Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгертулер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1996 ж. 29 сәуiрдегі № 523 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 06.06.97 ж. № 934; 26.08.98 ж. № 803;
14.04.03 ж. № 357; 2005.09.02 № 124 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы Етедi:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне берiлiп отырған өзгертулер мен толықтырулар бекітілсiн.
2. "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi мен халық депутаттары жергiлiктi кеңестерiнiң немесе олардың орындарының құрамына сайлануы нәтижесiнде қызмет мiндеттерiн орындаудан босатылған әскери қызметшiлердiң - халық депутаттарының әскери қызметтi өткеруiнiң ерекшелiктерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 5 наурыздағы № 172 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 6, 82-бап).
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 29 сәуірдегі
№ 523 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулар
ҚР Үкіметінің 06.06.97 ж. № 934 қаулысымен 1-тармақ алынып тасталды
1. алынып тасталды
2. "Қазақстан Республикасында автомобиль көлiгiмен жолаушы мен жүктi тасымал жасауға байланысты коммерциялық-кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 2 сәуірдегі № 251 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында автомобиль көлiгiмен жолаушы мен жүктi тасымал жасауға байланысты коммерциялық-кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау туралы ереженiң (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 10, 122-бап) 3-тармағының "е" тармақшасындағы "Әскери күштердiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлерi мен әскери құрылымдарының" деген сөздермен ауыстырылсын.
ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 357 қаулысымен 3-тармақтың күші жойылды
3. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі кеден органдарының дербес атағы бар қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысына еңбек сiңiрген жылдары үшiн проценттiк үстемеақы төлеу тәртібі туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 28 сәуірдегі № 329 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі кеден органдарының дербес атағы бар қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысына еңбек сiңiрген жылдары үшiн проценттiк үстемеақы төлеу тәртібі туралы ереженiң (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 14, 171-бап) 3-тармағының үшiншi абзацындағы "Қарулы Күштерiнде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа әскерлерi мен әскери құрылымдарында" деген сөздермен ауыстырылсын.
ҚР Үкіметінің 26.08.98 ж. № 803 қаулысымен 4-тармақ алынып тасталды
4. алынып тасталды
5. "Офицерлер құрамы лауазымдарында әскери қызмет атқару мен осы әскери қызметшiлердi Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнен босату туралы контрактiлер жасасудың тәртібі туралы Уақытша ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 5 қарашадағы № 1100 қаулысының 3-тармағындағы "Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекаралық әскерлерiне деген сөздер "Шекара әскерлерiне, ұлттық қауiпсiздiк органдарына" деген сөздермен ауыстырылсын.
6.ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
7. "Қазақстан Республикасының аумағында стратегиялық және жай қару-жарақты қысқартуға байланысты шетелдiк инспекция топтарының қызметiн қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 25 мамырдағы № 743 қаулысындағы:
1-тармақтың үшiншi абзацындағы "Министрлер Кабинетiне" деген сөздер "Үкiметке" деген сөзбен ауыстырылсын;
Аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң жанындағы Қару-жарақты қысқартуды бақылау және инспекциялық қызметтi қамтамасыз ету жөніндегі орталық туралы ереженiң мәтiніндегі "Министрлер Кабинетінің", "Министрлер Кабинетiне", "Министрлер Кабинетi", "Министрлер Кабинетiмен" деген сөздер "Үкіметінiң", "Үкіметіне", "Үкіметі", "Үкіметімен" деген сөздермен ауыстырылсын.