Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 қаңтардағы № 1 қаулысына
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 14 шілдедегі № 1070 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1130 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 қаңтардағы № 1 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 1, 2-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесіндегі:
реттік нөмірі 8, 16, 17-жолдар алынып тасталсын;
реттік нөмірі 15-жол "командалар" деген сөзден кейін "және спорттық резерв" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | | Қ. Тоқаев |