41) жаңа тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнатылуын бақылау;
42) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасының орындалуын бақылау;
43) лицензиаттың лицензияда көрсетілген шарттарды сақтауын бақылау;
44) жеке және заңды тұлғалардың тарих және мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіруін бақылау;
45) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар беру;
46) тиісті органдарға Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының бұзылуына кінәлі лауазымды адамдарға тәртіптік жазалау шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгізу;
47) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) орталық және жергілікті атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуын бақылау;
48) мұрағат ісі, мемлекеттік, ведомстволық, жеке мұрағаттар жөніндегі заңнаманың сақталуын бақылау;
49) Қазақстан Республикасының ақпарат, телерадио хабарларын тарату, мұрағат ісі мен құжаттама саласындағы заңнамасының орындалуын бақылау;
50) іс жүргізу мәселелеріне салааралық ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық жасау және іс жүргізудің жай-күйін, республикалық меншіктегі құжаттардың ведомстволық сақталуын бақылау;
51) мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды іске асыру жөніндегі қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
52) театр, музыка өнерін, кинематографияны, кітапхана және мұражай ісін дамыту жөніндегі республикалық маңызы бар мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдау және үйлестіру, мәдениет саласындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ету;
53) музыка және театр өнері саласында репертуарлық саясатын үйлестіру;
54) республика (ауылдық, кенттік, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық) мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіру;
55) меншік нысанына қарамастан, шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен мәдениет мәселелері жөніндегі өзара іс-қимыл жасау;
56) терминологиялық және ономастикалық комиссиялардың қызметін үйлестіру;
56-1) телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиіліктердің белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткізу;
56-2) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткізу;
56-3) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткізу;
56-4) Қазақстан Республикасының аумағында таралатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асыру;
56-5) Қазақстан Республикасының аумағында есепке қойылған және таратылатын отандық және шетелдік теле-, радиоарналардың тізілімін жүргізу және оны интернет-ресурста жариялау;
56-6) телерадио хабарларын тарату операторларының есепке қою рәсімінен өткен шетелдік теле-, радиоарналарды тарату бөлігіндегі Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
56-7) көпарналы хабар таратуда таратылуына байланысты міндетті теле-, радиоарналардың санын айқындау;
56-8) отандық теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асыру;
56-9) ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру;
56-10) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабарларын тарату саласындағы заңнамаларының сақталуын бақылауды және мониторингті жүзеге асыру жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн үйлестiру;
56-11) уәкілетті органдарға адамдардың өміріне, денсаулығына төнген қауіп-қатер және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қалыптасқан кездегі іс-қимыл тәртібі туралы халықты хабардар ету үшін, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделерінде телерадио хабарларын тарату желілерін пайдалану жөнінде ұсыныстар енгізу.
57) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жөніндегі функциялар жүктелуі мүмкін.
3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
16. Министр Министрлікке басшылық жасайды және Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
17. Министрді Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен 18-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
18. Министр:
1) өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді;
2) қызметі өз бақылауында болатын комитеттердің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) жауапты хатшының келісімімен комитет басшыларының орынбасарларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
3-1) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады;
4) Қазақстан Республикасы Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді.
19. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.
20. Үкіметтің, Министрдің қызметтен кетуі жауапты хатшының өкілеттігін тоқтатуға әкеліп соқпайды.
21. Жауапты хатшы өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Президентіне, Премьер-Министрге, Министрге есеп береді.
ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.29.04. № 468 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.01.08. № 888 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 22-тармақ өзгертілді
22. Жауапты хатшы:
1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау мен пайдалану, тіл саясаты салаларында Министр қалыптастыратын саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді және оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;
2) Министрлік аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді;
3) Министрліктің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) Министрмен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Министрліктің штат санының лимиті шегінде Министрліктің, комитеттердің құрылымы мен штат санын бекітеді;
5) Министрмен келіскеннен кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
7) Министрліктің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
8) Министрмен келіскеннен кейін Министрліктің департаменттері мен басқармалары басшыларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
9) Министрмен комитеттердің басшылары тағайындау үшін ұсынатын комитеттер басшыларының орынбасарларын тағайындауды келіседі;
10) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
11) Министрмен келісім бойынша Министрліктің қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
12) Министрмен келісім бойынша еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
13) Министрліктің Республика Президенті, Республика Үкіметі және Министр бекітетін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
14) Министрліктің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрге бекітуге ұсынады;
15) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, бюджеттік өтінімді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін Министрге ұсынуды, сондай-ақ бюджет үдерісінің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
16) Министрмен келіскеннен кейін Министрлікті қаржыландыру жоспарын және Министрліктің қаржылық есептілігін әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді;
17) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
18) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
19) Министрлікке келісуге түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
20) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;
20-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықаралық шарттардың мәтіндерін дәйектейді, оларға қол қояды және қабылдайды;
21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Республика Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
23. Өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді орындау үшін жауапты хатшы:
1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
2) өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
3) жеке қолданылатын құқықтық актілер қабылдауға құқылы.
24. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған жүктелген міндеттерді орындауға жауапты болады.
25. Министрліктің консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын Министр Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатарынан бекітеді.
26. Министрлік қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттіктері Министрліктің жұмыс регламентімен және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелермен белгіленеді.
4. Министрліктің мүлкі
27. Министрліктің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады.
Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
28. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
29. Министрліктің өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен алынған мүлікті, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
30. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң
2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2005.20.09. № 928 (бұр.ред.қара); 2005.17.11. № 1132 (бұр. ред. қара); 2006.29.03. № 211 (бұр.ред.қара); 2006.16.05. № 405 (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 1313 ; 2007.03.09. № 763 (бұр ред.қара) қаулыларымен тізбе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2008.26.06. № 610 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.21.11. № 1080 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.31.03. № 252 Қаулысымен (бұр. ред. қара) тізбе өзгертілді
ҚР Үкіметінің 2012.12.03. № 319 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың
тізбесі
«Достық үйі - Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
ҚР Үкіметінің 2010.30.06. № 675 қаулысымен тізбемен толықтырылды
Тізбе. ҚР Үкіметінің 2011.01.08. № 888 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң
2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзілетiн
өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2012.07.06. № 753 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі» деген бөлiмнiң тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі»;
«Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі» деген бөлiмнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетi»;
«Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі» деген бөлiмнiң тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгінiң Спорт iстерi комитетi»;
реттiк нөмiрi 517-1-жолда «Алматы қаласы» деген сөздер «Астана қаласы» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестеріне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігіне» деген бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетiне».
4. «Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитетінiң мемлекеттік мекемелерiн құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 21 сәуірдегі № 445 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 18, 229-құжат):
тақырыпта және мәтiнде:
«Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінiң Ақпарат және мұрағат» деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң
2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi жойылған
кейбір шешімдерiнiң тiзбесi
1. «Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитетiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 7 мамырдағы № 543 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 17, 184-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 2 тамыздағы № 1093 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерістер мен толықтырудың 26-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 40, 343-құжат).
3. «Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігiнің мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1755 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 51, 505-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 қаңтардағы № 1 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 1, 2-құжат).
5. «Туристiк қызметті лицензиялау мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 7 ақпандағы № 179 қаулысы 3-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 5-6, 71-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1755 қаулысына өзгерiс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 13 мамырдағы № 703 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 22, 250-құжат).
7. «Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгінiң қарауындағы ұйымдарды басқаруды жетiлдiрудiң жекелеген мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 13 мамырдағы № 706 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 22, 251-құжат).
8. «Достық» оқу-спорт кешенi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 шiлдедегi № 997 қаулысы 3-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 28, 332-құжат).
9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 қаңтардағы № 1 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 14 шiлдедегi № 1070 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 29, 362-құжат).
10. «Қазспортқамтамасызету» басқармасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 14 шiлдедегi № 1071 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 29, 363-құжат).
11. «H. Әбдiров атындағы спорт комбинаты» мемлекеттік кәсiпорнының жекелеген мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 ақпандағы № 285 қаулысы 4-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 8, 84-құжат).
12. «Спорт медицинасы мен оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жекелеген мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 2 наурыздағы № 323 қаулысы 4-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 9, 102-құжат).
13. «Туристік қызметтi лицензиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегi № 1213 қаулысы 2-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 33, 428-құжат).
ҚР Үкіметінің 2005.28.01 № 73 (бұр. ред. қара) қаулысымен 14-тармақ өзгертілді
14. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң «Орталық жүзу бассейнi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 26 қыркүйектегi № 1253 қаулымен бекітiлген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы
15. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігiнiң «Олимпиадалық даярлау орталығы» және «Спортшылардың допингке қарсы зертханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 27 ақпандағы № 251 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 6, 58-құжат).
16. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 және 2000 жылғы 3 қаңтардағы № 1 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 20 наурыздағы № 343 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 9, 81-құжат).
17. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң «Қазинтерспорт» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысы 3-тармағының 2) тармақшасы.
18. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігiнiң «Лениногор қаласындағы спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» мемлекеттік мекемесiн құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 19 маусымдағы № 673 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 19, 203-құжат).
19. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң Астана қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 28 қаңтардағы № 99 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 4, 50-құжат).
20. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң кейбір республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындарының мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 30 маусымдағы № 629 қаулысы 5-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 27, 261-құжат).
21. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 27 тамыздағы № 872 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 35, 356-құжат).
22. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1755 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 19 қыркүйектегі № 953 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 38, 386-құжат).
23. «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 24 қарашадағы № 1172 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 44, 477-құжат).
24. «Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1180 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 44, 480-құжат).
25. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің Өскемен қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 9 ақпандағы № 151 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 7, 91-құжат).
26. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт агенттігiнің «Спорт ғимараттарының құрылысын салу жөніндегі дирекция» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 12 ақпандағы № 169 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы.
27. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 және 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1180 қаулыларына өзгерiс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 16 ақпандағы № 179 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 8, 100-құжат).
28. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң «Олимп» спорт-сауықтыру орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 26 ақпандағы № 234 қаулысы 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 10, 25-құжат).
29. «Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитетiнiң мемлекеттік мекемелерiн құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 сәуірдегі № 445 қаулысының 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 18, 229-құжат).
30. «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң «Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кiтапханасы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 23 сәуірдегі № 461 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 19, 240-құжат).
31. «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 1 маусымдағы № 604 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 23, 292-құжат).
32. «Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 24 тамыздағы № 891 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетін өзгерістердiң 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 30, 415-құжат).