Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық инспекциясы
қызметкерлерiнiң жалақы кестесi туралы Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің 1992 ж. 16 шiлдедегі № 605 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында жалақыны өсiру және бағаны реттеу туралы" 1992 жылғы 25 сәуірдегі № 730 Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық инспекциялары қызметкерлерiнiң қызмет жалақылары 1-5 кестелерге сәйкес белгiленсiн.
Осы қаулыда көзделген қызмет жалақылары 1992 жылғы 1 мамырдан бастап енгiзiледi.
2. Қазақ ССР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 9 қыркүйектегi "Қазақ ССР Мемлекеттік салық қызметiнiң мәселелерi" деген № 520 қаулысымен бекітілген Қазақ ССР Мемлекеттік салық қызметi органдары қызметкерлерiнiң еңбек ақысын төлеу Шарттарынан мынадай сөздер алынып тасталсын:
3-тармақтың бiрiншi абзацынан: "мен материалдық көтермелеу және әлеуметтiк даму қоры";
3-тармақтың екiншi абзацынан: "лауазымдық жалақының 30 процентiне дейiнгi мөлшерде";
3-тармақтың үшiншi абзацынан: "мен материалдық көтермелеу және әлеуметтiк даму";
3-тармақтың төртiншi абзацынан: "Мемлекеттік салық қызметiнiң басшыларына және олардың орынбасарларына берiлетiн сыйлық олардың төрт айлық лауазымдық жалақысынан аспауы тиiс".
3. Мыналар күшiн жойды деп танылсын:
Қазақ ССР Мемлекеттік салық органдары қызметкерлерiне еңбек ақы төлеудiң осы Шарттарының 5-тармағы;
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық инспекциялары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларының кестесi туралы" 1992 жылғы 7 ақпандағы № 100 қаулысы.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында жалақыны өсiру және бағаны реттеу туралы" 1992 жылғы 25 сәуірдегі № 730 Жарлығымен бюджеттік қаржыландырудағы мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерiне жалақы төлеудiң қолданылып жүрген басқа да шарттары, оның iшiнде үстеме ақының, қосымша ақының, сыйлықтардың және ынталандыру, өтеу сипатындағы басқа да төлемдердiң мөлшерлерi сақталғаны ескерiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1992 жылғы 16 шiлдедегi
№ 605 қаулысына қосымша
№ 1, 2, 3, 4, 5
кестелер