Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі
Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитетінің
мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 ж. 7 мамырдағы № 543 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093; 27.08.03 ж. № 872; 24.11.03 ж. № 1172;
21.04.04 ж. № 445 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысымен күші жойылды
Бұрынғы редакцияларды қара
ҚР Үкіметінің 24.11.03 ж. № 1172 қаулысымен тақырыбы және мәтін өзгертілді
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 27.08.03 ж. № 872 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса беріліп отырған:
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитеті туралы ереже;
Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитетінің құрылымы;
Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архиві туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 сәуірдегі № 672 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 17, 154-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 7 мамырдағы № 543 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 24.11.03 ж. № 1172 қаулысымен тақырыбы және мәтін өзгертілді
Қазақстан Республикасы Мәдениет
министрлігінің Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару
жөніндегі комитеті туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі құзыретінің шегінде мұрағат ісі және құжаттама саласында арнаулы атқарушы және бақылау функцияларын жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанасындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары және белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Егер Комитетке заңдарға сәйкес уәкілеттік берілген болса, онда ол мемлекеттің атынан азаматтық құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқылы.
4. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен шешімдер қабылдайды, олар Төрағаның бұйрығымен ресімделеді.
ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының ?кіметі бекiтедi.
6. Комитеттің қызметі тек республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
Комитетке оның функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге тиым салынады.
Егер Комитетке заң актілерімен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқық берілген болса, онда мұндай қызметтен түскен табыс республикалық бюджетке жіберіледі.
7. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
8. Комитеттің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 480091, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 39.
2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
9. Комитеттің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) мұрағат ісі және құжаттардың түзілуінде бірыңғай мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету;
2) Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының құжаттық ескерткіштерінің сақталуын, одан әрі қалыптасуын және пайдаланылуын қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын қалыптастыру, сақталуы мен пайдаланылуын ұйымдастыру;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтауды, жинақтауды есепке алуды пайдалануды ұйымдастырудың бірыңғай принциптерін әзірлеу;
5) басқа мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, мұрағат ісін және мемлекеттік іс жүргізу жүйесін дамыту және жетілдіру;
6) Қазақстан Республикасының мұрағат ісі саласындағы заңдарының сақталуын бақылау.
10. Комитет негізгі міндеттерге сәйкес заңдарда белгіленген тәртіптер бойынша мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мұрағат ісі және құжаттама жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобалары дайындалуын қамтамасыз етеді және әзірлейді;
2) мұрағат ісін дамыту және құжаттаманы жүргізудің мемлекеттік бағдарламасының жобаларын әзірлейді және іске асырады;
3) Ұлттық мұрағат қорының құжаттары бойынша ақпарат жүйесі мен деректер банкін құру және жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;
4) құжаттардың, мұрағаттардың, мұрағат қорлары мен коллекциялардың құндылығына ғылыми және практикалық сараптаманы ұйымдастырады, құжаттары Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құрамына енгізілуге тиіс мемлекеттік органдар мен өзге де заңды, сондай-ақ жеке тұлғалардың тізбесін айқындайды, құжаттардың сақтау мерзімін көрсетіп, бірыңғай үлгілік тізбесін әзірлейді және бекітеді;
5) мұрағат ісі мен іс қағаздарын жүргізудің жай-күйін талдайды, үрдістер мен заңдылықтарын зерделейді, тұжырымдамалары мен олардың даму стратегияларын айқындайды;
6) жергілікті жерлердегі мұрағат ісін басқару және жүргізу органдарының қызметіне басшылық жасайды және үйлестіреді, олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
7) Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының орталықтандырылған мемлекеттік есебін жүргізеді және оның құрамы мен мазмұны туралы ақпарат пен қамтамасыз етуді ұйымдастырады, Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын пайдаланудың тәртібін айқындайды;
8) Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының мемлекеттік есебінің тәртібін белгілейді, ол құжаттардың орталықтандырылған мемлекеттік есебін жүргізеді;
9) мұрағат құжаттарын аса құнды және бірегей құжаттарға жатқызу тәртібін, сондай-ақ сақтандыру көшірмелерін жасау мен сақтаудың тәртібін айқындайды;
10) мемлекеттік мұрағаттардағы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын пайдаланудың тәртібін анықтайды, ведомстволық және жеке мұрағаттарды пайдалану тәртібін келіседі, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құрамы мен мазмұны туралы, мұрағат құжаттарын, анықтамалық-ақпараттық әдебиетті басып шығаруды ұйымдастыруды;
11) ведомстволық мұрағаттардың жұмысына және мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың іс жүргізу жай-күйіне салааралық ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық және бақылау жасайды;
12) сақтау мерзімі бар құжаттардың ведомстволық тізбелерін, мұрағат ісі мен іс қағаздарын жүргізу мәселелері жөніндегі салалық стандарттарды, нұсқаулықтар мен оқу бағдарламаларын келіседі;
13) мемлекеттік, ведомстволық, жеке мұрағаттарда мұрағат ісі жөніндегі заңдардың сақталуына мемлекеттік тексеру жүргізеді;
14) заңды және жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында құжаттық ескерткіштер жинауға, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге арнаулы рұқсаттар береді;
15) мұрағаттану, құжаттану және археография саласында мұрағат органдары мен мекемелердің ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстарын ұйымдастырады және үйлестіреді;
16) мемлекеттік мұрағаттарды техникамен жарақтандыру, мұрағаттық технологияларды, оның ішінде деректер базасын, автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесі мен енгізу саласындағы саясатты айқындайды;
17) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің және басқа да шетелдердің мұрағат ұйымдарымен белгіленген тәртіппен өзара іс-қимыл жасайды;
18) Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады;
11. Комитеттің өзінің негізгі міндеттерін іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында белгіленген тәртіппен мынадай құқықтары болады:
1) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан мұрағат жұмысы және іс жүргізудің жағдайы туралы қажетті мәліметтерді сұрау және алу;
2) мұрағат жұмысының мәселелері бойынша және құжаттардың іс жүргізу жай-күйінің мәселесі бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдау;
3) өз құзыретінің шегінде мұрағат ісі және іс жүргізу жөнінде барлық ұйымдардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілер шығару;
4) барлық жеке және заңды тұлғалардың мұрағат ісін және іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді орындауына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттары мен тарих пен мәдениеттің құжаттық ескерткіштерін қорғауы мен пайдалануына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
5) мұрағат ісімен іс жүргізу жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына, сондай-ақ өз өкілеттіктері мен құзыретінің шегінде мұрағат ісі саласындағы ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізуге қатысу;
6) өз құзыретінің шегінде ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметіне басшылық жасау;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
3. Комитеттің мүлкі
12. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі болады.
13. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
14. Комитеттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті өз бетімен иеліктен алуға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Комитетке заңдарда белгіленген жағдайлар мен шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.
4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
15. Комитетті Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босататын Төраға басқарады.
16. Комитет Төрағасының орынбасары болады, оны Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
17. Төраға Комитет жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді.
18. Осы мақсатта Комитет төрағасы:
1) өз орынбасары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының өкілеттіктері мен міндеттерін белгілейді;
2) Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) өз құзыретінің шегінде Комитет қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;
4) жергілікті уәкілетті органдардың басшыларын және облыстық мемлекеттік мұрағат директорларын қызметке тағайындау мен қызметтен босатуды келіседі;
5) Комитетті заңдарға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда білдіреді;
6) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
7) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 27.08.03 ж. № 872 қаулысымен 19-тармақтың күші жойылды
19. Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің басшыларын Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Комитетке сандық құрамын Министр, ал жеке құрамын Төраға белгілейтін консультативтік-кеңесші орган - Алқа құрылады.
21. Комитеттің жанында:
1) Қазақстан Республикасындағы мұрағат ісінің ғылыми проблемаларын қарайтын Ғылыми кеңес;
2) Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының құрамын айқындауға және құжаттардың құндылығын сараптауға байланысты мәселелерді қарайтын Орталық сараптау-тексеру комиссиясы (ОСТК);
3) Әдістемелік кеңес жұмыс істейді;
Кеңестер мен комиссиялар туралы ережелерді және олардың құрамын Комитет төрағасы бекітеді.
ҚР Үкіметінің 21.04.04 ж. № 445 қаулысымен 22-тармақ алынып тасталды (бұр. ред. қара)
22. алынып тасталды
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
23. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 7 мамырдағы № 543 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 27.08.03 ж. № 872 қаулысымен құрылымнің күші жойылды
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат
және қоғамдық келісім министрлігінің Мұрағаттар
мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитетінің
Құрылымы
Басшылық
Мұрағат ісін ұйымдастыру, үйлестіру және оның әдістемесі бөлімі
Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру, мұрағаттар мен құжаттарды тексеру бөлімі
Мұрағаттық технологиялар, Ұлттық мұрағат қорын мемлекеттік есепке алу және пайдалану бөлімі
Қаржы және бухгалтерлік есеп бөлімі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 7 мамырдағы № 543 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 24.11.03 ж. № 1172 қаулысымен тақырыбы өзгертілді
ҚР Үкіметінің 21.04.04 ж. № 445 қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгі Мұрағаттар мен
құжаттаманы басқару жөніндегі комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың
тiзбeci
Мемлекеттік мекемелер
1. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитетiнiң Орталық мемлекеттік мұрағаты.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитетiнiң Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағаты.
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі Мұрағаттар
мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитетiнiң Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттамалар мұрағаты.
4. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитетiнiң Мемлекеттік мұрағаттардағы құжаттық материалдардың шағын фотокөшiрмелерiн жасау және қалпына келтiру орталық зертханасы.
5. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитетiнiң Құжаттану және мұрағат iсi жөніндегі ғылыми-техникалық ақпарат орталығы.