Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы 1995 ж.
30 наурыздағы N 2155 Қазақстан Республикасының Заңы
(ҚР Президентiнiң 20.07.95 ж. N 2370; 05.12.95 ж. N 2672; 02.08.95 ж. N
2396; 27.01.96 ж. N 2830 Заң күшi бар жарлықтарымен; ҚР 03.07.96 ж. N
18-1; 07.12.96 ж. N 50-1; 11.07.97 ж. N 154-1; 08.12.97 ж. N 200-1;
29.06.98 ж. N 236-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 29.03.00 ж. N 42-II; 18.12.00
ж. N 128-II; 02.03.01 ж. N 162-II; 03.05.01 ж. N 182-II; 09.07.03 ж.
N 482-II; 10.07.03 ж. N 483-II; 11.06.04 ж. N 562-II;
07.07.04 ж. N 577-II Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 жылғы 20 желтоқсандағы N 13-III ҚР Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияны қара
ҚР 02.03.01 ж. N 162-II Заңымен тақырыбы өзгертілдi
I Тарау. Жалпы ережелер (1 - 6 баптар)
II Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мiндеттi, (7 - 8 баптар)
функциялары және өкiлеттiктерi
ІІІ тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің капиталы (9 - 11 баптар)
және резервтері
IV Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымы мен органдары. (12 - 20 баптар)
Оларды қалыптастыру тәртiбi және құзыреті
V Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Мемлекеттiк (21 - 28 баптар)
өкiмет органдарымен өзара iс-қимылы
VI Тарау. Ақша-кредит саясаты (29 - 37 баптар)
VII Тарау. Ақша айналысы және ақша бiрлiгi (38 - 47 баптар)
YIII тарау. Ақша төлемі мен аударымын ұйымдастыру (48 - 51 баптар)
IХ Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң операциялары (52 - 54 баптар)
Х Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң сыртқы экономикалық (55 - 60 баптар)
қатынастар саласындағы қызметi. Валюталық
құндылықтармен жүргiзiлетiн операциялар
ХI Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бақылау және (61 - 64 баптар)
қадағалау функциялары
ХII Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң есеп беруi (65 - 68 баптар)
ХIII Тарау. Қорытынды ережелер (69 - 74 баптар)
ҚР 02.03.01 ж. N 162-II Заңымен кіріспе алып тасталды
I Тарау. Жалпы ережелер
ҚР Президентiнiң 05.12.95 ж. N 2672 Заң күшi бар жарлығымен;ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілді
1-бап. Қазақстан Республикасының банк жүйесi
Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (Қазақстан Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi.
Қазақстан Ұлттық Банкi басқа елдердiң орталық банктерiмен және басқа банктермен қарым-қатынаста, халықаралық банктер мен басқа да қаржы-кредит ұйымдарында өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi.
Қазақстан Ұлттық Банкi өз мiндеттерiн орындау кезiнде пайда табу мақсатын басшылыққа алмауға тиiс.
Екiншi деңгейдегi банктердiң түрлерi, құқықтық мәртебесi, оларды құрудың, қызметiнiң және таратудың тәртiбi Қазақстан Республикасының банк заңдарымен белгiленедi.
ҚР Президентiнiң 05.12.95 ж. N 2672 Заң күшi бар жарлығымен;ҚР 02.03.01 ж. N 162-II Заңымен 2-бап өзгертілді
2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi қызметiнiң құқықтық негiзi
Қазақстан Ұлттық банкi өз қызметiнде Конституцияны, осы Заңды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, республиканың басқа да заң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн және Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттарды (келiсiмдердi) басшылыққа алады.
ҚР Президентiнiң 05.12.95 ж. N 2672 Заң күшi бар жарлығымен 3-бап жаңа редакцияда; ҚР 29.06.98 ж. N 236-1; 02.03.01 ж. N 162-II Заңдарымен 3-бап өзгертiлдi
3-бап. Қазақстан Ұлттық банкiнiң есептiлiгi
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Президентiне есеп бередi.
Қазақстан Республикасының Президентiне есептiлiк мынаны бiлдiредi:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы Парламентiнiң келiсiмiмен Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасын тағайындауы; оны қызметтен босатуы;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарларын қызметке тағайындауы және қызметтен босатуы;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық есебiн бекiтуi;
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын және жалпы штат санын бекітуі;
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстанның Ұлттық Банкі туралы ережені бекітуі;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұлттық валюта - Қазақстан теңгесi банкноттары және тиындары дизайнының тұжырымдамасын бекiтуi;
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң өз құзыретiндегi мәселелер жөнiнде Қазақстан Республикасының Президентi сұрау салған ақпаратты табыс етуi.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 4-бап өзгертілді
4-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерi
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Заңдарының негiзiнде және оны орындау мақсатында өз құзырына жататын мәселелер бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын барлық банктердiң, ұйымдардың, олардың клиенттерiнiң, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын басқа да заңды және жеке тұлғалардың мiндеттi түрде орындауына жататын нормативтiк актiлер шығарады.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк актiлерi - "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы", "Вестник Национального Банка Республики Казахстан" ресми басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жарияланады.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 5-бап алынып тасталды
5-бап.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 02.03.01 ж. N 162-II Заңдарымен 6-бап өзгертiлдi
6-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - заңды тұлға
Қазақстан Ұлттық Банкi мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы болады және өзiнiң филиалдарымен, өкiлдiктерiмен және ұйымдарымен бiрге бiртұтас құрылым құрайды.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң орталық аппараты Алматы қаласында орналасады. Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде өз филиалдары мен өкiлдiктерiн аша алады.
ҚР 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен II-тараудың тақырыбы өзгертілді
II тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты,
мiндеттерi, функциялары мен өкiлеттiгi
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 16.07.99 ж. N 436-1 Заңдарымен 7-бап өзгертiлдi; ҚР 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 7-бап жаңа редакцияда
7-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты мен
мiндеттерi
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi:
1) мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу;
2) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
3) валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;
4) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
ҚР Президентiнiң 05.12.95 ж. N 2672 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 07.12.96 ж. N 50-1; 11.07.97 ж. N 154-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 02.03.01 ж. N 162-II; 03.05.01 ж. N 182-II; 09.07.03 ж. N 482-II; 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара); 11.06.04 ж. N 562-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 8-бап өзгертiлдi
8-бап. Қазақстан Ұлттық банкiнiң функциясы, өкiлеттiгi және құқықтары
Қазақстанның Ұлттық банкi:
а) Қазақстан Республикасында айналыстағы ақша көлемiнiң мөлшерiн реттеу жолымен мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзедi, банкноттар мен тиындардың Қазақстан Республикасының аумағындағы бiрден-бiр эмитентi болып табылады, бағалы қағаздар эмиссиясын жасайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi эмиссия жасайтын бағалы қағаздар мемлекеттiк бағалы қағаздар болып табылады және олар жөнiнде Қазақстан Ұлттық Банкi жауап бередi.
б) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк қарыздарына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк қарыздарына қызмет көрсетедi;
в) алып тасталды
г) алып тасталды
д) банктерге, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға кредит беруге құқылы. Банктер үшiн соңғы сатыдағы кредитор болып табылады;
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлейтiн тәртiппен және шартпен банктердiң және басқа ұйымдардың алған кредиттерi бойынша Қазақстанның Ұлттық Банкi алдындағы борыштарын қайта құрылымдауға құқылы;
д-1) банк операцияларының мынадай түрлерiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды: банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргiзу; жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргiзу, оларда осы тұлғаға тиесiлi тазартылған қымбат бағалы металдардың нақты мөлшерi көрсетiледi; кассалық операциялар; аударымдық операциялар; есепке алу операциялары; жеке және заңды тұлғалардың, оның iшiнде корреспондент банктердiң тапсыруы бойынша олардың банк шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру; банкаралық клиринг; сейфтiк операциялар; ломбардтық операциялар; төлем карточкаларын шығару; банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау және салып жiберу; шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру; чек кiтапшаларын шығару; аккредитив ашу (ұсыну) және растау мен ол бойынша мiндеттемелердi орындау және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға (бұдан әрi уәкiлеттi орган) банк операцияларының жекелеген түрлерi бойынша уәкiлеттi органның лицензия беру мүмкiндiгi туралы қорытынды бередi;
е) алып тасталды
е-1) алып тасталды
ж) Қазақстан Республикасында кредиттер бойынша сыйақының (мүдденiң) ставкаларын реттеудi жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында инфляциялық процестерге ақша-кредит әдiстерiмен реттеу арқылы бақылау жасау мүмкiн болмаған жағдайларда, Қазақстан Ұлттық Банкi олар бойынша кредиттер көлемiн және сыйақының (мүдденiң) банктiк ставкаларын шектеуге құқылы.
з) Қазақстан Республикасында ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру тәртiбiн, жүйесi мен нысанын белгiлейдi, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арасында Қазақстан теңгесiмен ақша аударымдарының уақтылы және кiдiрiссiз жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн төлем жүйелерiнiң жұмыс істеуін ұйымдастырады, сондай-ақ қадағалауды жүзеге асырады, банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың өздерi пайдаланатын автоматтандырылған жүйелер мен банк ақпаратын қорғаудың сенiмдi, қауiпсiз болуын қамтамасыз ету жөнiндегi ең төменгi талаптарын белгiлейдi;
з-1) банк операцияларын жүзеге асырған кезде электрондық банк қызметiн көрсету ережелерiн белгiлейдi;
и) Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюта операцияларының барлық түрлерiн жүргiзуге құқылы;
и-1) валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жүргiзуге лицензиялар бередi;
и-2) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға шетел валютасымен айырбас операцияларын жүзеге асыруға, банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау, салып жiберу, банкаралық клиринг жөнiндегi операцияларды жүргiзуге лицензиялар бередi;
к) банк қызметi, ақша төлемдерi мен аударымдары, заң актілерімен белгiленген өкiлеттiк шегiнде валюталық операцияларды жүзеге асыру мәселелерi бойынша барлық банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың клиенттерiнiң мiндеттi түрде орындауына жататын нормативтi құқықтық актiлер шығарады, сондай-ақ олардың сақталуын қадағалауды жүзеге асырады;
к-1) барлық қаржы ұйымдары орындауға мiндеттi бухгалтерлiк есепкe алу және операцияларды автоматтандыру жүйелері мәселелерi жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзiрлейдi және бекітеді, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк туралы заңдарының талаптары мен буxгалтерлік есепке алу стандарттарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
к-2) операцияларды автоматтандыру жүйелеріне қойылатын талаптарды барлық қаржы ұйымдарының сақтауын бақылауды, оның iшiнде уәкiлеттi органның қызметкерлерiн тарта отырып тексерулер арқылы бақылауды жүзеге асырады;
л) бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк жүйелерiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсе отырып халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарымен реттелмеген және ол арға қайшы келмейтiн мәселелер бойынша бухгалтерлiк есептiлiк стандарттарын, сондай-ақ оларға әдiстемелiк ұсыныстарды әзiрлейдi және бекiтедi;
л-1) уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде онымен келісе отырып, статистикалық есеп беру тізбесін, нысандарын, мерзімдерін белгілейді;
л-2) уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша барлық қаржы ұйымдарының және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда олардың аффилиирленген тұлғалары қаржылық есептiлiгінің халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн тiзбесi мен нысандарын, сондай-ақ табыс ету мерзiмдерi мен тәртiбін белгілейдi;
л-3) валюталық реттеу мен бақылау мәселелерi бойынша есептiлiк тәртiбiн, нысандарын және табыс ету мерзiмдерiн белгiлейдi;
м) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң келiсiмi бойынша, ақша төлемдерi мен аударымдары реттеу мақсатында, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмеген болса, банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң банк шоттары бойынша жүзеге асыратын төлемдердiң кезегiн белгiлеуге құқылы;
н) Қазақстан Ұлттық Банкi өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына жәрдемдесетiн және (немесе) қаржы рыногының инфрақұрылымының бiр бөлiгi болып табылатын ұйымдарды құруға және олардың қызметiне қатысуға құқылы;
о) қолма-қол банкноттар мен тиындарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау тәртiбiн белгiлейдi, банкноттар мен тиындарды сақтауды, тасымалдауды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен тиындардың резервтегi мемлекеттiк қорын құрайды;
п) Қазақстан Республикасы банктерiнiң жиынтық балансы мен өз балансын жасайды және оны үнемi жариялап отырады;
р) елдiң есептiк төлем балансын қалыптастырады және төлем балансы көрсеткiштерiнiң қысқа мерзiмдi, орташа мерзiмдi және ұзақ мерзімді болжамды бағаларын әзiрлеуге қатысады, мемлекеттiк кепiлдiгi жоқ мемлекеттік емес сыртқы займдардың шарттарын тіркеу мен мониторингін жүзеге асырады және елдiң жалпы сыртқы борышының бағасын қалыптастырады;
p-1) мемлекеттiң ақша-кредит және қаржы статистикасын қалыптастырады;
с) ақшаны клиенттің банктік шотына қате есептелгені анықталған кезде оны алып қоюға құқығы бар, банктік шоттан ақшаны алуға оның келісімін растайтын құжаттар бар болса, клиенттің банктік шотын дебеттеуге құқылы;
т) Қазақстан Республикасының банк жүйесiне кадрлар даярлауды жүзеге асыруға қатысады;
у) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң бiрыңғай қазынашылық шотына қызмет көрсетедi;
у-1) өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында банктерден, олардың қауымдастықтарынан (одақтарынан) және мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпарат алуға құқылы;
у-2) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес вексельдердi қайта есептеудi жүзеге асырады;
у-3) Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында жасалатын және ресми басылымдарда жарияланатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттың негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады;
у-4) Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында жасалатын, ресми басылымдарда жарияланатын сенiмгерлiк басқару туралы шарттардың негiзiнде берiлген активтердi сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады;
у-5) банк шоттарының режимiн белгiлейдi;
у-6) банктер беретiн кредиттердiң көлемiн реттеу мақсаттары үшiн, банктердiң өз мiндеттемелерi бойынша төлем жасамау қаупiн азайту, сондай-ақ банк салымшылары мен акционерлерiнiң мүдделерiн қорғау үшiн банктердiң қаражатын резервте ұстайды;
у-7) банктер операциялары мен мәмiлелерiнiң жекелеген түрлерi бойынша сандық шектеулердi белгiлейдi;
ф) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да функцияларды, өкiлеттiктер мен құқықтарды жүзеге асырады.
ҚР 16.07.99 ж. N 436-1 Заңымен 3 тараудың атауы жаңа редакцияда
ІІІ тарау. Қазақстан Ұлттық Банкінің капиталы
және резервтері
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 29.06.98 ж. N 236-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 9-бап өзгертiлдi
9-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жарғылық капиталы
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жарғылық капиталы мемлекетке тиесiлi болады және өзi алған таза кiрiстен аударымдар жасау жолымен, кемiнде 20 миллиард қазақстан теңгесi мөлшерiнде қалыптастырылады.
Қазақстан Ұлттық Банкi өз балансындағы мүлiктi иелену, пайдалану мен билiк жүргiзу құқығын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген тәртiппен дербес жүзеге асырады.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 29.06.98 ж. N 236-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 02.03.01 ж. N 162-II; 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 10-бап өзгертiлдi
10-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң резерв капиталы, қайта бағалау шоттары және арнайы провизиялары (резервтерi)
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң резерв капиталы оның жарғылық капиталы мөлшерiнде құрылып, таза табысы есебiнен толықтырылады әрi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген тәртiппен, тек жүргiзiлген операциялар бойынша жасалған ысырапқа өтемақы төлеуге және шығындардың орнын толтыруға арналады. Алтын-валюта активтерiн қайта бағалау шоты, оларды қайта бағалаудан түскен iске асырылмаған табысты есепке алуға арналады. Негiзгi қаражаттарды қайта бағалау шоты Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi қаражатын индекстеу нәтижелерiн есепке алуға арналған.
Қазақстан Ұлттық Банкінің шығыстары есебінен күмәнді және сенімсіз талаптары бойынша кредиттерді, депозиттерді, бағалы қағаздарды, есеп айырысу кезіндегі шығындарды, шоттардағы қалдықтарды және аяқталмаған құрылыс көлемін, Қазақстан Ұлттық Банкінің монетарлық емес қызметі жөніндегі өзге де талаптары мен әлеуметтік сипаттағы төлемдерді қамтитын басқа да активтерді қоса - арнайы провизиялар (резервтер), ал бөлінбеген таза табыс есебінен - банк активтері бойынша жалпы провизиялар (резервтер) құралады.
ҚР Президентiнiң 27.01.96 ж. N 2830 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 02.03.01 ж. N 162-II Заңдарымен 11-бап өзгертiлдi; ҚР 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 11-бап жаңа редакцияда
11-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң кiрiсi
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаржы жылы iшiндегi таза кiрiсi осы қаржы жылына жатқызылатын нақты алынған кiрiстер мен шығыстар арасындағы айырма (алтын-валюта активтерiн қайта бағалау шотына жатқызылатын iске асырылмаған кiрiстiң пайда болған сомасын қоспағанда) ретiнде айқындалады.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бaнк активтерi бойынша құрылған жалпы провизиялардың (резервтердiң) сомасына азайтылған таза кiрiсi қажет болған жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген мөлшерде жарғылық және резервтiк капиталдарды қалыптастыруға жұмсалады.
Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық есебiн бекiткеннен кейiн, алынған таза кiрiстiң қалған бөлiгi келесi қаржы жылында республикалық бюджетке аударылады.
Алынған пайда жарғылық және резервтiк капиталдарды қалыптастыру үшiн жеткiлiксiз болған жағдайда, пайда болған айырма Қазақстан Ұлттық Банкiнiң келесi қаржы жылдарындағы таза кiрiсi есебiнен өтеледi.
IV Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымы мен
органдары. Оларды қалыптастыру тәртiбi
және құзыреті
ҚР Президентiнiң 27.01.96 ж. N 2830 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 16.07.99 ж. N 436-1 Заңдарымен 12-бап өзгертiлдi
12-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымы мен органдары
Қазақстан Ұлттық Банкi - тiке бағыныстағы схемасы бар бiртұтас орталықтандырылған құрылым.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң органдары Басқарма мен Директорлар кеңесi (Директорат) болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрамына департаменттерден тұратын орталық аппарат пен басқа бөлiмшелер, филиалдар, өкiлдiктер және ұйымдар кiредi.
ҚР Президентiнiң 05.12.95 ж. N 2672; 27.01.96 ж. N 2830Заң күшi бар жарлықтарымен; ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 13-бап өзгертiлдi
13-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасын Парламенттiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Президентi 6 жыл мерзiмге тағайындайды.
Төраға Қазақстан Ұлттық банкi атынан iс-әрекет етедi және мемлекеттiк органдармен, банктермен, қаржы ұйымдарымен, халықаралық, шетелдiк және басқа ұйымдармен қарым-қатынаста Қазақстан Ұлттық Банкiн сенiмхатсыз-ақ бiлдiредi.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасына Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметiне байланысты мәселелер бойынша, осы Заңда Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасына арналып ескерiлген өкiлеттiктердi қоспағанда, жедел және атқарушы-өкiмшi шешiмдер қабылдау, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң атынан шарттар жасасу өкiлеттiгi берiлген.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметi үшiн жауапты.
14-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарлары
Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарларын Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының тағайындалу мерзiмiне қарамай, 6 жыл мерзiмге тағайындайды.
Төрағаның орынбасарлары Қазақстан Ұлттық Банкiн сенiмхатсыз-ақ бiлдiредi, өз құзырының шегiнде құжаттарға қол қояды.
ҚР Президентiнiң 05.12.95 ж. N 2672; 27.01.96 ж. N 2830 Заң күшi бар жарлықтарымен; ҚР 07.12.96 ж. N 50-1; 11.07.97 ж. N 154-1; 29.06.98 ж. N 236-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 02.03.01 ж. N 162-II; 03.05.01 ж. N 182-II; 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) 07.07.04 ж. N 577-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 15-бап өзгертiлдi
15-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы және оның өкiлеттiгi
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ең жоғары органы Басқарма болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының негiзгi функциялары:
а) мемлекеттiк ақша-кредит саясатын әзiрлеу;
б) Қазақстан Ұлттық Банктiң банк қызметiнiң, бухгалтерлiк есепке алудың, ақша төлемдерi мен аударымдарының, вексель айналысының, валюталық операцияларды жүзеге асырудың және олардың сақталуын қадағалаудың жекелеген мәселелерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлерiн бекiту;
в) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тұжырымдама негiзiнде банкноттар мен тиындардың көрсетiлген құны мен дизайнын анықтау;
г) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банктермен жасалатын операциялар бойынша қайта қаржыландырудың ресми ставкасын белгiлеу;
д) алып тасталды
e) қызметiнiң бiрден-бiр түрi қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын жүргiзу болып табылатын уәкiлеттi ұйымдарға берiлетiн шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензияларды қоспағанда, осы Заңда көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүргiзуге лицензиялар беру туралы шешiмдер қабылдау;
е-1) банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашу шарттарын белгiлеуге;
е-2) банктер мен басқа ұйымдардың Қазақстан Ұлттық Банкi берген кредиттері бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi алдындағы борыштарын қайта құрылымдау шарттарын анықтауға;
е-3) алып тасталды
ж) банктерге резервтiк талаптардың нормативiн бекiту;
з) алтын-валюта активтерiн басқаруды негiзгi принциптерiн белгiлеу;
и) Қазақстан Республикасы валютасының айырбас бағамын анықтау тәртiбiн бекiту;