Республикада медициналық аспаптар, құралдар мен жабдықтар шығаруды дамыту
жөніндегі шұғыл шаралар туралы Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетінің 1992 ж. 3 шiлдедегі № 577 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен күші жойылды
Республикада денсаулық сақтау саласы мен халықты осы заманғы аспаптармен, құралдармен және жабдықтармен қамтамасыз ететiн медициналық аспаптар өнеркәсiбiн құру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Экономика жөніндегі мемлекеттік комитетi, Денсаулық сақтау министрлігі мен Өнеркәсiп министрлігі әзiрлеген медициналық аспаптар, жабдықтар және құралдар өндiрiсiн дамыту жөніндегі республикалық кешендi бағдарламалар мақұлдансын.
"Медқұрал" ассоциациясының (Қазан қаласы), "Меджабдық" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгiнiң (Мәскеу қаласы) және Медицина жабдықтары мен құралдарын жасау ғылыми-зерттеу институтының медициналық аспаптар, жабдықтар мен құралдар өндiру жөніндегі бағдарламалардың бас атқарушылары болуға келiскенi және олардың технологиялық жабдықтар, материалдық-техникалық ресурстар берiлiмi және медициналық ғылыми-техникалық орталықтар ұйымдастыру жөнiнен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен келісіп, кәсiпорындарға көмек көрсету шараларын қолданатыны ескерiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Экономика жөніндегі мемлекеттік комитетi, Өнеркәсiп министрлігі республиканың емдеу-профилактика мекемелерi мен халқының Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі анықтаған сұранысының негiзiнде республиканың кәсiпорындарында, бiрлестiктерiнде, ұйымдары мен басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнде медицина техникасын өндiрудi үйлестiретiн болсын.
3. Қазақстан Республикасының Экономика жөніндегі мемлекеттік комитетi 1993 жылда және одан кейiнгi жылдарға мемлекеттік тапсырысты қалыптастырған кезде қосымшаға сәйкес көлемде және номенклатурада медициналық аспаптар, жабдықтар мен құралдар өндiрудi ескерсiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі медициналық аспаптар, жабдықтар мен құралдар өндiру жөніндегі республикалық бағдарламаларды жүзеге асыру үшiн жыл сайын нысаналы қаржы бөлiнуiн көздесiн.
5. Қазақстан Республикасының Материалдық ресурстар министрлігі медициналық аспаптар, жабдықтар мен құралдар шығаратын заводтар мен басқа кәсiпорындарды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлеген өнiмдер номенклатурасы бойынша материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етсiн.
6. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі, Экономика жөніндегі мемлекеттік комитетi Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бiрлесiп, жыл сайын нысаналы түрде импорттық материалдар, құраушы бұйымдар мен технологиялық жабдықтар сатып алуды көздесiн.
7. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлігі, Автомобиль, трактор, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және сервистiк қызмет көрсету Қазақ мемлекеттік корпорациясы, Қорғаныс кешенiнiң электротехникалық және машина жасау кәсiпорындары Қазақ мемлекеттік корпорациясы, Қорғаныс кешенiнiң электротехникалық және машина жасау кәсiпорындары Қазақ мемлекеттік корпорациясы, Атом энергетикасы мен өнеркәсiбi кәсiпорындары Қазақ мемлекеттік корпорациясы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бiрлесiп, алдағы уақытта өздерiнiң қарамағындағы кәсiпорындарда шығару үшiн медициналық аспаптар, жабдықтар мен құралдардың номенклатурасын қайта қарасын.
8. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлігі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының территориясында орналасқан өнеркәсiп орындары, ассоциациялар, шағын және бiрлескен кәсiпорындар, кооперативтер мен басқа да ұйымдар шығаратын медициналық аспаптарды, жабдықтар мен құралдарды техникалық сынақтан өткiзудiң бiрыңғай тәртібін белгiлесiн.
Оралдағы "Омега" құралдар жасау заводының, "Ақтөберентген" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң өздерiнiң базасында медицина техникасының жаңа бұйымдарын әзiрлеу мен сынау жөніндегі ғылыми-өндiрiстiк орталықтар құру жөніндегі ұсыныстары қабылдансын.
9. Қазақстан Республикасының Экономика жөніндегі мемлекеттік комитетi Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлігімен, Денсаулық сақтау министрлігімен, Мемлекеттік бас салық инспекциясымен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне енгізу үшiн медицина техникасын өндiрумен шұғылданатын кәсiпорындарды, бiрлестiктер мен шаруашылық жүргiзушi cубъектiлердi қосылған құнға салынатын салықтан босату және жеңiлдiк беретiн салық белгiлеу жөнiнде ұсыныстар әзiрлесiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1992 жылғы 3 шiлдедегi
№ 577 қаулысына Қосымша
Медицина аспаптарын, жабдықтары мен приборларын
шығаратын кәсiпорындар үшiн 1993 жылға арналған
Тапсырма
(Кесте)