1-2. Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзған жағдайда барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргізуге лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жүргізіледі.
1-3. Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылған кезде:
1) осы баптың 1-2-тармағының негізінде лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған бұзушылықтардың белгіленген мерзімде жойылмауы;
2) осы баптың 1-2-тармағында көрсетілген негіздер бойынша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрінде санкция қолданылған, заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптардың қайтадан бұзылуы;
3) банктің ақшаны жылыстатумен немесе терроризмді қаржыландырумен байланысты мәмілелерге қатысуы лицензиядан айыруға негіз болып табылады.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
2. Ұлттық Банк немесе уәкiлеттi орган бұзушылықтың сипатына қарай барлық не жекелеген банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияны тоқтата тұрады не одан айырады.
Ұлттық Банктің немесе уәкілетті органның барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргізуге берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру не одан айыру туралы шешімдеріне шағым жасауы аталған шешімдерді орындауды тоқтата тұрмайды.
3. алынып тасталды
ҚР 11.07.97 № 154-1 Заңымен 48-1-баппен толықтырылды; ҚР 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 07.07.04 ж. № 577-II (бұр. ред. қара) ; 2005.12.23 № 107-III (бұр. ред. қара); 2009.11.07. № 185-IV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 48-1-бап өзгертiлдi
48-1-бап. Банктiң құжаттары мен мүлкiн беру
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
1. Барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған банктің банк қызметін немесе өзге де қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ. Банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күннен бастап уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға және банкке келіп түсетін ақшаны есепке жатқызуға байланысты жағдайларды қоспағанда, клиенттердің және банктің өзінің банк шоттары бойынша барлық операциялар тоқтатылады. Барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған банктің банк шоттарынан кредиторлардың және өзге де тұлғалардың банкке талаптары бойынша ақшаны өндіріп алуға жол берілмейді.
2. Банктiң жұмыс тәртібі, оған уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша әкiмнiң) тағайындалуы, сондай-ақ уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша әкiмнiң) өкiлеттiгi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
3. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкімі) уәкiлеттi орган банктiң тарату комиссиясын тағайындағанға дейiнгi кезеңде өз қызметiн жүзеге асырады.
Банктiң тарату комиссиясы тағайындалғанға дейiн банктiң уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша әкімінiң) қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
4. Банктiң уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша әкімінiң) есебi уәкiлеттi органға және банктi тарату туралы шешiм қабылдаған сотқа ұсынылады.
5. алынып тасталды
6. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкімі) өз өкiлеттiгiн доғарады және банктiң құжаттары мен мүлкiн банктi тарату комиссиясының төрағасына 10 күн мерзiмнен кешiктiрмей өткiзiп бередi.
7. Банктiң құжаттары мен мүлкiн уақытша әкiмшiлiктен тарату комиссиясының төрағасына қабылдау-өткізу төрт дана етiп жасалатын актiмен ресiмделедi және оны уәкiлеттi орган бекiтедi. Бекiтiлген актiнiң бiр данасы iс материалдарына тiгу үшiн сотқа жiберiледi.
8. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкімі) өз қызметi кезеңi iшiнде осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шығыс операцияларын жүзеге асыруға және бұрын банк жасасқан келісім шарттарды өзгертуге құқығы жоқ.
9. Банктің уақытша әкімдігінің (уақытша әкімшісінің) және тарату комиссиясының құрамына қосылған уәкілетті орган қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге байланысты шығыстарды, сондай-ақ соттың банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімі жөніндегі ақпаратты мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми баспасөз басылымдарында жариялау жөніндегі шығыстарды және әділет органының мәжбүрлеп тарату және банктің мүлкі болмаған не оның құны осы шығыстарды жабуға жеткіліксіз болған жағдайларда банкті тарату аяқталғаннан кейін құжаттарды мұрағатқа өткізу бойынша банк қызметінің тоқтатылғанын мемлекеттік тіркеуге байланысты шығыстарды қоспағанда, банктерді мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруға және мәжбүрлеп тарату негізі бойынша банктердің қызметін тоқтатуға байланысты шығыстарды уәкілетті органның қаржыландыруына тыйым салынады.
ҚР Президентінің 27.01.96 ж. № 2830 Заң күші бар Жарлығымен 49-бап өзгертілді; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 49-бап жаңа редакцияда; 2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен 49-бап өзгертілді (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
49-бап. Банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алудың негiздерi мен тәртібі
1. Банк ашуға берiлген рұқсатты уәкiлеттi орган:
а) банк қайта құру немесе тарату арқылы өз қызметiн ерiктi түрде тоқтататыны туралы шешiм қабылдаған;
б) банк қызметiн тоқтату туралы сот шешiм қабылдаған;
в) банк ретiнде тiркелген заңды тұлғаның қызметiнде осы баптың 2-тармағында көзделген жолсыздықтар анықталған жағдайда қайтарып алуға құқылы.
2. Заңды тұлғаға банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алуды уәкiлеттi орган мынадай негiздердiң кез келгенi бойынша жүргiзедi:
а) заңды тұлғаның банк ретiнде мемлекеттік тiркеуден өткен күнiнен бастап бiр жыл iшiнде рұқсат беруге негiз болған мәлiметтердiң дұрыс еместiгiн анықтау;
а-1) осы Заңның 25-бабында көзделген мерзiмдердi бұзуы;
б) заңды тұлғаның банк ретiнде мемлекеттік тiркеуден өткен күнiнен бастап бiр жыл iшiнде банк операцияларын жүргiзуге лицензия алмауы;
в) заңды тұлғаның банк ретiнде мемлекеттік тiркеуден өткеннен кейiн бiр жыл iшiнде жарғылық капиталын төлемеуi;
г) банк ретiнде тiркелген заңды тұлға үшiн Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген қызмет шарттарын бұзуы.
3. алынып тасталды
4. Банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алу туралы уәкiлеттi органның шешiмi заңды тұлғаның қызметiн қайта тiркеуге немесе тоқтатуға негiз болып табылады.
27.09.96 ж. № 37-1; 11.07.97 ж. № 154-1; 29.06.98 ж. № 236-1; 29.03.00 ж. № 42-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 06.07.04 ж. № 572-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2005.08.05. № 69-III (бұр. ред. қара); 2005.12.23 № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара) ; 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр.ред. қара); 2008.10.12. № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 185-IV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV (бұр.ред.қара); 2009.28.08. № 192-IV (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 50-бап өзгертiлдi
50-бап. Банк құпиясы
1. Банк құпиясына банк депозиторлары, клиенттерi мен корреспонденттерi банк шоттарының бар екендiгi, олардың иелерi мен нөмiрлерi туралы, сол есепшоттар мен банкінің өз есепшоттарындағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы, банк операциялары туралы (банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарынан басқа), сондай-ақ банкінің сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан клиенттер мүлiктерiнiң бар екендiгi, олардың иелерi, сипаты мен құны туралы мәлiметтер кiредi.
Таратылу процесіндегі банктің кредиттері мен депозиттері туралы мәліметтер банк құпиясына жатпайды.
2. Банкiлер өз депозиторларының, клиенттерi мен корреспонденттерiнiң операциялары мен депозиттерi жөніндегі құпияға, сондай-ақ банкiлердiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан мүлiктердiң құпиясына кепiлдiк бередi.
3. Өзiнiң қызмет мiндеттерiн жүзеге асыру барысында банк құпиясы болып табылатын мәлiметтер алуға мүмкiндiк алған банкінің лауазымды адамдары, қызметкерлерi және өзге адамдар оларды жария еткенi үшiн қылмыстық жауапты болады, бұған осы баптың 4-8-тармақтарында көзделген жағдайлар кiрмейдi.
4. Банк құпиясы шоттың (мүліктің) иесіне ғана, шот (мүлік) иесінің жеке өзі банкте болған кезде берген жазбаша келісімі негізінде кез келген үшінші адамға, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес банктiк қарыз, лизинг операцияларын, факторингтiк, форфейтингтiк операциялар, вексельдердi есепке алу, сондай-ақ банк шығарған кепiлдiктер, кепiлгерлiктер, аккредитивтер бойынша кредиттік бюроға, сондай-ақ осы баптың 5-8-тармақтарында аталған адамдарға осы бапта көзделген негіздер бойынша және шекте ашылуы мүмкін.
Мыналар:
1) банктердің кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға банк шоттарының ашылғаны жөнінде салық органдарын міндетті түрде хабардар етуі;
1-1) банктердің қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органды заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы міндетті түрде хабардар етуі;
2) олар бойынша талап ету құқықтары бағалы қағаздар бойынша қамтамасыз ету ретінде, оның ішінде секьюритилендіру мәмілесін жүзеге асыру аясында берілетін бағалы қағаздар эмитентіне және бағалы қағаздарды ұстаушылар өкіліне берілген кредиттер бойынша мәліметтерді табыс ету;
3) жеке тұлғалардың банк шоттарындағы ақша қалдықтары және барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиядан айыруға байланысты енгізілген, банк уақытша әкімшілік солар бойынша есептеп шығарған сыйақы туралы, салымшыларға ақшасын қайтарумен байланысты іс-шараларды жүзеге асыру үшін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға және агент банктерге; шот иесінің жазбаша келісімі негізінде аудиторлық ұйымға мәліметтер табыс ету;
4) басқа банктерге осы Заңның 61-2, 61-3-баптарында көзделген операцияларды жүргізу үшін қажетті мәліметтерді табыс ету;
5) талап ету құқықтарын мемлекет екінші деңгейдегі банктердің сыныпталған активтерін салып алу үшін құрған заңды тұлға сатып алатын немесе басқаруға қабылдап алатын екінші деңгейдегі банктердің көрсетілген заңды тұлғаға мәліметтер табыс ету;
6) қайта құрылымдалатын банктің олардың алдындағы міндеттемелерді қайта құрылымдау көзделетін банк кредиторларына, басқа банктерге қайта құрылымдалатын активтер мен міндеттемелер бойынша қайта құрылымдау шеңберінде мәліметтерді табыс етуі банк құпиясын ашу болып табылмайды.
5. Банк шоттардың бар екендiгi және нөмiрлерi туралы анықтамалар банк Басқармасының төрағасы немесе оның орынбасарлары қол қойған жазбаша сауал негiзiнде, есепшоттың иесi банкінің қарыз алушысы, кепiлдiк берушiсi, кепiлдеме берушiсi немесе кепiл берушiсi болса, кредит алғанын растайтын құжатты ұсынған жағдайда банкiге берiледi.
6. Заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің банк шоттарының, сондай-ақ заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның, жеке нотариустың, адвокаттың ағымдағы шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары және ақша қозғалысы туралы анықтамалар мыналарға берiледi:
а) анықтау және алдын ала тергеу органдарына: прокурордың санкциясымен олар жүргiзiп жатқан қылмыстық iстер бойынша;
б) соттарға:
сот ұйғарымы негiзiнде олар жүргiзiлiп жатқан iстер бойынша;
в) прокурорға: тексеру жүргiзу туралы қаулының негiзiнде, өз құзыретi шегiнде, өз қарауындағы материалдар бойынша;
г) прокурордың санкциясымен клиенттердiң экспорттық және (немесе) импорттық операциялары бойынша кеден органдарына;
д) салық қызметі органдарына мыналарға:
тексерілетін заңды тұлғаға және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесіне қатысты салық салуға байланысты мәселелер бойынша;
тексерілетін дара кәсіпкерге қатысты салық салуға байланысты мәселелері бойынша - кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдаланылған) ағымдағы шоттар бойынша;
тексерілетін жеке нотариусқа қатысты салық салуға байланысты мәселелер бойынша - нотариаттық қызметте пайдаланылатын (пайдаланылған) ағымдағы шоттар бойынша;
тексерілетін адвокатқа қатысты салық салуға байланысты мәселелер бойынша - адвокаттық қызметте пайдаланылатын (пайдаланылған) ағымдағы шоттар бойынша;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қызметі тоқтатылған кезде салық міндеттемесін орындаудың ерекше тәртібі қолданылатын дара кәсіпкерге қатысты;
тұрғылықты жерінде іс жүзінде болмауы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген табыс ету мерзімінен кейін алты ай өткенге дейін салық есептілігін табыс етпеген, Қазақстан Республикасы салық заңнамасында көзделген осындай мерзімді ұзарту кезеңін қоспағанда, заңды тұлғаға және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесіне, дара кәсіпкерге, жеке нотариусқа, адвокатқа қатысты;
әрекетсіз заңды тұлғаға, дара кәсіпкерге, жеке нотариусқа, адвокатқа қатысты;
д-1) атқарушылық iс жүргiзу органдарына: олардың жүргiзiп жатқан атқару істері бойынша сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізу органының мөрімен расталған және прокурор санкция берген қаулысы не оның атқарушылық іс жүргізу органының аумақтық бөлімінің мөрімен расталған көшірмесі негiзiнде;
6-1. Жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары және қозғалысы туралы анықтамалар салық қызметі органдарына мыналарға:
заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген адамға және оның жұбайына (зайыбына) қатысты;
мемлекеттік қызметке не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты қызметке кандидат болып табылатын адамға және оның жұбайына (зайыбына) қатысты;
жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға қатысты беріледі.
Осы тармақта көзделген мәліметтер қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық қызметі органының сауал салуы негізінде беріледі;
7. Жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен ақша қозғалысы туралы анықтамалар, сондай-ақ оның банктiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан мүлкінің сипаты мен құны туралы қолда бар мәлiметтер мыналарға берiледi:
а) жеке тұлғаның өкiлдерiне:
нотариалды түрде куәландырылған сенiмхат негiзiнде;
б) анықтау және алдын ала тергеу органдарына:
есепшоттарда немесе банкiде сақтаулы жатқан жеке тұлғаның ақшаcы мен өзге де мүлкiне арест салынуы, олар өндiрiп алынуы немесе мүлкiн тәркiлеу қолданылуы мүмкiн болатын реттерде анықтау немесе алдын ала тергеу органының біріншi басшысы немесе тергеушісi қол қойып, мөрiмен куәландырылған және прокурор санкция берген жазбаша сауал негiзiнде, олар жүргiзiп жатқан қылмыстық iстер бойынша;
в) соттарға:
есепшоттарда немесе банкiде сақтаулы жатқан жеке тұлғаның ақшасы мен өзге де мүлкiне арест салынуы, олар өндiрiп алынуы немесе мүлкiн тәркiлеу қолданылуы мүмкiн болатын реттерде, соттың ұйғарымы, қаулысы, шешімі, үкімі негiзiнде олар жүргiзiп жатқан iстер бойынша;
г) прокурорға: тексеру жүргiзу туралы қаулының негiзiнде, өз құзыретi шегiнде, өз қарауындағы материалдар бойынша;
д) алынып тасталды
е) алынып тасталды
7-1. Осы баптың 6 және 7-тармақтарында көзделген клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы анықтамалар клиенттiң банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірме нысанда беріледi. Клиенттiң банк шоттары бойынша ақшаның жылжуы туралы үзiндi көшiрме болуға тиiстi мәлiметтер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілерімен айқындалады.
8. Жеке тұлғаның банк шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi, олардағы ақшаның қалдығы туралы анықтамалар, сондай-ақ банкінің сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан оның мүлкiнiң бар екендiгi, сипаты мен құны туралы қолда бар мәлiметтер, олардың иесi қайтыс болған жағдайда мыналарға берiледi:
а) мұра өкімінде есепшот (мүлiк) иесi деп көрсетiлген адамдарға;
б) соттар мен нотариустарға: соттың ұйғарымы, қаулысы немесе нотариустың өз мөрiн қойып куәландырған жазбаша сауалы негiзiнде олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша. Нотариустың жазбаша сауалына шот иесiнiң қайтыс болғаны туралы куәлiктiң көшiрмесi қоса берiлуге тиiс;
в) шетелдiк консулдық мекемелерге:
олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша.
9. алынып тасталды
10. Банк құпиясы бар ақпараттар ақпараттарды алмасу көзделетін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде беріледі.
11.07.97 ж. № 154-1; 29.03.00 ж. № 42-II; 09.08.02 ж. № 346-II; 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара); 2008.10.12. № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.28.08. № 192-IV (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 51-бап өзгертiлдi
51-бап. Банкiде жатқан ақша мен мүлiкке арест салу және олардан өндiрiп алу
1. Заңды және жеке тұлғаның банктегi ақшасына және басқа мүлкiне прокурор санкция берген анықтау және алдын ала тергеу органдарының қаулылары және атқарушылық iс жүргiзу органдарының қаулылары, сондай-ақ соттардың қаулылары, шешiмдерi, үкiмдерi, ұйғарымдары негiзiнде ғана тыйым салынуы мүмкiн. Талап-арыз талаптарын қамтамасыз ету үшiн тыйым салған кезде тыйым салынған ақша сомасы талап-арыз сомасынан, мемлекеттік баж және соттың шешiмдерiн, үкiмдерiн, ұйғарымдары мен қаулыларын орындауға байланысты шығыстар көлемiнен аспауға тиiс. Атқарушылық іс жүргізу органдары атқару құжатының орындалуын қамтамасыз ету үшін тыйым салуды қолданған жағдайда, тыйым салу қолданылатын ақша сомасы мен мүлік құны өндіріп алушыға ұйғарылған соманы өтеу үшін қажетті сомадан, сондай-ақ атқару құжатын орындау процесінде борышкерге салынған айыппұлдар мен атқару құжатын орындау жөніндегі шығыстар сомасынан аспауға тиіс.
3аңды тұлғалардың, оның құрылымдық бөлімшелерінің, дара кәсіпкердің, жеке нотариустың және адвокаттың банк шоттарындағы (корреспонденттiк шоттардан басқа) барлық шығыс операциялары Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жағдайларда, салық және (немесе) кеден органдарының бiрiншi басшысы қол қойып, мөрiмен куәландырылған салық және (немесе) кеден органдарының өкімдері бойынша, тоқтатыла тұруы мүмкiн, ал өндiрiп алу Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген негiздер бойынша ғана жүргiзiлуi мүмкiн болады.
Жеке және заңды тұлғаның банктік шоттары бойынша операцияларын қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда тоқтата тұруы мүмкін.
2. Заңды тұлға мен жеке тұлғаның банкiде жатқан жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiнен басқа ақшасы мен өзге де мүлкiн тәркiлеу заңды күшiне енген сот шешiмi (үкімі) негiзiнде ғана жүргiзiлуi мүмкiн.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 29.03.00 ж. № 42-II; 02.03.01 № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 52-бап өзгертiлдi ; 2005.12.23 № 107-III ( бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 52-бап жаңа редакцияда; 2009.12.02. № 133-IV ҚР Заңымен 52-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
52-бап. 2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен алып тасталды (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
2009.12.02. № 133-IV ҚР Заңымен 4-1-тараумен толықтырылды
4-1-тарау. Ислам банктерін құрудың және оның қызметінің ерекшеліктері
52-1-бап. Ислам банкінің қызметіне қойылатын талаптар
Ислам банкінің процент түрінде сыйақы алуға, инвестициялық депозитті қайтаруға немесе ол бойынша табысқа кепілдік беруге, темекі, ішімдік өнімдерін, қару-жарақ пен оқ-дәрі шығарумен және (немесе) сатумен, құмар ойындармен байланысты қызметті, сондай-ақ исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес қаржыландыруға (кредиттеуге) тыйым салған кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін қаржыландыруға (кредиттеуге) құқығы жоқ.
Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес ислам банкінің қызметіне ислам банкі сақтауға міндетті өзге де талаптарды қосымша айқындауға құқылы.
52-2-бап. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің қызметі
1. Ислам банкі қызметінің, операцияларының және мәмілелерінің осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес болуын айқындау үшін ислам банкінде міндетті түрде исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес құрылады.
2. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес директорлар кеңесінің ұсынысы бойынша ислам банкі акционерлерінің жалпы жиналысы тағайындайтын тәуелсіз орган болып табылады.
3. Ислам банкінің операцияларын жүргізудің жалпы талаптары туралы ережені, Ислам банкінің ішкі кредиттік саясаты туралы ережені исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің оң қорытындысы болған кезде ислам банкінің директорлар кеңесі бекітуге тиіс.
4. Егер осы Заңда, ислам банкінің жарғысында немесе ішкі ережелерінде өзгеше көзделмесе, ислам банкінің кредиттік комитетінің ислам банкінің ішкі кредиттік саясаты туралы ережеге сәйкес қабылданған шешімдері және Ислам банкінің операцияларын жүргізудің жалпы талаптары туралы ережеге сәйкес жасалған мәмілелер исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің жеке бекітуін талап етпейді. Бұл ретте, исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің қандай да бір мәмілені осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тұрғысынан өз қарауы бойынша тексеруге құқығы бар.
52-3-бап. Ислам банкінің операциялары мен мәмілелерін ислам банкінің қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес келмейді деп танудың салдары
1. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес жасалу сатысындағы мәмілені осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейді деп таныған жағдайда, мұндай мәміленің жасалуы және орындалуы мүмкін емес.
2. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін мәмілені жасалған, бірақ орындалмаған немесе ішінара орындалған деп таныған жағдайда, мұндай мәміле ислам банкінің талабы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімінен бұрын бұзылады.
3. Исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңес осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін мәмілені орындалған немесе ішінара орындалған деп таныған жағдайда, ислам банкінің осындай мәміле бойынша табысы қайырымдылық ісіне бағытталуға тиіс.
52-4-бап. Ислам банкінің жарғысына қойылатын қосымша талаптар
Ислам банкінің жарғысы осы Заңның 14-бабында көзделген мәліметтерден бөлек мыналарды:
1) ислам банкі қызметінің мақсаттарын;
2) ислам банкінің тұрақты жұмыс істейтін органы - исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің міндеттерін, функцияларын және өкілеттіктерін, сондай-ақ оны құрудың тәртібі мен исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің мүшелеріне қойылатын талаптарды қамтуға тиіс.
52-5-бап. Ислам банкінің банк операциялары және өзге де операциялары
1. Мына операциялар:
1) жеке және заңды тұлғалардан талап етуге дейінгі процентсіз депозиттерді қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;