Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне секьюритилендіру
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; 2006 жылғы 5 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және 2005 жылғы 30 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2006 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 19 қаңтарда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 44-баптың 1-тармағында:
бірінші бөлік «Құрылтайшы» деген сөздің алдынан «Арнайы қаржы компанияларынан,» деген сөздермен толықтырылып, «Құрылтайшы» деген сөз кіші әріппен жазылсын;
мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
«Арнайы қаржы компаниясы өз міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жауап береді.«;
2) 45 және 49-баптардың 1-тармақтарының екінші бөліктерінде:
«ұйымын» деген сөзден кейін «, арнайы қаржы компаниясын» деген сөздермен толықтырылсын;
«және сақтандыру қызметі туралы заңдарда» деген сөздер «, сақтандыру қызметі және секьюритилендіру туралы заңнамада» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 50-баптың 4-тармағының үшінші бөлігінде:
«құрамына» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтер және» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«Тарату комиссиясы аталған мүлікті және Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтерді Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес кредиторлармен - аталған облигацияларды ұстаушылармен есеп айырысу үшін ипотекалық облигацияларды немесе Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигацияларды ұстаушылардың өкіліне береді.«;
4) 59-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі «мүлік» деген сөзден кейін «(Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылатын, жарғылық капиталы тек қана ақшамен қалыптастырылатын арнайы қаржы компанияларын қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 91-баптың 3-тармағы «үшінші тұлғалардың кепілдіктерімен қамтамасыз етілген» деген сөздерден кейін «, бөлінген активтермен қамтамасыз етілген» деген сөздермен толықтырылсын.
2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2006 жылғы 5 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және 2005 жылғы 30 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
мынадай мазмұндағы 738-1-баппен толықтырылсын:
«738-1-бап. Секьюритилендіру кезінде ақшалай талаптарды
басқаға беру
Секьюритилендіру кезінде ақшалай талаптарды басқаға беруді қаржыландыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамалық актісінде белгіленеді. Осы тараудың ережелері, егер Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамалық актісінде өзгеше белгіленбесе, секьюритилендіру мәмілелеріне қолданылады.«.
2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
3.«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат; 2002 ж., № 6, 73, 75-құжаттар; № 19-20, 171-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 133, 139-құжаттар; № 21-22, 160-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 14, 82-құжат; № 20, 116-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; 2006 жылғы 5 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және 2005 жылғы 30 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2006 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 19 қаңтарда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2006 жылғы 19 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 17 қаңтарда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 50-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң актісіне» деген сөздер «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, секьюритилендіру туралы заңнамалық актілеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 91-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендіру мәмілесі бойынша арнайы қаржы компаниясының борыш талаптарын басқаға беруден алған табыстары;»;
3) 124-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Арнайы қаржы компаниясының Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын қызметінен шеккен залалы бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигациялардың айналым мерзімі ішінде ауыстырылады.«;
4) 131-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы «кредиттік серіктестіктерге» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компанияларына" деген сөздермен толықтырылсын.
4. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 жылғы 5 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және 2005 жылғы 30 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
8-бап мынадай мазмұндағы к-3) тармақшасымен толықтырылсын:
«к-3) арнайы қаржы компанияларының орындауы үшін міндетті бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік және операцияларды автоматтандыру жүйелері мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, бухгалтерлік есеп стандарттары туралы заңнаманы, сондай-ақ операцияларды автоматтандыру жүйелеріне қойылатын талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;».
5. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; 2006 жылғы 5 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және 2005 жылғы 30 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 8-бапта:
1-тармақ «осы Заңның» деген сөздерден кейін «осы бабының 6-тармағында,» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың 3) тармақшасы «ломбардтарының» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компанияларының," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған қызметтен және банктің заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерін сатып алудан басқа, банктер мынадай қызмет түрлерімен айналысуға құқылы:
1) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді іске асыру;
2) банк қызметінің мәселелері жөніндегі кез келген ақпарат жеткізуші түрлеріндегі арнаулы әдебиеттерді сату;
3) өз мүлкін сату;
4) заем алушылардың кепілге қойған мүлкін осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгіленген тәртіппен сату;
5) қаржылық қызметке байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсету;
6) басқа тұлғалардың банк қызметіне байланысты мәселелер бойынша мүдделерін, Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың, инфрақұрылымдық облигацияларды, сондай-ақ ипотекалық және өзге де қамтамасыз етілген облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру;
7) банк-қаржы қызметі саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқуды ұйымдастыру;
8) сақтандыру ұйымдары - Қазақстан Республикасының резиденттері атынан сақтандыру шарттарын жасасу, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорлары атынан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасасу.";
2) 74-1-бапта:
1-1-тармақта:
«массасына» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтер және» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Тарату комиссиясы аталған мүлікті және Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтерді Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес кредиторлармен - аталған облигацияларды ұстаушылармен есеп айырысу үшін ипотекалық облигацияларды немесе Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигацияларды ұстаушылардың өкіліне береді.";
2-тармақта:
«инвестициялық қорлардың активтері» деген сөздерден кейін «, арнайы қаржы компанияларының бөлінген активтері» деген сөздермен толықтырылсын;
«инвестициялық қордың активтері» деген сөздерден кейін «, арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтері» деген сөздермен толықтырылсын;
«акционерлік инвестициялық қордың» деген сөздерден кейін «, арнайы қаржы компаниясының» деген сөздермен толықтырылсын.
6. «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 171-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., №№13-14, 205-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 12, 116-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат):
3-бапта:
4-тармақ «Қаржылық ұйымдардағы» деген сөздерден кейін «және Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компанияларындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниялары үшін:
осы Заңның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру және бухгалтерлік есеп стандарттары туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;».
7. «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 4, 26-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 57-құжат; 2006 жылғы 18 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 19 қаңтарда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың талаптары секьюритилендіру мәмілелеріне жатпайды.«;
2) 71-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі «тізіліміне» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтер және» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 74-баптың 4-тармағының 2) тармақшасында:
«кепіл мүлкі» деген сөздер «Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтер және кепіл мүлкі» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Тарату комиссиясы аталған мүлікті және Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтерді Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес кредиторлармен - аталған облигацияларды ұстаушылармен есеп айырысу үшін ипотекалық облигацияларды немесе Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигацияларды ұстаушылардың өкіліне береді.".
8. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат):
23-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі «мүлік» деген сөзден кейін «(Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылатын, жарғылық капиталы тек қана ақшамен қалыптастырылатын арнайы қаржы компанияларын қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын.
2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
9. «Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 жылғы 21 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 20 қаңтарда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
5-баптың 1-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларынан, арнайы қаржы компанияларынан, сондай-ақ табиғи монополия субъектісі үшін осы Заңда рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын өзге де ұйымдардан басқа, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (үлестерін) иеленуге немесе олардың қызметіне өзге жолмен қатысуға;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) табиғи монополия субъектісінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) жоғарылауына әкеп соқтырмаған жағдайда, арнайы қаржы компаниясының секьюритилендіру туралы мәмілелері бойынша талап ету құқықтарын басқаға беруді қоспағанда, ұсынылатын реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты талап ету құқығын басқаға беруге;».
10. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; 2006 жылғы 5 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және 2005 жылғы 30 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 9-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Арнайы қаржы компаниясы секьюритилендіру туралы заңнамаға сәйкес шығаратын облигациялар шығару проспектісіне қойылатын қосымша талаптар Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасымен белгіленеді.«;
2) 12-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Құрылтайшылар (бірден-бір құрылтайшы) жарғылық капиталды төлегеннен кейін эмитент мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсынуға құқылы.«;
3) 14-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:
бірінші абзац «эмитент» деген сөзден кейін «, сондай-ақ арнайы қаржы компаниясы» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша «жүзеге асырған» деген сөздерден кейін «(арнайы қаржы компаниясын қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 15-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы «ипотекалық облигациялар» деген сөздерден кейін «немесе Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес арнайы қаржы компаниясы шығаратын облигациялар» деген сөздермен толықтырылсын.
11. «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 132-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 жылғы 5 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және 2005 жылғы 30 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
12-бап мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат алу тәртібін айқындайды;».
2-бап. Осы Заң, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 3-тармағын және 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 9-тармағын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Ә. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2006 жылғы ақпанның 20-сы.
№ 127-III ҚРЗ