Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 11 сәуірдегі № 427
қаулысына өзгертулер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң Қаулысы 1996 жылғы 22 сәуірдегі № 492
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 сәуірдегі № 357 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
"Қазақстан Республикасы кеден органдарының жұмысындағы елеулi кемшiлiктер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 11 сәуірдегі № 427 қаулысына мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
1. 3-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша кеден басқармаларының және "Бақты" кеденiнiң басшыларын қызметтен босатсын";
2. 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi "Темір-Жол-Терминал", "Астана" және автожүк кеденiн Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша кеден басқармасының бағынысына берсiн".
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi