"Достық" оқу-спорт кешені" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын
қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3
шілдедегі № 997 қаулысы (ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1130
қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгiнiң "Достық" оқу-спорт кешенi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны қайта құру жолымен мемлекеттің 100 пайыздық қатысуымен "Достық" спорт кешенi" ашық акционерлік қоғамына (бұдан әрi - "Достық" СК" ААҚ) қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) жарғысын бекіту кезiнде "Достық" СК" ААҚ қызметiнiң негiзгi нысанасын Қазақстан Республикасында спортты дамытуға, халықаралық жарыстар мен ел чемпионаттарын өткiзуге қатысу деп белгiлесiн;
2) әдiлет органдарында "Достық" СК" ААҚ-ның мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) "Достық" СК" ААҚ-ның жарғылық капиталына Алматы қаласы, Абай даңғылы, 48 мекен-жайы бойынша ғимаратты берсiн;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестердiң тiзбесіндегі:
"Алматы қ." бөлiмi мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 123-7-жолмен толықтырылсын:
"123-7 "Достық" спорт кешенi" ААҚ";
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттік үлестерiнiң тiзбесіндегі:
"Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 228-1-жолмен толықтырылсын:
"228-1 "Достық" спорт кешенi" ААҚ";
3) ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1130 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Қ. Тоқаев |