Барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы банктік немесе өзге де қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.
2020.26.06. № 349-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарының талаптары банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымды лицензиядан және (немесе) лицензияға қосымшадан айыру жағдайларына қолданылады.
ҚР Президентінің 27.01.96 ж. № 2830 Заң күші бар Жарлығымен; ҚР 11.07.97 № 154-1; 12.08.97 ж. № 200-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.05. № 69-III (бұр. ред. қара); 2005.12.23 № 107-III ( бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр.ред. қара); 2009.12.02. № 133-IV (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 185-IV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.28.08. № 192-IV (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 48-бап өзгертiлдi; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 48-бап өзгертiлдi
48-бап. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтата тұру, тоқтату не олардан айыру үшiн негiздер
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензияның және (немесе) оған қосымшаның қолданысын тоқтата тұру не олардан айыру мынадай негiздердің кез келгені бойынша жүргiзiледi:
1) банктің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қызметi процесінде осы Заңның 20-бабының, 26-бабы 2 және 7-тармақтарының талаптарын сақтамау;
2) банкте өзге банк холдингі немесе банк акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленетін ірі қатысушы-жеке тұлға болмағанда, банк холдингі, банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялар шегеріле отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленетін банктің ірі қатысушысы-жеке тұлға мәртебесін кері қайтарып алу;
3) депозиттерді қабылдауға, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге лицензиясы бар банкте (орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі банктерді қоспағанда) тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі бар бас банктің не банк холдингінің не ірі қатысушының-жеке тұлғаның болмауы;
4) банк операцияларын қолданыстағы заңнама нормаларын үнемі (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде үш және одан көп рет) бұза отырып жүзеге асыру;
5) осы Заңның 32-бабында белгiленген банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарын ашып көрсету жөнiндегi мiндеттi сақтамау;
6) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңiлдiкті жағдайлар жасауға осы Заңның 40-бабында белгiленген тыйым салуды бұзу;
7) уәкілетті органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұзу не уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қолданған қадағалап ден қою шараларын үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) орындамау;
8) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің уәкілетті органның талаптарына сәйкес келмеуі;
9) осы Заңның 8-бабының шарттарына сәйкес банктер үшiн тыйым салынған және шектелген қызметтi жүзеге асыру;
10) банктің осы Заңда, банк жарғысында және банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензияда белгiленген өзiнiң құқық қабiлетi шегiнен шығатын операцияларды жүзеге асыруы;
11) банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның қызметтi өздерiне берiлген лицензияға және (немесе) оған қосымшаға сәйкес ол берiлген күннен бастап қатарынан күнтiзбелiк он екi ай бойы жүзеге асырмауы;
12) қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның қызметті берілген лицензияға және (немесе) оған қосымшаға сәйкес қатарынан күнтiзбелiк он екі ай бойы жүзеге асырмауы;
13) қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын тек қана айырбастау пунктері арқылы жүзеге асыру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
14) соттың банк қызметiн тоқтату туралы шешiмді қабылдауы;
15) уәкілетті органның банктің меншікті капиталын ұлғайту жөніндегі талаптарын, сондай-ақ осы Заңның 47-1-бабының 2-тармағына сәйкес қойылатын талаптарды банк холдингінің, банктің ірі қатысушысының орындамауы;
16) банкті осы Заңға сәйкес төлемге қабілетсіз банк санатына жатқызу.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 17), 18), 19) және 20) тармақшалармен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
17) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының осы Заңның 42-бабы 6-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, резерв ретінде қабылданатын активтердің мөлшеріне қойылатын талаптарды сақтамауы;
18) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының немесе сотының Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің барлық немесе мәні бойынша ұқсас жекелеген банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясының қолданысын тоқтата тұруы не одан айыруы;
19) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекет сотының Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкін мәжбүрлеп тарату (қызметін тоқтату) туралы шешім қабылдауы;
20) осы Заңның 74-5-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда соттың Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдауы.
1-1. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылмайтын банк (ислам банкін қоспағанда) депозиттер қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға және жүргізуге арналған лицензияларынан айырылады.
1-2. 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
1-3. 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-4-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-4-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-4. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтату «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша, банкке ерікті түрде таратылуға рұқсат, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат берілген кезде жүзеге асырылады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Барлық не жекелеген банк операцияларын жүргізуге арналған лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтата тұру не одан айыру түрінде санкция қолданудың мақсатқа лайықтығын айқындау және санкцияны таңдау кезінде мыналар ескеріледі:
1) тәуекел деңгейі, бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарларының сипаты;
2) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің және олардың салдарларының ауқымы мен маңыздылығы;
3) бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің жүйелілігі мен ұзақтығы;
4) жол берілген бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің қаржылық жағдайға тигізетін әсері;
5) анықталған бұзушылықтардың және (немесе) кемшіліктердің туындауына негіз болған себептер;
6) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қызметте анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жоюға бағытталған дербес шаралар қабылдауы;
7) төлемге қабілетсіз банкке реттеу шараларын қолдану мүмкіндігі.
3. алынып тасталды
ҚР 11.07.97 № 154-1 Заңымен 48-1-баппен толықтырылды; ҚР 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 07.07.04 ж. № 577-II (бұр. ред. қара); 2005.12.23 № 107-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 185-IV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 48-1-бап өзгертiлдi; 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 48-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 48-1-бап өзгертiлдi
48-1-бап. Банкті лицензиядан айырудың салдарлары
1. Барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айрылған банктің банктік немесе өзге де қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ.
Банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күнінен бастап:
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) мыналарға:
уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға;
банктің пайдасына келіп түсетін ақшаны есепке жатқызуға;
банктік шоттары жабылған тұлғалардың пайдасына келіп түскен және түсетін ақшаны, сондай-ақ қате көрсетулер бойынша келіп түскен және түсетін ақшаны қайтаруға;
клиенттің банк алдында берешегі болмаған немесе клиент банк алдындағы берешегін өтеген жағдайда, клиенттердің банкті лицензиядан айырғаннан кейін өздерінің банктік шоттарына келіп түсетін ақшаны аудару жөніндегі нұсқауларын орындау бойынша шығыстарға;
Алтыншы абзац 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
осы Заңның 61-11 және 61-12-баптарында көзделген операцияны жүргізуге байланысты жағдайларды қоспағанда, клиенттердің және банктің өзінің банктік шоттары бойынша барлық операциялар тоқтатылады;
2) құрылтайшылардың (қатысушылардың), банк органдарының банк мүлкіне билік етуге құқығы болмайды;
3) банктің басшы, ал қажет болған жағдайда өзге де қызметкерлері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан шеттетіледі;
4) банкті ұстап тұруға арналған ағымдағы шығыстарға байланысты талаптарды қоспағанда, кредиторлардың банкке қоятын талаптары тарату ісі жүргізілгенде ғана қойылуы мүмкін;
5) кредиторлардың, мемлекеттік кіріс органдарының талаптары, оның ішінде даусыз (акцептсіз) тәртіппен қанағаттандыруға жататын талаптары бойынша банктің банк шоттарынан ақшаны өндіріп алуға, сондай-ақ банк мүлкінен өндіріп алуға жол берілмейді;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) банктің лауазымды адамдарына және ірі қатысушыларына өздеріне тиесілі банк акцияларын иеліктен шығаруға тыйым салынады;
7) банкке қатысты соттардың бұрын қабылдаған шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады;
8) банктің борышкерлері негізгі борышты, сыйақыны және тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өтеу бойынша міндеттемелерді жасалған банктік қарыз шарттарына және мәмілелердің өзге де түрлеріне сәйкес орындайды;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) клирингтік қатысушы болып табылатын банктің сауда-саттықты ұйымдастырушылардың сауда жүйелерінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша міндеттемелерін клирингтік ұйым (орталық контрагент), оның ішінде клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) клирингтік қызмет жүзеге асырылатын мәмілелер бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара қамтамасыз етуі, маржалық жарналар, клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік қорларына жарналар болып табылатын қаржы құралдарын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және осы клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен толық пайдалану есебінен орындайды.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырғаннан кейін уәкілетті орган банктің уақытша әкімшілігін (уақытша әкімшісін) тағайындайды.
Банктің бұрын әрекет еткен органдарының өкілеттіктері тоқтатыла тұрады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-2. Банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) банкті лицензиядан айырған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Заңның 61-11 және 61-12-баптарында көзделген операцияны жүргізу туралы шешім қабылдауға және осы операцияны жүргізу туралы мәселені келісу үшін уәкілетті органға өтініш жасауға құқылы.
Уәкілетті орган он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) осы Заңның 61-11 және 61-12-баптарында көзделген операцияны жүргізуіне келісім береді немесе оны жүргізуден бас тартады.
Уәкілетті орган банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) көрсетілген операцияны жүргізгеннен кейін он жұмыс күні ішінде банктің қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп тоқтату (банкті тарату) туралы арызбен сотқа жүгінеді.
Банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде осы Заңның 61-11 және 61-12-баптарында көзделген операцияны жүргізу туралы шешім қабылдамаған немесе уәкілетті орган осы операцияны жүргізуден бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде банктің қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп тоқтату (банкті тарату) туралы арызбен сотқа жүгінеді.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-3-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-3. Банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған банк немесе ол уәкілеттік берген тұлға лицензиядан айыру күніне дейін үш жыл ішінде жасаған мәмілелер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және осы Заңның 61-13-бабының 2-тармағында көзделген мәмілелердің жарамсыздық негіздері болған кезде, мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
Осы Заңның 61-13-бабының 3-тармағында көзделген, мәмілелерді жарамсыз деп тану салдарлары барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған банкке қолданылады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2. Банктiң жұмыс тәртібі, оның уақытша әкiмшiлiгін (уақытша әкiмшісін) тағайындау тәртібі, уақытша әкiмшiлiктің (уақытша әкiмшінің) өкілеттігі, сондай-ақ уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша әкiмшінiң) есептілікті және өзге де ақпаратты уәкілетті органға ұсыну тәртібі, нысандары мен мерзімдері уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде айқындалады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмшісі) өз қызметiн уәкiлеттi орган банктiң тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңде жүзеге асырады.
Банктiң тарату комиссиясы тағайындалғанға дейiн банктiң уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша әкiмшісінiң) қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Уәкiлеттi орган уақытша әкiмшiлiктің (уақытша әкiмшінің) қызметiне бақылауды жүзеге асыру мақсатында уақытша әкiмшiлiктің (уақытша әкiмшінің) қызметiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды анықтаған кезде уақытша әкiмшiлiктердің (уақытша әкiмшілердің) орындауы міндетті, анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгіленген мерзімде жою туралы және (немесе) белгіленген мерзімде іс-шаралар жоспарын беру туралы жазбаша нұсқамалар шығаруға құқылы.
Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
4. Банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) орындалған жұмыс туралы есебі уәкілетті органға бекіту үшін беріледі.
5. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмшісi) банктің тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде өз өкiлеттiгiн доғарады және банктiң құжаттары мен мүлкiн банктiң тарату комиссиясының төрағасына бередi.
6. Банктiң құжаттары мен мүлкiн уақытша әкiмшiлiктен тарату комиссиясының төрағасына қабылдау-беру төрт данадан тұратын актiмен ресiмделедi, оның бір данасы уәкілетті органға, екіншісі - банкті тарату туралы шешім қабылдаған сотқа жіберіледі.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) өз қызметі кезеңінде:
осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шығыс операцияларын жүзеге асыруға;
тараптардың келісімі бойынша банктің қаржылық жағдайын нашарлатпайтын өзгерістер енгізуді қоспағанда, банк бұрын жасасқан шарттардың талаптарын өзгертуге құқылы емес.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8. Банктiң уақытша әкiмшілігінің (уақытша әкiмшiсiнiң) және тарату комиссиясының құрамына енгізілген уәкiлеттi орган қызметкерлерiнің еңбегіне ақы төлеуге байланысты шығыстарды, сондай-ақ соттың банктi мәжбүрлеп тарату туралы қабылдаған шешiмi жөніндегі ақпаратты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң ресми баспа басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялау жөніндегі шығыстарды және Корпорацияның мәжбүрлеп тарату бойынша банк қызметiнiң тоқтатылғанын мемлекеттік тiркеуге және банктiң мүлкi болмаған не оның құны осы шығыстарды жабуға жеткiлiксiз болған жағдайларда, банктi тарату аяқталғаннан кейiн құжаттарды сақтау үшін мұрағатқа тапсыруға байланысты шығыстарды қоспағанда, мәжбүрлеп тарату негiзi бойынша банктердi мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруға және олардың қызметiн тоқтатуға байланысты шығыстарды уәкiлеттi органның қаржыландыруына тыйым салынады.
49-бап. 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
27.09.96 ж. № 37-1; 11.07.97 ж. № 154-1; 29.06.98 ж. № 236-1; 29.03.00 ж. № 42-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 06.07.04 ж. № 572-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2005.08.05. № 69-III (бұр. ред. қара); 2005.12.23 № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр.ред. қара); 2008.10.12. № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 185-IV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV (бұр.ред.қара); 2009.28.08. № 192-IV (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 50-бап өзгертiлдi; 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 50-бап өзгертілді
50-бап. Банк құпиясы
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Банк құпиясына банктің клиенттерi мен корреспонденттерi, олардың операциялары мен көрсетілетін банктік қызметтерді алуға байланысты банктермен өзара қарым-қатынастары туралы мәліметтер, оның ішінде шектеусіз: банктік шоттардың бар екендігі, олардың иелерi мен нөмiрлерi және банктердің корреспонденттері, осы шоттардағы және банктің өз шоттарындағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы, аударылған шоттардағы шектеулер (мемлекеттік органдардың шығыс операцияларын тоқтата тұру, тыйым салу, кепілдер туралы шешімдері және (немесе) өкімдері), клиенттер мен корреспонденттердің және банктің өз операциялары (банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарын қоспағанда), сондай-ақ банктің сейф жәшiктерiнде, шкафтарымен үй-жайларында сақтаулы жатқан клиенттер мүлкiнiң болуы, иелерi, сипаты мен құны туралы ақпарат, клиенттердің кредит алу (осы бапта айқындалған жағдайлардан басқа), төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша, оның ішінде банктік шотты ашпай орындалатын операцияларды жүргізу туралы ақпарат кiредi.
Тарату процесінде тұрған банк берген кредиттер туралы мәліметтер банк құпиясына жатпайды.
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Банктер өз депозиторларының, банктердің клиенттерi мен корреспонденттерiнiң операциялары мен шоттары жөніндегі құпияға, сондай-ақ банктердiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан мүлiктердiң құпиясына және осы бапқа сәйкес банк құпиясын құрайтын өзге де мәліметтерге кепiлдiк бередi.
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың 4 - 8, 8-1-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, өздерінің қызметтік мiндеттерiн жүзеге асыруына орай банк құпиясын құрайтын мәлiметтерге қолжетімділік алған банктердің, Қазақстан Республикасы резиденттерінің-банк холдингтерінің, осы баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 8), 8-1) және 8-2) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалардың лауазымды адамдары, жұмыскерлерi және өзге де тұлғалар оларды жария еткенi үшiн қылмыстық жауаптылықта болады.
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Банк құпиясы клиентке ғана, шот (мүлік) иесінің жазбаша нысанда берген келісімінің негізінде не шот иесінің сәйкестендіру құралы арқылы кез келген үшінші тұлғаға, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік қарыздар, лизингтік, факторингтік, форфейтингтік операциялар, вексельдерді есепке алу, сондай-ақ банк шығарған кепілдіктер, кепілгерліктер, аккредитивтер бойынша кредиттік бюроға, сондай-ақ осы баптың 5, 6, 6-1, 7, 7-1, 7-2, 8 және 8-1-тармақтарында аталған адамдарға осы бапта көзделген негіздер бойынша және шектерде ашылуы мүмкін.
Мыналар: