5-1. Ислам банкі - уәкілетті органның лицензиясы негізінде осы Заңның 4-1-тарауында көзделген банк қызметін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк.
Ислам банкі депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылмайды және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі ислам банкіндегі депозиттерге кепілдік бермейді. Ислам банктері акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы, ислам банктері тартқан депозиттердің қайтарылуына кепілдік беретін коммерциялық емес ұйымды құруға құқылы.
Ислам банкін құрудың және оның қызметінің ерекшеліктері осы Заңның 4-1-тарауында белгіленген.
6. Мемлекетаралық банк - халықаралық шарт (келісім) негiзiнде құрылып, жұмыс iстеп тұрған, құрылтайшылары Қазақстан Республикасының Үкіметі (немесе ол уәкiлдiк берген мемлекеттік орган) мен сол шартқа (келісімге) қол қойған мемлекеттердiң үкiметтерi болып табылатын банк.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды
7. Қазақстан Республикасында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамын қоспағанда, мемлекет қатысатын мамандандырылған салалық банктерді құруға жол берілмейді.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 4-бап өзгертілдi; 2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-бап. Қазақстан Республикасының банк заңнамасы
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасының банк заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.12.23 № 107-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 5-бап өзгертілдi; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 5-бап өзгертілдi
5-бап. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым
Егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы Заңда көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргiзуге құқылы, банк болып табылмайтын заңды тұлға банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым болып танылады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 5-1-бап өзгертілдi (бұр. ред. қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 5-1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5-1-бап. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның жалғыз акционері болып табылады.
2. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға:
1) жарғылық капиталды қалыптастыру үшін акциялар, сондай-ақ өз қызметін қаржыландыру үшін облигациялар шығаруға;
2) меншікті орналастырылған акциялары мен облигацияларын сатып алуға;
3) активтердің, оның ішінде заңды тұлғаларға қойылатын талап ету құқықтарының және оларды иелену туралы шешім қабылдау мақсатында оларға қойылатын өзге де талап ету құқықтарының сапасына бағалау жүргізуге;
4) банктердің күмәнді және үмітсіз активтерін және өзге де талап ету құқықтарын иеленуге, сондай-ақ оларды өткізуге;
5) күмәнді және үмітсіз активтері иелендірілген банктер және (немесе) өзге де заңды тұлғалар шығарған және орналастырған акциялардың және (немесе) облигациялардың, оның ішінде заңды тұлғаларға қойылатын талап ету құқықтарының сапасына бағалау жүргізуге;
6) заңды тұлғалардың, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым банктерден талап ету құқықтарын иеленген заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталға қатысу үлестерін иеленуге және оларды өткізуге;
7) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқықтарын иеленген банктер шығарған және орналастырған акцияларды және (немесе) облигацияларды иеленуге, оларды сенімгерлік басқаруға беруге және (немесе) оларды өткізуге;
8) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым банктерден заңды тұлғаларға иеленген талап ету құқықтары бойынша алған мүлікті жалға беруге немесе осындай мүлікті өтеулі уақытша пайдаланудың өзге нысанын пайдалануға;
9) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым иеленген талап ету құқықтарын және басқа да күмәнді және үмітсіз активтерді секьюритилендіру бойынша операцияларды жүргізуге;
10) дербес, сондай-ақ банктермен бірлесіп күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін ұйымды құруға (иеленуге);
11) бұрын банк болып табылған заңды тұлғалардан активтерді және талап ету құқықтарын иеленуге және оларды өткізуге құқылы.
Егер осы тармақшаның бірінші абзацында көзделген мәмілелердің нәтижесінде екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтерінің мөлшерінен он пайыз және одан да көп сомаға мүлік алған жағдайда, осындай мәміле жасасу туралы шешімді осы ұйымның акционері қабылдайды.
Егер осы тармақшаның бірінші абзацында көзделген мәмілелердің нәтижесінде кредитордың құқықтары (талаптары) ауысуы болған жағдайда қарыз алушының, кепіл берушінің, кепілдік етушінің және өзге де тұлғалардың келісімі мұндай ауысуға талап етілмейді. Бұл ретте жаңа кредитордың жеке басы борышкер үшін аса маңызы жоқ деп танылады;
12) ақшаны бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына, сондай-ақ банк шоты мен банк салымы шарттарының талаптарымен екінші деңгейдегі банктерге, уәкілетті органға және осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдарға орналастыруға;
13) төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен, оның ішінде екінші деңгейдегі банктерді, екінші деңгейдегі банктердің активтерін иеленетін ұйымдарды, талап ету құқықтарын банктерден екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым иеленген заңды тұлғаларды қаржыландыруды жүзеге асыруға;
14) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға байланысты мәселелер бойынша ұйымдардың көрсетілетін қызметтерін иеленуге;
15) Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген және бекіткен арнайы бағдарламалардың іске асырылуын жүзеге асыруға;
16) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның осы тармақта көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым банктік қарыз шарттары бойынша өзіне берілген талап ету құқықтары бойынша банктік қарыз операциясы жөніндегі кредитор (қарыз беруші) деп танылады және ол банктік қарыз шартында белгіленген барлық құқықтар мен міндеттерге ие болады.
3. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым осы баптың 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға бюджеттен нысаналы аударымдар алуға құқығы бар.
11.07.97 ж. № 154-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.05. № 69-III ; 2005.12.23 № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.05.05 № 139-III (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара); 2010.15.07. № 337-ІV (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 6-бап өзгертілдi; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6-бап. Уәкiлеттiк берiлмеген қызметке тыйым салу
1. Уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы жоқ бiрде-бiр тұлғаның:
1) негiзгi немесе қосымша қызмет ретiнде банк операцияларын орындауға;
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) өзiнiң атауында, құжаттарда, хабарландырулар мен жарнамада «банк» деген сөздi немесе содан туындайтын, ол банк операцияларын орындайтындай әсер қалдыратын сөздi (ұғымды) пайдалануға құқығы жоқ. Бұл тыйым салу уәкілетті органға, банктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiне, осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдарға, халықаралық қаржы ұйымдарына қолданылмайды.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Мемлекеттiк орган, кредиттік серіктестіктер, Ұлттық пошта операторы, осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдар, сондай-ақ Қазақстан Даму Банкi осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында бекiтiлген өкiлеттiктерi шегiнде жүргiзетiн қызметтi (операцияларды) қоспағанда, уәкiлеттi органның лицензиясынсыз жүзеге асырылған банк операциялары жарамсыз болып табылады.
ҚР 07.12.96 ж. № 50-1; 11.07.97 ж. № 154-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2009.11.07. № 185-IV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 7-бап өзгертілдi
7-бап. Банкiлер мен мемлекеттің жауапкершiлiгiн шектеу. Банкiлердiң тәуелсiздiгi
1. Банкiлер мемлекеттің мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, сол сияқты мемлекет те олардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, бұған осы баптың 2-тармағында көрсетiлген реттер, сондай-ақ банкiлер мен мемлекет өзiне осындай жауапкершiлiк алған жағдайлар кiрмейдi.
2. Мемлекет өзiнiң мемлекеттік банкiлердiң жарғылық капиталына салған қаражаттары шегiнде олардың мiндеттемелерi бойынша жауапты болады. Үкiмет жеке шешiммен олардың мiндеттемелерi бойынша өзiне қосымша жауапкершiлiк алып, мемлекеттік банкiлерге қосымша жауапкершiлiк жүктей алады.
3. Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделгеннен басқа реттерде мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының кез келген түрде банкiлердiң қызметiне араласуына тыйым салынады.
Банк несие берушiлерiнiң мүдделерiн қорғау және Республиканың банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша, Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкес капиталының терiс мөлшерi бар банктер акционерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, оларға заңдарда белгiленген санкцияларды қолдану арқылы мәжбүрлеп шектеу туралы шешiмдер қабылдауға құқылы.
11.07.97 ж. № 154-1; 2005.12.23 № 107-III ( бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 8-бап жаңа редакцияда; 16.07.99 ж. № 436-1; 18.12.00 ж. № 128-II; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 03.06.03 ж. № 427-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.21.04. № 46-III; 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 127-III (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр. ред. қара): 2008.20.11. № 88-IV (бұр.ред.қара); 2009.12.02. № 133-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2011.21.07. № 466-ІV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілдi; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.19.03. № 179-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді
8-бап. Банктер мен банк холдингтері үшін тыйым салынған немесе шектелген қызмет
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Банктерге Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мүшелікті, сондай-ақ осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, банк қызметiне қатысы жоқ не осы Заңның осы бабының 9-тармағында және 30-бабының 12-тармағында көзделмеген операциялар мен мәмiлелердi кәсiпкерлiк қызмет ретiнде жүзеге асыруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерiн немесе акцияларын иемденуге, коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметiне қатысуға және осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайларда бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi жүзеге асыруға тыйым салынады.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Банк холдингтерiне Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мүшелікті, сондай-ақ осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, операциялар мен мәмiлелердi кәсiпкерлiк қызмет ретiнде жүзеге асыруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерiн немесе акцияларын иемденуге, коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметiне қатысуға және осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайларда бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi жүзеге асыруға тыйым салынады.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген тыйым салу мынадай жағдайларда:
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) банктер:
қаржы ұйымдарын, сондай-ақ банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, онда банк холдингі болған кезде олардың орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызы мөлшерінде бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаларды құрған, сондай-ақ акцияларды және жарғылық капиталға қатысу үлестерін сатып алған жағдайларда қолданылмайды. Бұл ретте банк холдингінің болу талабы дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банктерге қолданылмайды;
сатып алатын акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес келген жағдайда олардың орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он пайызынан аз мөлшерде заңды тұлғаларды;
бағалы қағаздарды банк кепілдігімен шығару және орналастыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасының резиденті емес-еншілес арнайы ұйымдарды;
Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендiру мәмілелері үшін құрылған еншілес арнайы қаржы компанияларын;
екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйыммен бірлесіп құрылған (иеленген), күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарын;
бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын Қазақстан Республикасының резиденттері - еншілес ұйымдарды;
айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын еншілес ұйымдарды;
электрондық ақша жүйесі операторының қызметтерін көрсететін ұйымдарды;
лизинг қызметін жүзеге асыратын еншілес ұйымдарды;
төлем карточкаларымен жасалатын операциялар бойынша есеп айырысуларды қоса алғанда, банктік қызмет бойынша есеп айырысуға қатысушылардың арасында ақпараттық, телекоммуникациялық және технологиялық өзара іс-қимылдарды қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсететін ұйымдарды;
электронды цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электронды цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыру жөніндегі, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дәйекті болуын растау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды;
осы Заңның 10-бабында аталған заңды тұлғаларды;
кепіл ретінде қабылданған акциялары немесе осы ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу үлестері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес банктердің меншігіне өткен кезде заңды тұлғаларды;
қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржалары мен орталық депозитарийді;
осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдарды;
кредиттік бюроларды;
ислам банкі осы Заңның 4-1-тарауында көзделген банк қызметін жүзеге асырғанда - өзге де заңды тұлғаларды;
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2012 ж. 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілдi
2) банк холдингтері:
қаржы ұйымдарын;
екінші деңгейдегі банктердің күмәнді және үмітсіз талаптарын оларды басқару және (немесе) одан кейін өткізу, қайта құрылымдау және (немесе) секьюритилендіру үшін сатып алатын Қазақстан Республикасының резиденттерін-ұйымдарды;
бағалы қағаздарды банк холдингінің кепілдігімен шығару және орналастыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасының резиденттері емес-арнайы ұйымдарды;
Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендiру мәмілелері үшін құрылған еншілес арнайы қаржы компанияларын;
банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау, лизингтік қызметті жүзеге асыру айрықша қызметі болып табылатын ұйымдарды;
төлем карточкаларымен жасалатын операциялар бойынша есеп айырысуларды қоса алғанда, банктік қызмет бойынша есеп айырысуға қатысушылар арасында ақпараттық, телекоммуникациялық және технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсететін ұйымдарды;
банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар мәртебесі бар Қазақстан Республикасының бейрезиденті - заңды тұлғаларды;
осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдарды құрған, сондай-ақ олардың акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін сатып алған жағдайларға қолданылмайды.
Банктің еншілес ұйымдары, осы Заңның 11-2-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келетін заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін ғана сатып алуға құқылы. Банктің еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда, сақтандырушыға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның және деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның акцияларын да сатып алуға құқылы.
Банк холдингінің еншілес ұйымдары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келетін заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін ғана сатып алуға құқылы. Банк холдингінің еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда, сақтандырушыға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның акцияларын және деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның акцияларын да сатып алуға құқылы. Бұл талап:
Қазақстан Республикасының резиденті-еншілес банктерге;
көрсетілген заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін тікелей иеленетін (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылдайтын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасы резиденті банкінің акцияларын иелену (дауыс беру, шешімді айқындау және (немесе) қабылдайтын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы банк холдингі бас ұйымы болып табылатын заңды тұлғаларға;
мынадай талаптардың бірін орындаған кезде:
банк холдингінде тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ көрсетілген тұлғалардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығын білдіретін олар шыққан елдің қаржы қадағалау органының жазбаша растауы болған;
уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі болған кезде банк холдингі болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместерінің еншілес ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін не акцияларын банктің сатып алуы бір заңды тұлғаға банктің меншікті капиталының он пайызынан аспауға тиіс. Бұл шектеу банктің жарғылық капиталға қатысу үлестерін не көрсетілген заңды тұлғалардың акцияларын иеленуіне, оның ішінде оларды құру жағдайларына да қолданылады.
Банктің осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не акцияларының жиынтық құны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған мөлшерден аспауға тиіс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген шектеу басқа банкке бақылау жасауды:
осы Заңға сәйкес оған қатысты қайта құрылымдау жүргізілгенге;
осы Заңның 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырғанға байланысты иемденген банктерге қолданылмайды.
5-тармақ 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5. Банктің қаржы ұйымдарының, сондай-ақ банктер, сақтандыру ұйымдары, жинақтаушы зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес-заңды тұлғалардың орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің он немесе одан көп пайызы мөлшерінде сатып алуына және иеленуіне банк уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін өз капиталының ең төменгі жеткіліктілігіне қойылатын қосымша талаптарды банк орындаған жағдайда жол беріледі. Бұл талап банк көрсетілген заңды тұлғаларды құрған жағдайларға да қолданылады.
6. Банк конгломераты, банк немесе банк холдингі бас ұйымының банктің не банк холдингінің еншілес ұйымдарына, банк не банк холдингі капиталына қомақты қатысатын ұйымдарға тиесілі акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жиынтық үлесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын лимиттерден аспауға тиіс.
7. Заңды тұлғалардың кепіл ретінде қабылданған акциялары немесе жарғылық капиталға қатысу үлестері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес банктің меншігіне өткен жағдайларда, банктер осы ұйымдардың акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін сатып алған кезде банктің осындай заңды тұлғаларға қатысуы банктің меншікті капиталының он пайызынан аспауға тиіс.
Акцияларды немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін өткізу мерзімі, банк кепіл ретінде қабылдаған осы ұйымдардың акцияларын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерін банктің осы Заңның 11-2-бабында айқындалған шарттармен құрылған (сатып алынған) еншілес ұйымына беру жағдайларын қоспағанда, он екі айдан аспауға тиіс.
Осы тармақта белгіленген шектеулер, банктің осы Заңның 11-2-бабында айқындалған жағдайларда құрылған (сатып алынған) еншілес ұйымын қоспағанда, банктердің еншілес ұйымдарына қолданылады.