2022.04.07. № 133-VII ҚР Заңымен 4-2-тармақпен толықтырылды
4-2. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымы «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1, 2, 4-тармақтарында, 5-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 9) тармақшаларында және 6-тармағында көзделген талаптарды ескере отырып, құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде қарыз алушылармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады және құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен кредитор мен борышкердің банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулерді сақтауға міндетті.
Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымы өзінің қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған не сот бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда:
1) жоғарыда көрсетілген шешім қабылданғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде:
өзіне банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлғаға не оның нұсқауы бойынша мұндай тұлға құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқарудың жаңа шартын жасасқан сервистік компанияға құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты негізінде, өз қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылданған не сот оның қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған күнге бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымына берілген, банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) бойынша барлық мәліметтер мен құжаттарды беруге;
құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқарудың жасалған барлық шарттарын бұзуға міндетті.
Өзіне банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлға не мұндай тұлға құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқарудың жаңа шартын жасасқан сервистік компания осы тармақтың екінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацында көзделген жағдайда, мәліметтер мен құжаттардың қабылдануын қамтамасыз етуге міндетті;
2) жоғарыда көрсетілген шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде бұл туралы:
құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шартында көзделген тәсілдермен өздерімен құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарттары жасалған тұлғаларды;
өздеріне банктік қарыз шарттары немесе микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарттары негізінде берілген борышкерлерді мына тәсілдердің бірімен:
бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымының борышкерлермен байланыстарға арналған телефон нөмірлерінен телефонмен сөйлесу арқылы;
жеке кездесулер арқылы;
борышкер - жеке тұлғаға тұрғылықты жері (заңды мекенжайы) бойынша, борышкер - заңды тұлғаға орналасқан жері (нақты мекенжайы) бойынша жіберілетін жазбаша (пошталық) хабарламалар арқылы;
ұялы байланыс бойынша мәтіндік, дауыстық және өзге де хабарлар арқылы;
Интернет желісі арқылы хабардар етуге міндетті.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұсынылатын бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат алуға арналған өтінішке осы Заңның 11-1-бабы 4-тармағының 1), 2), 3), 4), 11), 13-1) және 14) тармақшаларында көзделген құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ:
1) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) еншілес ұйымды сатып алған жағдайда тиісті өтініш берудің алдындағы соңғы аяқталған тоқсан үшін еншілес ұйымның қаржылық есептілігі;
3) оларға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсарту бойынша бизнес-жоспар мен іс-шаралар жоспары қоса беріледі.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-1-тармақ өзгертілді
5-1. Күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алатын, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйыммен бірлесіп құрылатын (сатып алынатын) ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты алуға арналған өтінішке осы Заңның 11-1-бабы 4-тармағының 2), 3) және 11) тармақшаларында және осы баптың 5-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжат қоса беріледі.
Күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйыммен бірлесіп құрылатын (иеленетін) ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту осы баптың 6-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
6. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат беруден бас тартуға:
1) осы Заңның 11-1-бабы 6-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер;
2) еншілес ұйымға берілетін күмәнді және үмітсіз активтердің осы баптың 4-тармағының талаптарына және (немесе) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес келмеуі негіз болады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
7. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін банктердің еншілес ұйымдары, сондай-ақ қатысушылары банк және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым болып табылатын күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін ұйым банктік қарыз шарттары бойынша банк берген талап ету құқықтары бойынша банктік қарыз операциялары жөніндегі кредиторлар (қарыз берушілер) болып танылады және банк талап ету құқықтарын ұйымның пайдасына берген банктік қарыз шартында белгіленген банктің барлық құқықтары мен міндеттеріне ие болады.
8. 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
9. 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда
2-тарау. Банк құру және банк қызметiн жүзеге асыру
12-бап. Алынып тасталды
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 13-бап жаңа редакцияда; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2009.11.07. № 185-IV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 13-бап өзгертілді
13-бап. Уәкiлеттi органның банк ашуға рұқсат беруi
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Банк ашуға рұқсат беру тәртібі Қазақстан Республикасының банк заңнамасында айқындалады.
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру тәртібі Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасында айқындалады.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Банк ашуға берiлген рұқсаттың банк операцияларын жүргiзуге банкке лицензия беру туралы уәкiлеттi орган шешiм қабылдағанға дейiн не осы баптың 3 немесе 4-тармақтарында көзделген жағдайлардың бірі басталғанға дейін заңды күшi болады.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Банк ашуға берілген рұқсат:
1) банк қайта ұйымдастыру немесе тарату арқылы өз қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған;
2) сот банктің қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған;
3) банк ашуға рұқсат берілген күннен бастап екі ай ішінде банк ретінде Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу корпорациясынан өтпеген;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) банк ашуға рұқсат берілген күннен бастап бір жыл ішінде банк операцияларын немесе өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны алмаған жағдайларда күші жойылды деп есептеледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген жағдайда, еншілес ұйымды құруға немесе иеленуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға бұрын берілген рұқсаттардың және банктің ірі қатысушысы, банк холдингі мәртебесін иеленуге келісімнің күші жойылды деп есептеледі.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 13-1-баппен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
13-1-бап. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашу
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі мынадай талаптар орындалған кезде Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашуға рұқсат алу үшін уəкілетті органға жүгінуге құқылы:
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің жиынтық активтерінің сомасы он миллиард АҚШ долларына балама сомадан төмен болмауға тиіс;
2) Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болуға тиіс;
3) Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі резиденті болып табылатын мемлекет қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) жəне терроризмді қаржыландырудың алдын алу жəне оған қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысушы болып табылады, сондай-ақ ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын əзірлеу тобымен (ФАТФ) ынтымақтастықты жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің филиал ашуына келісім (рұқсат) осындай мемлекеттің заңнамасы бойынша талап етілетін жағдайларда осындай келісімнің (рұқсаттың) болуы;
5) Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінде Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген банктік жəне өзге де операцияларды жүргізуге арналған қолданыстағы лицензияның (қолданыстағы рұқсаттың) болуы;
6) Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінде тізбесі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингінің болуы;
7) Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінде Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашуға рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы он екі ай ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенттерін жəне өтімділік коэффициенттерін бұзудың болмауы.
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтініш уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша мынадай құжаттармен жəне мəліметтермен қоса беріледі:
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің құрылтай құжаттарының нотариат куəландырған көшірмелері;
2) адамның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың жəне оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелері;
3) лицензия (рұқсат) шеңберінде рұқсат етілген банктік жəне өзге де операциялардың тізбесі көрсетіліп, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің банктік жəне өзге де операцияларды жүргізуге арналған қолданыстағы лицензиясының (қолданыстағы рұқсатының) көшірмесі;
4) Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашу туралы шешімінің көшірмесі, онда мынадай:
Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің Қазақстан Республикасының аумағында оның филиалының қызметін жүзеге асыру процесінде туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілікті қабылдауы туралы жəне осындай міндеттемелерді Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің балансында есепке алу туралы;
осы Заңның 42-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сəйкес резерв ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі филиалы активтерінің мөлшерін бекіту туралы мəселелер бойынша шешімдер де қамтылады;
5) Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің филиалын ашуға келісімнің (рұқсаттың) көшірмесі не Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан осындай келісімнің (рұқсаттың) талап етілмейтіні туралы растаманың көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін тұлғалар жəне уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкіне қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мəліметтер, сондай-ақ осы мəліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;
7) Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің аудиторлық есептермен расталған соңғы екі қаржы жылындағы жылдық қаржылық есептілігінің (Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінде еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің өтініш беру алдындағы соңғы аяқталған тоқсандағы қаржылық есептілігінің көшірмесі.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 маусымы аралығындағы кезеңде соңғы аяқталған қаржы жылындағы қаржылық есептілікті растайтын аудиторлық есеп болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі өтініш беру алдындағы соңғы аяқталған қаржы жылы мен соңғы аяқталған тоқсандағы қаржылық есептіліктің (Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінде еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін, сондай-ақ соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы екі жылдағы аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есептіліктің (Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінде еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін ұсынады.
Осы тармақшада көрсетілген қаржылық есептілік осы қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің немесе шетелдік қор биржасының интернет-ресурсында қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде орналастырылған жəне қолжетімді болған жағдайларда ұсынылмайды;
8) уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректер.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көрсетілген мəліметтерді растайтын құжаттарды, сондай-ақ осы тармақтың бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген құжаттарды ұсыну туралы талаптар Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінде тізбесі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің «А-» кредиттік рейтингінен төмен емес рейтингі болған кезде оған қолданылмайды.
Уəкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы шешім қабылдау үшін қажетті қосымша ақпаратты немесе құжаттарды сұратуға құқылы.
Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті өтініш беруші уəкілетті орган оны қарап жатқан кез келген сəтте кері қайтарып алуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің филиалын ашуға рұқсат беру тəртібі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің филиалын ашуға рұқсат беруден бас тарту мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізіледі:
1) осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сəйкес келмеу;
2) рұқсат алу үшін берілген құжаттардағы мəліметтер мен ақпараттың анық еместігі;
3) Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі филиалы атауының осы Заңның 4-1-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сəйкес келмеуі;
4) уəкілетті органның ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймау;
5) Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашатын Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің басшы қызметкерлерінде мінсіз іскерлік беделінің болмауы.
Уəкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкін бас тарту негіздері туралы жазбаша хабардар етеді.
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Уəкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің филиалын ашуға рұқсат беруге негіз болған құжаттарда анық емес мəліметтер мен ақпарат анықталған жағдайда рұқсатты кері қайтарып алады.
Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің филиалын ашуға рұқсатты кері қайтарып алу кезінде уəкілетті орган рұқсатты кері қайтарып алуға негіз болып табылатын факт анықталған күннен бастап екі ай ішінде бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды.
4. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға берiлген рұқсаттың күші:
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған;
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің банктік жəне өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияның (рұқсаттың) қолданысы тоқтатыла тұрған немесе одан айырылған;
3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат берілген күннен бастап екі ай ішінде Корпорацияда есептік тіркеуден өтпеген;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат берілген күннен бастап бір жыл ішінде банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны алмаған жағдайларда, жойылды деп есептеледі.
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертiлдi (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап алпыс бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы хабарлама Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкіне және Корпорацияға жіберіледі.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға берілген рұқсаттардың есебін жүргізеді.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны беру туралы шешім қабылдағанға дейін не осы баптың 3-1 немесе 4-тармақтарында көзделген жағдайлардың бірі басталғанға дейін Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға берілген рұқсаттың заңды күші болады.
6. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын есептік тіркеуді Корпорация уәкілетті органның Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға берген рұқсаты негізінде жүзеге асырады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 2009.12.02. № 133-IV (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 185-IV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 14-бап өзгертiлдi
14-бап. Банкінің құрылтай құжаттары
1. Банк Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында заңды тұлғалар үшiн белгiленген тәртiппен, Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып құрылады.
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Банктің құрылтай шарты мен жарғысында «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мəліметтер мен ережелер міндетті түрде қамтылуға тиіс.
3. 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2009.12.02. № 133-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 15-бап өзгертiлдi
15-бап. Банктiң ұйымдық-құқықтық нысаны және атауы
1. Банктер акционерлік қоғамдар нысанында құрылады.
1-1. Банк өз жарғысында жазылған атауды өзiнiң атауы ретiнде пайдаланады.
Банктiң атауында «банк» деген сөз немесе одан туындаған сөз болуға тиiс.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілдi (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен басқа барлық банктерге өз атауында кез келген тiлде толық немесе қысқарған түрде «ұлттық», «орталық» деген сөздердi пайдалануға тыйым салынады.
3. Банктердiң бәрiне өзiнiң атауында кез келген тiлде толық және қысқарған түрiнде «мемлекеттік» деген сөздi қолдануға тыйым салынады.
3-1. Ислам банкінің атауында «ислам банкі» деген сөз тіркесі болуға тиіс.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Бұрын құрылған банкiлердiң, еншiлес банктердi қоспағанда соның iшiнде Қазақстан Республикасының резиденттерi емес банкiлердiң атауымен бірдей немесе орнын ауыстырған дәрежеде ұқсас таңбаларды атау ретiнде қолдануға жол берiлмейдi.
Еншiлес банктер өзiнiң атауына негiзгi банктердiң атауын пайдалануға мiндеттi.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талап өздеріне қатысты осы Заңға сәйкес қайта құрылымдау жүргізілген еншілес банктерге, сондай-ақ осы Заңның 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған еншілес банктерге қолданылмайды.
ҚР 07.12.96 ж. № 50-1; 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.98 № 282-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2005.12.23 № 107-III (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 16-бап өзгертiлдi; 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-бап өзгертiлдi
16-бап. Банктiң жарғылық және меншiк капиталы
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Банктiң жарғылық капиталы, осы баптың 2-тармағында белгiленген жағдайларды қоспағанда, акцияларды орналастыру есебiнен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қалыптастырылады.
2. Банктің акциялары орналастырылған кезде ақы тек қана ақшамен төленуге тиіс. Осы талап мынадай: