Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің «Қазинтерспорт» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын тарату туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 30 наурыздағы № 382 қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің «Қазинтерспорт» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) таратылсын.
2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |