Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң
мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысы
(2006.29.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 16 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру жөнiндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрiне екі вице-министрi болуына рұқсат етілсiн.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Спорт iстерi комитетi құрылсын.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегі комитетi Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрінiң Ақпарат және мұрағат комитетi етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
5. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Спорт iстерi комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгінiң Ақпарат және мұрағат комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
3) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт iстерi комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
4) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тізбесi бекітілсiн.
6. Мыналарға:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт iстерi комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінiң төрағасына екi орынбасары болуына рұқсат етiлсiн.
7. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi таратылсын.
8. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешімдерiнiң күші жойылды деп танылсын.
9. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгі осы қаулыны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
10. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат
және спорт министрлігі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінiң 2005.04.02. № 103 қаулысымен 1-тармақ толықтырылды
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі (бұдан әрi - Министрлiк) басшылықты, сондай-ақ заңнамамен көзделген шектерде оның құзыретіне жатқызылған қызмет салаларындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрлiктiң негiзгі мiндетi мәдениет, ақпарат, iшкi саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім, тiлдердi дамыту, мұрағат iсi мен құжаттама, кiтап шығару, полиграфия, дене шынықтыру және спорт салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру болып табылады.
Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар: Ақпарат және мұрағат комитеті, Спорт iстерi комитетi, Тіл комитетi.
2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлiк мемлекеттік мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті органдарында шоттары болады.
Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берілсе, Министрлiктiң мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі" мемлекеттік мекемесi.
5. Министрлiк өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгіленген тәртiппен министрдiң бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
6. Министрлiктiң штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтедi.
7. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
8. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Министрлiкке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Министрлiктің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетін қызметтi жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберіледi.
9. Министрлiктiң заңды мекен-жайы:
473000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, "Транспорт Тауэр" ғимараты.
2. Министрлiктiң функциялары және құқықтары
10. Министрлiк заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарды жүзеге асырады:
ҚР Үкіметінiң 2005.27.05. № 522 Қаулысымен 1) тармақша толықтырылды
1) мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін стратегиялық функциялар:
мәдениет, тарихи-мәдени мұра, ақпарат, iшкi саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім, тіл саясаты, мұрағат iсi және құжаттама, кiтап шығару, полиграфия, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты әзiрлеу;
өз құзыретi шегіндегі мәселелер, кино және бейнешығармалардың тiзілiмiн жасау жөніндегі мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар әзiрлеу;
Қазақстан Республикасының Министрлiктің құзыретіне жататын салалардағы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындау, нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу және дайындау (немесе қабылдау);
тарихи-мәдени мұраның сақталуын қамтамасыз ету;
тарихи, материалдық және рухани мәдениет ескерткiштерiн анықтау, есепке алу, қорғау, қайта жаңарту, консервациялау, жаңғырту, пайдалану мен насихаттау бойынша басшылықты жүзеге асыру;
басқа мемлекеттік органдармен бiрлесiп мұрағат iсi мен іс жүргiзудің мемлекеттік жүйесiн дамытуды және жетiлдiрудi қамтамасыз ету;
спорт жарыстарын өткізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмiздерiнiң қолданылу тәртібін айқындау;
Министрлiктiң құзыретіне жататын салалардағы қатынастарды реттейтін халықаралық шарттарды жасасу, орындау және олардың күшiн жою жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
спорт және дене шынықтыру қызметкерлерiн спорт пен дене тәрбиесi саласындағы құрметті атақтармен көтермелеудiң, спорттық атақтар мен дәрежелер, төрешi санаттарын, санаттар берудiң салалық жүйесiн бекіту;
мемлекет қызметiнiң әлеуметтiк мәнi бар салаларында әлеуметтiк-ақпараттық және коммуникациялық технологиялар әзiрлеу;
мемлекеттік мұрағаттарды техникалық жағынан жарақтандыру, мұрағаттық технологияларды, оның iшiнде автоматтандырылған ақпараттық-iздестiру жүйелерi мен дерекқорларын енгізу саласындағы саясатты айқындау;
тұрғын аудандарды, әкімшілік ғимараттарды, мектепке дейiнгi мекемелер мен оқу орындарын қолданылып жүрген қала құрылысы нормаларының негiзiнде спорттық ғимараттарымен қамтамасыз етудiң нормативтерін әзiрлеу және бекіту;
ҚР Үкіметінiң 2005.04.02. № 103 (бұр. ред. қара); 2005.27.05. № 522 Қаулыларымен 2) тармақша өзгертілді
2) мемлекеттік саясаттың iске асырылуын қамтамасыз ететiн функциялар:
Министрлiктiң құзыретiне жататын салаларда мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды iске асыру;
Министрлiктiң құзыретiне жататын салаларда қолданбалы және ғылыми зерттеулер жүргiзудi ұйымдастыру;
Министрлiктiң құзыретіне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілiкті атқарушы органдардың, ведомстволық бағыныстағы және өзге де ұйымдардың қызметін үйлестіру;
Мемлекеттік рәмiздер жөнiндегі республикалық комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік сыйлығын, әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Мемлекеттік сыйлықты, көрнектi әдебиет және өнер қайраткерлерiне Мемлекеттік стипендияны беру жөніндегі комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру;
республика дамуының жалпыұлттық мемлекеттік стратегиясын түсiндiру мен насихаттауды қамтамасыз ету;
Министрлiктiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдау материалдарын, сараптамалық және болжамдық бағалаулар дайындауды жүзеге асыру;
ақпараттық кеңiстiкке, республикада жүрiп жатқан қоғамдық-саяси процестерге, мәдениет, мұрағат iсi, кiтап шығару, дене шынықтыру және спорт салаларындағы өнiмдер мен қызметтер рыногына талдау жүргiзу;
саяси партиялармен, қоғамдық бiрлестiктермен, үкiметтік емес ұйымдармен, кәсiптiк одақтармен және өзге де ұйымдармен Министрлiктiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша өзара iс-қимыл жасау;
мәдениет, өнер және кинематография қайраткерлерiне Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын беру туралы ұсыныстар жасау;
Министрлiктiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Қазақстанның жетістіктерi мен мәдени-рухани дамуының үлгілерiн насихаттауға бағытталған әртүрлi өнер туындыларын жасауды қамтамасыз ететiн халықаралық және республикалық мәдени және өзге де iс-шаралар өткізу;
iшкi саяси тұрақтылықты, азаматтық бейбiтшілiк пен ұлтаралық келісімді сақтауға, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де iс-шаралар, акциялар мен конкурстар өткізу;
спорттық нышандарды (эмблемалар, тулар, вымпелдер, омырауға тағатын белгілер) бекіту және оларды пайдалану тәртібін белгілеу;
бәсекеге қабiлеттi мәдени өнiмдер мен қызметтер жасау, импорт алмастыру және экспорттық мүмкiндiктердi кеңейту үшiн қажеттi жағдайлар жасау;
өз құзыретiнiң шегiнде мемлекеттік демографиялық саясатты iске асыруға қатысу;
бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлетті органмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының ұлттық штаттық командаларына қабылданған спортшыларды материалдық қамтамасыз етуге, соның ішінде спортшыларды тамақтандыруға, фармакологиялық қалпына келтiру құралдарымен қамтамасыз етуге арналған теңгедегi және шетел валютасындағы қаражатты шығыстау нормаларын, Олимпиадалық, Параолимпиадалық, Азия, Шығыс Азия ойындары мен басқа да халықаралық жарыстарға қатысушылар үшiн тәулiктiк шығыстарды бекіту;
жетекшілiк ететiн салалардағы қызметкерлердi аттестациядан өткізу ережесін бекіту;
мемлекеттік құпиялардың және заңмен қорғалатын басқа да құпиялардың сақталуын қамтамасыз ету;
ҚР Үкіметінiң 2005.04.02. № 103 қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) мемлекеттік саясаттың iске асырылуын бақылауды және қадағалауды қамтамасыз ететiн функциялар:
археологиялық және тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қайта жаңарту жұмыстарын жүргiзуге арналған лицензиялар, сондай-ақ, мәдени құндылықтарды уақытша әкелуге және әкетуге рұқсаттар беру;
Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының құрамын және оларды пайдалану тәртібін айқындау.
11. Негiзгi мiндеттер мен функцияларды iске асыру үшiн Министрлiктiң заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан Министрлiктiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпарат сұратуға;
2) Министрлiктiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша ведомствоаралық үйлестiрудi жүзеге асыруға;
3) мәдени құндылықтардың заңсыз әкетiлуi мен әкелiнуiне кедергі келтiруге, сондай-ақ, заңнамада белгiленген жағдайларда мәдениет саласындағы қызметтi шектеуге;
4) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, тарату мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мерзiмдi баспасөз басылымдарының бақылау даналарын тегiн алуға құқығы бар.
3. Министрлiктің мүлкi
12. Министрлiктің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады.
Министрлiктің мүлкі оған мемлекет берген мүлiктің есебiнен қалыптастырылады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Министрлiктiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.
13. Министрлiкке бекiтілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
14. Министрлiктің өзiне бекiтілген мүлiктi өз бетімен иелiктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
Министрлікке республика заңнамасында белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке иелік ету құқығы берiлуi мүмкін.
4. Министрлiктің қызметiн ұйымдастыру
15. Министрлiк, және оның ведомстволары, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдары Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң бiрыңғай жүйесiн құрады.
16. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын министр басқарады.
Министрдің Қазақстан Республикасының Үкіметі министрдің ұсынуы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары вице-министрлерi болады.
17. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Министрлiкке жүктелген мiндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауаптылықта болады.
18. Осы мақсатта министр:
1) вице-министрлерді, Комитеттердiң төрағаларын тағайындау жөнiнде Үкiметке ұсыныс енгiзедi;
2) вице-министрлер мен Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттіктерiн белгілейдi;
3) заңнамаға сәйкес және өз құзыретiнiң шегiнде Министрлiктiң қызметкерлерiн, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Министрлiктi бiлдiредi;
5) заңнамада белгіленген тәртiппен Министрлiк қызметкерлерi мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету және тәртiптік жаза қолдану мәселелерiн шешеді;
6) мемлекеттік кәсiпорындарды қоспағанда, Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi, ведомстволық бағыныстағы ұйымдары туралы жарғыларды және/немесе ережелердi бекiтедi;
7) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен штат санының лимиті шегiнде Министрлiктiң құрылымын белгiлейдi;
8) Министрлік ведомстволарының басшылары кесiмдерінің күшін толығымен не iшiнара жояды немесе тоқтата тұрады;
9) өз құзыретiнің шегiнде бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
10) Министрлiктiң жұмыс регламентiн бекiтедi;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
19. Министрлiктiң министрдің жанындағы консультативтiк-кеңесші орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын министр бекiтедi.
5. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату
20. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң
2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2005.20.09. № 928 (бұр.ред.қара); 2005.17.11. № 1132 (бұр. ред. қара); 2006.29.03. № 211 (бұр.ред.қара) қаулыларымен тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт
министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
Театрлар
1. "Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
2. "Күләш Байсейiтова атындағы ұлттық опера және балет театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
3. "М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
4. "М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны.
5. "Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспiрiмдер театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
6. "Н.Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспiрiмдер театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
7. "Республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
8. "Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
9. "Республикалық немiс драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
10. ҚР Үкіметінің 2006.14.03 № 158 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
Концерттiк ұйымдар
11. ҚР Үкіметінің 2005.17.11. № 1132 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
12. "Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
13. "Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
14. "Қазақстан Республикасының "Салтанат" мемлекеттік би ансамблi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны.
15. "Қазақстан Камератасы" классикалық музыка ансамблi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
16. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны.
17. ҚР Үкіметінің 2005.17.11. № 1132 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
18. "Ақ жауын" мемлекеттік камералық оркестрi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны.
19. ҚР Үкіметінің 2005.17.11. № 1132 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
20.ҚР Үкіметінің 2006.29.03. № 211 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
20-1. Қазақ әуендерi" акционерлік қоғамы.
Мұражайлар
21. "Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы" мемлекеттік мекемесi.
22. "Алтын және бағалы металдар мемлекеттік мұражайы" мемлекеттік мекемесi.
23. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны.
24. "Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны.
25. ҚР Үкіметінің 2006.14.03 № 158 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
26. "Сирек кездесетiн қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
27. "Республикалық кiтап мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
28. "Көркемсурет көрмелерi дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны.
29. ҚР Үкіметінің 2006.14.03 № 158 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
Кино
30. "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық компаниясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Тарихи-мәдени қорықтар
31. "Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы" мемлекеттік мекемесi.
32. "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы" мемлекеттік мекемесi.
33. "Әзiрет-Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" мемлекеттік мекемесi.
34. "Абайдың мемлекеттік "Жидебай-Бөрiлі" тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы" мемлекеттік мекемесi.
35. "Ежелгі Тараз ескерткiштерi" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы" мемлекеттік мекемесi.
36. "Таңбалы" мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы" мемлекеттік мекемесi.
37. "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны.
Кiтапханалар
38. "Қазақстан Республикасының Ұлттық кiтапханасы" мемлекеттік мекемесi.
39. ҚР Үкіметінің 2006.14.03 № 158 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
40. ҚР Үкіметінің 2006.14.03 № 158 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
41. "Зағип және нашар көретiн азаматтарға арналған республикалық кiтапхана" мемлекеттік мекемесi.
42. "Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кiтапханасы" мемлекеттік мекемесi.
Өзге де ұйымдар
43. "Қазақстан Республикасында Мәдениет пен өнердi қолдау мемлекеттік қоры" мемлекеттік мекемесi.
44. "Қазақ мәдениет және өнертану ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны.
45. ҚР Үкіметінiң 2005.04.02. № 103 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
46. "Материалдық мәдениет ескерткiштерiнiң ғылыми-зерттеу және жобалау институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
47. "Қазқайтажаңарту" республикалық мемлекеттік кәсiпорны
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң
2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір
шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген 1-қосымшада:
реттiк нөмiрлерi 36, 42, 45-жолдар жаңа редакцияда жазылсын:
"36. Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарындағы
Мәдениет, ақпарат және спорт қызметті қоспағанда, дене
министрлігінің Спорт iстерi шынықтыру-сауықтыру, спорттық
комитетi қызметтер көрсету жөніндегі
қызмет;
42. Қазақстан Республикасы археологиялық және тарихи,
Мәдениет, ақпарат және спорт мәдени ескерткіштерге
министрлігі реставрациялық жұмыстарды
жүзеге асыру жөнiндегі қызмет;
45. Қазақстан Республикасы телевизия және (немесе) радио
Мәдениет, ақпарат және спорт хабарларын таратуды
министрлігінiң Ақпарат және ұйымдастыру жөніндегі
мұрағат комитетi қызмет;".
2. "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі" деген бөлiмнiң тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі";
"Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі" деген бөлiмнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетi";
"Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі" деген бөлiмнiң тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгінiң Спорт iстерi комитетi";
реттiк нөмiрi 517-1-жолда "Алматы қаласы" деген сөздер "Астана қаласы" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестеріне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігіне" деген бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетiне".