Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 және 2003
жылғы 26 қарашадағы № 1180 қаулыларына өзгерiс пен толықтырулар
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 ж. 16 ақпандағы № 179 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1130 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзілсiн:
1) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтілген республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiнде:
"Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі" деген 6-бөлiмдегі:
"Мемлекеттік ұлттық кiтап палатасы 51"
деген жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-бөліммен толықтырылсын:
"6-1 Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік 51";
кiтап палатасы
2) "Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1180 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 44, 480-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"Полиграфия ұйымдары" деген бөлiм мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кiтап палатасы" MM".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |