Қазақстанның халықаралық агроөнеркәсiптiк биржасының қызмет ауқымын
кеңейту туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 ж. 30
қыркүйектегі № 974 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен күші жойылды
Мемлекеттік құрылымдардың ауыл шаруашылық өнiмдердi сатып алу көлемiнiң жыл сайын қысқаруы жағдайында оны биржалық сауда арқылы сату рөлi мен мәнi күрт өсiп отыр.
Тауар өндiрушiлерге бiрыңғай баға саясатын жасауда, ауыл шаруашылық өнiмдерiн өткізу жөнiнде нарықтық қатынастар мен ақпараттық ықпал ету ауқымын кеңейтуде практикалық көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Қазақстанның халықаралық агроөнеркәсiптiк биржасымен келiсе отырып, оған астық және басқа ауыл шаруашылық өнiмдерiне импортерлер мен шет ел инвесторларын Қазақстан рыногына iздестiру және тарту астық экспортерлерiн тiркеу мен олардың бағалауын анықтау, инвестициялық қорлар мен мемлекеттік несиелер үшiн ұсыныстар әзiрлеу, қызметтiң консультациялық, әдiстемелiк, ұйымдық және басқа түрлерiн көрсету жөнiнде қосымша қызмет жүктеу туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Астықты және басқа ауыл шаруашылық өнiмдерiн сатуды толық есепке алу, республика iшіндегі барлық сауда операцияларына баға бақылауын жүзеге асыру Қазақстанның халықаралық агроөнеркәсiптiк биржасында жүргiзiлсiн.
Бұл орайда республикадан тысқары жерлерге астық және мемлекеттік мақсаттағы басқа да ауыл шаруашылық өнiмдерiн шығару Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
3. Халық депутаттары Алматы қалалық Кеңесiне Қазақстанның халықаралық агроөнеркәсiптiк биржасынан астық және басқа ауыл шаруашылық өнiмдерi жөніндегі келісімдерден алым алуды тоқтатуды немесе осы алымдарды оның материалдық-техникалық базасын дамытуға жiберудi ескере отырып, 1992 жылғы 22 мамырда 21 шақырылған Х сессиясындағы "Биржаларда жүргiзiлген және валюта сатып алу-сату барысындағы келісімдерге мақсатты алып енгізу туралы" шешiмiн қарауға өтiнiм жасалсын.
4. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлігі экспортқа беруге жасалған контракттар бойынша астықты және басқа ауыл шаруашылық өнiмдерiн кедергiсiз тасымалдауды қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі мен Қаржы министрлігі 1994 жылдан бастап Қазақстанның халықаралық агроөнеркәсiптiк биржасын орналастыру жөніндегі бизнес-кешенiн салуға қаржы бөлудi қарастыратын болсын.
6. Қазақстанның халықаралық агроөнеркәсiптiк биржасына осы қаулы шыққан күннен бастап бiр ай iшiнде өзiнiң Жарғысына қажеттi өзгертулер мен толықтырулар енгізу ұсынылсын.
7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетi "Атакент" Республикалық iскерлiк ынтымақтастық орталығының аумағындағы "Ауыл шаруашылығы" павильонын Қазақстанның халықаралық агроөнеркәсiптiк биржасына ұзақ мерзiмге жалға беру жөніндегі мәселенi шешетiн болсын.
8. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi Қазақстанның халықаралық агроөнеркәсiптiк биржасының жұмыс iстеуiне қажеттi жағдай жасауды қамтамасыз ете отырып, оның жергiлiктi жерлерде филиалдарын құруға жәрдем көрсететiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi