Кеден одағының істері жөніндегі үкіметтік органды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 19
қаңтар № 34
ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 14 сәуірдегі № 357 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы Мемлекетаралық кеңесінің "Кеден одағын одан әрі дамыту жөніндегі іс-шаралар туралы" 1997 жылғы 22 қазандағы № 6 шешімін орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Кеден одағы мәселелері жөніндегі үйлестіруші үкіметтік орган болып белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жанынан Қазақстан Республикасының мүдделі министрліктері мен ведомстволарының қатысуымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Қаржы министрлігінің, Мемлекеттік кіріс министрлігінің, Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің, Ұлттық Банкінің (келісім бойынша) және Қорғаныс министрлігінің Мемлекеттік шекараны күзету күштерінің өкілдерінен (басшылары орынбасарларының деңгейінде) Кеден одағының істері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы құрылсын. Бұл ретте:
1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік кіріс министрлігі - кедендік салық, кедендік реттеу жөніндегі мәселелерді шешуде;
2) Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі - тарифтік және тарифтік емес реттеуге байланысты мәселелерді шешу кезінде;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісім бойынша) - валюталық реттеу мен бақылау жасауға байланысты мәселелерді шешу кезінде;
4) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Мемлекеттік шекараны күзету күштері - сыртқы шекараны күзетуге байланысты мәселелерді шешу кезінде жауапты органдар болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бір айлық мерзім ішінде осы қаулының 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдармен бірлесіп Кеден одағы істері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құрсын. Көрсетілген топтың дербес құрамын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі