"Қазспортқамтамасызету" басқармасы" республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 14 шілдедегі № 1071 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1130 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Бұрынғы редакцияларды қара
"Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншiк объектiлерiн жекешелендiру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 10 желтоқсандағы № 1271 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң "Қазспортқамтамасызету" басқармасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны қайта құру жолымен мемлекеттің 100 пайыздық қатысуымен "Қазспортқамтамасызету" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрi "Қазспортқамтамасызету" ААҚ) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) жарғысын бекіту кезiнде Қазақстан Республикасында туризм мен спорт жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды iске асыруға қатысу республиканың ұлттық құрама командаларын спорт киiмiмен және мүкаммалмен қамтамасыз ету, туризм мен спорттың материалдық-техникалық базасын кеңейту үшiн инвестициялар тартуға қатысу "Қазспортқамтамасызету" ААҚ қызметiнiң негiзгi мәнi деп белгiлесiн;
2) "Қазспортқамтамасызету" ААҚ-ның жарғылық капиталына мына мекен-жай: Астана қаласы, Әуезов көшесi, 126 бойынша ғимаратты берсiн;
3) әдiлет органдарында "Қазспортқамтамасызету" ААҚ-ның мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2000 жылғы 14 шілдедегі
№ 1071 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне
енгізiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Акциялардың мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесіндегі:
"Алматы қ." бөлiмi мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 123-8-жолмен толықтырылсын:
"123-8 "Қазспортқамтамасызету" ААҚ".
2. "Республикалық меншiктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
Иелiк ету мен пайдалану құқығы салалық министрлiктер мен өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерi және қатысудың мемлекеттік үлестерi тізбесiндегі:
"Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 228-2-жолмен толықтырылсын:
"228-2 "Қазспортқамтамасызету" ААҚ".
3. "Ақмола облысы орталығының қоныс аударуына байланысты босайтын ғимараттар мен қызметтік үй-жайларды бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 17 маусымдағы № 796 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға қосымшадағы:
реттiк нөмiрi 21-жол алынып тасталсын.
4. ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1130 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)