Қой шаруашылығын дамытуды экономикалық тұрақтандыру және ынталандыру
жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
1993 ж. 15 шiлдедегі № 612 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен күші жойылды
Жүннiң, әсiресе қылшықты жүннiң нарқына байланысты қалыптасқан экономикалық жағдайды ескере отырып және қой шаруашылығымен айналысатын халықты әлеуметтiк қорғау, осы саланы дамытуды одан әрi ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер қаулы етедi:
1. Анықталған республикалық бюджетте ауыл шаруашылығы өнiмдерiне жәрдем қаржы беру үшiн көзделген қаржыдан мемлекет мұқтажына сатып алынатын жүндi дотациялауға 30,6 миллиард сом жiберiлсiн.
(2-абзац)
1-тармағының екiншi абзацы күшiн жойды - ҚРМК-нiң 13.12.1993 ж. № 1242 қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасының жүндi бастапқы өңдеу фабрикалары мен Ауыл шаруашылығы министрлігінiң:
дотация мөлшерiн есепке алмай, мемлекет мұқтажы есебiне сатып алынатын биязы және жартылай биязы жүнге көрсеткiштi бағаның (№ 70-45, 1991 ж.) 25-iнен, ал жартылай қылшықты және қылшықты жүнге 15-iнен кем болмайтын өзара қолайлы коэффициент белгiлеу жөніндегі;
ауыл шаруашылық тауарларын өндiрушiлерден жүндi беру шартымен жуу және сақтау үшiн қабылдау туралы ұсынысы қабылдансын.
3. Экспортқа сатылатын жүннiң көтерме-босату бағасы анықталған жағдайда, оның өзiндiк құнына ауыл шаруашылық тауарларын өндiрушiлер төлейтiн дотация сомасы қосылады деп белгiленсiн.
4. Тұтыну кооперациясының мемлекет мұқтажы үшiн жүн беретiнi анықталғанын ескере отырып, оны халықтан дайындау Қазтұтынуодағына жүктелсiн.
5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі "Легинвест" акционерлік инвестициялық компаниясымен және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен бiрлесiп, үш ай мерзiм iшiнде жүннен халық тұтынатын тауарлар өндiру жөніндегі ұқсату өнеркәсiбiн дамыту бағдарламасын әзiрлесiн және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикалық жаңару кеңесiнiң қарауына ұсынатын болсын.
6. Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясы, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі және Стандарттау және метрология жөніндегі бас басқармасы республикада жүнге, терi мен былғары-тон шикiзатына қолданылып жүрген стандарттар мен сертификаттардың, 1994 жылы енгізу үшiн, олар халықаралық нормаға жауап беретiндей болуын қайта қарайтын болсын.
7. Жүндi ұқсату технологиясын пысықтау, қылшықты жүннен дәстүрлi бұйымдар жасау мақсатында Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясы, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі және "Легинвест" акционерлік инвестициялық компаниясы жүндi аяқталған технологиялық желiмен дайын бұйымдар жасауға дейiн қайта өңдеу жөніндегі тәжiрибелiк-эксперименттiк кәсiпорын құру туралы ұсынысты қарап, енгiзетiн болсын.
8. Қолда бар жүн ресурсын ұтымды пайдалану және оны рынокта сату үшiн қосымшаға сәйкес комиссия құрылсын.
9. Қазақстан Республикасының, Қаржы министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі 10 күндiк мерзiм iшiнде ауыл шаруашылық тауарларын өндiрушiлердiң жүнге дотация төлеу тәртібін әзiрлеп, белгiлейтiн болсын.
10
10-шы тармақ күшiн жойған - ҚРМК-нiң 1995.09.26. № 1283 қаулысымен.
11. Жүндi республикадан тысқары жерлерге еркiн сату үшiн квоталау тоқтатылсын және осыған байланысты:
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасы өнiмдерiнiң экспортына 1993 жылғы квоталар туралы" 1993 жылғы 26 қаңтардағы № 66 қаулысына қосымшадағы: "жуылған жүн 10" деген сөз;
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "1993 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұқтаждарына арналған өнiмдер мен тауарлардың аса маңызды түрлерiн берiп тұруды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 1993 жылғы 10 наурыздағы № 193 қаулысының "жеңiл өнеркәсiп" тарауының қосымшасындағы "жуылған жүн мың тонна 20,3" деген сөз күшiн жойған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1993 жылғы 15 шiлдедегi
№ 612 қаулысына
Қосымша
Қолда бар жүн ресурсын ұтымды пайдалану және
оны рынокта сату жөніндегі комиссия
Құрамы
Төлебеков Қ.Х. - Ауыл шаруашылығы министрінің бiрiншi
орынбасары (төраға)
Жомартов А.Ш. - "Легинвест" компаниясының президентi
Красносельский Н.Ф.- Экономика министрінің орынбасары
Костюченко В.В. - Сыртқы экономикалық байланыстар министрінің
бiрiншi орынбасары
Рыльский М.Е. - Ақтөбе жүндi бастапқы өңдеу фабрикасының
директоры
Жолшыбеков А.Ж. - Жамбыл жүндi бастапқы өңдеу фабрикасының
директоры
Зиберт Р.А. - Семей жүндi бастапқы өңдеу фабрикасының
директоры