Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу және күшi жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 сәуірдегі № 357 қаулысы
(2011.25.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы» № 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер бекітілсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 14 сәуірдегі № 357 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерістер
1. ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2. ҚР Үкіметінің 2011.25.03. № 272 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
3. ҚР Үкіметінің 2011.25.03. № 272 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен 4-тармақ күші жойылды
4. «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiнде:
10-бөлiмдегi «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі»ідеген жол «Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi» деген жолмен ауыстырылсын.
5. ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
6. «Қазақстан Республикасының кеден қызметiн реформалау бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 22 қарашадағы № 1746 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 49-50, 573-құжат):
2-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының кеден қызметiн реформалау бағдарламасында:
Қазақстан Республикасының кеден қызметiн реформалау жөніндегі iс-қимылдардың жоспарында:
мәтiнде «Орындау үшiн жауаптылар», «Аяқтау нысаны» деген бағандардағы «ҚР МКМ КК», «ҚР МКМ» деген сөздер «ҚР КБА» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. ҚР Үкіметінің 2005.09.03. № 217 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
8. «Астана - жаңа қала» арнаулы экономикалық аймақ аумағында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң кеден және салық органдарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 469 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 12, 124-құжат):
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң кеден органын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң салық органын құру туралы»;
1, 3-тармақтарда:
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігі Кеден комитетiнiң», «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң», «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң», «Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi»ідеген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі Кеден комитетiнiң «Астана - жаңа қала»ікеденi туралы ережеде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң «Астана - жаңа қала» кеденi туралы ереже»;
мәтiнде:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі Кеден комитетiнiң», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Кеден комитетiне (бұдан әрi - Комитет)», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігін» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң», «Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгiне (бұдан әрi - Агенттiк)», «Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
4 және 6-тармақтарда:
«Комитет», «Комитетiн», «Комитеттiң» деген сөздер тиiсiнше «Агенттiк», «Агенттiгiн», «Агенттiктiң» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. «Кеден одағы және Бiртұтас экономикалық кеңiстiк туралы 1999 жылғы 26 ақпандағы шартқа қатысушы мемлекеттердiң экономикасына құрылымдық қайта құру жүргiзудiң 2000-2005 жылдарға арналған негiзгi бағыттарын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 20 маусымдағы № 681 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Кеден одағы және Бiртұтас экономикалық кеңiстiк туралы 1999 жылғы 26 ақпандағы шартқа қатысушы мемлекеттердің экономикасына құрылымдық қайта құру жүргiзудiң 2000-2005 жылдарға арналған негiзгi бағыттарын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарында:
«Жауапты орындаушылар» деген бағанда:
«Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету» деген бөлiмнiң реттiк нөмiрлерi 1.1., 1.2., 1.3., 1.4-жолдарында:
«Мемлекеттік кiрiс министрлігі» деген сөздер «Кедендiк бақылау агенттiгi» деген сөздермен ауыстырылсын.
10. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі Кеден комитетiнiң «Семей» кеденi», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі Кеден комитетiнiң «Қордай» кеденi», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі Кеден комитетiнiң «Бейнеу» кеденi», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі Кеден комитетiнiң «Өскемен» кеденi» мемлекеттік мекемелерiн құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 24 маусымдағы № 688 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 19, 207-құжат):
тақырыпта және мәтiнде:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі Кеден комитетiнiң», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң», «Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі Кеден комитетiнiң «Семей» кеденi туралы, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі Кеден комитетiнiң «Қордай» кеденi туралы, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі Кеден комитетiнiң «Бейнеу» кеденi туралы ережелерде:
тақырыптардағы және мәтіндегі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі Кеден комитетiнiң», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігін», «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Кеден комитетiмен», «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Кеден комитетiне», «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң», «Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiн», «Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгiмен», «Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгiне», «Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң басшысымен келісім бойынша» деген сөздер алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 14 сәуірдегі № 357 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң күшi жойылған
кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi
1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеден қызметi қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 16 маусымдағы № 532 қаулысы.
2. «Кеден Ынтымақтастығы Кеңесiне жыл сайын мүшелiк жарна енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 19 наурыздағы № 220 қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі кеден органдарының дербес атағы бар қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысына еңбек сiңiрген жылдары үшiн проценттiк үстеме ақы төлеу тәртібі туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 28 сәуірдегі № 329 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., № 14, 171-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 29 сәуірдегі № 523 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 18, 153-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 мамырдағы № 694 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., № 18, 199-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгертулер енгізу және күшi жойылған деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 20 тамыздағы № 1031 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістердiң 44-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 35, 327-құжат).
7. «Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетiнiң жекелеген мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 29 тамыздағы № 1195 қаулысы.
8. «Қазақстан Республикасының Кеден органдарының жұмысындағы елеулi кемшiлiктер туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 11 сәуірдегі № 427 қаулысы.
9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 11 сәуірдегі № 427 қаулысына өзгерту енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 4 қыркүйектегi № 1084 қаулысы.
10. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 11 сәуірдегі № 427 қаулысына өзгертулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 22 сәуірдегі № 492 қаулысы.
11. «Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 4 қазандағы № 1226 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 41, 397-құжат).
12. «Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 4 қазандағы № 1226 қаулысына өзгерiс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 20 маусымдағы № 1003 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., № 28, 252-құжат).
13. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 4 қазандағы № 1226 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 16 қыркүйектегi № 897 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 32, 228-құжат).
14. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігі Кеден комитетiнiң «Кинологиялық орталығы» мемлекеттік мекемесiн құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 15 ақпандағы № 230 қаулысының 5-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 6, 68-құжат).
15. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеден комитетiнiң құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 5 мамырдағы № 786 қаулысы.
16. «Кеден одағының iстерi жөніндегі үкiметтiк органды белгiлеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 19 қаңтардағы № 34 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 1, 10-құжат).