Ақша бiрлiгiн айырбастауға Қазақстан Республикасы Президентiнiң құқығы бар. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы ақша бiрлiгiнiң қолданылу тәртiбiн, мерзiмiн және шарттарын белгiлейдi.
45-бап. Банкноттар мен тиындарды ауыстыру
Қазақстан Ұлттық Банкi банкноттар мен тиындардың бұрын қолданыста болғандардың төлемдiлiгiн анықтау және оларды айырбастау тәртiбiн белгiлейдi әрi бұл жөнiнде баспасөзде жарияланады.
ҚР 16.07.99 ж. N 436-1 Заңымен 46-бап өзгертiлдi; ҚР 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 46-бап жаңа редакцияда
46-бап. Тозған және бүлiнген банкноттар
Тозған және бүлiнген, өзiнiң толық көлемiнiң кемiнде жетпiс процентi сақталған банкноттарды Қазақстан Ұлттық Банкi және Қазақстан Республикасының банктерi шектеусiз айырбастайды.
Тозған және бүлiнген, елу процентiнен астамы сақталған банкноттарды Қазақстан Ұлттық Банкi қабылдайды және өзi белгiлеген ережелерге сәйкес айырбастайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi жоғалған немесе жойылған банкноттар мен монеталарды өтеуге мiндеттi емес.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 47-бап өзгертiлдi
47-бап. Банкноттар мен тиындарды құқыққа қайшы жасағаны үшiн жауапкершiлiк
Банкноттар мен тиындарды құқыққа қайшы жасап шығаруға, сондай-ақ қолдағы ақшаны санкциясыз эмиссиясын iске асыруға кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес қылмыстық және мүлiктiк жауаптылыққа тартылады.
ҚР 29.03.00 ж. N 42-II Заңымен 47-1-баппен толықтырылды; ҚР 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 47-1-бап өзгертілді
47-1-бап. Кассалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру
Қазақстанның Ұлттық Банкі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар мен олардың клиенттеріне кассалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, сондай-ақ банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қолма-қол ақшаны сақтауы, тасымалдауы және есепке алуы жөніндегі негізгі талаптарды белгілейді.
ҚР 16.07.99 ж. N 436-1 Заңымен тараудың атауы жаңа редакцияда
YIII тарау. Ақша төлемі мен аударымын
ұйымдастыру
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 48-бап өзгертiлдi; ҚР 16.07.99 ж. N 436-1 Заңымен 48-бап жаңа редакцияда; ҚР 29.03.00 ж. N 42-II; 09.07.03 ж. N 482-II Заңдарымен 48-бап өзгертiлдi
48-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ақша төлемi мен аударымын ұйымдастыруға өкiлеттiгi
Қазақстан Ұлттық Банкi төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн ұйымдастырады, үйлестiредi, реттейдi, сондай-ақ қадағалауды жүзеге асырады және:
1) ақша төлемiн және (немесе) аударымын жүзеге асыру тәсiлдерiн қолдану ережелерi мен ерекшелiктерiн, төлем нұсқаулары мазмұнына қойылатын негiзгi талаптарды;
2) қолма-қол ақшаны пайдалана отырып төлем жасау тәртібі мен шарттарын белгілейді.
ҚР 10.07.03 ж. N 483-II Заңымен 48-1-баппен толықтырылды
48-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң төлем жүйелерiн
ұйымдастыру мен реттеудегi өкiлеттiктерi
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының аумағында төлем жүйелерi жұмыс істеуінің тиiмдiлігi мен сенімдiлігiн қамтамасыз етуге бағытталған нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi өз құзыретi шегiнде халықаралық (мемлекетаралық) төлемдер жүйесiн ұйымдастыру iсiне қатысуға құқылы.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 49-бап өзгертiлдi
49-бап. Шоттар
Қазақстан Ұлттық Банкi шоттардың түрлерiн және құқықтық тәртiбiн, банктiк шоттарды ашу, пайдалану және жабу тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.
ҚР 16.07.99 ж. N 436-1 Заңымен 50-бап жаңа редакцияда
50-бап. Ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру тәсiлдерi
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру тәсiлдерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде және соларға сәйкес қабылданған нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгіленедi.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 51-бап алынып тасталды
51-бап. алып тасталы
IХ Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң операциялары
ҚР Президентiнiң 27.01.96 ж. N 2830 Заң күшi бар жарлығымен;ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 52-бап өзгертiлдi; ҚР 16.07.99 ж. N 436-1 Заңымен 52-бап жаңа редакцияда
52-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiндегi банк шоттарының иелерi
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген тәртiппен Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашқан заңды тұлғалар және банктер ондағы банк шоттарының иелерi болып есептеледi.
ҚР 16.07.99 ж. N 436-1 Заңымен 52-1-баппен толықтырылды; ҚР 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 52-1-бап өзгертілді
52-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ұлттық валютамен операциялары және мәмiлелерi
Қазақстанның Ұлттық Банкi ұлттық валютамен мынадай операциялар жүргiзедi:
1) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкiнде ашылған банк шоттарының иелерiне бiр жылдан аспайтын мерзімге өтімділігі жоғары, тәуекелсіз бағалы қағаздармен және басқа да активтермен қамтамасыз етiлген кредиттер бередi;
2) өтеу мерзiмi бiр жылдан аспайтын, саудаға шығарылған бiрiншi сыныпты эмитенттердiң вексельдерiн қайта есепке алады;
3) мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
4) Қазақстанның Ұлттық Банкi кредиттердi қамтамасыз ету үшiн жарамды деп есептейтiн депозиттiк сертификаттарды, борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
5) депозиттердi қабылдайды, ақша төлемi мен аударымдарын жүзеге асырады, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;
6) туынды қаржы құралдарымен операцияны жүзеге асырады;
7) қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегi банктер мен қаржы ұйымдарында шоттар ашады;
8) чек жазып бередi және вексельдер бередi;
9) егер осы Заңда тікелей тыйым салынбаған болса, басқа банк операцияларын, сондай-ақ өз міндеттеріне сәйкес өз атынан мәмілелерді жүзеге асырады.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 53-бап өзгертiлдi; ҚР 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 53-бап алып тасталды
53-бап. алып тасталды
ҚР Президентiнiң 27.01.96 ж. N 2830Заң күшi бар жарлықпен;ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 16.07.99 ж. N 436-1Заңдарымен 54-бап өзгертiлдi
54-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң операциялары бойынша шектеулер
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң:
- осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымдарға қызмет көрсету, сондай-ақ заңды тұлғалардың акцияларын сатып алуға;
- қолданылып жүрген заңдарда рұқсат етiлгендердi қоспағанда саудамен және басқа да қызметпен шұғылдануға;
- Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, қамтамасыз етiлмеген кредиттер беруге;
- берiлген кредиттердi ұзарту немесе мерзiмi өткен вексельдердi жаңартуға рұқсат беру.
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайлардан ерекшелiк тек қана Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының арнайы шешiмi бойынша жасалуы мүмкiн.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен Х Тараудың атауы өзгертiлдi
Х Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң сыртқы экономикалық
қатынастар саласындағы қызметi. Валюталық
құндылықтармен жүргiзiлетiн операциялар
ҚР 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 55-бап алып тасталды
55-бап. алып тасталды
ҚР Президентiнiң 02.08.95 ж. N 2396 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 03.07.96 ж. N 18-1; 11.07.97 ж. N 154-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 02.03.01 ж. N 162-II; 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 56-бап өзгертiлдi
56-бап. Валюталық реттеу және валюталық бақылау
Қазақстан Ұлттық Банкi:
а) Қазақстан Республикасында шет ел валютасының және шет ел валютасындағы бағалы қағаздар айналысының аясы мен тәртiбiн белгiлейдi, шет ел валютасында операциялар жүргiзуге қажеттi шектеулер енгiзедi, соның iшiнде осындай операциялар мен сыйақы (мүдде) ставкаларының көлемiне де енгiзiледi;
б) резиденттердiң және резидент еместердiң Қазақстан Республикасында шет ел валютасымен және шет ел валютасындағы бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу ережелерiн белгiлейдi;
в) валюта құндылықтарын Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан алып кету және жiберу тәртiбiн белгiлейдi. Резиденттер үшiн Қазақстан Республикасына шетел валютасын және шетел валютасындағы бағалы қағаздарды міндетті түрде аудару тәртiбiн белгiлейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң шетел банктерiнде шот ашу шарттарын анықтайды.
г) беру, тiркеу ережелерiн белгiлейдi және валюта заңдарында көзделгендей, валюталық операциялар жүргiзуге лицензиялар бередi;
д) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң басқармасы айқындайтын тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгiлейдi;
е) алтын-валюта активтерiн құрайды және солармен операциялар жасайды;
ж) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк статистикалық органдармен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасындағы барлық заңды және жеке тұлғалардың орындаулары үшiн мiндеттi валюталық операциялар бойынша есеп жүргiзу мен есеп беру тәртiбi мен нысандарын белгiлейдi;
з) өкiлеттi банктердiң Тiзбесiн жүргiзiп, жариялайды;
и) банктер мен өзге тұлғалардың Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық заңдарын бұзу фактiлерi анықталған жағдайда, банктiк және валюталық заңдарда көзделген санкцияларды қолдануға құқылы;
к) халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырады, шет елдермен қаржы - валюталық және кредиттiк-есеп айырысу қатынастарын жетiлдiредi;
л) жасасылған мемлекеттiк шарттарға сәйкес шетелдiк және халықаралық ұйымдармен шет ел валютасын тартады;
м) валюталық құндылықтарды бағалы металдардан өзгесін әкетуге рұқсат бередi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резидент еместерiнен алынған банк кредиттерiнiң есебiн жүргiзедi;
н) Қазақстан Республикасының резидент еместерiнен қосымша кредиттер тарту мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
о) тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) экспорттаудан түскен шетелдiк валютаны мiндеттi түрде сату режимдi енгiзедi және өзгертедi.
Қазақстан Ұлттық Банкi валюталық реттеу және валюталық бақылау жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да функцияларды орындауға құқылы.
ҚР Президентiнiң 05.12.95 ж. N 2672 Заң күшi бар жарлығымен;ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 02.03.01 ж. N 162-II Заңдарымен 57-бап өзгертiлдi
57-бап. Валюталық құндылықтармен және бағалы металдармен жасалатын операциялар
Қазақстан Ұлттық Банкi валюта құндылықтарымен және бағалы металдарымен мынадай операцияларды жүзеге асыруға:
- шет ел валютасын сатып алуға және сатуға;
- шет мемлекеттердiң үкiметтерi немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарған және Қазақстан Республикасының Үкiметi шетел валютасымен кепiлдiк берген бағалы қағаздарды сатып алуға, сатуға немесе олармен операциялар жүргiзуге;
- өздерi тiркелген мемлекеттердiң заңдары бойынша тиiстi құқығы бар банктерде, шет елдердiң орталық банктерi мен банктерiнде, қаржы институттарында, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарында шот ашуға;
- өздерi тiркелген мемлекеттердiң заңдары бойынша тиiстi құқығы бар шетелдiк орталық банк, банктер мен басқа да қаржы институттары, шет елдер үкiметi мен олардың агенттерi, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары үшiн шот ашып, оны жүргiзуге, өкiл немесе корреспондент ретiнде iс-әрекет жасауға;
- аффинирленген алтынды, бағалы металдарды, асыл тастарды және одан жасалған бұйымдарды қабылдау мен сақтауды жүзеге асыруға;
- Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгiленген тәртiппен бағалы металдар мен зергерлiк бұйымдарға қатысты операцияларға лицензиялау жүргiзуге;
- Қазақстан Республикасының аумағында және сыртқы рынокта аффинирленген алтын мен басқа да бағалы металдарды сатып алу мен сату жөнiнде операциялар жүргiзуге;
- қолданылып жүрген заңдарына белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасына валюталық құндылықтар мен бағалы металдарды әкелуге, сондай-ақ оларды шет ел банктерiндегi және мамандандырылған қаржы ұйымдарындағы өз шоттарына орналастыру үшiн шет елдерге шығаруға құқылы;
- ең төменгі деңгейін Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын кредиттік рейтинг бар эмитенттер шығарған бағалы қағаздарды сатып алуға, сатуға немесе олармен операциялар жүргізуге;
- ақша рыногының банкаралық депозиттер, репо және кері репо, депозиттік сертификаттар, коммерциялық қағаздар және ең төменгі деңгейін Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын кредиттік рейтингі бар эмитенттер шығарған басқа да борыштық міндеттемелер сияқты құралдарымен операцияларды жүзеге асыруға;
- форвард операциялары, своп операциялары және кредиттік рейтингін Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын деңгейден төмен емес қарсы әріптестермен опцион операциялары сияқты туынды қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асыруға;
- Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі бойынша басқа да операцияларды жүзеге асыруға құқылы.
ҚР Президентiнiң 05.12.95 ж. N 2672 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 58-бап өзгертiлдi
58-бап. Алтын-валюта активтерi
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң алтын-валюта активтерi Қазақстан теңгесiнiң сыртқы және iшкi тұрлаулылығын қамтамасыз ету үшiн жасалады, және пайдаланылады әрi олар:
- аффинирленген алтыннан;
- Қазақстан Ұлттық Банкiнде сақтаулы валюталық құндылықтардан;
- шет ел валютасындағы жай және аударым вексельдерiнен;
- шет елдер үкiметтерi немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарып, кепiлдiк берген бағалы қағаздардан;
- мұндай активтердiң өтiмдiлiгi мен сақталуы қамтамасыз етiлген жағдайда, шет ел валютасында деноминирленген басқа да сыртқы активтерден құралады.
Қазақстан Ұлттық Банкi алтын-валюта активтерiнiң құрылымын және олардың орналастырылуын анықтайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмiмен көзделген жағдайларды қоспағанда алтын-валюта активтерiн кредиттер (заемдар, несиелер) беру нысанында пайдалануға және Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидентi еместерге кепiлдiктер немесе басқадай мiндеттемелер ұсынуға жол берiлмейдi.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң алтын-валюта активтерiнiң құрылымын ұлғайту және өзгерту:
бағалы металдар мен асыл тастарға қатысты қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес қазақстандық және басқа осындай металл өндiрушiлерден (сатушылардан) тазартылған алтын сатып алу;
Қазақстан теңгесiне (естелiк және кәдесый тиындарын қоса) шет ел валютасын және Қазақстан Республикасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резиденттерi мен резидентi еместерге шет ел валютасын сатып алу жолымен;
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң шет ел валютасымен жүзеге асыратын депозит, салым, дилинг операцияларынан және шет ел валютасында деноминирленген бағалы қағаздар операцияларынан, сондай-ақ шет ел валютасымен беретiн кредиттерiнен түсетiн комиссиялық және басқа сыйақылар (мүдде);
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң тазартылған алтын, күмiс, платина және платина тобындағы басқа металдарды сату, салу және басқа операциялар жүргiзуiнен алынған шет ел валютасындағы түсiмдер;
Қазақстан Ұлттық Банкi халықаралық қаржы ұйымдарынан, шет мемлекеттердiң орталық банктерiнен және басқа кредиторлардан алған кредиттер;
осы Заңға және Қазақстан Ұлттық Банкi туралы ережеге сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкi көрсеткен консультациялық, баспа-ақпараттық және басқа да қызметтен алынған шет ел валютасындағы түсiмдер есебiнен жүргiзiледi.
Алтын-валюта активтерiн азайтуды Қазақстан Ұлттық Банкi мынадай жолмен жүргiзедi:
айырбас бағамы саясатын қоса ақша-кредит саясатын жүргiзу мақсатында iшкi валюта нарығында валюта сату әрi iшкi валюта нарығында шет ел валютасына деген сұраным мен ұсынымның арасындағы алалықты бәсеңдетуге;
шет елдегi дипломатиялық және басқа да өкiлдiктердi ұстау мен iссапар шығындарын, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк сыртқы қарызына қызмет көрсетудi қоса өнiм (жұмыс, көрсетiлетiн қызмет) импортын төлеу үшiн мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты мен Қазақстан Ұлттық Банкi сметасы (бюджетi) есебiнен теңгенi шет ел валютасына айырбастауды жүзеге асыру;
басқа шет ел валютасын сатып алу үшiн шет ел валютасын сату;
Қазақстан Ұлттық банкiнiң алған кредитi бойынша негiзгi соманы, және сыйақыны (мүдденi), сондай-ақ комиссиялық және басқа iлеспе шығындарын қайтару;
шығынды алтын-валюта активтерiн қалыптастырылған провизиялар (резервтер) есебiнен есептеп шығару.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 59-бап өзгертiлдi
59-бап. Сыртқы активтердiң өтiмдiлiгi және сақталуы
Қазақстан Ұлттық Банкi активтердiң өтiмдiлiгi мен сақталуын қамтамасыз етуге және сыртқы активтердiң сатып алу үшiн сақтау қажеттiгiн тиiсiнше ескертуге мiндеттi.
Қазақстан Ұлттық Банкi сыртқы активтерiн ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге және оның айырбас бағамен ұстап тұруға қажеттi деңгейде сақтауға тиiс.
Он екi ай iшiнде сыртқы активтерiнiң деңгейi 15 проценттен астам төмендеп кеткен ретте, Қазақстан Ұлттық банкi мұндай жағдайға жол бермеу немесе оны түзету үшiн Үкiметпен қажеттi шараларды келiседi.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 60-бап өзгертiлдi; ҚР 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 60-бап жаңа редакцияда
60-бап. Алтын-валюта активтерiн қайта бағалау шоты
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаржы жылы iшiндегi, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң алтыннан немесе шетел валютасынан немесе алтынның құнынан тұратын активтерiн немесе мiндеттемелерiн бағалаудағы өзгерiстердiң салдары болып табылатын iске асырылмаған кiрiстерi iске асырылған кiрiстер мен шығыстарды шегерiп тастағаннан кейiнгi айырманы қайта бағалау шотына жатқыза отырып қаржы жылы iшiнде жүргiзiлетiн қайта бағалаумен реттеледi.
Алтын-валюта активтерiнiң жинақталған қайта бағалау сомасы ағымдағы жылдың алтын-валюта активтерiн қайта бағалаудан iске асырылмаған кiрiстер мен шығыстардың таза позициясы бойынша пайда болған терiс соманы өтейдi, сондай-ақ активтер шығарылған кезде Қазақстан Ұлттық Банкi белгiленген тәртiппен iске асырылған кiрiстерге жатқызылады.
ХI Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бақылау
және қадағалау функциялары
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 61-бап өзгертiлдi
61-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң реттеу мен қадағалауды жүзеге асыру принциптерi
Қазақстан Ұлттық Банкi осы Заңға және Қазақстан Республикасының банк заңдарына сәйкес банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн реттеу мен қадағалауға қатысады.
Қазақстан Ұлттық Банкi банкiлер желiсiнiң жұмыс iстеуi үшiн ортақ жағдайлар жасауға және банкiлердiң адал бәсекесi принциптерiн енгiзуге жәрдемдеседi.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң реттеушiлiк функциялары Қазақстан Республикасы ақша-кредит жүйесiнiң тұрақтылығын қолдауға, банк кредиторларының, салымшыларының және клиенттерiнiң мүдделерiн қорғауға бағытталады.
Қазақстан Ұлттық Банкi заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың ағымдағы қызметiне араласпайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi банк және қаржы статистикасын, экономикалық ахуалға талдау жасау үшiн банктерден, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан, сондай-ақ олардың ассоциациялары мен реттеушi органдарынан, республика министрлiктерi мен ведомстволарынан қажет ақпараттарды алдыруға құқылы.
ҚР 07.12.96 ж. N 50-1; 11.07.97 ж. N 154-1; 02.03.01 ж. N 162-II; 09.07.03 ж. N 482-II Заңдарымен 62-бап өзгертiлдi және толықтырылды; ҚР 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 62-бап жаңа редакцияда
62-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаржылық ұйымдардың
қызметiн реттеу мен қадағалау жөнiндегi негiзгi
өкiлеттiктерi
Қазақстан Ұлттық Банкi осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiне сәйкес қаржылық ұйымдарға лицензия берудi, оларды бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.
Осы мақсаттарда Қазақстан Ұлттық Банкi:
1) қаржылық ұйымдар мен олардың клиенттерi орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға;
2) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда қаржылық ұйымдардың банк операцияларын жүргiзуiне лицензиялар берудiң шарттары мен тәртiбiн айқындауға;
3) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша қаржылық ұйымдар мен өзге де тұлғалардың қызметiн тексерудi жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан және азаматтардан өзiнiң бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қажеттi мәлiметтер алуға өкiлеттi.
Қазақстан Ұлттық Банкi басқа мемлекеттердiң орталық банктерiмен және қадағалау органдарымен ынтымақтастық жасайды және өздерiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыруға қажеттi ақпарат алмасуға құқылы.
ҚР 16.07.99 ж. N 436-1 Заңымен 62-1-баппен толықтырылды; ҚР 18.12.00 ж. N 128-II Заңымен 62-1-бап өзгертілді; ҚР 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 62-1-бап алып тасталды
62-1-бап. алып тасталды
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 02.03.01 ж. N 162-II Заңдарымен 63-бап өзгертiлдi; ҚР 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 63-бап алып тасталды
63-бап. алып тасталды
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 02.03.01 ж. N 162-II Заңдарымен 64-бап өзгертiлдi; ҚР 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 64-бап алып тасталды
64-бап. алып тасталды
ХII Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң есеп беруi
65-бап. Қаржы жылы
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаржы жылы күнтiзбелiк есептеу бойынша 1 қаңтардан басталып, 31 желтоқсанда аяқталады.
ҚР Президентiнiң 05.12.95 ж. N 2672 Заң күшi бар жарлығымен 66-бап жаңа редакцияда; ҚР 16.07.99 ж. N 436-1; 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 66-бап өзгертілді
66-бап. Есеп беру
Қазақстан Ұлттық Банкi жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне жылдық есеп берiп отырады.
Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық есебiн қарап, оны бекiту туралы шешiм қабылдайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi келiсiлген мерзiмде Қазақстан Республикасының жиынтық қаржы балансын жасау үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық бухгалтерлiк балансын және кiрiстерi мен шығыстары туралы есебiн берiп отырады.
ҚР Президентiнiң 05.12.95 ж. N 2672 Заң күшi бар жарлығымен 67-бап өзгертілді; ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 67-бап өзгертілді
67-бап. Жылдық есеп
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық есебi:
- ақша айналысының, кредиттiң, қаржының, банк жүйесiнiң валюта саясатының жай-күйi туралы баяндаманы;
- Қазақстан Ұлттық Банкiнiң өткен жылғы қызметi туралы есептi;
- Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiн қамтиды.
ҚР Президентiнiң 05.12.95 ж. N 2672 Заң күшi бар жарлығымен 68-бап өзгертілді; ҚР 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 68-бап өзгертілді
68-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметiн тексеру
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметiне жыл сайын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы тағайындайтын тәуелсiз аудиторлық ұйым тексерiс жасап отырады.
Тексерiс кезiнде алынған әрбiр ақпарат құпия деп саналады және аудиторлық ұйым оны үшiншi жаққа жеткiзгенi үшiн жауап бередi.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң және оның бөлiмшелерiнiң қызметiне жасалған кез келген мемлекеттiк органның тексерiсi Қазақстан Республикасы Президентiнiң келiсiмiмен не болмаса тапсыруы бойынша ғана жүзеге асырылады.
ХIII Тарау. Қорытынды ережелер
ҚР Президентiнiң 05.12.95 ж. N 2672 Заң күшi бар жарлығымен 69-бап өзгертілді
69-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң таратылуы
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының тиiстi Заңын қабылдау жолымен таратылуы мүмкiн, Қазақстан Ұлттық Банкi таратылған жағдайда оның мүлкi тиiстi Заңда көрсетiлген банк құқығын иеленушiге бередi.
ҚР 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 70-бап өзгертілді
70-бап. Ақпарат алу жөнiндегi өкiлеттiк