к) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жұмысы туралы жылдық есептi қарау, қабылдау және Қазақстан Республикасы Президентінiң бекiтуiне ұсыну;
к-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын, жалпы штат санын және Қазақстанның Ұлттық Банкі туралы ережені қарау, мақұлдау және Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсыну;
л) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiн қарау және бекiту;
м) Қазақстан Ұлттық Банкінің өзінің жарғылық және резервтік капиталын қалыптастыру, Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі қаражатын және өзге де мүлкін, бюджетін (шығыстар сметасын) пайдалану тәртібі туралы, ақылы қызметтер көрсету жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін бекіту, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі департаментінің директорларын, филиалдарының, өкілдіктерінің және ұйымдарының басшыларын бекіту;
н) алып тасталды
о) Қазақстан Ұлттық Банкi оның филиалдары, өкiлдiктерi мен ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбек жағдайын, еңбекақы төлеу жүйесi мен мөлшерiн, әлеуметтiк-тұрмыстық жағынан қамтамасыз етiлуiн анықтау және бекiту;
п) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң халықаралық және осы Заңға сәйкес өзге де ұйымдарға қатысуы туралы шешiм қабылдау;
р) Қазақстан Ұлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң (Директорат) құрамын бекiту;
с) қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарын ескере отырып, Қазақстан Ұлттық Банкi үшiн бухгалтерлiк есептiң саясаты мен әдiстерiн белгiлеу;
т) алып тасталды
у) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесiн бекiту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Yкiметiне табыс етiлетiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқарудың нәтижелерi туралы есептi бекiту;
ф) Қазақстан Республикасының Парламентiне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлiкпен басқару нәтижелерi туралы ақпарат табыс ету;
х) өкiлеттiгiне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқару (Өкiлеттi өкiл) жөнiндегi шешiмдердi шұғыл түрде қабылдау кiретiн лауазымды тұлғаны (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейде) айқындау.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы өз құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қаулы қабылдайды.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы немесе оның орынбасары банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдарына әкiмшiлiк айыппұл салу туралы мәселенi Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының басқа мүшелерiмен алдын ала келiсiп алады және осы мәселе бойынша тиiстi қаулы нысанында шешiм қабылдайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мүшелерi егер өздерi оның қабылдануы үшiн дауыс бермесе, бiрақ шешiмнiң қабылдануымен өзiнiң келiспейтiндiгi туралы дереу мәлiмдеген болса, Басқарма қабылдаған шешiмдер үшiн жауап бередi.
ц) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң таза кiрiсiн бөлу;
ч) өкiлеттiгiне Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында жасалатын мүлiктi сенiмгерлiк басқару туралы шарттардың негiзiнде берiлген активтердi сенiмгерлiкпен басқару жөнiндегi шешiмдердi шұғыл қабылдау кiретiн лауазымды адамды (Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейде) айқындау.
ҚР Президентiнiң 05.12.95 ж. N 2672 Заң күшi бар жарлығымен 16-бап жаңа редакцияда; ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 16-бап өзгертiлдi
16-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының құрамы
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы 9 адамнан тұрады.
Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының құрамына Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бес лауазымды адамы Қазақстан Республикасының Президентiнен бiр өкiл және Қазақстан Республикасының Үкiметiнен екi өкiл кiредi.
Қазақстан Республикасы Президентiнен, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Ұлттық Банкiнен Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мүшелерiн тиiсiнше Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы тағайындайды және босатады.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 16.07.99 ж. N 436-1 Заңдарымен 17-бап өзгертiлдi
17-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мәжiлiстерi
Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мәжiлiстерi қажет болуына қарай, бiрақ айына кемiнде бiр рет өткiзiледi.
Басқарманың кезектен тыс мәжiлiстерi Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының немесе Басқарманың үш мүшесiнiң талап етуi бойынша өткізіледі.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқарма мүшелерi Басқарма мәжiлiсiнiң тағайындалғаны туралы уақтылы хабардар етiледi.
Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мәжiлiсiн Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, ал ол болмаған кезде-оның мiндетiн атқарушы адам жүргiзедi.
Басқарма мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатынасқан жағдайда Басқарма шешiм қабылдауға құқылы, олардың iшiнде Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы немесе оның орнында қалған адам болуға тиiс.
Басқарманың шешiмi Басқарма мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусы мен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының даусы шешушi болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы қайтара талқылау және дауыс беру үшiн өзi бiлдiрген қарсылығын қосып, Басқарма шешiмiн бiр апта мерзiмнен кешiктiрмей қайтаруға құқылы. Егер Басқарма бұрын қабылданған шешiмдi өз мүшелерiнiң жалпы санының үштен екi даусымен қуаттаса, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы шешiмге қол қояды.
ҚР Президентiнiң 05.12.95 ж. N 2672 Заң күшi бар жарлығымен18-бап өзгертілді
18-бап. Қызметтен кету және босату
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы қызметiнен кетерiнен екi ай бұрын Қазақстан Республикасының Президентiне өзiнiң жазбаша өтiнiшiн берiп, қызметiнен кетуге құқылы.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасын Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен босатады.
Төрағаның орынбасарларын Қазақстан Ұлттық банкi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен босатады.
Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарлары қызметiнен кетерiнен екi ай бұрын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы арқылы Қазақстан Республикасының Президентiне өзiнiң жазбаша өтiнiшiн берiп, орнынан түсе алады.
ҚР Президентiнiң 05.12.95 ж. N 2672 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 02.03.01 ж. N 162-II; 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 19-бап өзгертiлдi
19-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Директорларының кеңесi және оның өкiлеттiгi
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң оралымды басқару органы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесi (Директорат) болып табылады.
Директорлар кеңесiнiң құрамына Қазақстан Ұлттық Банкiнiң төрағасы, оның орынбасарлары, Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары кiредi. Қазақстан Ұлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң құрамын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы бекiтедi.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң төрағасы Директорлар кеңесiнiң мәжiлiстерiне Төрағалық етедi. Оның тапсырмасы бойынша Директорлар кеңесiнiң мәжiлiсiн Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары жүргiзе алады.
Осы Заңға сәйкес Директорлар кеңесi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қарауындағы мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды, бұған Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы мен Төрағасының құзырына енетiн мәселелер ғана қосылмайды (немесе оның орынбасарларының).
Директорлар кеңесi өз құзырына енетiн мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.
Директорлар кеңесi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiнiң құрылымын айқындайды.
ҚР Президентiнiң 27.01.96 ж. N 2830 Заң күшi бар жарлығымен;ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 20-бап өзгертiлдi және толықтырылды
20-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң филиалдары, өкiлдiктерi мен ұйымдары
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң филиалдары мен өкiлдiктерi өз қызметiн Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлеген өкiлеттiк шегiнде жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ұйымдары заңды тұлға болып табылады, осы Заңмен белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, заң актiлерiне сәйкес құрылады және өз қызметiн тоқтатады.
Қазақстан Ұлттық Банкi өз ұйымдарын құру және олардың қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдайды, олардың құрылтайшысы және аталған ұйымдардың құқықтық мәртебесiн өзгерту туралы шешiм қабылдау жөнiндегi өкiлеттiктi қоса алғанда оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң қызметiн жүзеге асырушы мемлекеттiк орган болып табылады.
V Тарау. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Мемлекеттiк
өкiмет органдарымен өзара iс-қимылы
ҚР Президентiнiң 05.12.95 ж. N 2672 Заң күшi бар жарлығымен;ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 21-бап өзгертiлдi
21-бап. Өзара iс-қимылдың негiзгi принциптерi
Қазақстан Ұлттық Банкi заң актiлерiмен берiлген өкiлеттiк шегiнде өз қызметiн ешкiмге тәуелсiз атқарады. Өкiлдi және атқарушы өкiмет органдарының Қазақстан Ұлттық Банкi оның филиалдары, өкiлдiктерi мен ұйымдарының заңда бекiтiлген өкiлеттiгiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметiне араласуға құқы жоқ.
22-бап. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Ұлттық Банкi
Қазақстан Ұлттық банкi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметiмен үйлестiрiп отырады. Қазақстан Ұлттық Банкi мен Үкiмет жалпымемлекеттiк маңызы бар болжалды iс-қимыл мен қол жеткен нәтижелер жөнiнде бiр-бiрiн хабардар етiп отыруға және ұдайы консультациялар алысып отыруға мiндеттi.
Қазақстан Ұлттық Банкi өз жұмысында Үкiметтiң экономикалық саясатын ескерiп отырады және оны егер мұның өзi оның негiзгi функциясын атқаруына әрi ақша-кредит және валюта саясатын жүзеге асыруына қайшы келмесе, жүзеге асыруға жәрдемдеседi.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы немесе оның орынбасарларының бiрi Үкiмет мәжiлiстерiне кеңесшi дауыс құқымен қатысуға хақылы.
Үкiмет Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, сол сияқты Қазақстан Ұлттық Банкi де осындай жауапкершiлiктi өзiне алатын кездердi қоспағанда Үкiметтiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 23-бап жаңа редакцияда
23-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - банк, қаржы кеңесшiсi және агенті
Қазақстан Ұлттық Банкi банк, қаржы кеңесшiсi және мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша олардың агентi ретiнде iс-әрекет жасай алады.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 24-бап жаңа редакцияда ҚР 08.12.97 ж. N 200-1; 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 24-бап өзгертiлдi
24-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Банкi
Қазақстан Ұлттық Банкiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаржысы орналастырылады. Қазақстан Ұлттық Банкi Үкiмет шоттары бойынша төлем жүргiзедi, өзге де операцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ оған басқа да қызметтер көрсетедi.
Қазақстан Республикасының Үкiметiн Қазақстан Ұлттық Банкiнiң тiкелей қаржыландыруына жол берiлмейдi.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 25-бап жаңа редакцияда
25-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаржы кеңесшiсi
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк қарыз алу саясатын жасау және iске асыру, мемлекеттiң ақша-кредит саясатымен байланысты мәселелер жөнiнде бюджет саясатын қалыптастыру кезiнде қаржы кеңесшiсi ретiнде қызмет етедi.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 26-бап жаңа редакцияда
26-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң агентi
Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында келiсiлген шарттарда Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң агентi ретiнде iс-қимыл жасайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi Үкiметпен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң агентi ретiнде оған мемлекеттiк заемына қызмет көрсетедi.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 27-бап жаңа редакцияда; ҚР 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 27-бап өзгертiлдi
27-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша шығарылған мемлекеттiк бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша шығарылған мемлекеттiк бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге құқылы.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң мемлекеттiк бағалы қағаздары бастапқы рынокта орналастырылған кезде Қазақстан Ұлттық Банкiнiң оларды өз меншiгiне сатып алуға құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен мемлекеттiк бағалы қағаздар шығарудың және Үкiметтiң мемлекеттiк қарызын олардың банк жүйесiндегi өтiмдiлiгiне ықпал етуiн ескере отырып, өтеудiң ай сайынғы көлемiн және ақша-кредит саясатының басымдығын, Үкiметтiң шешiмi бойынша шығарылған мемлекеттiк бағалы қағаздарды бастапқы орналастыруға қаржы ұйымдарына рұқсат ету шарттарын келiседi.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 28-бап жаңа редакцияда; ҚР 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 28-бап жаңа редакцияда
28-бап. Мемлекеттiк бағалы қағаздар айналысын реттеу
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк бағалы қағаздарының айналысын реттеудi жүзеге асырады.
VI Тарау. Ақша-кредит саясаты
ҚР 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 29-бап жаңа редакцияда
29-бап. Ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ақша-кредит саясатын айқындайтын және жүзеге асыратын бiрден-бiр орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатын инфляцияның төмен деңгейiн және ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.
Ақша-кредит саясаты:
қайта қаржыландырудың ресми ставкасын;
ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейлерiн;
ең төменгi мiндеттi резервтердiң нормативтерiн (резервтiк талаптарды);
ерекше жағдайларда, операциялардың жекелеген түрлерiнiң деңгейi мен көлемiне тiкелей сандық шектеулердi белгiлеу жолымен жүзеге асырылады.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 30-бап өзгертiлдi; ҚР 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 30-бап жаңа редакцияда
30-бап. Ақша-кредит саясаты операцияларының түрлерi
Ақша-кредит саясатын iске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi мынадай операция түрлерiн жүзеге асырады:
1) қарыздар беру;
2) депозиттер қабылдау;
3) валюталық интервенциялар;
4) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталарын шығару;
5) мемлекеттiк және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу және сату, оның iшiнде керi сатып алу құқығымен;
6) коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу;
7) Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша басқа да операциялар.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 31-бап жаңа редакцияда; ҚР 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 31-бап жаңа редакцияда
31-бап. Қайта қаржыландырудың ресми ставкасы
Қазақстан Ұлттық Банкi қайта қаржыландырудың ресми ставкасын ақша рыногының жалпы жай-күйiне, қарыздар бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейiне және инфляциялық болжалдарға қарай белгiлейдi.
Қазақстан Ұлттық Банкi қайта қаржыландырудың ресми ставкасына сәйкес коммерциялық вексельдердi қайта есепке алуды жүргiзедi.
Қайта қаржыландырудың ресми ставкасы ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары үшiн сыйақы ставкалары бойынша бағдар болып табылады.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 32-бап өзгертiлдi
32-бап. Резервтiк талаптар
Банктер беретiн кредиттер көлемiн реттеу мақсатында, банктердiң өз мiндеттемелерi бойынша төлемсiздiк қаупiн төмендету, сондай-ақ банктердiң салымшылары мен акционерлерiнiң мүдделерiн қорғау үшiн Қазақстан Ұлттық Банкi резервтiк талаптар тетiгiн пайдаланады.
Резервтiк талаптар нормативi банктер алдындағы мiндеттемелердi қоспағанда, мiндеттемелердiң жалпы сомасының процент ретiнде есептеледi және ол 40 проценттен аспайтындай мөлшерде белгiленедi.
Қазақстан Ұлттық Банкi ерекше жағдайларда мiндеттемелердiң өсiмiне резервтiк талаптарды енгiзуге құқылы.
Ең төменгi мiндеттi резервтер нормативiн өзгерту, мұндай шешiм қабылдаған күннен кемiнде бiр ай кейiн күшiне енгiзiледi.
Қазақстан Ұлттық Банкi ең төменгi мiндеттi резервтер нормативi бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiлеген мөлшерде айыппұл салып, оны өндiрiп алады.
Қазақстан Ұлттық Банкi банк қызметiн тоқтатқан жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкiнде резервке салынған қаражатын банкке бiр апта мерзiм iшiнде қайтарады.
ҚР 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 33-бап жаңа редакцияда
33-бап. Бағалы қағаздарды сатып алу және сату
Мемлекеттiк және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды Қазақстан Ұлттық Банкi жалпы ақша-кредит саясаты шеңберiнде жүзеге асырады.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 34-бап жаңа редакцияда; ҚР 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 34-бап жаңа редакцияда
34-бап. Ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша
сыйақы ставкалары
Қазақстан Ұлттық Банкi жүзеге асырылатын ақша-кредит саясаты шеңберiнде қаржы рыногындағы рыноктық сыйақы ставкаларына әсер ету мақсатында ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы ставкаларын белгiлейдi.
ҚР Президентiнiң 27.01.96 ж. N 2830 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 35-бап өзгертiлдi; ҚР 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 35-бап жаңа редакцияда
35-бап. Қарыздар
Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердiң қарыз алуының жалпы көлемiн реттейдi.
Банктерге берiлетiн қарыздарды беру мен өтеу тәртiбiн, талаптарын, түрлерiн, мерзiмдерiн және лимиттерiн Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi қарыздарды өтiмдiлiгі жоғары және қауiпсiз бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз ете отырып та, қамтамасыз етпей де бiр жылдан аспайтын мерзiмге бередi. Бұл мерзiмдi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ұзартуы мүмкiн. Бұл орайда Қазақстан Ұлттық Банкi соңғы инстанциядағы қарыз берушi ретiнде банктерге қарыздарды Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген тәртiппен, шарттарда және мерзiмдерде беруге құқылы.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген мүлiк Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қарыздары бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн кепiл заты бола алады.
ҚР 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 36-бап жаңа редакцияда
36-бап. Валюталық интервенциялар
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң валюталық интервенциялары Қазақстан теңгесiнiң бағамына әсер ету мақсатында банкаралық немесе биржалық рыноктарда шетел валютасын сатып алу-сату және валюталық мәмiлелердiң басқа да түрлерiн жүргiзу жолымен дербес жүзеге асырылады.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң валюталық интервенциялары жалпы ақша-кредит саясаты шеңберiнде жүргiзiледi.
ҚР 10.07.03 ж. N 483-II Заңымен 36-1-баппен толықтырылды
36-1-бап. Депозиттер
Депозиттердi тарту мен өтеу тәртiбiн, талаптарын, мерзiмдерiн және тарту лимиттерiн Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де депозиттер тартуға құқылы.
ҚР 10.07.03 ж. N 483-II Заңымен 36-2-баппен толықтырылды
36-2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталары
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталары - Қазақстан Ұлттық Банкi эмиссиялайтын мемлекеттiк бағалы қағаздар.
Қысқа мерзiмдi ноталарды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу тәртiбi мен талаптарын Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-кредит саясатының мақсаттарына сәйкес қысқа мерзiмдi ноталарды ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де шығаруды жүзеге асыруға құқылы.
ҚР 10.07.03 ж. N 483-II Заңымен 36-3-баппен толықтырылды
36-3-бап. Коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу
Қазақстан Ұлттық Банкi коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу тәртiбiн және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң коммерциялық вексельдердi қайта есепке алуға қабылдауы үшiн қойылатын талаптарды белгiлейдi.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 37-бап өзгертiлдi
37-бап. Банк операциялары бойынша сандық шектеулер
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң тiкелей сандық шектеулерi деп операциялардың жекелеген түрлерi және мәмiлелерi бойынша ставкалардың ең жоғары деңгейлерi, кредит берудi тiкелей шектеу, сыйақы (мүдде) ставкаларын тұмшалау, жекелеген салалардың дамуын ынталандыру немесе тежеу мақсатында кредиттiң нақты түрлерiн тiкелей реттеу ұғынылады.
Қазақстан Ұлттық Банкi инфляциялық процестердi жанама ақша-кредиттiк реттеу әдiстерiмен тоқтату болмаған жағдайда тiкелей сандық шектеулер қолдануға құқылы.
VII Тарау. Ақша айналысы және ақша бiрлiгi
38-бап. Ақша бiрлiгi
Қазақстан Республикасының ақша бiрлiгi (ұлттық валютасы) Қазақстан теңгесi болып табылады. Қазақстан теңгесi 100 тиыннан тұрады.
Қазақстан Республикасының айналыстағы ақша белгiлерi банкноттар мен тиындардан тұрады.
Банкноттар мен тиындардың көрсетiлген құнының құрылымын Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлейдi.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 39-бап жаңа редакцияда
39-бап. Төлем құралы
Қазақстан Ұлттық банкiнiң заң актiлерiнде, нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында бiрден-бiр заңды төлем құралы Қазақстан теңгесi болып табылады.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 40-бап өзгертiлдi
40-бап. Банкноттар мен тиындар шығару
Қазақстан Республикасының аумағында қолдағы ақшаны шығаруды, олардың айналысын ұйымдастыруды және айналыстан алуды бiрде-бiр Қазақстан Ұлттық банкi банкноттар мен тиындарды, аударым баламасын ала отырып, банктерге сату нысанында жүзеге асырады.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 41-бап өзгертiлдi
41-бап. Ақша бiрлiгiнiң қамтамасыз етiлуi
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банкноттары мен тиындары Қазақстан Ұлттық Банкiнiң сөзсiз мiндеттемелерi болып табылады және оның барлық активтерiмен қамтамасыз етiледi.
Қазақстан Ұлттық Банкi алтын-валюта активтерiнiң көлемi туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ұдайы хабар жариялап тұрады.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 42-бап өзгертiлдi
42-бап. Банкноттар мен тиындарды жасап шығару және олардың сипаттамасы
Қазақстан Ұлттық Банкi банкноттар мен тиындардың қажеттi мөлшерiне дiлгерлiктi анықтайды, олардың жасалып шығарылуын қамтамасыз етедi, қолдағы ақшаны сақтау, жою және инкассациялау тәртiбiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасында шығарылған банкноттар мен тиындардың көрсетiлген құндық құрамы, нысаны және өрнектi кескiндемесi болуға тиiс. Банкноттар мен тиындардың аталған сипаттамалары баспасөзде жарияланады.
ҚР 16.07.99 ж. N 436-1 Заңымен 43-бап өзгертiлдi
43-бап. Банкноттар мен тиындардың қабылдауға қойылатын талаптар
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң айналысқа шығарған банкноттары мен тиындары олардың белгiленген құнымен Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында төлемдердiң барлық түрлерi бойынша, сондай-ақ банк шоттарына, енгiзу және ақша аудару үшiн қабылдауға мiндеттi, олар Қазақстан Республикасының барлық банктерiнде шектеусiз ұсатылады және айырбасталады.
Қазақстан Ұлттық Банкiнен басқа ешкiм Қазақстан Ұлттық Банкi шығарған банкноттар мен тиындарды жарамсыз деп жариялай алмайды.
ҚР Президентiнiң 05.12.95 ж. N 2672 Заң күшi бар жарлығымен44-бап жаңа редакцияда
44-бап. Ақша бiрлiгiн айырбастау құқығы