Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 4 қазандағы № 1226
қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 16 қыркүйек № 897
ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 14 сәуірдегі № 357 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы Кеден комитетінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 4 қазандағы № 1226 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 41, 387-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға "Қазақстан Республикасының кеден шекараларында 1997-98 жылдары салуға жататын бақылау-өткізу пункттерінің тізбесі" деген қосымшада:
реттік нөмірі 31, 39-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы тараумен толықтырылсын:
"Ақмола облысы
44. Қызылжар - 1998
45. Ақжол - 1998".
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі