Құрамында сирек, сирек ұшырасатын және шашыранды химиялық элементтер,
олардың қосылыстары бар және мемлекеттік резервте сақтаулы өнiмдi халық
шаруашылығының мүддесi үшiн пайдалану туралы Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің 1993 ж. 5 тамыздағы № 674 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен күші жойылды
Құрамында сирек, сирек ұшырасатын және шашыранды химиялық элементтер, олардың қосылыстары бар және мемлекеттік резервте сақтаулы өнiмдi халық шаруашылығының мүддесiне тиiмдi пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Мемлекеттік резервте сақтаулы өнiмнiң химиялық құрамы туралы мәлiметтерден қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес құпиялылық белгiсi алынсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитетi:
мамандандырылған сыртқы сауда ұйымдарымен және кәсiпорындармен бiрлесiп шетел фирмалары мен тұтынушылардан сатып алуға тапсырыстар түсiп жатқан осы өнiмдi экспорттауға әзiрлiк жұмысын және оны еркiн айналымдағы валютаға экспортқа шығару iсiн қамтамасыз етсiн;
Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігімен және Қаржы министрлігімен бiрлесiп аталған өнiмдi экспортқа әзiрлеуге және жөнелтуге байланысты шығындарды өтеу жолдары туралы ереженi талдап жасап, бекiтсiн.
2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20. № 1031 қаулысымен.
3. Аталған өнiмнiң экспортынан түсетiн валюта түсiмi Республикалық валюта қорына жiберiледi деп белгiленсiн.
4.
4 тармағының күшi жойылған - ҚРМК-нің 1994.11.02. № 1219 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1993 жылғы 5 тамыздағы
№ 674 қаулысына
Қосымша
Мемлекеттік резервте сақтаулы химиялық құрамы туралы
мәлiметтерден құпиялық белгiсi алынатын өнiмнiң
Тiзбесi
Церий қос тотығы
Торий қос тотығы
Самарий тотығы
Лантан тотығы
Европий тотығы
Празеодим тотығы
Ниобий бес тотығы
Неодим тотығы
Гадолиний тотығы
Скандий тотығы
Штабиктегi ниобий
Құйма ниобий
Аммоний қышқылды рений
Таллий
Индий
Теллур
Галлий (металл түрiнде) Тантал
Бериллий (металл түрiнде)
Вольфрам концентраты
Молибден концентраты
Цезий концентраты
Бериллий концентраты
Тантал концентраты