2) заңды тұлға үшін:
кəсіпкерлік жəне (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шет мемлекеттің заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметтен түсетін кірістер ретінде;
өтініш берушінің жарғылық капиталына салым түрінде алған ақша банк акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері болып табылуы мүмкін.
Қаржы ұйымы болып табылатын заңды тұлға үшін банктің акцияларын сатып алу қаржы ұйымының меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенттерін, өтімділік коэффициенттерін немесе қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген өзге де нормативтерді (лимиттерді) бұзуына алып келмейтін жағдайда, қаржы ұйымының активтері банктің акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері болып табылуы мүмкін.
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Банктің ірі қатысушысы мəртебесін иеленуге келісім алу үшін жеке тұлға мынадай құжаттарды жəне мəліметтерді:
1) банк акцияларын сатып алу шарттары мен тəртібін растайтын құжаттардың көшірмелерін;
2) банк акцияларын сатып алу үшін пайдаланылатын қаражат көздері (пайда болуы) туралы мəліметтерді, сондай-ақ осы мəліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Жеке тұлға сыйға тарту, өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен кіріс түрінде алынған қаражат есебінен банктің акцияларын сатып алған жағдайда, өтініш беруші сыйға тартушы жəне осы қаражаттың, мүліктің сыйға тартушыда пайда болу көздері туралы мəліметтерді де ұсынады;
3) өтініш беруші ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар жөніндегі мəліметтерді уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұсынады. Егер өтініш беруші Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасының акционері (қатысушысы) болып табылса, өтініш берушінің Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасында ірі қатысуын растайтын құжаттардың көшірмелері қосымша ұсынылады.
4) банктің қаржылық жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайларында банкті қайта капиталдандыру жоспарын;
5) кірістер мен мүлік туралы мəліметтерді, уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша өтініш берушінің барлық міндеттемелері бойынша орын алған берешек туралы ақпаратты, ал Қазақстан Республикасының резидент - жеке тұлғасы банктің ірі қатысушысы мəртебесін иелену туралы өтінішті уəкілетті органға берген күннің алдындағы күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тəртіппен ұсынылған, нотариат куəландырған немесе мемлекеттік кірістер органы растаған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияның көшірмесі мен Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тəртіппен жəне мерзімде ұсынылған, кірістер жəне мүлік туралы декларацияның нотариат куəландырған немесе мемлекеттік кірістер органы растаған көшірмесін де ұсынады.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларациядағы мəліметтер активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын айдың бірінші күніне көрсетіледі.
Көрсетілген мəліметтерге өтініш берушінің қаржылық жағдайын талдау үшін қажетті құжаттар, сондай-ақ өтініш берілген күннің алдындағы соңғы алты ай ішінде бағалаушы айқындаған мүліктің құнын растайтын құжаттар қоса беріледі;
6) білімі, еңбек қызметі, мінсіз іскерлік беделі туралы мəліметтерді қоса алғанда, уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нысан бойынша өтініш беруші туралы мəліметтерді ұсынады. Қазақстан Республикасының бейрезидент - жеке тұлғалары өздерінің мінсіз іскерлік беделін растау үшін өздері азаматы болып табылатын елдің жəне өздері тұрақты тұратын елдің, ал азаматтағы жоқ адамдар - өздері тұрақты тұратын елдің құзыретті мемлекеттік органы берген алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының жоқ екенін растайтын құжаттарды ұсынады (көрсетілген құжаттарды беру күні өтініш берілген күннің алдындағы алты айдан аспауға тиіс);
7) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, келісім берілгені үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 4-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 4-1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4-1. Егер жеке немесе заңды тұлға уəкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай, сыйға тарту шарты, сенімгерлік басқару шарты негізінде немесе мұраны қабылдау нəтижесінде банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы белгілеріне сəйкес келсе, ол осы баптың 16-тармағында белгіленген талапқа сəйкес тиісті мəртебені иелену туралы өтінішті ұсынған кезде мыналар:
1) банк акцияларына қатысты сыйға тарту, сенімгерлік басқару, мұрагерлік талаптары мен тəртібін растайтын құжаттардың көшірмелері;
2) осы баптың 4-тармағының 3), 4), 5), 6 жəне 7) тармақшаларында көзделген құжаттар мен мəліметтер;
3) егер өтініш беруші заңды тұлға болып табылса, осы баптың 5-тармағының 7) тармақшасында көзделген құжаттар;
4) егер өтініш беруші Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасы болып табылса, осы баптың 6-тармағының 3) тармақшасында көзделген құжат;
5) растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес бағалаушы айқындаған сыйға тарту шартының, сенімгерлік басқару шартының, мұрагерліктің нысанасы болып табылатын акциялардың құны туралы мəліметтер қосымша ұсынылады.
Сыйға тарту немесе мұрагерлік нəтижесінде банктің акцияларын меншікке алған өтініш беруші банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы мəртебесін иеленуге келісім алу үшін нарықтық құны банктің бұрын алынған (сатып алынған) акцияларының құнын шегергенде өтініш берушіден банкті қайта капиталдандыру жоспарына сəйкес банктің қаржылық жағдайын қалпына келтіру үшін талап етілуі мүмкін қаржы салымдарының сомасынан кем болмауға тиіс мүліктің меншік иесі болып табылуға тиіс.
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5. Банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мəртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резидент - заңды тұлғасы мынадай құжаттар мен мəліметтерді:
1) өтініш берушінің тиісті органының банк акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесін (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында шешім болмаған немесе уəкілетті органның оны «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда);
2) уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген, өтініш берушінің акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызына тікелей немесе жанама иелік ететін тұлғалар жəне өтініш берушіге қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мəліметтерді, сондай-ақ осы мəліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін;
3) өтініш берушінің үлестес тұлғаларының тізімін (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында тізім болмаған немесе уəкілетті органның оны «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда);
4) осы баптың 4-тармағының 1), 3), 4) жəне 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар мен мəліметтерді;
5) білімі, еңбек қызметі, мінсіз іскерлік беделі туралы мəліметтерді қоса алғанда, уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді ұсынады.
Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын өтініш берушінің басшы қызметкерлері бойынша өтініш беруші уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген нысан бойынша олардың мінсіз іскерлік беделін растайтын мəліметтерді ұсынады;
6) аудиторлық есептермен расталған, өтініш берушінің соңғы екі қаржы жылындағы жылдық қаржылық есептілігінің (өтініш берушіде еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін, сондай-ақ өтініш берушінің өтінішті беру алдындағы аяқталған соңғы тоқсандағы қаржылық есептілігінің көшірмесін ұсынады.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 маусымы аралығындағы кезеңде соңғы аяқталған қаржы жылындағы қаржылық есептілікті растайтын аудиторлық есеп болмаған жағдайда, өтініш беруші өтініш беру алдындағы соңғы аяқталған қаржы жылы мен соңғы аяқталған тоқсандағы қаржылық есептіліктің (өтініш берушіде еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін, сондай-ақ соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы екі жылдағы аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есептіліктің (өтініш берушіде еншілес ұйымдар болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің) көшірмелерін ұсынады.
Осы тармақшада көрсетілген қаржылық есептілік қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында осы қаржылық есептілік орналастырылған немесе уəкілетті органның оны «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алу мүмкіндігі болған жағдайда ұсынылмайды;
7) адамның өтініш беруге өкілеттігін растайтын құжаттардың жəне оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6. Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасы банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мəртебесін иеленуге келісім алу үшін мынадай құжаттар мен мəліметтерді:
1) осы баптың 5-тармағында көрсетілген құжаттар мен мəліметтерді;
2) құрылтай құжаттарының нотариат куəландырған көшірмелерін;
3) өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын банктің акцияларын иеленуге келісімнің (рұқсаттың) көшірмесін не өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан осындай келісімнің (рұқсаттың) талап етілмейтіні туралы растаманың көшірмесін;
4) өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша өтініш берушінің қаржылық қызметті жүзеге асыруына арналған лицензияның (рұқсаттың) көшірмесін не егер өтініш беруші Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымы болып табылса, лицензияның (рұқсаттың) талап етілмейтіні туралы өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген растаманың көшірмесін ұсынады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды; 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 6-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 6-1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6-1. Осы баптың 4-тармағы 3) тармақшасының өтініш берушінің Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасына ірі қатысуын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну бөлігіндегі жəне осы баптың 5-тармағы 2) тармақшасының өтініш берушінің акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін тұлғалар жəне өтініш берушіге қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мəліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну бөлігіндегі талаптары мынадай талаптардың бірі орындалған кезде:
1) өтініш берушіде тізбесі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің «А-» кредиттік рейтингінен төмен емес рейтингі болса;
2) өтініш беруші резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының интернет-ресурсында өтініш беруші ірі қатысушысы болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғалары туралы, өтініш берушінің ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ өтініш берушіге қатысты бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы мəліметтер болса, Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасы болып табылатын өтініш берушіге қолданылмайды.
Осы баптың 5-тармағы 5) тармақшасының мақсаттары үшін басқару органының басшысы, оның орынбасары жəне басқару органының мүшелері, атқарушы органның басшысы, оның орынбасары жəне атқарушы органның мүшелері, бас бухгалтер Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасының (Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымының) басшы қызметкерлері болып танылады.
Осы баптың 5-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген қаржылық есептілік өтініш беруші Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымы болып табылған жəне осы қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымының немесе шетелдік қор биржасының интернет-ресурсында қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде орналастырылған жəне қолжетімді болған жағдайларда ұсынылмайды.
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7. Банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінде тізбесі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің «А-» кредиттік рейтингінен төмен емес рейтингі болған кезде, ол осы баптың 4-тармағының 4) жəне 7) тармақшаларында, 5-тармағының 1), 2), 6) жəне 7) тармақшаларында жəне 6-тармағының 3) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар мен мəліметтерді ұсынады.
7-1. Орналастырылған акциялардың (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес немесе одан көп пайызына иелік ету үлесі бар банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленгісі келетін жеке тұлғалар, сондай-ақ банк холдингі мәртебесін иеленгісі келетін заңды тұлғалар осы бапта көрсетілген құжаттар мен мәліметтерге қосымша таяу бес жылға арналған бизнес-жоспарды ұсынады, оған қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.
8. Жиынтығында банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) он және одан астам пайызын иеленетін немесе банк акцияларының он немесе одан астам пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беруге мүмкіндігі бар және:
1) банк қабылдайтын шешімдерге өздерінің арасында жасалған шартқа орай не өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін;
2) жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болып табылатын;
3) олардың бірі лауазымды тұлға немесе басқа тұлғаның өкілі болып табылатын;
4) олардың бірі өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес екінші тұлғаға банк акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген;
5) жақын туыстар немесе ерлі-зайыптылар болып табылатын тұлғалар;
6) олардың бірі екінші тұлғаға оның сыйға берген ақшасы немесе өтеусіз алған мүлкі есебінен банктің акцияларын сатып алуға мүмкіндік жасаған тұлғалар бірлесіп банктің ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалар деп танылады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 9-тармақ өзгертілді
9. Уәкілетті органның банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі болғысы келетін тұлғаларға келісім беруден бас тартуына:
осы Заңның 20-бабы 3-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында белгіленген талаптардың (жеке тұлғаға немесе өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкерлеріне қатысты) сақталмауы;
өтініш берушінің қаржылық жай-күйінің тұрақсыздығы;
уәкілетті органның ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерін жоймау;
өтініш берушінің банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін алуы нәтижесінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуы;
осы Заңның 17-бабының 5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иелену жөніндегі мәміледе тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлға (оның ірі қатысушысы (ірі акционері) сатып алушы тарап болып табылатын жағдайлар;
өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген банктің ірі қатысушыларына және банк холдингтеріне қойылатын өзге де талаптарды сақтамауы;
өтініш берушінің банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін алуының қаржылық салдарларын талдау банктің қаржылық жай-күйінің нашарлайтынын болжауы;
өтініш берушіде - Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымында өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша қаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия (рұқсат) осындай мемлекеттің заңнамасы бойынша талап етілетін жағдайларда, мұндай лицензияның (осындай рұқсаттың) болмауы;
өтініш берушіде - Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғасында не оның бас ұйымында, осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган айқындайтын халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі қажетті рейтингінің болмауы;
банктің қаржы жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайларында банкті қайта капиталдандырудың ұсынылған жоспарының тиімсіздігі;
өтініш берушіде - жеке тұлғада, өтініш берушінің басшы қызметкерінде - заңды тұлғада мінсіз іскерлік беделдің болмауы;
бұрын уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын таратуға және (немесе) олардың қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде тұлға ірі қатысушы-жеке тұлға не ірі қатысушы-заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не табылатын жағдайлар негіз болып табылады. Көрсетілген талап уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын таратуға және (немесе) олардың қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады. Осы абзацтың мақсаттары үшін қаржы ұйымы деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы да, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы да, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы да түсініледі;
банк холдингі мәртебесін иеленуге ниет білдірген Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымының осы баптың 1-1-тармағында көзделген талаптарға сəйкес келмеуі;
өтініш беруші - Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымы өзі тұрған елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын жағдайлар;
Қазақстан Республикасының бейрезиденттері - банк конгломератының қатысушылары орналасқан елдердің заңнамалары олардың және банк конгломератының Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген талаптарды орындауына мүмкіндік бермеуіне байланысты банк конгломератына шоғырландырылған қадағалау жүргізудің мүмкін болмауы;
банк ашуға рұқсат беруден бас тарту үшін негіздердің болуы негіз болып табылады.
Егер банк холдингі мәртебесін алғысы келетін тұлға еншілес қаржы ұйымын құратын немесе сатып алатын не қаржы ұйымының капиталына қомақты қатысуды сатып алатын жағдайда, уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарау кезінде осы Заңның 11-1-бабының 6-тармағында көзделген бас тарту негіздерін ескереді. Еншілес ұйым құруға (сатып алуға), ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тартуға негіздері болған кезде, уәкілетті орган банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруден бас тартады.
Аталған талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады.
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 9-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 20 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
9-1. Осы баптың рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингісінің жəне уəкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісімнің болуы жөніндегі талаптары өтініш берушінің - Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымының ұлттық басқарушы холдингтен Қазақстан Республикасының резидент-банкі акцияларының жүз пайызын сатып алуы жағдайларына қолданылмайды.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Мына жағдайлардың бірінің болуы:
өтініш беруші - заңды тұлға өтініш берген күнге дейін екі жылға жетпейтін уақытта құрылса;
өтініш беруші міндеттемелері басқа заңды тұлғалардың акцияларына және жарғылық капиталдарына қатысу үлестеріне орналастырылған банк акцияларын сатып алуға көзделген активтерінің сомасын шегеріп тастағанда өзінің активтерінен асып кетсе;
аяқталған әрбір соңғы екі қаржы жылының нәтижелері бойынша залал шексе;
өтініш беруші міндеттемелерінің мөлшері банктің қаржылық жай-күйін айтарлықтай тәуекелге ұрындыратындай болса;
өтініш берушінің банк алдында мерзімі өткен және (немесе) банк балансына жатқызылған берешегі болса;
өтініш берушінің банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуының қаржылық салдарларын талдау банктің қаржылық жай-күйінің нашарлайтынын болжаса;
өтініш беруші мүлкінің құны (өтініш берушінің міндеттемелерін шегере отырып) банктің акцияларын сатып алу үшін жеткіліксіз болса;
өтініш берушінің орнықсыз қаржылық жағдайының бар екенін және (немесе) банкке және (немесе) оның депозиторларына нұқсан келтіру мүмкіндігін куәландыратын өзге де негіздер өтініш берушінің қаржылық жағдайының тұрақсыздық белгісі болып табылады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11. Тұлға уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз банктің ірі қатысушысы не банк холдингі белгілерін иеленген жағдайда, уәкілетті орган осы тұлғаға осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын, оның ішінде алты айдан аспайтын мерзімде банктің акцияларын өткізу жөніндегі талаптар тұрғысынан осы Заңның 47-1-бабында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 12-тармақ өзгертілді
12. Банк холдингі болғысы келетін тұлғаларға уәкілетті органның келісім беруі банктің ірі қатысушысы үшін айқындалған шарттарда және тәртіппен жүзеге асырылады.
12-1. Мынадай:
1) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру немесе директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы сотқа талап-арызбен жүгіну;