ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
стрестік активтер нарығын дамыту мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-бапта:
13-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13-1) сервистік компания – осы Заңның 36-1-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде және (немесе) «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғамен жасалған банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты (бұдан әрі – құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты) шеңберінде банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару бойынша, оның ішінде банктік қарыз шартының және (немесе) микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту бойынша, өзімен құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты жасалған тұлғаның мүдделерін сотта білдіру бойынша, борышкерден ақша және (немесе) өзге де мүлік қабылдау бойынша өкілеттіктерге және осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шартында көзделген өзге де өкілеттіктерге ие болған, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымы, коллекторлық агенттік;»;
мынадай мазмұндағы 13-2) тармақшамен толықтырылсын:
«13-2) төлемге қабілетсіз банк – уәкілетті органның шешімімен осы Заңға сәйкес төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банк;»;
2) 5-1-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 15-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15-1) активтер, оның ішінде құқықтар (талаптар) бойынша берешекті қайта құрылымдауды жүргізуге, негізгі борышты және (немесе) сыйақыны, комиссияларды, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды), өзге де берешекті толық немесе ішінара есептен шығаруға және (немесе) олардың күшін жоюға, активтерді басқаруға және оларды өткізуге, көрсетілген әрекеттер салдарынан туындайтын ықтимал зиянды мойындауға;»;
3) 8-бап мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету болып табылған кепіл мүлік оған өндіріп алуды қолдану нәтижесінде банктің меншігіне өткен жағдайда, банк көрсетілген мүлік банктің меншігіне өткен күннен бастап үш жыл ішінде сауда-саттық (аукцион) өткізу арқылы мұндай мүлікті өткізуге міндетті. Жер учаскесін өткізу мерзімі Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып айқындалады.
Банк Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде тұрғынжайды жалға берген жағдайда, банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету болып табылған кепіл мүлікті өткізу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзім жалдау мерзіміне ұзартылады.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде белгіленген талаптар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылады.
Осы тармақтың талабы осы баптың 7-тармағында көзделген заңды тұлғалардың акциялары немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестері банктердің меншігіне өткен жағдайларға қолданылмайды.»;
4) 11-2-бап мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
«4-1. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымы құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде сервистік компания ретінде әрекет етуге құқылы.
Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымы шарттарды тіркеу журналында құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқарудың барлық шарттарын тіркейді және құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шартында берілуі көзделген қабылданатын және өзге де құжаттарды есепке алуды жүргізеді.
Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымы құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде:
тараптардың келісімі бойынша өзімен құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты жасалған тұлға берген өкілеттіктер шеңберінде банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуге құқылы. Банктік қарыз шартының және (немесе) микрокредит беру туралы шарттың талаптары осы Заңның 34-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес қарыз алушы үшін жақсартылған жағдайларда, оларды біржақты тәртіппен өзгертуге жол беріледі;
өзімен құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты жасалған тұлғаның мүдделерін сотта, оның ішінде берешекті өндіріп алу және (немесе) кепіл затына өндіріп алуды қолдану процесінде, білдіруге;
борышкерден өзімен құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты жасалған тұлғаның мүддесі үшін берешекті өтеу есебіне қолма-қол емес нысандағы ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті, кейіннен осындай ақшаны және (немесе) осындай мүлікті оның пайдасына беретін болып, қабылдауға;
бағалаушылардың, аудиторлардың, заңгерлердің және өзге де консультанттардың көрсетілетін қызметтерін пайдалануға;
құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шартында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын, сервистік компания ретінде әрекет ететін банктің еншілес ұйымына сыйақыны, сондай-ақ сенімгерлік басқарумен байланысты шығыстарды банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарға (талаптарға) ие болған тұлға құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шартының талаптарына сәйкес төлейді (өтейді).
Қарыз алушы және (немесе) оның өкілі:
1) құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шартын жасасқан тұлғадан бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымы, оның орналасқан жері, онда қарыз алушының дербес деректерінің болуы, берешектің мөлшері мен құрылымы туралы мәліметтерді алуға;
2) жүгіну себептерін негіздей отырып, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын, құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шартына сәйкес сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын банктің еншілес ұйымына банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындаумен байланысты көрсетілген шарттың талаптарын өзгерту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
4-2. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымы «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1, 2, 4-тармақтарында, 5-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 9) тармақшаларында және 6-тармағында көзделген талаптарды ескере отырып, құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде қарыз алушылармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады және құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен кредитор мен борышкердің банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулерді сақтауға міндетті.
Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымы өзінің қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған не сот бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда:
1) жоғарыда көрсетілген шешім қабылданғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде:
өзіне банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлғаға не оның нұсқауы бойынша мұндай тұлға құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқарудың жаңа шартын жасасқан сервистік компанияға құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты негізінде, өз қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылданған не сот оның қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған күнге бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымына берілген, банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) бойынша барлық мәліметтер мен құжаттарды беруге;
құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқарудың жасалған барлық шарттарын бұзуға міндетті.
Өзіне банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлға не мұндай тұлға құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқарудың жаңа шартын жасасқан сервистік компания осы тармақтың екінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацында көзделген жағдайда, мәліметтер мен құжаттардың қабылдануын қамтамасыз етуге міндетті;
2) жоғарыда көрсетілген шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде бұл туралы:
құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шартында көзделген тәсілдермен өздерімен құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарттары жасалған тұлғаларды;
өздеріне банктік қарыз шарттары немесе микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарттары негізінде берілген борышкерлерді мына тәсілдердің бірімен:
бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымының борышкерлермен байланыстарға арналған телефон нөмірлерінен телефонмен сөйлесу арқылы;
жеке кездесулер арқылы;
борышкер – жеке тұлғаға тұрғылықты жері (заңды мекенжайы) бойынша, борышкер – заңды тұлғаға орналасқан жері (нақты мекенжайы) бойынша жіберілетін жазбаша (пошталық) хабарламалар арқылы;
ұялы байланыс бойынша мәтіндік, дауыстық және өзге де хабарлар арқылы;
Интернет желісі арқылы хабардар етуге міндетті.»;
5) 34-баптың 14-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) үшінші тұлғаға берілген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасымен кредитордың қарыз алушымен банктік қарыз шарты шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулердің күші қарыз алушының өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) берілген үшінші тұлғамен құқықтық қатынастарына қолданылады, ал банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасымен кредитордың қарыз алушымен банктік қарыз шарты шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулердің күші қарыз алушының сервистік компаниямен құқықтық қатынастарына қолданылады.
Өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) берілген үшінші тұлғаның, сондай-ақ сервистік компанияның Қазақстан Республикасының заңнамасымен кредитордың қарыз алушымен банктік қарыз шарты шеңберіндегі өзара қатынастарына қойылатын талаптар мен шектеулерді бұзуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.»;
6) 36-баптың 2-1-тармағының 3) тармақшасы «қарыз алушыда» деген сөздерден кейін «жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 36-1-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның құқықтарды (талаптарды) мынадай тұлғаларға:
коллекторлық агенттікке;
банкке;
банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға;
бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымына;
екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға;
секьюритилендіру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясына;
акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын тұлғаға;
қаражатты банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда шартты түрде орналастыру арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру жөніндегі мәміле шеңберінде жасалған банктік қарыз шарты бойынша – жеке кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорына;
жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты банктік қарыз шарты бойынша немесе заңды тұлғаның халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес құнсыздану белгілері, оның ішінде банктік қарыз шарты бойынша құқыққа (талапқа) ие болған немесе ол туындаған (жасалған) кезде анықталған банктік қарыз шарты бойынша құқыққа (талапқа) қатысты өзге тұлғаға беруін қоспағанда, банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) үшінші тұлғаға беруді жүргізуіне тыйым салынады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің оныншы абзацында аталған тұлға банктік қарыз шарты бойынша алынған құқықтарды (талаптарды) мынадай жағдайлардың бірінде:
құқықтар (талаптар) жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты банктік қарыз шарты бойынша алынғанда;
құқықтар (талаптар) берешегінің мөлшері басқаға беру күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 16 500 еселенген мөлшерінен аспайтын заңды тұлғаның банктік қарыз шарты бойынша алынғанда;
егер өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлға Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылса, сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына береді.
Банктік қарыз шарттары бойынша құқықтар (талаптар) мынадай шарттар бір мезгілде орындалған кезде:
1) коллекторлық агенттік жарғылық капиталының, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымы бас ұйымның меншікті капиталының мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген ең аз мәннен төмен емес мәнді құрағанда;
2) қызметті:
банкке немесе банк холдингіне банктің бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын еншілес ұйым құруына рұқсат берілген;
коллекторлық агенттік коллекторлық агенттіктер тізіліміне енгізілген кезден бастап үш жыл бойы жүзеге асырғанда;
3) сервистік компаниялар тізіліміне енгізу күніне уәкілетті орган қолданған орындалмаған және (немесе) қолданыстағы қадағалап ден қою шаралары немесе шектеулі әсер ету шаралары және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 211-1-бабында және 227-бабының бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар болмағанда;
4) сервистік компанияның бірінші басшысында алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы болмағанда;
5) сервистік компания уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келгенде, сервистік компанияға берілуі мүмкін.
Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымдарына және банктік қарыз шарттары бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін сервистік компаниялар ретінде әрекет ететін коллекторлық агенттіктерге қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін сервистік компаниялардың тізілімін жүргізеді және оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
Сервистік компанияны сервистік компаниялар тізілімінен шығару құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шартын бұзу үшін негіз болып табылады.
Банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінің оныншы абзацында аталған тұлға банктік қарыз шарты бойынша өзіне берілген құқыққа (талапқа) қатысты кредитордың құқықтарын сервистік компаниямен жасалған құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде не оны осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға қайта беру арқылы іске асырады.
Сервистік компаниямен құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты бұзылған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінің оныншы абзацында аталған тұлға басқа сервистік компаниямен құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шартын жасасуға не құқықтарды (талаптарды) осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға қайта беруге міндетті.
Осы тармақтың талаптары банктің құқықты (талапты) соңғы сатыдағы қарыз бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беру жағдайларына қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым мүлік кепілімен қамтамасыз етілген банктік қарыз шарты бойынша құқықты (талапты) осы баптың 4-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға құқық (талап) берілгенге дейін соңғы алты ай ішінде «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы жүргізген мүлік құнын бағалаусыз беруге құқылы емес.»;
6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Бір қарыз алушыға қатысты банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды), бұл құқықтар (талаптар) секъюритилендіру мәмілесінің нысанасы болып табылатын жағдайларды қоспағанда, бірнеше тұлғаға беруге жол берілмейді.
7. Банктік қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру шарты (бұдан әрі – басқаға беру шарты) жасалған кезде, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым:
1) басқаға беру шарты жасалғанға дейін қарыз алушыны (немесе оның уәкілетті өкілін) банктік қарыз шартында көзделген не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілмен, банктік қарыз шарты бойынша құқықтардың (талаптардың) үшінші тұлғаға өту мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осындай басқаға берумен байланысты қарыз алушының дербес деректерінің өңделетіні туралы хабардар етуге;
2) қарыз алушыны (немесе оның уәкілетті өкілін) банктік қарыз шартында көзделген не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін тәсілмен, үшінші тұлғаға банктік қарыз шарты бойынша құқықтардың (талаптардың) өтіп кеткені туралы, басқаға беру шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, банктік қарыз шарты бойынша одан әрі төлемдерді үшінші тұлғаға (өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлғаның не банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілген жағдайда – сервистік компанияның атауын, орналасқан жерін және банктік деректемелерін) жүзеге асыру қажеттілігін, банктік қарыз шарты бойынша берілген құқықтардың (талаптардың) көлемін, банктік қарыз шарты бойынша берешектің мөлшері мен құрылымын (негізгі борышты, сыйақыны, комиссияларды, тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) және төленуге жататын басқа да сомаларды көрсете отырып, хабардар етуге;
3) өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлғаға не сервистік компанияға (банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда) мынадай құжаттарды:
банктік қарыз шартын;
кепіл шартын және кепіл затына құқық белгілейтін құжаттарды (банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау кепілмен қамтамасыз етілген жағдайда);
кепілгерлік немесе кепілдік шартын (банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау кепілгерлікпен немесе кепілдікпен қамтамасыз етілген жағдайда);
құқықтарды (талаптарды) басқаға беру күніне қарыз алушы берешегінің есеп-қисабын;
қарыз алушымен наразылық хат алмасуды (бар болса);
қарыз алушы – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарын, қарыз алушы – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты;
қарыз алушының берешекті өтегенін растайтын құжаттарды;
кепілге салынған мүлікті өткізу жөніндегі құжаттарды (бар болса);
басқаға беру шартына сәйкес өзге де құжаттарды беруге міндетті.
Барлық құқықтар (талаптар) қарыз алушыға берілген жағдайда, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап) берілген тұлғаға өздерінде бар барлық құжаттардың түпнұсқаларын береді, ал банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда, көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары сервистік компанияға беріледі.
Банк (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым), өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлға, сервистік компания банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқаларын жоғалтқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Құқықтардың (талаптардың) бір бөлігі қарыз алушыға берілген жағдайда, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осындай құқықтарды (талаптарды) куәландыратын құжаттардың түпнұсқаларын сақтауға және көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқық (талап) ішінара берілген тұлғаға беруге құқылы, ал банктік қарыз шарты бойынша құқықтардың (талаптардың) бір бөлігі сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына берілген жағдайда, көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері сервистік компанияға беріледі;
4) басқаға беру шарты жасалғаннан кейін банктік қарыз шарты бойынша берешекті өтеу есебіне алынған ақшаны өзіне банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлғаның банктік шотына әрбір қарыз алушы бойынша төлемдердің таратып жазылуын бере отырып, аударуға міндетті.
8. Өзіне банктік қарыз шарты бойынша банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның құқығы (талабы) берілген тұлғаның осындай құқықты (талапты) осы бапта көзделген шарттарды сақтамай, қайта беруіне тыйым салынады.»;
8) 50-баптың 4-тармағының екінші бөлігінде:
1-3) тармақшадағы «талап ету құқығын» деген сөздер алып тасталсын;
2), 8) және 8-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ол бойынша құқықтар (талаптар) бағалы қағаздар бойынша қамтамасыз ету ретінде берілетін банктік қарыз шарты (берілген кредит) бойынша, оның ішінде секьюритилендіру мәмілесін жүзеге асыру шеңберінде мәліметтерді бағалы қағаздар эмитентіне және бағалы қағаздарды ұстаушылардың өкіліне ұсыну;»;
«8) банктік қарыз шарты бойынша құқықтар (талаптар) басқаға берілген (қайта берілген) кезде осы Заңның 36-1-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғалардың осы Заңның 36-1-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға банктік қарыз шарты (берілген кредит) бойынша ақпарат беруі;»;
«8-2) осы Заңның 36-1-бабына сәйкес құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде осы Заңның 36-1-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғалардың коллекторлық агенттікпен жасалған берешекті өндіріп алу туралы шарт шеңберінде осы коллекторлық агенттікке немесе сервистік компанияға кредит (қарыз) бойынша ақпарат беруі;».
2. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 18-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы «, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде және (немесе) «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғамен жасалған банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын сервистік компаниялар (бұдан әрі – сервистік компаниялар), «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабының 4-тармағы бірінші бөлігінің оныншы абзацында және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 5-тармағы бірінші бөлігінің сегізінші абзацында аталған тұлғалар, егер банктік қарыз шарты бойынша және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша алынған құқықтарды (талаптарды) осы тұлғалар сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына бермесе;» деген сөздермен толықтырылсын;