ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамасы мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2021.20.03. берілген өзгерістермен)
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 70-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 15, 55-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 50-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-І, 118-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көшi-қон процестерiн реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 42-баптың 5-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға, сондай-ақ мұндай тiркеуден жалтаруға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкiн.»;
2) 44-баптың 3-тармағындағы «Әкімшілік» деген сөз «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 118-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуден бас тартуға не тіркеуден негізсіз жалтаруға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.».
2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 19-І, 99, 101-құжаттар; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115, 117-құжаттар; № 21-І, 124, 126-құжаттар; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 10, 79-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 4, 7-құжат; № 12, 34-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-I, 119-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көшi-қон процестерiн реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 1 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан «Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 29 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 10 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 67-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер нормативтік құқықтық актіде жергілікті атқарушы органның актісі негізінде сервитут белгілеу көзделсе, сервитут белгілеуге мүдделі тұлға, меншік иесі немесе жер пайдаланушы бұл актіге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.»;
2) 89-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мұндай шешімге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін. Шағым беру алып қою туралы шешімнің орындалуын тоқтата тұрады.»;
3) 148-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жердi пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) және әрекеттердiң жасалуына (шешiмдердiң қабылдануына) негiз болған ақпаратқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкiн.»;
4) 167-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер құқығы қатынастарынан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қаралады.».
3. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 27-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 12, 34-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 19-20, 86-құжат):
39-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Орман пайдаланушы орман пайдалану құқығын шектеу туралы немесе тоқтата тұру туралы шешiммен келiспеген жағдайда, оның бұл шешiмге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.».
4. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-II, 72-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 12, 34-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат):
51-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған шешiмдердi барлық жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi және оларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.».
5. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 6, 28-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 128-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 24-II, 120-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көшi-қон процестерiн реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнындағы 260-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«260-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті қарау тәртібі»;
2) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) құқықтарын қорғау
Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) құқықтарын қорғау осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
3) 13-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдіруші адамдар не олардың біреуі, сондай-ақ олардың заңды өкілдері тіркеуші органның неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуден бас тартуына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.»;
4) 112-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Сенім білдірілген адамның аккредиттеу туралы өтініші Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде қаралады.»;
5) 121-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мүдделi адамдар қорғаншы немесе қамқоршы тағайындауға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкiн.»;
6) 131 және 132-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«131-бап. Қорғаншылардың немесе қамқоршылардың әрекеттеріне шағым жасау
Қорғаншылардың немесе қамқоршылардың әрекеттеріне қамқорлыққа алынушының мүддесінде оның тұрғылықты жеріндегі қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
132-бап. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың шешімдеріне шағым жасау
Мүдделі тұлғалар барлық мәселелер бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.»;
7) 183-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Азаматтық хал актілерінің жазылған жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуді жазба жасалған жердегі тіркеуші орган жүргізеді. Азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.»;
8) 226-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Тіркеуші органның неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуден бас тартуына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.»;
9) 260-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«260-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті қарау тәртібі
Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініш қарауды тіркеуші орган Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізеді.».
6. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 99, 103, 106, 108-құжаттар; № 24-I, 118-құжат; № 24-II, 120, 122, 123, 127-құжаттар; 2020 жылғы 5 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне көшi-қон процестерiн реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 26 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 26 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 1 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан «Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 29 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 11 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнындағы 189-баптың тақырыбы алып тасталсын;
2) 189-бап алып тасталсын;
3) 653-бап мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«Ескертпе. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес процестік мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін әрекеттерге (әрекетсіздікке) қолданылмайды.»;
4) 669-баптың ескертпесі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес процестік мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін әрекеттерге (әрекетсіздікке) қолданылмайды.»;
5) 682-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«682-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген органдар (лауазымды адамдар)
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi:
1) әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьялары;
2) кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың судьялары;
3) осы Кодекспен уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары қарайды.
Ескертпе. Егер тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген сот және кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық сот құрылмаса, олардың соттылығына жатқызылған iстердi аудандық (қалалық) соттар қарауға құқылы.»;
6) 683-баптың бесінші бөлігіндегі «мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік» деген сөздер «әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған аудандық және оларға теңестірілген» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 684-баптың бірінші бөлігінде:
«Мамандандырылған аудандық және оларға теңестiрiлген әкiмшiлiк» деген сөздер «Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған аудандық және оларға теңестiрiлген» деген сөздермен ауыстырылсын;
«189,» деген цифрлар алып тасталсын;
8) 769-баптың екінші бөлігіндегі «Азаматтық iс» деген сөздер «Азаматтық, әкімшілік iстер» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 803-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде қорғаушыға немесе өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан кәмелетке толмаған адамның заңды өкіліне олардың істі соттылығы бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген сотқа, ал тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ол болмаған кезде, аудандық (қалалық) сотқа беру туралы өтінішхатпен жүгіну құқығы түсіндіріледі.»;
10) 805-баптың бірінші бөлігіндегі «189,» деген цифрлар алып тасталсын;
11) 826-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы «мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік» деген сөздер «әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 826-3-баптың бесінші бөлігіндегі «немесе әкімшілік сот ісін жүргізуде» деген сөздер «, әкімшілік сот ісін жүргізуде немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 827-баптың ескертпесі алып тасталсын;
14) 829-баптың екінші бөлігінде:
екінші абзацтағы «мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік» деген сөздер «әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Шағымды қанағаттандыру туралы қаулыға әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген сотқа прокурордың апелляциялық өтінішхаты берілуі мүмкін, оның шешіміне - жоғары тұрған сотқа, ал сот қаулысына жоғары тұрған сотқа прокурордың апелляциялық өтінішхаты берілуі мүмкін.»;
15) 829-2-баптың екінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Соттың әкімшілік жаза қолдану туралы қаулысына жоғары тұрған сотқа шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты берілуі мүмкін.»;
«4. Орган (лауазымды адам) шығарған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға органның (лауазымды адамның) орналасқан жері бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген сотқа және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты берілуі мүмкін.»;
16) 829-5-баптың төртінші бөлігіндегі «немесе әкімшілік сот ісін жүргізуде» деген сөздер «, әкімшілік сот ісін жүргізуде немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 830-баптың бірінші бөлігіндегі «Мамандандырылған аудандық соттың және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк соттың және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттың» деген сөздер «Соттың» деген сөзбен ауыстырылсын;
18) 835-баптың үшінші бөлігіндегі «немесе әкімшілік сот ісін жүргізуде» деген сөздер «, әкімшілік сот ісін жүргізуде немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 836-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Соттың қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын жоғары тұрған соттың судьясы жеке-дара қарайды.»;