1) банктің акцияларын банк кредиторлары арасында орналастырған және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда банк қайта құрылымдау жүргізген кезде банктің тиісті кредитор алдындағы ақшалай міндеттемесі жөніндегі кез келген құқығын (талабын) есепке жатқызу арқылы оларды төлеген;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) осы Заңның 61-10-бабында көзделген негізде және тәртіппен төлемге қабілетсіз банкті реттеу жөнінде шаралар қолданылған жағдайда, банктің бағалы қағаздары мен өзге де ақшалай міндеттемелерін банктің жай акцияларына айырбастаған;
2) банктің акцияларына айырбасталатын эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісі негізінде бағалы қағаздарды банктің акцияларына айырбастаған;
2-1) банктің жарғысы және оның акциялар шығарылымының проспектісі негізінде банктің орналастырылған акцияларының бір түрін осы банк акцияларының басқа түріне айырбастаған;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын қайта ұйымдастыру кезінде банктің акцияларын төлеген;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4) осы Заңның 17-2-бабында көзделген жағдайда банктің акцияларын Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен төлеген жағдайларда, банктерге қолданылмайды.
Осы тармақта көзделген жағдайларда банк акцияларын орналастырған кезде бағалау жүргізу талап етілмейді.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Банктi қайта құрылымдау рәсiмi шеңберiнде және (немесе) осы Заңның 61-10-бабында көзделген тәртіппен төлемге қабілетсіз банкті реттеу жөнінде шаралар қолдану шеңберінде бағалы қағаздарды банктiң акцияларына айырбастаған жағдайда банк акционерлерiне бағалы қағаздарды және (немесе) банктiң ақшалай мiндеттемелерiн оның акцияларына айырбастау арқылы өзiнiң акцияларын орналастырған кезде басымдықпен сатып алу құқығы берiлмейдi.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
3-1. Банк, егер акциялар бойынша дивидендтерді есепке жазу пруденциялық нормативтерді уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген мәннен төмен азайтуға алып келген жағдайда, шығару проспектісімен банктің атқарушы органының артықшылықты акциялар бойынша дивиденттерді есепке жазбау құқығы көзделетін артықшылықты акцияларды шығаруға құқылы.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-2. Қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету және (немесе) сауықтыру үшін мемлекеттік бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты пайдаланылатын банк мемлекеттік бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражатын беру туралы шешім қабылданған кезден бастап және алынған қаражатты қайтару жөніндегі міндеттемелерді банк толық орындағанға дейінгі кезеңде пайданы бөледі, қарапайым және (немесе) артықшылықты акциялар және (немесе мерзімсіз) қаржы құралдары бойынша дивидендтерді есепке жазады, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген шарттар сақталған кезде өз акцияларын кері сатып алуды жүргізеді.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Жаңадан құрылған банктің жарғылық капиталының ең төмен мөлшерін оның құрылтайшылары банк мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде толық төлеуге тиіс.
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған банктің жарғылық капиталының ең төмен мөлшері банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензия алуға өтініш берілгенге дейін осы Заңның 42-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің талаптарын сақтау ескеріле отырып, микроқаржы ұйымының жарғылық капиталы есебінен қалыптастырылады.
5. Банктiң меншiк капиталын және инвестицияларын есептеу әдiстемесiн уәкiлеттi орган айқындайды.
Банк мiндеттемелерiнiң сомасы оның активтерiнiң құнынан артық болған жағдайда, банктiң меншiк капиталы терiс болып табылады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Банктiң меншiк капиталының терiс мөлшерi анықталған жағдайда уәкiлеттi орган оның акционерлерiнiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдауға және оларды банк капиталының ұлғаюына және инвестор алған мiндеттемелердi ескере отырып оның қалыпты жұмыс iстеуiне кепiлдiк беретiн шарттармен жаңа инвесторға сатып алынған бағасымен дереу сатуға құқылы.
Уәкiлеттi органның банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алуы, ол банк акцияларын (акционерлердiң үлестерiн) кейiннен жаңа инвесторға сату мақсатында оларды мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдаған күнгi оның мiндеттемелерiнiң сомасы шегерiле отырып, банк активтерiнiң құнын негiзге ала отырып айқындалатын баға бойынша жүзеге асырылады. Уәкiлеттi орган банктiң сатып алынған акцияларын олардың сатып алынған бағасымен дереу сатады. Банктiң мәжбүрлеп сатып алынған барлық акциялары иелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi жаңа инвесторға көшедi.
Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алудың және оларды кейiннен инвесторларға мiндеттi түрде сатудың тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 16-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
16-1-бап. Субординарлық борыш
Бір мезгілде мынадай шарттардың болуы қамтамасыз етілмеген міндеттемені субординарлық борышқа жатқызу шарттары болып табылады:
1) қамтамасыз етілмеген міндеттеме шығарылған не алынған мерзім кемінде бес жыл құрайды;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) кредиторлар қамтамасыз етілмеген міндеттемені мерзімінен бұрын өтеу не орындау туралы талапты қоя алмайды;
3) қамтамасыз етілмеген міндеттеме банктің бастамасы бойынша, егер бұл пруденциялық нормативтерді уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген мәннен төмен азайтуға алып келетін жағдайда, мерзімінен бұрын өтелуі не орындалуы мүмкін;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) банк таратылған кезде, қамтамасыз етілмеген міндеттеме осы Заңның 74-2-бабында айқындалған оныншы кезекте қанағаттандырылады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 16-2-баппен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
16-2-бап. Мерзімсіз қаржы құралдары
Бір мезгілде мынадай шарттардың болуы қамтамасыз етілмеген міндеттемені мерзімсіз қаржы құралдарына жатқызу шарттары болып табылады:
1) қамтамасыз етілмеген міндеттеме шығарылған не алынған мерзім кемінде елу жылды құрайды;
2) кредиторлар қамтамасыз етілмеген міндеттемені мерзімінен бұрын өтеу не орындау туралы талапты қоя алмайды;
3) қамтамасыз етілмеген міндеттеме банктің бастамасы бойынша, егер бұл пруденциялық нормативтердің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мәндерден төмен түсуіне алып келмеген жағдайда, мерзімінен бұрын өтелуі не орындалуы мүмкін;
4) банк таратылған кезде, қамтамасыз етілмеген міндеттеме субординарлық борыш бойынша талаптардан кейін, осы Заңның 74-2-бабында айқындалған оныншы кезекте қанағаттандырылады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 16-3-баппен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 16-3-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
16-3-бап. Банктің шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және (немесе) орналастыру ерекшеліктері
1. Қазақстан Республикасының резидент-банкі «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабының 1-тармағында белгіленген шарт сақталған кезде шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздар орналастыруды жүзеге асыруға құқылы.
2. Қазақстан Республикасының резидент-банкі шығару шарттарында Қазақстан Республикасы резидент-банкінің кепілдігін беру көзделген борыштық бағалы қағаздар шет мемлекеттің аумағында шығарылған және (немесе) орналастырылған кезде «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабының 1-тармағында көрсетілген шарттан бөлек, мынадай қосымша шарттарды сақтауға міндетті:
1) борыштық бағалы қағаздарды шығару шартында уәкілетті орган осы Заңда көзделген тәртіппен төлемге қабілетсіз банкті реттеу жөнінде шаралар қолданған жағдайда, борыштық бағалы қағаздардың мәжбүрлеп қайта құрылымдалуы мүмкін екендігі туралы ереже қамтылады;
2) борыштық бағалы қағаздарды шығару шартында төлемге қабілетсіз банкке осы Заңда көзделген оны реттеу жөнінде шаралар қолданылған жағдайда, борыштық бағалы қағаздарды ұстаушылардың өздерінің алдындағы міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауды талап етуге құқығы болмайтыны туралы ереже қамтылады.
3. Қазақстан Республикасының төлемге қабілетсіз резидент-банкінің міндеттемелері осы Заңда көзделген тәртіппен мәжбүрлеп қайта құрылымдалған жағдайда, осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасының резидент-банкіне және (немесе) шығару шарттарында Қазақстан Республикасы резидент-банкінің кепілдігін беру көзделген эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырған кезінде ұйымға қолданылмайды.
4. Шет мемлекеттің аумағында эмиссиялық бағалы қағаздар орналастырған Қазақстан Республикасының резидент-банкі уәкілетті органды «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабының 2-тармағына сәйкес осы бағалы қағаздарды орналастыру қорытындысы туралы хабардар етеді.
ҚР Президентінің 27.01.96 ж. № 2830 Жарлығымен; 07.12.96 ж. № 50-1; 11.07.97 ж. № 154-1; 29.06.98 ж. № 236-1; 10.07.98 № 282-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 25.04.01 ж. № 179-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 178-III (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр. ред. қара); 2009.12.02. № 133-IV (бұр.ред.қара); 2009.13.02. № 135-IV (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 185-IV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 17-бап өзгертiлдi; 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17-бап. Банкінің құрылтайшылары мен акционерлерi
1. Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резиденттерi емес заңды және жеке тұлғалар (осы баптың 5-тармағында және осы Заңның 18-бабында белгiленген шектеулердi ескере отырып) банкінің құрылтайшылары мен акционерлерi бола алады.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекет Қазақстан Республикасының Үкіметі арқылы ғана банктің құрылтайшысы және акционері бола алады. Ұлттық басқарушы холдингті, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымды және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдарын қоспағанда, жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар банктің құрылтайшылары және акционерлері бола алмайды.
Уәкілетті орган банктің осы Заңның 61-12-бабында көзделген, активтері мен міндеттемелерін беру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру мақсатында тұрақтандыру банкінің жалғыз құрылтайшысы болуы мүмкін.
3. 02.03.01 ж. № 162-II ҚР Заңымен алып тасталды
4. Банк кредиторларының мүддесін қорғау және Қазақстан Республикасының банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, егер уәкілетті орган қолданған шаралар банктің қаржылық жай-күйін жақсартуға әкелмесе:
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) банк меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентін және (немесе) өтімділік коэффициентін бір рет бұзған не өзге де пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі рет және одан да көп бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті органның ұсынысы бойынша осы Заңның 17-2-бабында көзделген тәртіппен, банктің қаржылық жай-күйін жақсартуға және оның пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді орындауы үшін қажетті мөлшерде банктің жарияланған акцияларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің сатып алатыны туралы шешім қабылдауға құқылы;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) банкте капиталдың теріс мөлшері болған кезде, уәкілетті орган банктің қаржылық жағдайын қажетті жақсартуға кепілдік беретін жаңа инвесторға сатып алу бағасы бойынша кейіннен міндетті түрде дереу өткізу шартымен банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Оффшорлық аймақтарда тіркелген, тізбесін уәкiлеттi орган белгілейтін заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының резидент банктерінің дауыс беретiн акцияларын тiкелей немесе жанама иелене және (немесе) пайдалана алмайды және (немесе) оларға билiк ете алмайды.
Көрсетілген шектеу Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінің еншілес ұйымдары болып табылатын, рейтинг агенттіктерінің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингі бар банктерге қолданылмайды.
Рейтинг агенттіктерінің тізбесін және талап етілетін ең төменгі рейтингті уәкілетті орган айқындайды.
Осы тармақтың талаптары төлемге қабілетсіз банктің міндеттемелерін осы Заңның 61-10-бабына сәйкес мәжбүрлеп қайта құрылымдау жағдайларына қолданылмайды.
5-1. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысатын акционер, егер оның өз акционерлерінің (қатысушылардың) тіркелген елі туралы ақпарат банкте жоқ болса, өтінішті табыс етеді, онда осындай акционерлердің (қатысушылардың) осы баптың 5-тармағының талаптарын орындағаны туралы көрсетеді.
Көрсетілген өтінішті табыс етпеген акционер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға жіберілмейді.
Өтініште көрсетілген ақпараттың дәйексіздігі анықталған не осы баптың 5-тармағының талаптарының бұзылуы анықталған кезде:
1) егер шешім үшін дауыс беретін акциялардың көпшілігі (өтінішті табыс еткен акционердің дауыс беретін акцияларын есепке алмағанда) дауыс берсе, акционерлердің жалпы отырысының шешімі осы акционердің дауысы есепке алынбай қабылданды деп есептеледі;
2) егер өтінішті табыс еткен акционердің дауысы шешуші болса, аталған мән-жай уәкілетті органның не өзге де мүдделі тұлғалардың талабы бойынша акционерлердің жалпы отырысының шешімін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жарамсыз деп тану үшін негіз болады.
6. 2005.12.23 № 107-III Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
7. Ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда, тікелей немесе жанама түрде банктiң акцияларын иеленетiн не банк акционерi қабылдайтын шешiмдерге ықпал ететiн тұлғалар уәкiлеттi органның талап етуі бойынша банктің ірі қатысушыларын және олардың қаржылық жай-күйiн айқындау үшін құрылтай құжаттарын және басқа да қажетті ақпарат беруге міндетті.
ҚР 02.03.01 ж. № 162-II Заңымен 17-1-баппен толықтырылды; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 17-1-бап өзгертілді; 2005.12.23 № 107-III Заңымен 17-1-бап жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр. ред. қара) Заңдарымен 17-1-бап өзгертiлдi; 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.19.03. № 179-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 17-1-бап өзгертілді
17-1-бап. Банк холдингі және банктің ірі қатысушысы
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Бірде-бір тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмастан, дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иелене, пайдалана және (немесе) оған билік ете алмайды, сондай-ақ банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан көп пайызы мөлшерінде банк қабылдайтын шешімді бақылау немесе оған ықпал ету мүмкіндігіне ие бола алмайды. Бұл талап мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдарына, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан көп пайызын зейнетақы активтерінің есебінен иеленген жағдайда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, инвестициялық портфельді басқарушы банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан көп пайызын зейнетақы активтерінің есебінен иеленген, пайдаланған және (немесе) оған билік еткен жағдайда инвестициялық портфельді басқарушыға, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларға қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-заңды тұлғалары өздерінде не өздерінің бас ұйымында рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингі болған кезде банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін алу үшін уәкілетті органның келісімін ала алады. Ең төменгі рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
Банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі болып табылатын, банктің акцияларына тікелей иелік ететін жəне талап етілетін ең төмен рейтингі бар Қазақстан Республикасының басқа бейрезидент - заңды тұлғасының акцияларын (қатысу үлестерін) иелену (олармен дауыс беру) арқылы банктің орналастырылған акцияларының он немесе одан көп пайызын жанама иеленуді немесе банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп акцияларымен жанама дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының бейрезидент - заңды тұлғасы үшін осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген рейтингтің болуы талап етілмейді.
Банктің ірі қатысушылары - жеке тұлғалар банктің акцияларын өзіне меншік құқығымен тиесілі мүліктің құнынан аспайтын мөлшерде төлейді. Бұл ретте мүліктің құны (банктің бұрын иеленген акцияларының құны шегеріле отырып) банктің бұрын иеленген және иеленетін акцияларының жиынтық құнынан кем болмауға тиіс.
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1-1. Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымы ғана мынадай талаптар орындалған жағдайда:
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымында өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша қаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған қолданыстағы лицензия (қолданыстағы рұқсат) осындай мемлекеттің заңнамасы бойынша талап етілетін жағдайларда, мұндай лицензия (осындай рұқсат) болса;
2) Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын банктің акцияларын иеленуге келісім (рұқсат) осындай мемлекеттің заңнамасы бойынша талап етілетін жағдайларда, мұндай келісім (рұқсат) болса;
3) Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымында немесе оның бас ұйымында тізбесі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі болса;
4) Қазақстан Республикасының бейрезидент - қаржы ұйымы өзі резиденті болып табылатын мемлекетте шоғырландырылған қадағалауға жатса, банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты жəне банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес немесе одан көп пайызын тікелей иеленетін немесе банктің дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызымен тікелей дауыс беру мүмкіндігі бар Қазақстан Республикасының бейрезидент - банк холдингі бола алады.
2. Банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін алуға келісім беру, оны кері қайтарып алу ережелерін, осы келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1. Банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену жөніндегі талаптар өзі орналасқан елінде шоғырландырылған қадағалауға жататын және көрсетілген банктің ірі қатысушысы (банк холдингі) мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес басқа қаржы ұйымының акцияларын иелену (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі болуы) арқылы банктің акцияларын жанама иеленуші (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғаға қолданылмайды.
Егер осы Заңға сәйкес өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банк қайта ұйымдастырылатын банктердің біреуі болып табылса, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде, банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін алу жөніндегі талаптар банктің басқа банк акцияларын сатып алуы жағдайларына қолданылмайды.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-2. Банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын алым төленеді.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы болуға ниет білдірген тұлға банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мəртебесін иеленуге келісім алу үшін уəкілетті органға осы баптың 4, 4-1, 5, 6, 7 жəне 7-1-тармақтарында айқындалған құжаттар мен мəліметтерді қоса бере отырып, уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мəртебесін иелену туралы өтінішті ұсынуға міндетті.
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Өтініш берушінің банктік шотындағы, өтініш беруші:
1) жеке тұлға үшін:
кəсіпкерлік, еңбек жəне (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шет мемлекеттің заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметтен түсетін кірістер ретінде;
сыйға тарту, мұра, ұтыстар түріндегі жəне (немесе) өтеусіз алынған мүлікті, мұра ретінде алынған мүлікті сатудан - банктің сатып алынатын акциялары құнының жиырма бес пайызынан аспайтын мөлшерде;