Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне банк құпиясы
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 29 наурыздағы № 42-II Заңы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. "Жедел іздестіру қызметі туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 13-14, 199-құжат; 1995 ж., № 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат):
8-баптың 1-тармағының ж) тармақшасы "хабарламаларын," деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат):
1) мынадай мазмұндағы 47-1-баппен толықтырылсын:
"47-1-бап. Кассалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру
Қазақстанның Ұлттық Банкі банктер мен олардың клиенттеріне кассалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, сондай-ақ банктердің қолма-қол ақшаны сақтауы, тасымалдауы және есепке алуы жөніндегі негізгі талаптарды белгілейді.";
2) 48-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) қолма-қол ақшаны пайдалана отырып төлем жасау тәртібі мен шарттарын белгілейді.".
3. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 6, 43-құжат; № 12, 88-құжат; № 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180, 181-құжаттар; № 11-12, 257-құжат; № 15, 281-құжат; № 23-24, 416-құжат; 1997 ж., № 4, 51-құжат; № 7, 82-құжат; № 10; 112-құжат; № 11, 144-құжат; № 12, 184, 188-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; № 20, 263-құжат; № 22, 333-құжат,. 1998 ж., № 4, 45-құжат; № 14, 197, 201, 202-құжаттар; № 23, 425-құжат; № 24, 436, 442, 445-құжаттар; 1999 ж., № 6, 192, 193-құжаттар; № 20, 731-құжат; № 21, 786-құжат; 1999 жылғы 23 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне салық салу мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1999 жылғы 21 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 1999 жылғы 23 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 5-баптың 46) тармақшасының б) тармақшасы "рыногының" деген сөзден кейiн ", бағалы қағаздармен жасалатын операциялардың" деген сөздермен толықтырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 22-2-баппен толықтырылсын:
"22-2-бап. Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) кепiлдiк беруге (оларды сақтандыруға) байланысты жарналар бойынша шығыстар шегерiмдерi
Банктер - жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) ұжымдық кепiлдiк беру (оларды сақтандыру) жүйесiнiң қатысушылары жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) кепiлдiк беруге (оларды сақтандыруға) байланысты аударылған мiндеттi күнтiзбелiк, қосымша және төтенше жарналар сомасын шегерiмге жатқызуға құқылы.";
3) 147-бапта:
1) тармақшада:
"салық төлеушiге банк" деген сөздер "салық төлеушiге (резидент емес жеке тұлғалардан басқасына) банк" деген сөздермен ауыстырылсын;
"салық төлеушiге аталған" деген сөздер "салық төлеушiге - заңды тұлғаға немесе заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаға аталған" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшаның бiрiншi, екiншi және төртiншi абзацтарындағы "тапсырмаларын (өкiмдерiн)", "тапсырмаларды (өкiмдердi)", "тапсырмалар (өкiмдер)", "тапсырмасында (өкімінде)", "тапсырмасы (өкімі)" деген сөздер "өкiмдерiн", "өкiмдердi", "өкiмдер", "өкімінде", "өкімі" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша "салық төлеушiнiң" деген сөздерден кейiн " - заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаның" деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшада:
"4-тармағында" деген сөздер "1-тармақтың 4) тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
"салық төлеушiлердiң" деген сөздерден кейiн " - заңды тұлғалардың немесе заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың" деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша "органдарына" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 154-бапта:
2-тармақ "оны төлеушiлердің" деген сөздерден кейiн "заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаның" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың төртiншi бөлiгіндегі "салық төлеушiнiң банк шотынан" деген сөздер "салық төлеушi заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаның банк шотынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы "оның дебиторының шотынан" деген сөздер "оның дебиторларының, заңды тұлғалардың немесе заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалардың банк шотынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 158-баптағы "дебиторлардың" деген сөзден кейiн "- заңды тұлғалардың немесе заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалардың" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 171-баптың 1-тармағында:
1) тармақшада:
"жеке тұлғалардың" деген сөздер "заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
бiрiншi абзац "азаматтардан" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) заңды тұлғалар салықты есептеу мен төлеуге байланысты есептердi осы Заңда белгiленген мерзiмнен бастап 10 күн iшiнде салық қызметiне табыс етпеген жағдайда, олардың банктердегi және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын өзге де ұйымдардағы банк шоттары (корреспонденттiк шоттардан басқа) бойынша шығыс операцияларын анықталған тәртiп бұзушылықтар жойылғанға дейiн прокурорға мiндеттi түрде хабарлай отырып тоқтата тұруға құқылы. Салық заңдарын бұзу фактілері анықталған жағдайда салық қызметiнiң органдары осыны куәландыратын құжаттарды, ақша қаражатын және материалдық құралдарды, алып қойылған заттардың тiзбесi бар акт көшiрмесiн төлеушiге тапсыра отырып, алып қоюға құқылы;";
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) басқа заңды тұлғалардан, биржалардан және азаматтардан мәлiметтердi, анықтамаларды, сондай-ақ кәсiпкерлiк қызмет туралы құжаттарды тек қана қызмет бабындағы мақсатта және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып алуға;";
мынадай мазмұндағы 8-1)-тармақшамен толықтырылсын:
"8-1) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтаЙ отырып, банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын өзге де ұйымдардан тексеру жүргiзiлетiн заңды тұлғаға немесе заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша оның банк шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен оның ақша қозғалысы туралы мәлiметтердi, сондай-ақ тексеру жүргiзiлетiн тұлғаның банктiң сейф жәшiктерiнде, шкафтарында және үй-жайларында сақтаулы жатқан мүлкінің сипаты және құны туралы қолда бар мәлiметтердi алуға;".
4. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж, № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж, № 20, 727-құжат):
1) 50-бапта:
1-тармақтағы "шоттарының" деген сөз "банк шоттарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
"төменде келтiрiлген негiздер бойынша" деген сөздер "осы бапта көзделген негiздер бойынша және шекте" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Банктердiң заңды тұлғаларға немесе заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаларға банк шоттары ашылғаны туралы салық органдарына мiндеттi түрде хабарлауы, сондай-ақ мәжбүрлеу тәртібімен таратылатын банк тарату комиссиясының жеке тұлғалардың банк шоттарындағы ақша қалдығы туралы мәлiметтердi салымшыларға ақшасын қайтарумен байланысты шараларды жүзеге асыру үшiн салымдарға (депозиттерге) ұжымдық кепiлдiк беру (оларды сақтандыру) жөніндегі ұйымға және агент-банктерге беруi банк құпиясын ашу болып табылмайды.";
5-тармақтағы "Шоттарының" деген сөз "Банк шоттарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Заңды тұлғалардың банк шоттарының және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары және ақша қозғалысы туралы анықтамалар мыналарға берiледi:";
мынадай мазмұндағы д-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"д-1) атқарушылық iс жүргiзу органдарына: олардың жүргiзiп жатқан атқару істері бойынша бірінші басшы немесе сот орындаушысы қол қойып, iс жүргiзу органының мөрiмен расталған және прокурор санкция берген жазбаша сауал негiзiнде;";
7-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен ақша қозғалысы туралы анықтамалар, сондай-ақ оның банктiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан мүлкінің сипаты мен құны туралы қолда бар мәлiметтер мыналарға берiледi:";
б) тармақшасы "реттерде" деген сөзден кейiн "анықтау немесе алдын ала тергеу органының біріншi басшысы немесе тергеушісi қол қойып, мөрiмен куәландырылған және прокурор санкция берген жазбаша сауал негiзiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
в) тармақшасы "ұйғарымы" деген сөзден кейін ", қаулысы, шешімі, үкімі" деген сөздермен толықтырылсын;
д) және е) тармақшалары алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Осы баптың 6 және 7-тармақтарында көзделген банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы анықтамалар клиенттiң банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы оның жеке шотынан алынған көшiрме нысанында беріледi.";
8-тармақтың бiрiншi абзацында:
"шоттарының бар-жоғы және" деген сөздер "банк шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi," деген сөздермен ауыстырылсын;
"құны туралы" деген сөзден кейiн "қолда бар" деген сөздермен толықтырылсын;
б) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"б) соттар мен нотариустарға: соттың ұйғарымы, қаулысы немесе нотариустың өз мөрiн қойып куәландырған жазбаша сауалы негiзiнде олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша. Нотариустың жазбаша сауалына шот иесiнiң қайтыс болғаны туралы куәлiктiң көшiрмесi қоса берiлуге тиiс.";
2) 51-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Заңды және жеке тұлғаның банктегi ақшасына және басқа мүлкiне прокурор санкция берген анықтау және алдын ала тергеу органдарының қаулылары және атқарушылық iс жүргiзу органдарының қаулылары, сондай-ақ соттардың қаулылары, шешiмдерi, үкiмдерi, ұйғарымдары негiзiнде ғана тыйым салынуы мүмкiн. Талап-арыз талаптарын қамтамасыз ету үшiн тыйым салған кезде тыйым салынған ақша сомасы талап-арыз сомасынан, мемлекеттік баж және соттың шешiмдерiн, үкiмдерiн, ұйғарымдары мен қаулыларын орындауға байланысты шығыстар көлемiнен аспауға тиiс.
3аңды тұлғалардың банк шоттарындағы (корреспонденттiк шоттардан басқа) барлық шығыс операциялары Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жағдайларда, салық және (немесе) кеден органдарының бiрiншi басшысы қол қойып, мөрiмен куәландырылған салық және (немесе) кеден органдарының шешiмдерi бойынша, прокурорға мiндеттi түрде хабарлай отырып, тоқтатыла тұруы мүмкiн, ал өндiрiп алу Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген негiздер бойынша ғана жүргiзiлуi мүмкiн болады.";
3) 52-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"52-бап. Салымдарға (депозиттерге) ұжымдық кепiлдiк беру (оларды сақтандыру) жүйесi
Банк салымшыларының (депозиторларының) мүдделерiн қорғау мақсатында салымдарға (депозиттерге) ұжымдық кепілдік беруді (оларды сақтандыруды) жүзеге асыратын ұйым құрылады.
Ұлттық Банк салымдарға (депозиттерге) ұжымдық кепiлдiк беру (оларды сақтандыру) жөніндегі ұйымның құқықтық мәртебесiн, оны құру, лицензиялау, қызметін реттеу және тоқтату тәртібін белгілейдi.
Салымдарға (депозиттерге) ұжымдық кепiлдiк беру (оларды сақтандыру) тәртібі, сондай-ақ салымдарға (депозиттерге) ұжымдық кепiлдiк беру (оларды сақтандыру) жөніндегі ұйымның банктермен өзара қатынастары Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
Банктер салымдарға (депозиттерге) ұжымдық кепiлдiк беру (оларды сақтандыру) жүйесiне Ұлттық Банк белгiлейтiн мөлшерде және тәртiппен мiндеттi аударымдарды жүзеге асыру жолымен қатысады.";
4) 74-2-баптың 3-тармағының в) тармақшасы "жеке тұлғалардың" деген сөздерден кейiн ", салымдарға (депозиттерге) мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (оларды сақтандыру) жөніндегі ұйымның" деген сөздермен толықтырылсын.".
5. "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" 1995 жылғы 20 шілдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 13, 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 18, 367-құжат; 1997 ж., № 11, 144-құжат; № 12, 189-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж, № 4, 46-құжат; № 24, 436-құжат, 1999 ж., № 20, 717-құжат):
1) 331-баптың бiрiншi бөлiгi "құжаттарды" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
2) 337-баптың бiрiншi бөлiгiнде:
"тегiн" деген сөздiң алдынан "Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
"немесе коммерциялық яки өзге де заңмен қорғалатын құпия болып табылатын" деген сөздер алып тасталсын.
6. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы заң күшi бар № 2707 Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат, № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар):
11-баптың 1-тармағының 34) тармақшасында:
"заңға сәйкес" деген сөздер алып тасталсын;
"өтеусiз" деген сөзден кейiн "және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып" деген сөздермен толықтырылсын.
7. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2709 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 15, 208-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 774-құжат):
1) 6-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы "өтеусiз" деген сөзден кейiн "және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 44-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
"8-1) заңдарда белгiленген жағдайларда атқарушылық iс жүргiзу органдарының борышкердiң банктердегi немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы ақшасына және басқа мүлкiне тыйым салу туралы актілеріне санкция беруге құқылы.".
8. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2710 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат):
13-баптың 14) тармақшасы "өтеусiз" деген сөзден кейiн "және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып" деген сөздермен толықтырылсын.
9. "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж. № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат):
1) 17-баптың 5) тармақшасы "жеке" деген сөздiң алдынан "Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
2) 34-баптың 1-тармағының 15) тармақшасы алып тасталсын;
3) 36-баптың 1-тармағының 13) тармақшасы алып тасталсын;
4) 14-тарауда:
атауында "Орындау жазбаларын жазу және" деген сөздер алып тасталсын;
87, 88, 89, 90, 91-баптар алып тасталсын.
10. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат):
125-баптың 2-тармағы "ұйымдардан" деген сөздiң алдынан "Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып," деген сөздермен толықтырылсын.
11. "Ақша төлемi мен аударымы туралы" 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 11-12, 177-құжат; № 24, 445-құжат):
1) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"6-бап. Банк шоттары
1. "Банк шоты - банктiң депозиттi (салымды) қабылдау және:
1) банктiң клиентке тиесiлi ақшаның болуын қамтамасыз етуiне және оны пайдалануына;
2) ақшаны клиенттiң пайдасына қабылдауға (есептеуге);
3) клиенттiң банк шоты шартында немесе банк салымы шартында көзделген тәртiппен үшiншi тұлғалардың пайдасына ақша аудару туралы өкімін орындауына;
4) егер бұл банк шоты шартында немесе банк салымы шартында көзделсе, клиенттiң ақшасын алып қою туралы үшiншi тұлғалардың өкімін орындауға;
5) қолма-қол ақшаны банк шоты шартында немесе банк салымы шартында белгiленген тәртiппен клиенттен қабылдауға және оған беруге;
6) клиенттiң талап етуi бойынша клиенттiң банктегi ақшасының сомасы және жасалған операциялар туралы ақпаратты банк шоты шартында немесе банк салымы шартында көзделген тәртiппен беруге;
7) банк шоты шартында немесе банк салымы шартында белгiленетiн мөлшерде және тәртiппен сыйақы төлеуге;
8) клиентке шартта, заңдарда және банк практикасында қолданылатын iскерлiк айналым дағдыларында көзделген өзге де банк қызметiн көрсетудi жүзеге асыруға байланысты операциялар жасау жөніндегі банк пен клиент арасындағы шарттық қатынастарды көрсету әдiсi.
Банк шоттары банктер мен клиенттiң арасында банк шоты шарты немесе банктiк салым шарты жасалған кезде ашылады.
2. Банк шоттары жеке және заңды тұлғалардың, заңды тұлғалардың оқшауланған бөлiмшелерiнiң ағымдағы және жинақ шоттары, сондай-ақ банктердiң корреспонденттiк шоттары болып бөлiнедi.
3. Осы баптың 1-тармағында аталған операцияларды жүргiзуге болмайтын шоттар, сондай-ақ банктердегi бухгалтерлiк есептiң позицияларын көрсететiн шоттар, баланстық шоттардың құрамдас бөлiктерi болып табылатын жеке шоттар (қосалқы позициялар), соның iшiнде несие шоттары банк шоттары болып табылмайды.
4. Клиенттердiң банктегi ақшасынан өндiрiп алынатын жағдайда, мұндай өндiрiп алу клиенттердiң банк шоттарынан ғана жүргiзiледi.
Банктердiң корреспонденттiк шоттарындағы ақшаны өндiрiп алу банктердiң өз мiндеттемелерi бойынша ғана жүргiзiледi.";
2) 11-баптың 1-тармағындағы "иесi" деген сөз "ұстаушысы" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 12-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Банк шотын тiкелей дебеттеу арқылы төлем жасау ақша жөнелтушi мен оның банкi арасында жасалған шарт негiзiнде жүзеге асырылады, осыған сәйкес ақша жөнелтушi жеткiзiлген тауар, орындалған жұмыс не көрсетiлген қызмет үшiн бенефициардың жоғарыда көрсетілген шартқа тиiстi құжаттарды қоса тiркеп, талап етуi негiзiнде өзiнiң банк шотынан ақша алуға келісім бередi.";
4) 13-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"Егер ақша жөнелтуші өзінің банк шотынан акцептсіз ақша алуға ақша жөнелтушiнiң келісімi бар құжаттарды қоса тiркей отырып, ақша жөнелтушi банкке төлемдiк талап-тапсырмалар қойса, мұндай төлемдiк талап-тапсырма ақша жөнелтушiнің акцептiн талап етпейдi.
Төлемдiк талап-тапсырмалар қою, сондай-ақ ақшаны алып қоюдың негiздiлiгiн растайтын құжаттардың түпнұсқаларын не көшiрмелерiн қоса тiркеу қажеттiгi туралы талап ету тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.";
2-тармақта:
"кешiктiрмей," деген сөзден кейiн "ақша жөнелтушi банкке ақша жөнелтушiнiң акцептiн талап етпейтiн төлемдiк талап-тапсырма қойылған жағдайларды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
соңғы сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Төлемдiк талап-тапсырманы ақша жөнелтушi не ақша жөнелтушi банк акцепттеген жағдайда, егер талап-тапсырма ақша жөнелтушiнiң акцептiн талап етпесе, төлемдiк талап-тапсырманы жiберушiде оны орындау жөнiнде талап ету құқығы пайда болады.";
5) 14-бапта:
2-тармақта:
"және басқа да" деген сөздер алып тасталсын.
"осы Заңның 20-бабында және салық қызметi органдары мен кеден органдарының инкассолық өкiмдерiнде көзделген тәртiппен мұндай құжаттар" деген сөздер "салық қызметi органдары мен кеден органдарының инкассолық өкiмдерi" деген сөздермен ауыстырылсын;