Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң
қарауындағы ұйымдарды басқаруды жетiлдiрудiң жекелеген мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 мамырдағы № 706 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 28.07.00 ж. № 1156; 29.10.04 ж. № 1130 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
Бұрынғы редакцияларды қара
Халықаралық деңгейдегi спортшылар мен спорт резервiн даярлау жөніндегі жекелеген мемлекеттік кәсiпорындарды басқаруды жетiлдiру, сондай-ақ бюджеттік қаражатты тиiмдi пайдалану мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсiпорын туралы" заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналар:
1) "Штаттық ұлттық командалар дирекциясы", "Спорт резервiн даярлау республикалық оқу-жаттығу орталығы", "Спортшылардың допингке қарсы республикалық зертханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындарын, "Монтажник" спорттық-сауықтыру кешенi" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қосу арқылы "Штаттық ұлттық командалар және спорт резервi дирекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны;
2) "Спорт & ks" газетiнiң редакциясы" мемлекеттік мекемесi - "Спорт & ks" газетiнiң редакциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ осы қаулының 1-тармағына сәйкес құрылатын кәсiпорындарға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектiсiнiң функциясын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi белгiленсiн.
3. Осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi нысанасы болып:
1) штаттық, ұлттық командаларды ұстау;
2) халықаралық деңгейдегi спортшылар мен спорт резервiн даярлау;
3) Олимпиада және Азия ойындарына, әлем және Азия чемпионаттарына, басқа да халықаралық спорт жарыстарына қатысуға спортшылардың дайындалуын қамтамасыз ету;
4) дене тәрбиесi мен бұқаралық спортты дамыту деп айқындалсын.
4. "Қазинтерспорт" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорыны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
5. Мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ Кәсiпорынға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi белгiленсiн.
6. Кәсiпорын қызметiнiң негізгі нысанасы болып:
1) Қазақстан спортшылары мен жаттықтырушыларының шетелдік спорт ұйымдарына қатысуы мәселесiн реттеу;
2) Қазақстан спортшылары мен жаттықтырушыларының шетелдiк спорт ұйымдарына қатысуы жөнiнде клубтармен, халықаралық спорт ұйымдарымен келісім-шарттар жасасу деп айқындалсын.
7. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен бiр ай мерзiмде:
1) осы қаулының 1 және 4-тармақтарында көрсетiлген Кәсiпорындардың жарғыларын бекiтсiн;
2) олардың мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
8. Қоса берiлiп отырған қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн.
9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2000 жылғы 13 мамырдағы
№ 706 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдерiне енгiзiлетiн
өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 28.07.00 ж. № 1156 қаулысымен күші жойылды
2. ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1130 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)