тиiмділiгiн арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 тамыздағы № 718 қаулысы.
71. "Шығыс Қазақстан облысындағы жер сiлкiнiсiнен зардап шеккен экологиялық апат аймақтары мен аудандарда руда базалары мен құрылыс объектілерін дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 31 тамыздағы № 762 қаулысы.
72. "Сортсыз сүтке дотация төлеудi тоқтату туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 9 қыркүйектегі № 856 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., № 37, 426-құжат).
73. "Қазақстан Республикасының аумағындағы төтенше жағдайларда мемлекеттік басқару органдарын байланыспен қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 4 қазандағы № 981 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы төтенше жағдайларда байланыспен қамтамасыз ету тәртібі туралы ереженiң 20-тармағы.
74. "Құрамында сирек, сирек ұшырасатын және шашыранды химиялық элементтер, олардың қосылыстары бар және мемлекеттік резервте сақтаулы өнімді халық шаруашылығының мүддесi үшiн пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1993 жылғы 5 тамыздағы № 674 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 31, 366-құжат).
75. "Қазақстан Республикасындағы бағалы металдардың қайталама ресурстарын пайдаланудың тиiмділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 тамыздағы № 718 қаулысы.
76. "Қазақстан Республикасындағы сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 9 қыркүйектегі № 853 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 37, 424-құжат).
77. "Қазақстан Республикасында өнiмдердiң және тауарлардың экспорты мен импорты бойынша есепке алуды және есеп берудi ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 23 қыркүйектегі № 935 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 39, 457-құжат).
78. "Мемлекеттік гидрометеорологиялық сараптама туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 29 қыркүйектегi № 959 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 40, 463-құжат).
79. "Қазақстанның халықаралық агроөнеркәсіптiк биржасының қызмет ауқымын кеңейту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1993 жылғы 30 қыркүйектегi № 974 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 40, 467-құжат).
80. "Қазақстан Республикасының орман қоры аумағында шөп шабу мен мал жаюдың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 14 қазандағы № 1021 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 41, 481-құжат).
81. "Халық тұтынатын тауарлар жөніндегі департамент құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 қазандағы № 1039 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 42, 499-құжат).
82. "Дәрi-дәрмек өнімдерінің, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және емдеу-профилактикалық тағам өнiмдерiнің сапасын мемлекеттік бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 2 қарашадағы № 1090 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 43, 516-құжат).
83. "Ұлттық валютаны енгізу жағдайында бағаның өсуiн шектеу жөніндегі төтенше шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1993 жылғы 12 қарашадағы № 1121 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 43, 522-құжат).
84. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 7 мамырдағы № 374 қаулысына өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 19 қарашадағы № 1159 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 44, 536-құжат).
85. "Қазақстан Республикасында жүргiзілетін ашық ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды мемлекеттік тiркеу және олар бойынша есептік құжаттарды табыс ету тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 19 қарашадағы № 1161 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 44, 537-құжат).
86. "Қазақстан Республикасының кейбір шешiмдерiн өзгерту және олардың күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 26 қарашадағы № 1192 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., № 46, 555-құжат).