Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жұмыс істеу мәселелері
бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы 2001 жылғы
3 мамырдағы № 182-II Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат, № 15-16, 100-құжат, № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 жылғы 13 наурызда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 12 наурызда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне банк қызметi мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 2 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 8-бап мынадай мазмұндағы у-3) тармақшамен толықтырылсын:
"у-3) Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын және ресми басылымдарда жарияланатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттың негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады;";
2) 15-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы у), ф) және х) тармақшаларымен толықтырылсын:
"у) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Yкіметіне табыс етiлетiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқарудың нәтижелерi туралы есептi бекіту;
ф) Қазақстан Республикасының Парламентiне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлiкпен басқару нәтижелерi туралы ақпарат табыс ету;
х) өкiлеттiгiне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқару (Өкiлеттi өкiл) жөніндегі шешiмдердi шұғыл түрде қабылдау кiретiн лауазымды тұлғаны (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейде) айқындау.";
3) 70-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"70-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi көрсететiн қызметтердiң өтемдiлiгi
Қазақстан Ұлттық Банкi банк операцияларын және басқа да қызметтердi ақылы негiзде атқаруға құқылы. Қазақстан Ұлттық Банкi көрсететiн қызметтері үшiн ақының түрлерi мен мөлшерлерiн өз бетiнше белгiлейдi.
Қазақстан Ұлттық Банкi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі қызметтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Қаржы министрлігіне көрсетiлетiн банктiк және өзге де қызметтер үшiн ақы алмайды.".
2. "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 7, 225-құжат; № 20, 731-құжат; № 21, 783-құжат; № 23, 916, 928, 930-құжаттар; 2000 ж., № 21, 395-құжат; 2001 жылғы 20 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 23 қаңтарда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы жиырма жетiншi және қырық алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
"шикiзат секторының ұйымдары - тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн заңды тұлғалар, олардан бюджетке төленетiн төлемдердiң бiр бөлiгi осы Заңда айқындалатын тәртiппен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылады;";
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан алынатын нысаналы трансферттер - Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын мақсаттарға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан тиiстi бюджетке түсетiн ақша түсiмдерi, олардың көлемдерi тиiстi бюджеттерде бекітіледi;";
2) 4-баптың 4-тармағы "арқылы қол жеткiзiледi." деген сөздердiң алдынан ", сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тұрақтандырушылық функциясын iске асыру" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 7-бапта:
1) тармақшаның б) тармақшасы мынадай мазмұндағы жиырма бесiншi абзацпен толықтырылсын:
"республикалық бюджетке шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң бекітілген және iс жүзіндегі көлемдерiнiң арасындағы терiс айырма ретiнде айқындалатын республикалық бюджет шығындарының өтемi түрiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан түсетiн түсiмдер;";
2) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан алынатын нысаналы трансферттер;";
4) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
"7-1-бап. Республикалық бюджетке шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң көлемiн анықтау тәртібі
1. Республикалық бюджетке шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң жылдық көлемi облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша тиiстi қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледi. Аталған түсiмдердiң тоқсандық көлемдерiн облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша республикалық бюджетте белгiленген жылдық сомалар шегiнде Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi.
2. Шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн, олардың түсiмдерiнiң бекітілген тоқсандық көлемдерiнен асатын бөлiгi осы Заңның 24-бабына сәйкес республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылады.";
5) 9-баптың 1-тармағының соңғы абзацындағы "қаржыландыруға жұмсалады" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берiлетiн ресми трансферттердi;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферттердiң есебiнен iске асырылатын өзге де бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға жұмсалады.";
6) 11-баптың 1-тармағында:
1) тармақшаның б) тармақшасы мынадай мазмұндағы жиырма үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"жергiлiктi бюджеттерге шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң бекітілген және iс жүзіндегі көлемдерiнiң арасындағы терiс айырма ретiнде айқындалатын жергiлiктi бюджеттер шығындарының өтемi түрiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан түсетiн түсiмдер;";
2) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан алынған нысаналы трансферттер";
7) мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:
"11-1-бап. Жергiлiктi бюджеттерге шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң көлемiн анықтау тәртібі
1. Жергiлiктi бюджеттерге шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң жылдық көлемдерi облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша тиiстi қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледi. Аталған түсiмдердiң тоқсандық көлемдерiн облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жылдық сомалар шегiнде Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi.
2. Шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн, олардың түсiмдерiнiң бекітілген тоқсандық көлемдерiнен асатын бөлiгi осы Заңның 25-бабына сәйкес жергiлiктi бюджеттерден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылады.";
8) 12-баптың 1-тармағының соңғы абзацындағы "қаржыландыруға жұмсалады." деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы жиырма бiрiншi абзацпен толықтырылсын:
"жергiлiктi бюджеттерден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берiлетiн ресми трансферттердi;";
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферттердiң есебiнен iске асырылатын өзге де бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға жұмсалады.";
9) 15-бап мынадай мазмұндағы үшiншi және оныншы абзацтармен толықтырылсын:
"облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша республикалық және жергiлiктi бюджеттерге шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң көлемдерiн;";
"облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша республикалық және жергiлiктi бюджеттерден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берiлетiн ресми трансферттердiң сомасын;";
10) 18-бапта:
4-тармақ мынадай мазмұндағы жетiншi абзацпен толықтырылсын:
"тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк үшiн тиiстi қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заңда белгiленген сомада Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жергiлiктi бюджеттен берiлетiн ресми трансферттердiң сомасы;";
7-1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Жергiлiктi бюджеттерге шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн түсiмдердiң көлемiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк үшiн тиiстi қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заңда белгiленген көлемде жергiлiктi өкiлдi органдар бекiтедi.";
11) 24-баптың 1-1-тармағы мынадай мазмұндағы бесiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Республикалық бюджетке шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн, олардың түсiмдерiнiң бекітілген тоқсандық көлемiнен асатын бөлiгін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударуды Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындаған тәртiппен республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазынашылығының аумақтық органдары жүргiзедi. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылған сома республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есепте көрсетiледi.";
12) 25-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Жергiлiктi бюджетке шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн, олардың түсiмдерiнiң бекітілген тоқсандық көлемiнен асатын бөлiгiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударуды Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындаған тәртiппен тиiстi жергiлiктi бюджеттерден Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазынашылығының аумақтық органдары жүргiзедi. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылған сома тиiстi жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы есепте көрсетiледi.";
13) 29-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі "табыс етеді" деген сөздердің алдынан "Қазақстан Республикасының Парламентіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қызмет туралы ақпаратты енгізе отырып" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Жергілікті бюджеттердің (облыстар, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің, облыстық бюджеттердің, қалалар, аудандар бюджеттерінің) атқарылуы туралы айлық және жылдық есептер тиісті жергілікті бюджеттерге шикізат секторының ұйымдарынан түсетін түсімдердің бөлігін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аудару көлемдері туралы ақпаратты қамтиды.".
2-бап. Осы Заң 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті | | | | | | | | | | Н.Ә. Назарбаев |