2004 жылғы 11 маусымдағы N 562-II Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылған 8-баптың редакциясы
ҚР Президентiнiң 05.12.95 ж. N 2672 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 07.12.96 ж. N 50-1; 11.07.97 ж. N 154-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 02.03.01 ж. N 162-II; 03.05.01 ж. N 182-II; 09.07.03 ж. N 482-II; 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 8-бап өзгертiлдi
8-бап. Қазақстан Ұлттық банкiнiң функциясы, өкiлеттiгi және құқықтары
Қазақстанның Ұлттық банкi:
а) Қазақстан Республикасында айналыстағы ақша көлемiнiң мөлшерiн реттеу жолымен мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзедi, банкноттар мен тиындардың Қазақстан Республикасының аумағындағы бiрден-бiр эмитентi болып табылады, бағалы қағаздар эмиссиясын жасайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi эмиссия жасайтын бағалы қағаздар мемлекеттiк бағалы қағаздар болып табылады және олар жөнiнде Қазақстан Ұлттық Банкi жауап бередi.
б) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк қарыздарына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк қарыздарына қызмет көрсетедi;
в) алып тасталды
г) алып тасталды
д) банктерге, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға кредит беруге құқылы. Банктер үшiн соңғы сатыдағы кредитор болып табылады;
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлейтiн тәртiппен және шартпен банктердiң және басқа ұйымдардың алған кредиттерi бойынша Қазақстанның Ұлттық Банкi алдындағы борыштарын қайта құрылымдауға құқылы;
д-1) банк операцияларының мынадай түрлерiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды: банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргiзу; жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргiзу, оларда осы тұлғаға тиесiлi тазартылған қымбат бағалы металдардың нақты мөлшерi көрсетiледi; кассалық операциялар; аударымдық операциялар; есепке алу операциялары; жеке және заңды тұлғалардың, оның iшiнде корреспондент банктердiң тапсыруы бойынша олардың банк шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру; банкаралық клиринг; сейфтiк операциялар; ломбардтық операциялар; төлем карточкаларын шығару; банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау және салып жiберу; шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру; чек кiтапшаларын шығару; аккредитив ашу (ұсыну) және растау мен ол бойынша мiндеттемелердi орындау және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға (бұдан әрi уәкiлеттi орган) банк операцияларының жекелеген түрлерi бойынша уәкiлеттi органның лицензия беру мүмкiндiгi туралы қорытынды бередi;
е) алып тасталды
е-1) алып тасталды
ж) Қазақстан Республикасында кредиттер бойынша сыйақының (мүдденiң) ставкаларын реттеудi жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында инфляциялық процестерге ақша-кредит әдiстерiмен реттеу арқылы бақылау жасау мүмкiн болмаған жағдайларда, Қазақстан Ұлттық Банкi олар бойынша кредиттер көлемiн және сыйақының (мүдденiң) банктiк ставкаларын шектеуге құқылы.
з) Қазақстан Республикасында ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру тәртiбiн, жүйесi мен нысанын белгiлейдi, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арасында Қазақстан теңгесiмен ақша аударымдарының уақтылы және кiдiрiссiз жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн төлем жүйелерiнiң жұмыс істеуін ұйымдастырады, сондай-ақ қадағалауды жүзеге асырады, банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың өздерi пайдаланатын автоматтандырылған жүйелер мен банк ақпаратын қорғаудың сенiмдi, қауiпсiз болуын қамтамасыз ету жөнiндегi ең төменгi талаптарын белгiлейдi;
з-1) банк операцияларын жүзеге асырған кезде электрондық банк қызметiн көрсету ережелерiн белгiлейдi;
и) Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюта операцияларының барлық түрлерiн жүргiзуге құқылы;
и-1) валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жүргiзуге лицензиялар бередi;
и-2) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға шетел валютасымен айырбас операцияларын жүзеге асыруға, банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау, салып жiберу, банкаралық клиринг жөнiндегi операцияларды жүргiзуге лицензиялар бередi;
к) банк қызметi, есепке алу, ақша төлемдерi мен аударымдары, заң актілерімен белгiленген өкiлеттiк шегiнде валюталық операцияларды жүзеге асыру мәселелерi бойынша барлық банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың клиенттерiнiң мiндеттi түрде орындауына жататын нормативтi құқықтық актiлер шығарады, сондай-ақ олардың сақталуын қадағалауды жүзеге асырады;
л) бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк жүйелерiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсе отырып халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарымен реттелмеген және ол арға қайшы келмейтiн мәселелер бойынша бухгалтерлiк есептiлiк стандарттарын, сондай-ақ оларға әдiстемелiк ұсыныстарды әзiрлейдi және бекiтедi;
л-1) уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде онымен келісе отырып, статистикалық есеп беру тізбесін, нысандарын, мерзімдерін белгілейді;
л-2) уәкiлеттi органмен бiрлесiп өзiнiң бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда қаржылық ұйымдардың, сондай-ақ олардың аффилиирленген тұлғаларының қаржылық және өзге де есептiлiгiнiң тiзбесiн, халықаралық стандарттарға сай келетiн нысандарын, табыс ету мерзiмдерiн белгiлейдi;
л-3) валюталық реттеу мен бақылау мәселелерi бойынша есептiлiк тәртiбiн, нысандарын және табыс ету мерзiмдерiн белгiлейдi;
м) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң келiсiмi бойынша, ақша төлемдерi мен аударымдары реттеу мақсатында, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмеген болса, банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң банк шоттары бойынша жүзеге асыратын төлемдердiң кезегiн белгiлеуге құқылы;
н) Қазақстан Ұлттық Банкi өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына жәрдемдесетiн және (немесе) қаржы рыногының инфрақұрылымының бiр бөлiгi болып табылатын ұйымдарды құруға және олардың қызметiне қатысуға құқылы;
о) қолма-қол банкноттар мен тиындарды есепке алу, сақтау, тасымалдау және инкассациялау тәртiбiн белгiлейдi, банкноттар мен тиындарды сақтауды, тасымалдауды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен тиындардың резервтегi мемлекеттiк қорын құрайды;
п) Қазақстан Республикасы банктерiнiң жиынтық балансы мен өз балансын жасайды және оны үнемi жариялап отырады;
р) елдiң есептiк төлем балансын қалыптастырады және төлем балансы көрсеткiштерiнiң қысқа мерзiмдi, орташа мерзiмдi және ұзақ мерзімді болжамды бағаларын әзiрлеуге қатысады, мемлекеттiк кепiлдiгi жоқ мемлекеттік емес сыртқы займдардың шарттарын тіркеу мен мониторингін жүзеге асырады және елдiң жалпы сыртқы борышының бағасын қалыптастырады;
p-1) мемлекеттiң ақша-кредит және қаржы статистикасын қалыптастырады;
с) ақшаны клиенттің банктік шотына қате есептелгені анықталған кезде оны алып қоюға құқығы бар, банктік шоттан ақшаны алуға оның келісімін растайтын құжаттар бар болса, клиенттің банктік шотын дебеттеуге құқылы;
т) Қазақстан Республикасының банк жүйесiне кадрлар даярлауды жүзеге асыруға қатысады;
у) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң бiрыңғай қазынашылық шотына қызмет көрсетедi;
у-1) өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында банктерден, олардың қауымдастықтарынан (одақтарынан) және мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпарат алуға құқылы;
у-2) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес вексельдердi қайта есептеудi жүзеге асырады;
у-3) Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында жасалатын және ресми басылымдарда жарияланатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттың негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады;
у-4) Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында жасалатын, ресми басылымдарда жарияланатын сенiмгерлiк басқару туралы шарттардың негiзiнде берiлген активтердi сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады;
у-5) банк шоттарының режимiн белгiлейдi;
у-6) банктер беретiн кредиттердiң көлемiн реттеу мақсаттары үшiн, банктердiң өз мiндеттемелерi бойынша төлем жасамау қаупiн азайту, сондай-ақ банк салымшылары мен акционерлерiнiң мүдделерiн қорғау үшiн банктердiң қаражатын резервте ұстайды;
у-7) банктер операциялары мен мәмiлелерiнiң жекелеген түрлерi бойынша сандық шектеулердi белгiлейдi;
ф) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да функцияларды, өкiлеттiктер мен құқықтарды жүзеге асырады.