Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң мәселелерi Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 қарашадағы № 1172 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 21.04.04 ж. № 445; 23.04.04 ж. № 461; 14.10.04 ж. № 1051
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1130 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру туралы" 2003 жылғы 13 қыркүйектегi № 1189 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекітiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң Мәдениет комитетi функциялары мен өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігіне берiле отырып, таратылсын.
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігіне екi вице-министр болуға рұқсат етiлсiн.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі" деген бөлімде:
тақырыбында ", ақпарат және қоғамдық келісім" деген сөздер алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 415-15 жолдағы "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетiнің" деген сөздер алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 512-19-жол алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитетiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 7 мамырдағы № 543 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 17, 184-құжат):
тақырыбында және мәтінінде ", ақпарат және қоғамдық келісім" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегі комитетi туралы ережеде:
тақырыбында және мәтінінде ", ақпарат және қоғамдық келiсім" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегi комитетінің қарауындағы ұйымдардың тiзбесінде:
тақырыбында ", ақпарат және қоғамдық келісім" деген сөздер алынып тасталсын.
5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiнің күшi жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 24 қарашадағы № 1172 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі туралы
ереже
1. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі (бұдан әрi Министрлiк) мәдениет, жастар саясаты, тiлдердi дамыту, мұрағат iсi мен құжаттама саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, заңнамаға сәйкес мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын орындауға өкiлеттiк берiлген Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Министрлiктің мынадай ведомствосы бар: Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегi комитет.
2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінің кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбасы, белгiленген үлгідегi бланкiсi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық органдарында заңнамаға сәйкес шоттары болады.
Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Егер заңнамаға сәйкес оған өкiлеттік берiлген болса, Министрлiк мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарабы болуға құқылы.
4. Министрлiк өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртіппен Министрдiң бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
5. Министрлік штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
6. Министрлiктiң заңды мекен-жайы:
473000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 60.
7. Министрлiктің толық атауы - "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі" мемлекеттік мекемесi.
8. Осы Ереже Министрлiктің құрылтай құжаты болып табылады.
9. Министрлiктің қызметiн қаржыландыру тек қана республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Министрлікке Министрліктің функциялары болып табылатын функцияларды орындау мәнiнде кәсiпкерлік субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлiкке кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.
2. Министрліктің негiзгі мiндеттерi, функциялары мен
құқықтары
10. Министрлiктің негiзгi міндеттері:
1) ұлттық мәдениетті өркендету, сақтау, дамыту әрі тарату;
2) Қазақстанның мәдени-рухани дамуының жетiстiктерi мен үлгiлерiн насихаттауға бағытталған мәдени акциялар жүргiзу;
3) мемлекеттік және Қазақстанда бар басқа да тiлдердің қолданылуы мен одан әрi дамытылуының тұрақтылығын қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру;
5) мемлекеттік органдардың мәдениет, өнер, жастар саясаты, тiлдердi дамыту, мұрағат ісі мен басқаруды құжаттамалық қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесiн және құжаттаманың бiрiздендірілген жүйелерiн дамыту саласындағы қызметiн үйлестiру болып табылады.
11. Министрлiк оған жүктелген мiндеттерге сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) елдің дамуының ұзақ мерзiмдi басымдықтарына сәйкес мәдениет, өнер, тілдердi дамыту, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясаты саласындағы мемлекеттік саясатты iске асырады;
2) тарихи-мәдени мұраның сақталуын қамтамасыз етедi;
3) тарихи, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау, жаңғырту, пайдалану мен насихаттау жөніндегі басшылықты жүзеге асырады, тарих пен мәдениет ескерткiштерiн археологиялық және жаңғырту жұмыстарын жүргiзуге арналған лицензиялар бередi;
4) оның құзыретіне енетiн мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты кеңейтедi әрi тереңдетеді;
5) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнаманы жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
6) Тілдердi қолдану мен оларды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын орындауды жүзеге асырады;
7) Қазақстан Республикасындағы ономастикалық және терминологиялық жұмысты үйлестiредi;
8) Министрлiктің құзыретіне енетiн мәселелер бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдар қызметiн үйлестiредi;
9) мәдениет саласындағы өнімдер мен қызметтердiң отандық рыногын зерделеу, талдау және болжау жөнiнде жұмыс жүргiзедi;
10) Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру, сақтау, қамтамасыз ету әрi пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
12. Негiзгi мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн Министрлiк заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарға құқылы:
1) Министрлiк құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан ақпарат сұратуға;
2) нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларын әзiрлеуге қатысуға, сондай-ақ өз құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық кесімдер әзiрлеуге және бекiтуге;
3) ұйымдар құру, қайта ұйымдастыру, тарату жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
4) мәдени құндылықтардың заңсыз әкетiлуi мен оларға меншiк құқықтарын беруге кедергi келтiруге, сондай-ақ заңнамада белгiленген жағдайларда мәдениет саласындағы қызметтi шектеуге;
5) мемлекеттік, ведомстволық, жеке мұрағаттардың мұрағат iсi жөніндегi заңнаманы сақтауын мемлекеттік инспекциялауды жүргiзуге;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында оған жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
3. Министрлiктiң мүлкi
13. Министрлiктiң жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады.
Министрлiктің мүлкi оған мемлекет берген мүлiк есебінен қалыптастырылады әрi негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Министрлiк теңгерiмінде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.
14. Министрлiкке бекітілген мүлік республикалық меншiкке жатады.
15. Министрлiктің оған бекітілген мүлiктi өз бетiмен иеліктен айыруға немесе өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Министрлікке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайлар мен шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
4. Министрлiк қызметiн ұйымдастыру
16. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметiне тағайындайтын және қызметiнен босататын Министр басқарады.
Министрдің Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметіне тағайындайтын және қызметiнен босататын екi вице-министр - орынбасарлары болады.
17. Министр Министрліктің жұмысын ұйымдастырады әрі басшылық жасайды және Министрлiкке жүктелген мiндеттердi орындауы мен өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап береді.
18. Осы мақсатта Министр:
1) вице-министрлер мен Министрлiктің құрылымдық бөлiмшелері басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
2) заңнамаға сәйкес әрі өз құзыреті шегiнде Министрлiк қызметкерлерi, ведомстволық бағыныстағы ұйымдар басшыларын қызметiне тағайындайды және қызметiнен босатады;
3) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Министрлік атынан өкілдiк етедi;
4) заңнамада белгiленген тәртіппен Министрлік қызметкерлерiне көтермелеу, материалдық көмек көрсету шараларын қолданады, және тәртіптік жаза қолданады;
5) Министрлiктің құрылымдық бөлiмшелері туралы ережелердi бекiтедi;
6) Министрлiк құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен оның штат санының лимитi шегiнде белгiлейдi;
7) өз құзыретi шегінде бұйрықтар шығарады;
8) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
19. Министрлiктiң Министрдің жанындағы консультативтiккеңесшi орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын Министр бекітедi.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
20. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң
2003 жылғы 24 қарашадағы № 1172 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 21.04.04 ж. № 445; 23.04.04 ж. № 461; 14.10.04 ж. № 1051 қаулыларымен тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң қарауындағы
ұйымдардың тiзбесi
Театрлар
1. "Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны
2. "Күләш Байсейiтова атындағы Ұлттық опера және балет театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны
3. "М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны
4. "М.Ю.Лермонтов атындағы Орыс мемлекеттік академиялық драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
5. "Ғ .Мүсiрепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспiрiмдер театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
6. "Н.Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспiрiмдер театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
7. "Ұйғыр мемлекеттік республикалық музыкалық комедия театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны
8. "Корей мемлекеттік республикалық музыкалық комедия театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны
9. "Республикалық немiс драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны
10. "Мемлекеттік қуыршақ театры" мемлекеттік қазыналық кәсiпорны
Концерттiк ұйымдар
11. "Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны
12. "Қазақконцерт" мемлекеттік гастрольдiк-концерттiк бiрлестiгi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны
13. "Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
14. Қазақстан Республикасының "Салтанат" мемлекеттік би ансамблi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны
15. "Қазақстан Камератасы" классикалық музыка ансамблі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
16. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны
17. "Гүлдер" ансамблі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
18. "Ақ жауын" мемлекеттік камералық оркестрi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны
Мұражайлар
19. "Қазақстан Республикасының Президенттiк мәдени орталығы" мемлекеттік мекемесi
20. "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы" мемлекеттік мекемесi
21. "Алтын және қымбат металлдар мемлекеттік мұражайы" мемлекеттік мекемесi
22. "Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны
23. "Әбiлхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
24. "Ықылас атындағы республикалық музыкалық халық аспаптары мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
25. "Бiрегей тиектi музыкалық аспаптардың мемлекеттік коллекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны
26. "Республикалық кiтап мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
27. "Көркемсурет көрмелерінің дирекциясы" республикалық мемлекет қазыналық кәсіпорны
28. "Сәбит Мұқанов пен абит Мүсiрепов атындағы мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражай кешенi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны
Кино
29. "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық компаниясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны
Тарихи-мәдени қорықтар
30. "Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы" мемлекеттік мекемесi
31. "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғат қорықмұражайы" мемлекеттік мекемесi
32. "Әзiрет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" мемлекеттік мекемесi
33. "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және "Абай әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы" мемлекеттік мекемесi
34. "Көне Тараз ескерткiштерi" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" мемлекеттік мекемесi
35. "Тамғалы" мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғат қорық-мұражайы" мемлекеттік мекемесi
36. "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Кiтапханалар
37. "Қазақстан Республикасының Ұлттық кiтапханасы" мемлекеттік мекемесi
38. "Жамбыл атындағы республикалық мемлекеттік жасөспiрiмдер кiтапханасы" мемлекеттік мекемесi
39. "С.Бегалин атындағы республикалық мемлекеттік балалар кiтапханасы" мемлекеттік мекемесi
40. "Зағип және нашар көретiн азаматтарға арналған республикалық кiтапхана" мемлекеттік мекемесi
40-1. Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кiтапханасы
Мұрағат ұйымдары
41. "Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты" мемлекеттік мекемесi
Өзге де ұйымдар
42. "Қазақстан Республикасында Мәдениет пен өнердi қолдау мемлекеттік қоры" мемлекеттік мекемесi
43. "Қазақ мәдениет пен өнертану ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
44. "Республикалық және халықаралық мәдени бағдарламалар дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны
45. "Мемлекеттік тiлдi жеделдете оқыту республикалық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны
46. "Материалдық мәдениет ескерткіштерінің ғылыми-зерттеу және жобалау институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
47. "Республикалық мемлекеттік жөндеу-құрылыс және жаңғырту басқармасы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны
48. "Республика сарайы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 24 қарашадағы № 1172 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күші жойылған кейбір шешiмдерiнiң
тiзбесi
1. "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 500 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 16, 164-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 2 тамыздағы № 1093 қаулысымен бекітілген Үкiметтің кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 22-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 40, 343-құжат).
3. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейi" мемлекеттік мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 22 ақпандағы № 275 қаулысының 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 9-10, 104-құжат).
4. "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетiнің жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 28 наурыздағы № 449 қаулысының 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 17, 175-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 29 қыркүйектегi № 1477 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 41, 478-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсім министрлігінің жекелеген мемлекеттік мекемелерiн қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 қазандағы № 1620 қаулысы 4-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 44-45, 527-құжат).
7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 28 қазандағы № 1626 қаулысы 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 44-45, 531-құжат).
8. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы" мемлекеттік мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 қаңтардағы № 67 қаулысы 5-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 3, 26-құжат).
9. "Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығын коммуналдық меншiкке беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 19 қарашадағы № 1479 қаулысы 3-тармағының 1) тармақшасы.
10. "Қазақ мемлекеттік циркі" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын республикалық меншiктен Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 сәуірдегі № 417 қаулысы 4-тармағының 1) және 5) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 11, 106-құжат).
11. "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетiнің "Қазақстан Республикасының академиялық классикалық би ансамблі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 қаңтардағы № 84 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 3, 41-құжат).
12. "Көркемсурет көрмелерi мен аукциондар дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 3 шiлдедегi № 651 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 28, 270-құжат).
13. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 500 және 2000 жылғы 28 наурыздағы № 449 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 шiлдедегi № 654 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 28, 271-құжат).
14. "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетiнiң "Ақ жауын" мемлекеттік камералық оркестрi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 тамыздағы № 836 қаулысы 3-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 34, 341-құжат).
15. "Қазақстан Республикасы ?кіметінің кейбір шешімдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметiнің 2003 жылғы 27 тамыздағы № 872 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдеріне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 35, 356-құжат).