Қадағалау мен бақылау жөнiнде Қазақстан Ұлттық Банкiне жүктелген функциялардың сапалы уақтылы орындалуын қамтамасыз ету, осы Заңның талаптарын iске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi банкте, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда шоты бар Қазақстан Республикасы аумағындағы кез келген жеке және заңды тұлғадан қажеттi ақпарат алуға құқылы, бұл ретте алынған мәлiметтер жария етiлмеуге тиiс.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 70-1-баппен толықтырылды; ҚР 03.05.01 ж. N 182-II Заңымен 70-1-бап жаңа редакцияда; ҚР 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 70-1-бап өзгертілді
70-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi көрсететiн қызметтердiң өтемдiлiгi
Қазақстан Ұлттық Банкi банк операцияларын және басқа да қызметтердi ақылы негiзде атқаруға құқылы. Қазақстан Ұлттық Банкi көрсететiн қызметтері үшiн ақының түрлерi мен мөлшерлерiн өз бетiнше белгiлейдi.
Қазақстан Ұлттық Банкi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын, өзге де қорлар мен ұйымдарды басқару жөнiндегi қызметтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қаржы министрлiгiне көрсетiлетiн банктiк және өзге де қызметтер үшiн ақы алмайды.
ҚР Президентiнiң 05.12.95 ж. N 2672 Заң күшi бар жарлығымен 71-бап жаңа редакцияда
71-бап. Наразылық пен қуынымның ескiру мерзiмi
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң кредит шарттарының тиiсiнше орындалмауы жөнiнде заемшыларға қоятын талаптарына наразылық пен қуынымның ескеру мерзiмi қолданылмайды.
ҚР Президентiнiң 05.12.95 ж. N 2672 Заң күшi бар жарлығымен;ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 08.12.97 ж. N 200-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 02.03.01 ж. N 162-II Заңдарымен 72-бап өзгертiлдi
72-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жауапкершiлiгi және дауларды шешу тәртiбi
Қазақстан Ұлттық Банкi өзiнiң мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен жауап бередi.
Қазақстан Ұлттық Банкi, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар және олардың құрылтайшылары (қатысушысы), заңды және жеке тұлғалар арасында осы Заңды орындау үшiн туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес сот тәртiбiмен шешiледi.
Заңды және жеке тұлғаларға өзінің бақылау және қадағалау қызметіне байланысты заңсыз іс-әрекетімен немесе әрекетсіздігімен зиян келтірілгені үшін Ұлттық Банк және оның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заң актілерімен көзделген жауаптылықта болады.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 73-бап өзгертiлдi; ҚР 10.07.03 ж. N 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 73-бап алып тасталды
73-бап. алып тасталды
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 74-бап өзгертiлдi
74-бап. Осы Заңның күшiне енуi
Осы Заң жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының