Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң мәселелерi туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 4 қазандағы
№ 1226 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 сәуірдегі № 357 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Кеден төлемдерi мен салықтарының бюджетке дер кезiнде және толық түсуiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі Қаулы Етедi:
1. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келiсе отырып, қаражатты кеден органдарын ұстауға 1996 жылға республикалық бюджетте бекітілген қаржылар шегiнде материалдық-техникалық базаны нығайту мен автоматтандыруға бағыттауды ескере отырып, 1996 жылға арналған шығындардың сметасын нақтыласын;
1996 жылдың 10 қазанына дейiн кедендiк күзет орындарының қызметiнiң тиiмдiлiгi мен нәтижелiлiгiн арттыру мақсатында оларды нығайту ескерiле отырып бекітілген жалпы сандық шегiнде кеден органдарының құрылымы мен санын қайта қарасын;
кеден төлемдерiн төлеу бойынша мерзiмiн ұзарту мәселелерi жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкіметімен келiссiн.
2. Қазақстан Республикасы Экономика министрлігі 1997-1998 жылдары қайтарымсыз негiзде республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылатын басым объектiлер тiзбесiне, қоса берiлiп отырған тiзбе бойынша, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы шектес мемлекеттермен шекараларда бақылау-өткізу пункттерiн салуды және техникалық жарақаттандыруды енгiзсiн.
3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі Кеден комитетiмен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен және Экономика министрлігімен бiрге 1997 жылдың 1 ақпанына дейiнгi мерзiмде Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы шектес мемлекеттермен шекараларда бақылау-өткізу пункттерiн салуды және техникалық жарақтандырудың жобалары жөнiнде тендер өткiзсiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
нақтыланған сметаға сәйкес кеден органдарын қаржыландыруды толық көлемде қамтамасыз етсiн;
көзделген қаржылардан "Майқапшағай" өткізу пунктiн қайта жаңартуға 7 (жетi) млн.теңге бөлсiн;
1997 жылға арналған республикалық бюджетте кеден органдарын автоматтандыру мен материалдық-техникалық қамтамасыз етуге шығындар көздесiн;
1997-1998 жылдарға арналған бюджеттердiң жобаларында, берiлiп отырған тiзбе бойынша, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы шектес мемлекеттермен шекараларда бақылау-өткізу пункттерiн салуды және техникалық жарақтандыру қаржыландыру үшiн қажеттi қаржы көздесiн.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөніндегі комитет кеден органдарына кадрларды даярлау мен қайта даярлау үшiн демеушiлерден техникалық көмек алу мәселесiн әзiрлесiн.
6. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі:
1996 жылдың 10 қазанына дейiн Қазақстан Республикасының Кеден комитетiмен "Жол қоры туралы" "Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 21 ақпандағы № 221 қаулысына сәйкес (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 9, 63-құжат) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша кіру, шығу мен жолай өту үшiн алынатын, үстiмiздегi жылдың 8 айы iшiнде нақты түскен қаржылар бойынша толық көлемде есептесу жүргiзсiн;
есеп беретiн айдан кейiнгi айдың 20-ы күнiне дейiн Қазақстан Республикасының кеден комитетiмен аталған қаржылар бойынша толық көлемде есептесудi жүзеге асырсын.
7.
Ескерту. 7-тармақтың күшi жойылған - ҚРҮ-нiң 1996.12.31.
№ 1749 қаулысымен.
8. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 592 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 10 қаңтардағы № 39 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 2, 13-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 4 қазандағы № 1226
Қаулысына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасының кеден шекараларында 1997-1998
жылдары салуға жататын бақылау-өткізу пункттерiнiң
ТIЗБЕСI
ЕСКЕРТУ. Қосымша жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1997.06.20. № 1003
қаулысымен.
____________________________________________________________________
N | Өткізу пунктiнiң атауы |Пайдалануға беру |Шектес
р/с|(жақша iшіндегі БӨП құрылымына | мерзiмi (жыл) |мемлекеттер
|кiретiн кедендiк пост атауы | |
|көрсетiлген) | |
___|_______________________________|_________________|______________
1 | 2 | 3 | 4
___|_______________________________|_________________|______________
Атырау облысы
1. Котяевка 1998 Ресей
(Ганюшкино к/б)
Батыс Қазақстан облысы
2. Погодаево 1998 Ресей
(Желаева к/б)
3. Каменка 1998 Ресей
4. Ақсай 1998 Ресей
Ақтөбе облысы
5. Жайсаң 1997 Ресей
(Мартүк к/б)
6. Әлiмбет 1998 Ресей
(батамшы к/б)
Қостанай облысы
7. Қайрақ 1997 Ресей
8. Обаған 1998 Ресей
9. Белоглинка 1998 Ресей
10. Кенерал 1998 Ресей
11. Қоңдыбай 1998 Ресей
12. Введенка 1998 Ресей
Солтүстiк Қазақстан облысы
13. Чистое 1997 Ресей
14. Қарақоға 1998 Ресей
15. Красный Яр 1998 Ресей
16. Казанка 1998 Ресей
17. Бидайық 1998 Ресей
18. Үлкен-Қарой 1998 Ресей
19. Кiшi-Қарой 1998 Ресей
Павлодар облысы
20. Шарбақты 1997 Ресей
21. Прииртышск 1998 Ресей
22. Трофимовка 1998 Ресей
23. Лозовое 1998 Ресей
Шығыс Қазақстан облысы
24. Қызыл ауыл 1998 Ресей
25. Жезкент 1998 Ресей
26. Новониколаевка 1998 Ресей
27. Шемонаиха 1998 Ресей
Алматы облысы
28. Кеген 1998 Қырғызстан
Жамбыл облысы
29. Шу көпiрi 1997 Қырғызстан
(Қордай к-б)
30. Қарасу 1998 Қырғызстан
(Қордай к-б)
31.
32. Нововоскресеновка 1997 Қырғызстан
(Мерке к/б)
33. Гродиково 1998 Қырғызстан
(Гродиково к/б)
34. Бесағаш 1998 Қырғызстан
(Гродиково к/б)
Оңтүстiк Қазақстан облысы
35. Жiбек жолы 1997 Өзбекстан
(Жiбек Жолы к/б)
36. Май 1998 Өзбекстан
(Жiбек Жолы к/б)
37. Ғани Мұратбаев 1997 Өзбекстан
(Абай к/б)
38. Ақ мектеп 1998 Өзбекстан
(Ильич к/б)
39.
40. Арнасай 1998 Өзбекстан
(Шардара к/б)
Қызылорда облысы
41. Мыңтай 1997 Өзбекстан
Маңғыстау облысы
42. Бейнеу 1998 Өзбекстан
43. Фетисово 1998 Түркменстан
(Жаңа өзен к/б)
Ақмола облысы
44. Қызылжар 1998
45. Ақжол 1998
ЕСКЕРТУ. Қосымшадан 31, 39-жолдар алынды, 44, 45-жолдармен
толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.09.16. № 897 қаулысымен.
ҚРҮ-нiң 1997.06.20. № 1003 қаулысымен.