Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден
комитетiнiң жекелеген мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің Қаулысы 1995 жылғы 29 тамыз № 1195
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 сәуірдегі № 357 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Кеден Одағы туралы Қазақстан Республикасы мен Федерациясы
арасындағы Келісімнiң бiрiншi кезеңiнiң аяқталуына байланысты
және кеден iсiн жүйелеу мақсатында Қазақстан Республикасының
Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Тiкелей Ресей-Қазақстан шекарасында орналасқан кеден органдарының саны 1185 бiрлiкке қысқартылсын.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетi Кеден Одағына қатысушы елдердiң экономикалық мүдделерiн қорғаудың талаптарына жауап беретiн кеден жүйесiн басқарудың бiрыңғай принциптiк схемасы бойынша iшкi қайта ұйымдастыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
(3-5)
Ескерту. 3-5 тармақтардың күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.12.19
№ 1797 қаулысымен.
6. "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 мамырдағы № 694 қаулысының 5-қосымшасының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 29 тамыздағы
№ 1195 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
жанындағы Кеден комитетi орталық аппаратының
Қ Ұ Р Ы Л Ы М Ы
Басшылық
Кеден бақылауын ұйымдастыру басқармасы
Контрабандамен және кеден ережесін бұзушылармен күрестi
ұйымдастыру басқармасы
Кеден кiрiсi басқармасы
Кеден күзетi мен режимiн ұйымдастыру басқармасы
Кеден органдарын қаржыландыру және материалдық-техникалық
қамтамасыз ету басқармасы
Кадр басқармасы
Заң қызметi басқармасы
Аппарат қызметiн ұйымдастыру жөніндегі басқарма
Автоматтандыру және кеден статистикасы басқармасы
Сыртқы байланыстар басқармасы
Өзiнiң жеке қауiпсiздiгi басқармасы
Ақпаратты қорғау бөлiмi
Кеден комитетi жанындағы орталық кеден лабораториясы
Баспасөз қызметi
Ресей Федерациясы Мемлекеттік кеден комитетiнiң жанындағы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің жанындағы
Кеден комитетiнiң өкiлi