Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қара
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат):
3-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «лицензиялауға,» деген сөзден кейін «банктерді қайта құрылымдауға,» деген сөздермен толықтырылсын.
2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат):
161-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Күдіктінің, айыпталушының немесе олардың іс-қимылы үшін заң бойынша материалдық жауапкершілікте болатын, Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін заңдарында көзделген жағдайларда міндеттемелері қайта құрылымдауға жататын қаржы ұйымдарының кредиторлары болып табылатын тұлғалардың мүлкіне тыйым салу туралы азаматтық талап қою бөлігінде үкімді орындауды қамтамасыз ету шараларын қабылдауға жол берілмейді.».
3. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2009 жылғы 8 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 9 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 740-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«740-бап. Банктегі ақшаға билік етуді шектеу
1. Заңды тұлғалар мен азаматтардың банктердегі ақшаcына тек соттар, тергеу және анықтау органдары мен атқарушылық іс жүргізу органдары өздерінің іс жүргізуіндегі қылмыстық және азаматтық істер және атқарушылық іс жүргізу істері бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу заңнамасында және Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша тыйым сала алады.
2. Заңды тұлғалар мен азаматтардың банктердегі ақшаcына тыйым салу мерзімі тиісті істерді жүргізу үшін Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген мерзімдерден аспауға тиіс.
3. Тергеу және анықтау органдарының клиенттің ақшасына тыйым салу туралы шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасалуы мүмкін.
4. Клиенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда жүргізіледі.
5. Клиенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру құқығына ие уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімі уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың тыйым салу туралы шешімі негізінде тыйым салынған ақша сомасына қолданылмайды.
6. Клиенттің банк шоттарындағы ақшасына тыйым салу құқығына ие уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың банк уәкілетті мемлекеттік органдардың шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін орындауға қабылдағаннан кейін ұсынылған шешімдері, осы баптың 7-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, осындай өкімнің күші жойылғаннан кейін орындалуға жатады.
7. Талап қоюды қамтамасыз ету немесе атқару құжаттарын орындау мақсатында клиенттің банк шоттарындағы ақшасына салынған тыйымдар осы Кодекстің 742-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген талаптарды қанағаттандыру мақсатында тыйым салу жағдайларын қоспағанда, бірінші кезектегі тәртіппен орындалады.
Бұл ретте банктің бұрын қабылданған уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың тыйым салу туралы шешімдерін және клиенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру құқығына ие уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдерін орындауы талап қоюды қамтамасыз ету немесе атқару құжаттарын орындау мақсатында тыйым салынатын ақша сомасы шегінде тоқтатыла тұрады.
Талап қоюды қамтамасыз ету немесе атқару құжаттарын орындау мақсатында клиенттің банк шоттарындағы ақшасына біреуден көп тыйым салу кезінде олар банктің оларды қабылдау кезектілігі тәртібімен орындалуға жатады.
Уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың тыйым салу туралы өзге де шешімдері және клиенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру құқығына ие уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдері талап қоюды қамтамасыз ету немесе атқару құжаттарын орындау мақсатында салынған тыйым алып тасталғаннан кейін немесе оның күші жойылғаннан кейін банктің оларды қабылдау кезектілігі тәртібімен орындалады.»;
2) 750-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы «егер бұл» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын.
4. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат):
1) 28-баптың үшінші бөлігіндегі «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушысы болса,» деген сөздерден кейін «сондай-ақ Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарын қайта құрылымдау туралы азаматтық істерді» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 158-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін заңдарында көзделген жағдайларда, қаржы ұйымына және (немесе) оның мүлкіне қатысты оны қайта құрылымдауды жүргізу кезінде талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қабылдауға жол берілмейді.»;
3) 159-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жауапкерге тиесілі және оның өзінде немесе басқа адамдарда болатын мүлікке тыйым салу (банктің корреспонденттік шотындағы ақшаға және сауда-саттық ұйымдастырушылардың ашық сауда-саттық әдісімен сауда жүйелерінде жасасқан репо операциялары бойынша нысана болып табылатын мүлікке тыйым салуды қоспағанда).
Жауапкерге тиесілі және банктегі ақшаға тыйым салу түріндегі талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымда тыйым салынатын ақша сомасы көрсетілуге тиіс. Тыйым салынатын ақша сомасын іс материалдарын негізге ала отырып, сот айқындайды;»;
4) 163-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Қаржы ұйымын қайта құрылымдау туралы істі қарайтын мамандандырылған қаржылық сот, қаржы ұйымын қайта құрылымдау туралы шешім қабылдаған жағдайда қаржы ұйымына және (немесе) оның мүлкіне қатысты қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешім қабылдағанға дейін соттар қабылдаған талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жоюға міндетті.»;
5) 235-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Мамандандырылған қаржылық соттың қаржы ұйымдарын қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешімдері олар қабылданған күннен бастап заңды күшіне енеді және дереу орындауға жатады.»;
6) 237-баптың 5) тармақшасындағы «туралы шешімдер дереу орындалуға тиіс.» деген сөздер «туралы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) қаржы ұйымдарын қайта құрылымдау туралы шешімдер дереу орындалуға тиіс.»;
7) 289-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) қаржы ұйымдарын қайта құрылымдау туралы;»;
8) мынадай мазмұндағы 34-1-тараумен толықтырылсын:
«34-1-тарау. Қаржы ұйымдарын қайта құрылымдау туралы істерді қарау
312-1-бап. Қаржы ұйымдарын қайта құрылымдау туралы істерді қарау
Қаржы ұйымдарын қайта құрылымдау туралы істерді осы Кодексте көзделген жалпы ережелер бойынша Қазақчстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерекшеліктерімен мамандандырылған қаржылық сот қарайды.
312-2-бап. Қайта құрылымдау туралы өтініш беру
1. Қаржы ұйымын қайта құрылымдау туралы өтінішті қаржы ұйымы мамандандырылған қаржылық сотқа береді.
2. Қаржы ұйымын қайта құрылымдау үшін заңмен көзделген негіздеме көрсетілуге тиіс қайта құрылымдау туралы өтінішке:
1) қаржы ұйымы директорлар кеңесінің қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешімі;
2) қаржы ұйымының қаржы ұйымын қайта құрылымдау мәселелері бойынша қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен жазбаша келісімі;
3) мынадай ақпарат:
қайта құрылымдауды жүргізудің тәртібі мен мерзімі;
қайта құрылымданатын активтер мен міндеттемелердің тізбесі;
қайта құрылымдау шеңберінде жүргізілетін іс-шаралар;
активтер мен міндеттемелерді қайта құрылымдаудан алынатын болжамды қаржылық нәтижелер;
қызметте қолданылатын шектеулер қамтылған қаржы ұйымын қайта құрылымдау жоспарының жобасы қоса тіркеледі.
312-3-бап. Өтінішті қарау
Сот қаржы ұйымын қайта құрылымдау туралы өтінішті оны қабылдаған күннен бастап бес күн ішінде қарайды.
312-4-бап. Соттың өтініш бойынша шешімі
1. Сот қаржы ұйымын қайта құрылымдау туралы өтінішті қарап, қаржы ұйымын қайта құрылымдауды жүргізу туралы шешім шығарады, онда:
1) қаржы ұйымының атауы;
2) қаржы ұйымын қайта құрылымдаудың мерзімі және қайта құрылымдауды жүргізуге, кредиторлар жиналысын шақыруға және өткізуге жауапты лауазымды адамдар белгіленген қаржы ұйымын қайта құрылымдауды жүргізу туралы нұсқау қамтылуға тиіс.
2. Қаржы ұйымын қайта құрылымдауды жүргізу туралы сот шешімі заңды күшіне енген кезден бастап:
1) мыналарды:
қайта құрылымдау көзделетін міндеттемелер бойынша талаптарды қанағаттандыру туралы соттардың, төрелік және аралық соттардың бұрын қабылдаған шешімдерінің;
қайта құрылымдауды жүргізу туралы соттың шешімі күшіне енгенге дейін және қаржы ұйымын қайта құрылымдау кезеңінде мәлімделген кредиторлардың алдындағы міндеттемелерін қайта құрылымдау көзделетін қаржы ұйымы кредиторлары талаптарының орындалуы тоқтатыла тұрады;
2) қаржы ұйымының мүлкін өндіріп алуға жол берілмейді.
3. Қаржы ұйымын қайта құрылымдауды жүргізу туралы сот шешімінің көшірмесін мамандандырылған қаржылық сот қаржы ұйымына, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға және атқарушылық іс жүргізетін аумақтық органдарға жібереді.
312-5-бап. Қайта құрылымдау жоспарын соттың бекітуі
Қаржы ұйымын қайта құрылымдау жоспарын кредиторлар мақұлдағаннан кейін қаржы ұйымы қайта құрылымдау жоспарын соттың бекітуіне ұсынуға міндетті. Қайта құрылымдау жоспарымен бірге қаржы ұйымы сотқа қаржы ұйымы кредиторлары жиналысының қаржы ұйымын қайта құрылымдау жоспарын мақұлдауы туралы хаттамасын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ұсынады.
312-6-бап. Соттың қайта құрылымдауды тоқтату туралы шешімі
1. Соттың қаржы ұйымын қайта құрылымдауды тоқтату туралы шешімі қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өтінішімен:
1) қайта құрылымдауды жүргізу туралы сот шешімімен көзделген қаржы ұйымын қайта құрылымдау мерзімінің өтіп кетуі;
2) қайта құрылымдау жоспарында көзделген шаралар кешенінің жүзеге асырылуы;
3) қаржы ұйымын қайта құрылымдау:
қаржы ұйымын қайта құрылымдау қаржы ұйымы қызметінің қаржылық нәтижелерін жақсартуға алып келмейтініне жеткілікті негіздердің болуы;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен алынған қаржы ұйымы кредиторлары мақұлдауының болмауы;
қайта құрылымдау жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалмауы;
қайта құрылымдау кезеңінде уәкілетті орган қабылдаған нұсқамалардың орындалмауы жағдайында мерзімінен бұрын тоқтатылуы негіздері бойынша қабылданады.
Қайта құрылымдау жоспарында көзделген шаралар кешенін жүзеге асыру, орындалуына орай, қайта құрылымданған міндеттемелер бойынша талаптарды қанағаттандыру туралы соттардың, төрелік және аралық соттардың бұрын қабылданған шешімдері бойынша міндеттемелердің тоқтатылуына әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші тармағында көрсетілген қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өтінішін сот оны қабылдаған күннен бастап бес күн ішінде қарайды.».
5. 2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 7-8, 40-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; 2005 ж., № 11, 43-құжат; № 21-22, 86-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 144-құжат; № 23, 173-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат):
352-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«352-бап. Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру
1. Кедендік төлемдер мен салықтың артық төленген сомалары не депозит кедендік төлемнің немесе салықтың нақ сол түрі бойынша берешекті және өсімпұлды өтеу үшін жеткіліксіз болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы кеден органының өкімі шығарылады.
2. Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру:
1) берешек пен өсімпұлды төлеушінің дербес өтеуі жөніндегі операциялардан;
2) ақшаны:
адам өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруды көздейтін атқару құжаттары бойынша;
еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбегіне ақы төлеу, авторлық шарт бойынша сыйақы төлеу, клиенттің міндетті зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару жөніндегі міндеттемелері және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша есеп айырысу үшін ақшаны алып қоюды көздейтін атқару құжаттары бойынша;
берешек пен өсімпұлды өтеу бойынша, сондай-ақ мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқару құжаттары бойынша алып қою жағдайларынан басқа, төлеушінің барлық шығыс операцияларына қолданылады.
Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың тыйым салу туралы шешімдерінің негізінде тыйым салынған ақша сомасына қолданылмайды.
3. Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген нысан бойынша шығарылады және банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым оны алған күннен бастап күшіне енеді.
4. Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың бұлжытпай орындауына жатады.
5. Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің күшін банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себебі жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, осындай өкімді шығарған кеден органы жояды.».
6. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат):
1) 8-бапта:
д) тармақшасындағы «Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
д-1) тармақшадағы «жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу» деген сөздер «банктердің жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашуы және жүргізуі» деген сөздермен ауыстырылсын;
д-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«д-2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда, банктерге қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органда (бұдан әрі - уәкілетті орган) банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны алу үшін қорытынды береді, сондай-ақ осындай қорытынды берудің тәртібін айқындайды;»;
мынадай мазмұндағы ж-1), ж-2) және ж-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«ж-1) Қазақстан Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу тәртібін белгілейді;
ж-2) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілейді;
ж-3) халықаралық есеп айырысуларды ұйымдастырады, шетелдермен валюталық-қаржылық және кредиттік-есеп айырысу қатынастарын жетілдіреді;»;
з) тармақшасындағы «төлем жүйелерінің жұмыс істеуін ұйымдастырады, сондай-ақ қадағалауды жүзеге асырады» деген сөздер «төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайт) ұйымдастырады, сондай-ақ жүзеге асырады» деген сөздермен ауыстырылсын;
л-2) және л-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«л-2) уәкілетті органмен келісім бойынша қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін нысандарын не нысандарға қойылатын талаптарды, қаржылық есептіліктің тізбесін, оны табыс етудің мерзімдері мен тәртібін, сондай-ақ барлық қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті жариялау тәртібі мен мерзімдерін белгілейді;
л-3) валюталық реттеу және бақылау, сондай-ақ ақша төлемі мен аударымы мәселелері бойынша есептілікті және мәліметтерді табыс ету тәртібін, нысандарын және мерзімдерін белгілейді;»;
о) тармақшасында:
«қолма-қол банкноттар мен тиындарды» деген сөздер «банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«банкноттар мен тиындарды», «банкноттар мен тиындардың» деген сөздер тиісінше «банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды», «банкноттардың, монеталардың және құндылықтардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы о-1) тармақшамен толықтырылсын:
«о-1) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияны жүргізуге Ұлттық Банктің лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асыратын банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды белгілейді;»;
п) және р) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«п) өзінің бухгалтерлік балансын жасайды және оны үнемі жариялап отырады;
р) елдің төлем балансын, халықаралық инвестициялық ұстанымын және жалпы сыртқы борышын қоса алғанда, елдің сыртқы секторының статистикасын қалыптастырады, төлем балансын болжамдық бағалауды әзірлеуге қатысады;»;
мынадай мазмұндағы р-2), р-3) және р-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«р-2) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюталық операцияларының мониторингін (валюталық мониторингті) жүзеге асырады;
р-3) мемлекеттік емес сыртқы қарыздар бойынша шарттардың мониторингін жүзеге асырады;
р-4) қаржы ұйымдарының сыртқы борышын реттеуге қатысады;»;
у-5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«у-5) банк шоттарының құқықтық режимін және құрылымын белгілейді;»;
у-6) тармақшадағы «ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін» деген сөздер «ең төменгі резервтік талаптарды, олардың нормативтерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
у-10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«у-10) қаржы ұйымдары қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын және банк қызметі, ақша төлемі мен аударымы, валюталық операцияларды, бухгалтерлік есепті және бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыратын жүйелерге қойылатын талаптарды жүзеге асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді бұзған жағдайда, оларға өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау, сақтандыру және сақтандыру қызметі, зейнетақымен қамсыздандыру, бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында көзделген ықпал ету шараларын және санкциялар қолдану тәртібін айқындайды және қолданады;»;
2) 11-бапта:
бірінші бөлікте:
«бөлінбеген таза» деген сөздер «таза» деген сөзбен ауыстырылсын;
«(алтын-валюта активтерін қайта бағалау шотына жатқызылатын іске асырылмаған кірістің пайда болған сомасын қоспағанда)» деген сөздер алып тасталсын;