4-2) аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде стационарлық сауда объектілерін дамыту үшін іс-шаралар кешенін әзірлейді және іске асырады;
4-3) көрмелік-жәрмеңкелік қызметті ұйымдастыруды жүзеге асырады;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 4-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-4) стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) маршруттарын айқындайды және бекітеді;
2021.24.06. № 52-VII ҚР Заңымен 4-5) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4-5) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсетеді;
5) аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
6) Қазақстан Республикасының өндіргіш күштерiн орналастыру схемасына сәйкес облыстың аудандық жоспарлану схемасын, облыс орталығын, республикалық маңызы бар қаланы және астананы салудың бас жоспарларын әзiрлейдi, оларды облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық мәслихаттың қарауына енгiзедi; облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық коммуналдық меншiк объектiлерi мен облыстық маңызы бар, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болады, коммуналдық желiлер мен құрылыстарды салуға рұқсат бередi; әкiмшiлiк аудандардың аудандық жоспарлану схемаларын, аудан орталықтарын, облыстық маңызы бар қалаларды сатудың бас жоспарларын әзiрлейдi және оларды облыстық мәслихатқа бекіту үшiн ұсынады;
2012.13.01. № 542-IV Заңымен 6-1) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-1) объектілер мен кешендердің ведомстволық бағыныстағы аумағында салынуы (реконструкциялануы, кеңейтілуі, жаңғыртылу, күрделi жөнделуі) белгіленген объектілерге мониторингті жүзеге асырады;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) коммуналдық меншiктегi су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу және электр желiлерiн және республикалық маңызы бар қаланың, астананың басқа да көлiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiн, байланыс желілерін салу мен пайдалануды ұйымдастырады;
7-1) елді мекендер үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
7-2) коммуналдық меншіктегі әуеайлақтарды (әуежайларды) пайдалануды және күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;
8) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
8-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес су қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды
8-2) коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды жүзеге асыруды, қайта өңдеудi және кәдеге жаратуды ұйымдастырады;
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 8-3) тармақшамен толықтырылды
8-3) республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтарды құру туралы шешім қабылдайды;
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
9) өз құзыреті шегінде тиісті мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастырады, II санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар береді, табиғат қорғау іс-шараларын жүргізеді, табиғат пайдалануды реттейді;
10) облыстық маңызы бар жолдарды салуды, ұтымды пайдалануды және күтiп ұстауды қамтамасыз етедi;
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
11) ұлттық стандарттардың сақталуын қамтамасыз етедi;
11-1) 2011.21.07. № 468-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
12) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктiң сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
13) Қазақстан Республикасының көлік саласындағы заңнамасына сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастырады;
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 14-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14-1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын іс-шараларды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы іс-шараларды, оның ішінде өңірді медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету нормативтерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 14-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14-2) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін, медицина қызметкерлері біліктілігінің уақтылы арттырылуын бақылауды жүзеге асырады, жас мамандарды бөлуге қатысады;
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 14-3) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
14-3) аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 14-4) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
14-4) бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 14-5) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
14-5) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінде сотталғандарға медициналық көмек көрсету үшін медициналық ұйымдарды (соматикалық, психиатриялық және туберкулезге қарсы ауруханалар (бөлімшелер), амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар) ұйымдастырады;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 14-6) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
14-6) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың профилактикасын және оларды емдеуді ұйымдастырады;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 14-7) тармақшамен толықтырылды
14-7) Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша және көлемде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқығын іске асыруын қамтамасыз етеді;
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
15) азаматтардың тегін білім алу, оның ішінде бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу құқықтарын іске асыруын қамтамасыз етеді;
2018.29.06. № 163-VІ ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды
15-1) сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды қамтамасыз етеді;
16) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
16-1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2012.15.02. № 556-ІV ҚР Заңымен 16-2) тармақшамен толықтырылды; 2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 16-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету саласындағы өзге де өкілеттіктерді орындайды;
17) халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiредi;
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 17-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17-1) қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органдар құрады;
2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен 17-2) тармақшамен толықтырылды
17-2) өз құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шараларды өткізу арқылы халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, сондай-ақ бюджет есебінен қаржыландырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің басқа да шараларының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 17-3) - 17-7) тармақшалармен толықтырылды
17-3) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілейді;
17-4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетуді үйлестіреді;
17-5) Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға, өмірлік қиын жағдайда деп танылған адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді;
17-6) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың жұмыспен қамтылуына, оның ішінде:
қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындары мен мекемелері өндіретін тауарларға, орындайтын жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге тапсырыстарды орналастыру;
қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында сотталғандардың еңбегін пайдаланатын өндірістер ашу, оларды кеңейту және жаңғырту үшін кәсіпкерлік субъектілерін тарту арқылы жәрдемдеседі;
17-7) пробация қызметінің есебінде тұрған мүмкіндігі шектеулі кәмелетке толмағандарды ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің келісімімен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жіберуді қамтамасыз етеді;
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 17-8) тармақшамен толықтырылды
17-8) бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй сертификаттарын береді;
18) тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, халықтың тарихи, ұлттық және мәдени салт-дәстүрлерін өркендетуге, дене шынықтыру мен спортты дамытуға жәрдемдеседі;
2019.26.12. № 289-VІ ҚР Заңымен 18-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 18-1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18-1) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің пайдаланылуын және оларды күтіп-ұстау тәртібін, сондай-ақ республикалық және халықаралық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі жұмыстарды қоспағанда, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың және археологиялық жұмыстардың жүргізілуін, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың шекараларында орналасқан жасыл екпелердің жасалуын, күтіп-бапталуын және қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
19) өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру және дамыту үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасау бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдіктерінің, қаладағы аудандар әкімдерінің жұмысын үйлестіреді;
19-1) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының жалпы лимитi және нормативтері шегiнде белгiлейдi және оны аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдiкке жеткізеді;
19-2) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетін ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының штат санының ең төменгі нормативтерінен тыс жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының жалпы лимитi шегінде қосымша штат санын жылына бір реттен артық емес бөлуге құқығы бар;
20) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиiстi мәслихат қарауына қарыз алу жөнiнде шешiмдер қабылдау туралы ұсыныстар енгiзедi;
21) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін тарта отырып, ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдар құрады;
21-1) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетеді;
21-2) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесін жүргізуді және толықтыруды қамтамасыз етеді;
21-3) 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
21-4) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне тіркеу тәртібі және мекенжайдың құрылымы туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
2015.02.11. № 387-V ҚР Заңымен 21-5) тармақшамен толықтырылды
21-5) жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестерін құру бойынша ұйымдастыру жұмысын жүргізеді және жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы ережелерді әзірлейді;
22) мемлекеттік мекемелер мен кәсiпорындар құрады, облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитiн, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат санының лимиті және нормативтері шегінде белгiлейдi. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын iшкi iстер органдарының штат саны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
22-1) 2006.07.07. № 178-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
22-2) 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 22-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22-3) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды, рұқсат беру рәсімдерін, хабарламалар қабылдауды жүзеге асырады;
22-4) салық төлеушіні тіркеу есебіне алу орны бойынша мемлекеттік кіріс органының облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетіне толық көлемде түсетін салықтарды төлеу жөніндегі салықтық міндеттемелерді орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімдерін келіседі;
22-5) 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
22-6) 2006.07.07. № 174-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
22-7) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
23) Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру ережелерінің жобасын әзірлейді және оны мәслихаттың бекітуіне ұсынады.
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 24) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
24) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес ұйымдардың сатып алуындағы елішілік құндылық бойынша ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға береді;
25) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін түзеді;
2013.08.01. № 63-V ҚР Заңымен 26) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 51-VIII ҚР Заңымен 26) тармақша өзгертілді (2024 ж. 5 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
26) терроризмге қарсы комиссиялар арқылы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында терроризм мен экстремизм профилактикасы, сондай-ақ терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметті ұйымдастырады;
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды
26-1) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасына, сондай-ақ облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында олардың зардаптарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға қатысады;
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 26-2) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
26-2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелерін, Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының объектілерін, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-3-бабында көрсетілген күзетілетін объектілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарымен келісу бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті аумағында орналасқан, террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін әзірлейді және бекітеді және объектілердің меншік иелерін, иеленушілерін, басшыларын немесе өзге де лауазымды адамдарын осы объектілердің тізбеге енгізілгені туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді;
27) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тұрғын үйлерді коммуналдық тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асырады;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 27-1), 27-2), 27-3), 27-4), 27-5) және 27-6) тармақшалармен толықтырылды
27-1) су басқан аймақтарда тұрғын үйді пайдалану орнықтылығы мен қауіпсіздігін арттыру, төтенше жағдайлардың ықтималдығы кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз ету, су басқан аймақтардан халықты уақытша қоныс аударту үшін тұрғын үй салу жөніндегі іс-шараларды қаржыландырады және іске асырады;
2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 27-2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
27-2) «Тұрғын үй қатынастары туралы» және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен пайдаланудағы көппәтерлі тұрғын үйлерге мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау (кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін айқындай отырып) жүргізуді, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінен тиісті өтініш келіп түскен жағдайда көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналысының шешімі негізінде көппәтерлі тұрғын үйге және үй жанындағы жер учаскесіне жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын дайындауды және дайындау жөніндегі шығыстарды өтеуді қамтамасыз етеді;
27-3) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;
27-4) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен, көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуді ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;
27-5) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен, көппәтерлі тұрғын үйлердегі лифтілерді жөндеу мен ауыстыруды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;
2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен 27-6) тармақша өзгертілді (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
27-6) елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
28) жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын әзірлейді және мәслихатқа бекітуге ұсынады;
29) «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көмек көрсету жөніндегі ұйымдарды құрады;
2014.27.06. № 212-V ҚР Заңымен 30) тармақшамен толықтырылды
30) әлеуметтік шиеленіске және еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдеріне мониторингті жүзеге асырады.
2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 30) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
30-1) жеке тұлғалардың спортпен айналысуы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді болуы ескеріле отырып, тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда инфрақұрылым жасайды;
31) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді;
2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 31-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
31-1) мүгедектігі бар адамдарға ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларға, сондай-ақ дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарына қол жеткізу үшін жағдайлар жасауды, арнаулы спорттық мүкәммал беруді қамтамасыз етеді.
Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар санамалап көрсетілген қызметтерді бюджет қаражаты есебінен, ал үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар көрсетілген қызметтер құнының елу пайызын төлей отырып пайдаланады;
32) 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 32-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 32-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
32-1) Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының (жобасының) орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізеді;
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 33) тармақша жаңа редакцияда
33) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін қалалар мен елді мекендер аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидалары негізінде әзірленген қалалар мен елді мекендер аумақтарын абаттандыру қағидаларын әзірлейді және мәслихатқа бекітуге ұсынады;
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 33-1) тармақшамен толықтырылды; 2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 33-1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
33-1) жасыл екпелерді жасау, күтіп-баптау мен қорғау қағидаларын әзірлейді және мәслихатқа бекітуге ұсынады.
Облыстардың, астананың, Шымкент қаласының әкімдіктері өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы уәкілетті орган бекітетін жасыл екпелерді жасау, күтіп-баптау мен қорғаудың үлгілік қағидалары негізінде әзірленген жасыл екпелерді жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын әзірлейді және мәслихатқа бекітуге ұсынады;
34) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекітеді;
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 35) тармақшамен толықтырылды
35) ұлттық және аумақтық кластерлерді дамытуды жүзеге асырады;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 36) тармақшамен толықтырылды; 2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 36) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
36) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жабайы өсетін өсімдіктерді пайдалану құқығына шектеу (тоқтата тұру) белгілеу туралы шешімдер қабылдайды;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 37) тармақшамен толықтырылды
37) жерді дамыту және пайдалану мәселелері жөніндегі іс-шараларды тиісті аумақты дамыту бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді;
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 38) тармақшамен толықтырылды
38) «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 3, 5 және 6-тармақтарында көзделген жағдайларда қорытынды береді.