Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу
мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат, № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат):
1) 104-баптың екiншi бөлiгi алып тасталсын;
2) 105-бап алып тасталсын.
2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат):
1) 48-баптың төртiншi бөлiгіндегі "осы баптың үшiншi бөлiгiнде аталған айыппұлдар мөлшерiнен асатын" деген сөздер "осы баптың үшiншi бөлiгiнде аталған айыппұлдардың белгiленген мөлшерiнен асатын немесе одан кем" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 69-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жеке тұлға әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ салық салу саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес, ал заңды тұлға (оның iшiнде жеке кәсiпкер) әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап үш жыл өткеннен кейiн, ал салық салу саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бес жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес.";
3) 88-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"88-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен
қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзу
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген зейнетақы төлемдерiн, аударымдар мен алып қоюларды белгiленген мерзiмдерде уақтылы жүзеге асыру жөніндегі мiндеттерiн орындамауы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген зейнетақыны толық мөлшерде және белгiленген мерзiмдерде төлеу жөніндегі мiндеттерiн орындамауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жеке тұлғаның, жеке кәсiпкердiң, жеке нотариустың, адвокаттың, заңды тұлғаның немесе оның лауазымды адамдарының:
салық органдарына мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша пайдасына берешек өндiрiп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тiзiмдерiн табыс етпеуi;
салық органдарына әрбiр жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша берешектердiң жалпы сомасын көрсете отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларының тiзiмдерiн табыс етпеуi;
салық органдарына мiндеттi зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған сомалары жөнiнде есептердi Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген мерзiмдерде табыс етпеуi;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпке сәйкес әрбiр қызметкер бойынша есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын бастапқы есепке алуды жүргiзбеуi;
есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары туралы мәлiметтердi салымшыларға Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген мерзiмдерде табыс етпеуi;
жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын уақтылы және (немесе) толық есептемеуi, ұстамауы (есептеп қоспауы) және (немесе) төлемеуi (аудармауы) түрiнде жасаған Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген мiндеттердi орындамауы не тиiсiнше орындамауы, -
жеке тұлғаға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға, лауазымды адамдарға - жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға бiр жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -
жеке тұлғаға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға, лауазымды адамдарға - қырықтан сексенге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
4) 205-1-баптың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"жеке тұлғаларға және жеке кәсiпкерлерге айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға қырықтан алпысқа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
5) 206-баптың бiрiншi - үшiншi бөлiктерi мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Салық төлеушiнiң, осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген мерзiмде салық органына салық есептiлiгін табыс етпеуi, -
жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - алпыстан сексенге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Салық төлеушiнiң салық есептiлiгiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген табыс ету мерзiмiнен тоқсан күн өткенше мұндай салық есептiлiгiн салық органына табыс етпеуi, -
жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - сексеннен бiр жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Салық төлеушiлердiң мониторингiн жүргiзу үшiн қажеттi құжаттарды (оның iшiнде электронды түрдегi), сондай-ақ электронды мониторинг бойынша салық есептiлiгiн салық төлеушiнiң уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген мерзiмде табыс етпеуi не оны табыс етуден бас тартуы, -
жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
6) 207-бапта:
бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацында "жасырылған салық салу объектiлерi құнының елу процентi" деген сөздер "жасырылған салық салу объектiлерi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының жүз елу процентi" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiктiң екiншi абзацында "жасырылған салық салу объектiлерi құнының жүз процентi" деген сөздер "жасырылған салық салу объектiлерi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының екi жүз процентi" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 209-баптың төртiншi бөлiгiнiң мемлекеттік тiлдегi мәтiнi өзгермейдi;
8) 358-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"358-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар мен өзге де
уәкiлеттi органдардың салық заңнамасында
белгiленген мiндеттердi орындамауы
1. Салық заңнамасына сәйкес осы бөлiкте көрсетiлген органдар бюджетке аударуға тиiс салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын жергiлiктi атқарушы органдардың немесе уәкiлеттi органдардың аудармауы, уақтылы немесе толық аудармауы -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Салық заңнамасында салық қызметi органдарына табыс ету үшiн айқындалған мәлiметтердi жергiлiктi атқарушы органдардың және өзге де уәкiлеттi органдардың табыс етпеуi, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жергiлiктi атқарушы органдардың немесе уәкiлеттi органдардың бiржолғы талондарды бермеуi және (немесе) белгiленген құннан аз беруi, сол сияқты салық заңнамасында бiржолғы талондарды беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптарды сақтамауы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
9) 570-баптың бiрiншi бөлiгіндегі "үшiншi бөлiгiнде" деген сөздер "үшiншi, төртiншi бөлiктерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 647-баптың екiншi бөлiгіндегі "аспайды" деген сөз "аспайтын, ал, салық мiндеттемесiн орындауға байланысты iстер бойынша, шағым беру мерзiмiнiң кезеңiне ұзартуы мүмкiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 703-баптың бiрiншi бөлiгi "бiр жыл iшiнде" деген сөздерден кейiн ", ал салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы бойынша - ол заңды күшiне енген күннен бастап бес жыл iшiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
12) 709-баптың екiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Салық салу саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша айыппұлды мәжбүрлеп өндiрiп алу туралы қаулыны сот Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен айыппұл сомаларын өндiрiп алу үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасаған және (немесе) әкiмшiлiк жазаны қолданған салық қызметi органына жiбередi.".
3. 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж, № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат; № 20, 116-құжат):
1) бүкiл мәтiн бойынша "қатысушылары, құрылтайшылары", "қатысушылардың, құрылтайшылардың" деген сөздер тиiсiнше "құрылтайшылары, қатысушылары","құрылтайшылардың, қатысушылардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 10-баптың 1-тармағында:
6) тармақшада "төленуге тиiстi табыс;" деген сөздерден кейiн "қордың басқарушы компаниясы пайларды сатып алған кезде пайлар бойынша табыстарды қоспағанда, пайлық инвестициялық қордың пайлары бойынша төленуге тиiстi табыс;" деген сөздермен толықтырылсын; "мүлкiн қоспағанда" деген сөздерден кейiн ", резидент заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлген және әрбiр құрылтайшының, қатысушының қатысу үлесiн сақтай отырып, жарғылық қорды ұлғайтуға бағытталған мүлiктен басқа" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"әрбiр құрылтайшының, қатысушының қатысу үлесiн сақтай отырып, таза табысты бөлу кезiнде резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайтуға бағытталған табыс дивидендтерге жатпайды;";
9) тармақша "қоғамдарды" деген сөзден кейiн "және инвестициялық пай қорларын" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:
"28-1) демеушiлiк көмек - осы көмектi көрсететiн тұлға туралы ақпаратты тарату мақсатында өтeуciз негiзде:
жеке тұлғаларға жарыстарға, конкурстарға, көрмелерге, байқауларға қатысу үшiн және шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, өнертабыс қызметтерiн дамыту, білім және спорт шеберлiгi деңгейiн арттыру үшiн қаржылық (әлеуметтiктен басқа) қолдау түрiнде;
коммерциялық емес ұйымдарға өздерiнiң жарғылық мақсаттарын iске асыру үшiн берiлетiн мүлiк;";
3) 12-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы "таратылуына" деген сөзден кейiн ", жеке кәсiпкердiң кәсiпкерлiк қызметiнiң тоқтатылуына" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 16-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"осы тармақшада көрсетiлген, әрекетсiз заңды тұлғаға қатысты мәлiметтер уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органмен келісім бойынша мұндай тұлғаларға қатысты салықтық тексеру жүзеге асырылғанына қарамастан сұралады;";
5) 29-баптың 6-тармағындағы "39-бабында" деген сөздер "39 және 252-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 31-баптың 2-тармағында:
2) және 8) тармақшалардағы ", өсiмпұлдар мен айыппұлдардың" деген сөздер "мен өсiмпұлдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы "және 48-бабының 1-тармағында" деген сөздер алып тасталсын;
5) тармақшадағы "қолданылғанға" деген сөз "қолданыла бастағанға" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы "бec" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 32-бапта:
2-тармақтағы ", өсiмпұлдар мен айыппұлдардың" деген сөздер "мен өсiмпұлдардың" деген сөздермен ауыстырылсын; "он" деген сөз "он бec" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы ", өсiмпұлдар мен айыппұлдар" деген сөздер "мен өсiмпұлдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"33-бап. Салық берешегiн өтеу тәртібі
Салық берешегiн өтеу мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
1) есептеп қосылған өсiмпұлдар;
2) бересi сомасы;
3) айыппұлдар сомасы.";
9) 38-бапта:
1-1-тармақ "бес жыл iшiнде" деген сөздерден кейiн "үстеме пайдаға салынатын салық, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын; "рентабельдiлiктiң iшкi нормасының (РIН) және R-фактордың (табыс көрсеткiшiнiң) көрсеткiштерi қолданылады" деген сөздер "мынадай көрсеткiштердiң бiрi: рентабельдiлiктiң iшкi нормасы (РIН) немесе пайданың iшкi нормасы немесе R-фактор (табыс көрсеткiшi) қолданылады" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
"1-2. Салық төлеушi осы баптың 1-тармағында белгiленген талап қою мерзiмi күнтiзбелiк бiр жылдан аз уақытта бiтетiн кезең үшiн қосымша салық есептiлiгiн табыс еткен жағдайда, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын есептеп қосу және (немесе) олардың есептеп қосылған сомаларын қайта қарау бөлiгiнде көрсетiлген талап қою мерзiмi бiр күнтiзбелiк жылға ұзартылады.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Салық төлеушi салық кезеңi аяқталғаннан кейiн бес жыл iшiнде және (немесе) осы баптың 1-1-тармағында аталған салықтар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн бес жыл iшiнде салықтың артық төленген сомасын есепке жатқызуды немесе салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң артық төленген сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.";
10) 39-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Бюджетке артық төленген салық сомасы салық берешегiн өтеу есебiне:
1) салық төлеушiнiң өтiнiшiнсiз салықтың осы түрi бойынша өсiмпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебiне;
2) салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде мынадай тәртiппен:
салықтың басқа түрлерi бойынша өсiмпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебiне;
салықтың басқа түрлерi бойынша бересiнi өтеу есебiне;
салықтың осы және басқа да түрлерi бойынша алдағы төлемдер есебiне мiндеттi есепке жатқызылуы тиiс.";
3-1-тармақта "2 еселенген" деген сөздер "2,5 еселенген" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 40-баптың 3-тармағындағы "2 еселенген" деген сөздер "2,5 еселенген" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 45-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз етудiң осы баптың 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген тәсiлдерi салық төлеушiге осы Кодекстiң 31-бабында белгiленген мерзiмдерде хабарлама жiберген кезде қолданылады.";
13) 46-баптың 3-тармағындағы "2 еселенген" сөздер "2,5 еселенген" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 47-бапта:
1-тармақтың екiншi бөлiгіндегі "осы Кодекстiң 31-бабында белгiленген мерзiмдерде салық төлеушiге хабарлай отырып жүргiзiледi және" деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақтағы ", өсiмпұлдар мен айыппұлдардың" деген сөздер "мен өсiмпұлдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 48-бапта:
1-тармақтың бiрiншi бөлiгінiң екiншi сөйлемi алып тасталсын;
2-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Салық төлеушiнiң қаржы лизингiне және (немесе) кепiлге берiлген мүлкiне билiк етудi шектеу туралы шешiм шығарылған кезде салық органы осы мүлiкке қатысты шешiм шығарылған кезден бастап оның күшi жойылғанға дейiн салық органдарына - шарттың қолданылуы аяқталғанға дейiн осы мүлiктi алып қоюға, ал салық төлеушiге шарттың талаптарын өзгертуге (шарттың қолданылу мерзiмiн ұзартуға, қосалқы лизингке және (немесе) қайта кепiлге беруге) тыйым салынады.";
4-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Тiзiмдеме актiсiн жасау кезiнде салық төлеушi мұндай мүлiкке меншiк құқығын және (немесе) шаруашылық жүргiзу құқығын растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн табыс етуге мiндеттi.";
16) 49-баптың бiрiншi абзацының екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
"Мәжбүрлеп өндiрiп алу шаралары қолданыла бастағанға дейiн салық төлеушiге осы Кодекстiң 31-бабына сәйкес хабарлама жiберiледi.";
17) 50-бапта:
2-тармақта "өндiрiп алу" деген сөздерден кейiн ", банк берген қарыздар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын ақшаның көрсетiлген қарыздардың өтелмеген негiзгi борышы мөлшеріндегі сомасын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Салық төлеушiнiң банк шотында (шоттарында) ақшасы болмағанда немесе жеткiлiксiз болғанда, клиентке бiрнеше талаптар қойылған жағдайда банк осы шотқа (шоттарға) ақша түсуiне қарай және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген кезектiлiкпен салық берешегiн өтеу есебiне клиенттiң ақшасын алуды жүргiзедi.";
18) 51-бапта:
1-тармақ "болмаған" деген сөзден кейiн "немесе жеткiлiксiз болған" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың екiншi бөлiгi алып тасталсын;
19) 52-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Салық төлеушiнiң банк шоттарында ақшасы және қолма-қол ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда салық органы жиналып қалған салық берешегi шегiнде салық төлеушiге берешегi бар үшiншi бiр тұлғалардың (бұдан әрi - дебиторлардың) банк шоттарындағы ақшадан өндiрiп алуға құқылы.";
мынадай мазмұндағы 1-1 - 1-4-тармақтармен толықтырылсын:
"1-1. Салық берешегiн мәжбүрлеп өндiрiп алудың қабылданып жатқан шаралары туралы хабарлама алған күннен бастап салық төлеушi он жұмыс күнiнен кешiктiрмей хабарлама жiберген салық органына дебиторлық берешек сомаларын көрсете отырып, дебиторлар тiзiмiн табыс етуге мiндеттi.
Дебиторлар тiзiмi осы тармақта көрсетiлген мерзiмде табыс етiлмеген жағдайда салық органы салық төлеушiге салықтық тексеру жүргiзедi.
1-2. Ұсынылған дебиторлар тiзiмiнiң немесе дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актiсiнiң негiзiнде салық органы дебиторларға дебиторлық берешек сомасы шегiнде салық төлеушiнiң салық берешегiн өтеу есебiне олардың банк шоттарындағы ақшадан өндiрiп алу туралы хабарлама жiбередi.
Осы бапта көзделген жағдайды қоспағанда, дебитор хабарлама алған күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей хабарлама жiберушi салық органына хабарлама алған күнге салық төлеушiмен бiрлесiп жасалған өзара есеп айырысудың салыстыру актiсiн табыс етуге мiндеттi.
Дебиторлар өзара есеп айырысудың салыстыру актiсiн осы тармақта көрсетiлген мерзiмде табыс етпеген жағдайда салық органы аталған дебиторларға салықтық тексеру жүргiзедi.
1-3. Дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актiсi және дебиторлардың банк шоттарындағы ақшасынан өндiрiп алу туралы хабарлама болған кезде олар өзара есеп айырысулардың салыстыру актiсiн табыс етпейдi.
1-4. Салық төлеушi салық берешегiн өтеген жағдайда дебиторлар тiзiмi мен өзара есеп айырысулардың салыстыру актiсi табыс етiлмейдi.";
3-тармақ "актiсiнiң" деген сөзден кейiн "немесе дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актiсiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
20) 53-баптың 1-тармағы "болмаған" деген сөзден кейiн "немесе жеткiлiксiз болған" деген сөздермен толықтырылсын;
21) 59-баптың 3-тармағында "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 60-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығы.";
23) 61-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттік тiркегенi үшiн алым.";
24) 67-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Салық төлеушiлер бөлек есепке алуды осы Кодексте белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, бухгалтерлiк есепке алу деректерi негiзiнде жүргiзедi. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, бөлек есепке алу әрбiр қызмет түрi бойынша жеке жүргiзiледі.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартта өзгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдаланушы келісім-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша және келісім-шарт шеңберiнен тыс қызмет бойынша салық мiндеттемелерiн есептеу үшiн бөлек есепке алуды жүргiзуге мiндеттi.";
25) 68-бапта:
1-тармақ "дегенiмiз" деген сөзден кейiн "осы Кодекстiң 67-бабының ережелерiн ескере отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
үшiншi абзац алып тасталсын;
бесiншi абзацта "есепке алуды тiркеу карточкаларын алуға" деген сөздер "тiркеу және қайта тiркеу туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 69-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"Осы Кодексте салық салудың әртүрлi шарттары көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлер мұндай қызметтiң әрбiр түрi үшiн бөлек салық есептiлiгiн жасайды.
Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартта өзгеше көзделмесе, бөлек есеп жүргiзу қажеттiлiгi көзделген жер қойнауын пайдаланушылар келісім-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша және келісім-шарт шеңберiнен тыс қызмет бойынша бөлек салық есептiлiгiн жасайды.";
2-тармақта "салық органдарының" деген сөздер "уәкiлеттi мемлекеттік органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың бiрiншi бөлiгi "Салық төлеушi" деген сөздерден кейiн "(заңды тұлға)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Жеке кәсiпкер кәсiпкерлiк қызметтi тоқтату туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде ол туралы салық органына жазбаша хабарлайды.
Кәсiпкерлiк қызметтi тоқтату туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр ай iшiнде жеке кәсiпкер салық органына салық кезеңi басталғаннан берi кәсiпкерлiк қызмет тоқтатылған күнге дейiн жасалған салық есептiлiгiн табыс етедi.
Осы тармақта көрсетiлген салық есептiлiгiмен бiрге жеке кәсiпкер кәсiпкерлiк қызметтiң тоқтатылуына байланысты құжаттық тексерудi жүргiзу туралы өтiнiш береді.";
мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
"11. Егер осы Кодексте және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартта өзгеше көзделмесе, бөлек есепке алуды жүргiзу кезiнде салық есептiлiгiн табыс ету әрбiр қызмет түрi бойынша, ал жер қойнауын пайдаланушылар үшiн жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр келісім-шарт бойынша жеке жүргiзiледi.";
27) 74-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үш жылдан астам мерзiмге жасалған лизинг шарты бойынша мүлiктi беру егер ол мына талаптардың бiрiне сай келсе: