Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне банк қызметі мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
2001 жылғы 2 наурыздағы № 162-II Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. "Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы" 1992 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 16, 424-құжат; 1995 ж., № 20, 120, 121-құжаттар; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1999 ж., № 23, 931-құжат):
22-баптың 1-тармағында:
бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Заң актілерінде көзделген жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органдарға ақпарат беру коммерциялық құпияны жария ету болып табылмайды.";
екінші бөлігіндегі "өздерінің алдында тұрған міндеттерді орындау үшін" деген сөздер "заң актілерінде белгіленген өздерінің бақылау және қадағалау қызметін жүзеге асыру мақсатында" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат):
1) 192-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Жекелеген мемлекеттік мекемелердің иелігіндегі мемлекеттік мүліктің құқықтық режимінің ерекшеліктері заң актілерімен белгіленеді.";
2) 206-баптың 1-тармағындағы "мекеменің" деген сөзден кейін ", егер заң актісінде өзгеше белгіленбесе," деген сөздермен толықтырылсын;
3) 328-баптың 5-тармағы алып тасталсын;
4) 331-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Екінші деңгейдегі банктер осы Кодекстің нормаларына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің көрсетілген операцияларды жүргізу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиялары негізінде банктік кепілдіктер мен кепіл болушылықты жүзеге асыра алады.".
3. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат, 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2000 жылғы 22 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2000 жылғы 23 желтоқсанда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы";
2) кіріспе алып тасталсын;
3) бүкіл мәтін бойынша "Жарлықты", "Жарлыққа", "Жарлығымен", "Жарлығын", "Жарлықпен", "Жарлықта", "Жарлықтың", "Жарлық" деген сөздер тиісінше "Заңды", "Заңға", "Заңымен", "Заңын", "Заңмен", "Заңда", "Заңның", "Заң" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 2-баптағы "Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Заңын" деген сөздермен және 19-баптың алтыншы бөлігіндегі "Қазақстан Республикасы Президентінің "Банктер және банк қызметі туралы" заң күші бар Жарлығында" деген сөздер "Банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 3-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын және жалпы штат санын бекітуі;
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстанның Ұлттық Банкі туралы ережені бекітуі;";
6) 6-баптың бірінші бөлігіндегі "заңды тұлға" деген сөздер "мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 8-бапта:
в) тармақшасында "өкілдіктерін ашуға" деген сөздерден кейін "жеке және заңды тұлғалардың банктің және банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуіне," деген сөздермен толықтырылсын;
е) тармақшасында:
"қоса алғанда" деген сөздер алып тасталсын;
"өзге де" деген сөздер алып тасталсын;
"қолданылып жүрген банк заңдарында" деген сөздер "заң актілерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы е-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"е-1) ерікті және еріксіз таратылатын банктердің тарату комиссиясының қызметіне бақылау жасайды;";
к) тармақшасындағы "заңмен" деген сөз "заң актілерімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
л) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"л) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісе отырып, банктердің бухгалтерлік есебінің стандарттарын белгілейді;";
мынадай мазмұндағы л-1) және л-2) тармақшаларымен толықтырылсын:
"л-1) уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде онымен келісе отырып, статистикалық есеп беру тізбесін, нысандарын, мерзімдерін белгілейді;
л-2) өзінің бақылау және қадағалау қызметін қамтамасыз ету үшін заң актілеріне сәйкес банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ олардың аффилиирлендірілген тұлғаларының қаржылық есебінің тізбесін, халықаралық стандартқа сай келетін нысандарын, ұсыну мерзімдерін белгілейді;";
с) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"с) ақшаны клиенттің банктік шотына қате есептелгені анықталған кезде оны алып қоюға құқығы бар, банктік шоттан ақшаны алуға оның келісімін растайтын құжаттар бар болса, клиенттің банктік шотын дебеттеуге құқылы;";
у-1) тармақшасындағы ", сондай-ақ ломбардтардың тұрған жерінен тыс жерде ломбардтар ашатын қабылдау пункттерін" деген сөздер алып тасталсын;
8) 10-бапта:
бірінші бөлігіндегі "Бағалы қағаздарды" деген сөздер "Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар түріндегі бағалы қағаздарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Ұлттық Банкінің шығыстары есебінен күмәнді және сенімсіз талаптары бойынша кредиттерді, депозиттерді, бағалы қағаздарды, есеп айырысу кезіндегі шығындарды, шоттардағы қалдықтарды және аяқталмаған құрылыс көлемін, Қазақстан Ұлттық Банкінің монетарлық емес қызметі жөніндегі өзге де талаптары мен әлеуметтік сипаттағы төлемдерді қамтитын басқа да активтерді қоса - арнайы провизиялар (резервтер), ал бөлінбеген таза табыс есебінен - банк активтері бойынша жалпы провизиялар (резервтер) құралады.";
9) 11-бапта:
бірінші бөлігі "шығыстары" деген сөзден кейін (алтын-валюта активтерін қайта бағалау есебіне жатқызылатын жұмсалған кірістің пайда болған сомасын қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлігі "Қазақстан Ұлттық Банкінің" деген сөздерден кейін "банк активтері бойынша құрылған жалпы провизиялар (резервтер) сомасына азайтылған" деген сөздермен толықтырылсын;
10) 15-бапта:
е) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"е) ломбардтарға, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға уәкілетті ұйымдарға берілетін лицензияларды қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізуге лицензиялар беру, олардың қолданылуын тоқтата тұру және қайтарып алу, банк заңдарында көзделген өзге де санкцияларды қолдану туралы шешімдер қабылдау;";
мынадай мазмұндағы е-3) тармақшасымен толықтырылсын:
"е-3) банктің және (немесе) банк холдингінің ірі қатысушысының акцияларын Қазақстан Ұлттық Банкінің сенімгерлікпен басқаруына беру туралы, ал Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімімен банктер кредиторларының мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында және капитал мөлшері теріс екінші деңгейдегі банктердің акцияларын жаңа инвесторларға кейін міндетті түрде тез арада өткізу шарттарымен мәжбүрлеп сатып алу туралы шешімдер қабылдауға;";
к) тармақшасында "Президенттің" деген сөз "Қазақстан Республикасы Президентінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы к-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"к-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын, жалпы штат санын және Қазақстанның Ұлттық Банкі туралы ережені қарау, мақұлдау және Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсыну;";
м) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"м) Қазақстан Ұлттық Банкінің өзінің жарғылық және резервтік капиталын қалыптастыру, Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі қаражатын және өзге де мүлкін, бюджетін (шығыстар сметасын) пайдалану тәртібі туралы, ақылы қызметтер көрсету жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін бекіту, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі департаментінің директорларын, филиалдарының, өкілдіктерінің және ұйымдарының басшыларын бекіту;";
11) 56-баптың д) тармақшасындағы "бухгалтерлік есеп жүргізу," деген сөздер алып тасталсын;
12) 57-бапта:
жетінші абзацындағы "металдарға, асыл тастар" деген сөздер "металдар" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
" - ең төменгі деңгейін Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын кредиттік рейтинг бар эмитенттер шығарған бағалы қағаздарды сатып алуға, сатуға немесе олармен операциялар жүргізуге;
- ақша рыногының банкаралық депозиттер, репо және кері репо, депозиттік сертификаттар, коммерциялық қағаздар және ең төменгі деңгейін Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын кредиттік рейтингі бар эмитенттер шығарған басқа да борыштық міндеттемелер сияқты құралдарымен операцияларды жүзеге асыруға;
- форвард операциялары, своп операциялары және кредиттік рейтингін Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын деңгейден төмен емес қарсы әріптестермен опцион операциялары сияқты туынды қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асыруға;
- Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі бойынша басқа да операцияларды жүзеге асыруға құқылы.";
13) 62-бапта:
екінші бөлікте:
бесінші абзацта:
"банктерге қолданылып жүрген банк заңдарында көзделген басқа да санкциялар" деген сөздер "олардың ірі қатысушыларына және банк холдингтеріне қолданылып жүрген банк заңдарында көзделген мәжбүр ету шараларын және санкцияларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
" - ірі қатысушылар мен банк холдингтерін анықтау мақсатында банктердің тікелей немесе жанама қатысушыларының құрылтай құжаттарын, заң актілерінде көзделген жағдайларда банктің аффилиирлендірілген тұлғаларының қаржылық есептері мен өзге де ақпаратын беруді талап етуге;
- заң актілерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен азаматтардан өзінің бақылау және қадағалау қызметтерін жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер алуға құқылы.";
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Егер банктердің аффилиирлендірілген тұлғалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан реттелуге және қадағалануға тиіс болған жағдайда, Қазақстан Ұлттық Банкі және уәкілетті мемлекеттік органдар оларды реттеу және қадағалау туралы, оның ішінде олардың өзара ақпараттар алмасуы бөлігінде келісім жасауға тиіс.";
14) 63-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Ұлттық Банкі пруденциалдық нормативтерді белгілейді, оның ішінде банк топтары үшін шоғырландырылған негізде белгілейді.";
15) 64-бапта:
екінші бөліктің төртінші абзацында:
өзгерістің қазақша мәтінге қатысы жоқ;
"рұқсаты" деген сөзден кейін "және (немесе) банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиясы" деген сөздер жазылып, "және (немесе) банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиясы жойылса" деген сөздер алып тасталсын;
16) 72-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Заңды және жеке тұлғаларға өзінің бақылау және қадағалау қызметіне байланысты заңсыз іс-әрекетімен немесе әрекетсіздігімен зиян келтірілгені үшін Ұлттық Банк және оның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заң актілерімен көзделген жауаптылықта болады.".
4. Қазақстан Республикасы Президентінің "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2198 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар):
5-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда, бақылау және қадағалау міндеттері жүктелген мемлекеттік органдарға олардың сұратуы бойынша ақпарат беруді жүзеге асырады.".
5. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 37-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 93-құжат; № 15-16, 109-құжат, № 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 8-9; 236-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 7, 80-құжат; № 11, 144, 149-құжаттар; № 12, 184-құжат; № 13-14, 195, 205-құжаттар; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 14, 201-құжат; № 16, 219-құжат; № 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; № 23, 416-құжат; № 24, 452-құжат; 1999 ж., № 20, 721, 727-құжаттар; № 21, 787-құжат; № 22, 791-құжат; № 23, 931-құжат; № 24, 1066-құжат; 2000 ж., № 10, 248-құжат):
11-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "банк қызметін аудиторлық тексеру" деген сөздер "банк қызметіне аудит" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат, 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат):
1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы";
2) кіріспе алып тасталсын;
3) бүкіл мәтін бойынша "Жарлыққа", "Жарлығымен", "Жарлықпен", "Жарлықта", "Жарлықтың", "Жарлық" деген сөздер тиісінше "Заңға", "Заңымен", "Заңмен", "Заңда", "Заңның", "Заң" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 1-баптың 2-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі органдарында (бұдан әрі - Әділет министрлігінің органдары)" деген сөздер "әділет органдарында (тіркеуші органдарда) (бұдан әрі әділет органдары)" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 2-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі "Депозит" деген сөз "Салым (депозит)" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 3-бапта:
2-тармағының екінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Заңымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармағы алып тасталсын;
7) 6-баптың 1-тармағында:
б) тармақшасындағы "банкілерді аудиторлық тексеруді" және
в) тармақшасындағы "банкілерге аудиторлық тексеру" деген сөздер "банк қызметіне аудитті" және "банк қызметіне аудит" деген сөздермен ауыстырылсын;
8)7-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі алып тасталсын;
9) 11-баптың 3-тармағындағы "мен өкілдіктері" деген сөздер ", өкілдіктері және есеп айырысу-касса бөлімдері (жинақ кассалары)" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) Мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:
"11-1-бап. Банктердің еншілес ұйымдары
1. Онда банк тура (тікелей) немесе жанама түрде (басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы) дауыс беретін акциялардың елу процентінен астамын иеленетін немесе сонша акциямен (қатысу үлесімен) дауыс беру мүмкіндігі бар немесе олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (не өзгеше түрде) осы заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді банктің айқындауға мүмкіндігі болатын заңды тұлға банктің еншілес ұйымы болып табылады.
2. Банк осы Заңның 8-бабында өзіне берілген өкілеттіктерді жүзге асыру мақсатында Ұлттық Банктің рұқсаты болса ғана еншілес ұйым құра алады немесе ұстай алады.
Рұқсат беру тәртібі мен ерекшеліктері Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
3. Рұқсат алуға берілген өтінішке мынадай құжаттарды қоса тіркеу қажет:
1) еншілес ұйымның құрылтай құжаттары, жарғының бекітілгені туралы хаттамалар;
2) еншілес ұйымның басшы қызметкерлері туралы ақпарат;
3) еншілес ұйымның ұйымдық құрылымы;
4) бизнес-жоспармен қоса, еншілес ұйым қызметінің түрі немесе түрлері туралы ақпарат;
5) аудиторлық ұйымның заңды тұлғада өткізілген аудит туралы қорытындысы және аудиторлық ұйым куәландырған қаржылық есеп;
6) Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген рұқсатты беру туралы шешім қабылдауға қажетті өзге де ақпарат немесе құжаттар.
4. Рұқсат беруден бас тартуға мыналар:
рұқсат алуға қажетті құжаттардың берілмеуі;
еншілес ұйымның басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттардың) осы Заңның 20-бабы 3-тармағының а) және в) тармақшаларының талаптарына сай келмеуі;
еншілес ұйымдардың болжамды болу нәтижесінде шоғырландырылған негізде пруденциалдық нормативтерді және банктер сақтауға міндетті Ұлттық Банк белгілеген басқа да нормалар мен лимиттерді банктің сақтамауы;
еншілес ұйым қызметінің немесе банк жоспарлаған инвестициялар салдарынан банктің қаржылық жағдайының болжамды нашарлауы және (немесе) банк салымшыларының мүдделеріне нұқсан келтірілуі негіздемелер болып табылады.
5. Ұлттық Банк өтініш берілгеннен кейін үш ай ішінде рұқсат беруге немесе рұқсат беруден бас тартуға міндетті.
Рұқсат беруден бас тартқан жағдайда Ұлттық Банк бас тартудың негіздемелері туралы өтініш иесіне жазбаша хабарлауға міндетті.
6. Банктің еншілес ұйымы құрылтай құжаттарына енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы Ұлттық Банкке хабарлап отыруға міндетті.
7. Ұлттық Банктің рұқсатын алмаған жағдайда банк еншілес ұйымның өзіне тиесілі акцияларын (қатысу үлестерін) үш ай мерзім ішінде осы банкпен ерекше қарым-қатынасы жоқ тұлғаларға беруге не еншілес ұйым қабылдайтын шешімдерді айқындау мүмкіндігінен бас тартып, оны растайтын құжаттарды Ұлттық Банкке табыс етуге міндетті.";
11) 12-баптың 1-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
12) 15-баптың 3-тармағындағы "Мемлекеттік банктерден басқа" деген сөздер алып тасталып, "банктердің" деген сөз бас әріппен жазылсын;
13) 16-бапта:
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Банктің жарғылық капиталы акцияларды сату не құрылтайшылардың жарналары есебінен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді.";
3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Банктің құрылтайшылары мен қатысушылары - заңды тұлғалар жарғылық капиталға ақша қосады, банк акцияларын акцияларға орналастырған активтерді және басқа тұлғалардың, инвестициялық және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда, жарғылық капиталдағы қатысу үлесін шегере отырып, құрылтайшылардың (қатысушылардың) өз капиталы шегінде төлейді.
Банктің құрылтайшылары мен қатысушылары - жеке тұлғалар жарғылық капиталға ақша қосуға, салық заңдарының табыстары мен мүлік туралы декларация беру бөлігінде белгіленген талаптарын ескере отырып, банк акцияларын төлеуге құқылы.";
6-тармақ алып тасталсын;
14) 17-бапта:
3-тармақ алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Оффшорлық аймақтарда тіркелген немесе оффшорлық аймақтарда тіркелген аффилиирлендірілген тұлғалары бар заңды тұлғалар, немесе Ұлттық Банк тізбесін белгілейтін, оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалардың қатысушылары (құрылтайшылары, акционерлері) болып табылатын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының резидент-банктерінің тікелей немесе жанама құрылтайшылары немесе акционерлері бола алмайды.
Аталған шектеу Ұлттық Банк тізбесін белгілейтін рейтинг агенттіктерінің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі бар банктерге қолданылмайды.";
6-тармағындағы "бес" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. Банктің жарғылық капиталына тікелей немесе жанама түрде қатысатын тұлғалар Ұлттық Банктің талап етуі бойынша банктің ірі қатысушыларын айқындау үшін құрылтай құжаттарын және басқа да қажетті ақпарат беруге міндетті.";
15) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
"17-1-бап. Банктердің аффилиирлендірілген тұлғалары
1. Мынадай тұлғалар, егер:
ол банктің ірі қатысушысы болса;
банк осы тұлғаның ірі қатысушысы болса;
осы тұлғаның ірі қатысушысы банктің ірі қатысушысы болса, банктің аффилиирлендірілген тұлғалары болып танылады.
2. Бірде-бір тұлға Ұлттық Банктің келісімінсіз дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп, банктің ірі қатысушысы бола алмайды. Iрі қатысушы мәртебесін алуға келісім беру тәртібі Ұлттық банктің нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.
Банктің ірі қатысушысы болғысы келетін тұлға келісім алу үшін Ұлттық Банкке банктің ірі қатысушысы мәртебесін алу туралы өтініммен қоса мынадай құжаттар мен мәліметтерді:
жоғары органның өтініш берушіге осы банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беру туралы шешімінің көшірмесін;
банк акцияларын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді, оған қоса;
растайтын құжаттардың көшірмелерін тіркей отырып, сатып алуға жұмсалатын ақша көздерінің сипаттамасы мен сомасын;
өтініш берушінің мүддесін білдіру тапсырылған өтініш берушінің өкілі туралы мәліметтерді;
сонымен қатар жеке адамдар үшін:
Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша, өтініш беруші туралы қысқаша деректерді, соның ішінде еңбек қызметі туралы, сондай-ақ сотты болғаны туралы, банк қызметіне байланысты құқық бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылғаны туралы мәліметтерді;
заңды тұлғалар үшін:
құрылтай құжаттарын, өтініш берушінің ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;
Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді, соның ішінде білімі, еңбек қызметі туралы, сондай-ақ сотты болғаны туралы, банк қызметіне байланысты құқық бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылғаны туралы мәліметтерді;
өткен соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есебі, сондай-ақ ірі қатысушы мәртебесін алуға келісім беру туралы шешім қабылдар алдында өткен соңғы тоқсанның қаржылық есебін;
ірі қатысушы мәртебесін алу нәтижесінің қаржылық болжамын, оған қоса өтініш берушінің мәртебе алғаннан кейінгі ықтимал есеп айырысу балансы, егер бар болса, өтініш берушінің банк активтерін сату, банктің басқа заңды тұлғамен қосылуы немесе банк қызметіне немесе оны басқаруға айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстарын (оған қоса бизнес-жоспарын және ұйымдық құрылымды) беруге тиіс.