ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
өсімдіктер дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 16 ақпандағы № 30-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім):
224-баптың 2-тармағы «жануарлар,» деген сөзден кейін «өсімдіктердің генетикалық ресурстары,» деген сөздермен толықтырылсын.
2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:
65-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы:
«сәйкес» деген сөзден кейін «өсімдіктер,» деген сөзбен толықтырылсын;
«тарихи-мәдени» деген сөзден кейін «, табиғи» деген сөзбен толықтырылсын.
3. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне:
1) 4-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) биологиялық әралуандық - түр шеңберіндегі, түрлер арасындағы әртүрлілік пен экологиялық жүйелердің әртүрлілігін қамтитын, барлық көздерден, оның ішінде өздері бір бөлігі болып табылатын жердегі, теңіздегі және өзге де су экологиялық жүйелері мен экологиялық кешендерден тірі организмдердің өзгермелілігі;»;
2) 6-баптың 5-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қала ормандарынан басқа, елді мекендер шекарасы шегіндегі жасыл екпелер;»;
3) 21-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясының лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және әлеуметтік қорғалуға жатады.»;
4) 38-баптың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кескен кезде орман орналастыру жобасына сәйкес қылқан жапырақты және қатты жапырақты тұқымдастар үшін ағаш кесілген алаңның екі еселенген мөлшеріне, жұмсақ жапырақты тұқымдастар үшін ағаш кесілген алаңның бір еселенген мөлшеріне тең алаңда үш жыл ішінде ормандарды молықтыруды жүзеге асыруға;»;
5) 51-баптың 1-1-тармағында:
бірінші бөлікте:
4) тармақша «құбыржолдарды» деген сөзден кейін «ықтимал орналастырудың баламалы нұсқалары болмаған кезде оларды» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшадағы «болмауына байланысты ғана жол беріледі.» деген сөздер «болмауына;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының объектілері мен қорғаныс мұқтаждарына арналған объектілерді жайластыруға байланысты ғана жол беріледі.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда орман қорының жері ауыстырылған кезде пайдасына учаске ауыстырылатын тұлғалар ауыстырылатын учаске алаңының екі еселенген мөлшерінде орман дақылдарын өтемдік отырғызуды және мемлекеттік орман қорының құрамына ауыстыру үшін мемлекеттік орман иеленушіге өтемақы тәртібімен тиісті жергілікті атқарушы органдар берген жер учаскелерінде оларды отырғызғаннан кейін алғашқы үш жыл бойы орман дақылдарына күтім жасауды жүзеге асырады.»;
6) 69-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Тартылып отырған күштер мен құралдарға қарамастан, мемлекеттік орман күзетінің лауазымды адамы орман өртін сөндіру жөніндегі басшылықты жүзеге асырады.»;
7) 103-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Орман флорасы мен фаунасы гендік қорының репродуктивтік материалдарына қол жеткізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етіледі.»;
8) 112-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) елді мекендерді көгалдандыру және орман тұқымдарын жинау үшін отырғызылатын материалды өсіру, жасыл, қорғаныштық, плантациялық және өзге де екпелерді жасау, екпелерге күтім жасау жөніндегі жұмыстарды жүргізу, оқу практикасын өткізу;».
4-тармақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілді
4. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:
50-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын:
«7-2) өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалану тәртібімен өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;».
5. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
1) 46-баптың 2-тармағы «жануарлар,» деген сөзден кейін «өсімдіктердің генетикалық ресурстары,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 129-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) жабайы өсетін өсімдіктерді күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы талаптарды сақтауға;»;
3) 138-бап мынадай мазмұндағы 98-1) тармақшамен толықтырылсын:
«98-1) жабайы өсетін өсімдіктерді күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласында;».
6. 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексіне:
1) 160-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізілетін өсімдіктер дүниесінің мемлекеттік мониторингі.»;
2) 171-баптың 6) тармақшасындағы «шегінде жүзеге асырады.» деген сөздер «шегінде;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) өсімдіктер дүниесінің мемлекеттік кадастры бойынша - өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы уәкілетті орган - тұтас республика бойынша, ал өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық органдары - әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде жүзеге асырады.»;
3) 247-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«247-бап. Жағалау-судағы құрғақ өсімдіктерді шабу кезіндегі экологиялық талаптар
Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілері аумағындағы өсімдіктерді қоспағанда, жағалау-судағы құрғақ өсімдіктерді шабуға өрттің туындау қаупін азайту мақсатында, сондай-ақ шаруашылық қажеттілік жағдайында жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша жол беріледі.»;
4) 249-бапта:
тақырыптағы «Жануарлар» деген сөз «Өсімдіктер мен жануарлар» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Интродукция деп өсімдік түрлерін олар табиғи өсетін жер шегінен тыс жерге және жануарларды олар мекендейтін орта шегінен тыс жерге әдейі немесе кездейсоқ көшіру түсініледі.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Өсімдіктерді интродукциялау Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
5) 267-бапта:
тақырыптағы «(генетикалық) коллекцияларды ұстау» деген сөздер «коллекциялар мен өсімдіктердің генетикалық ресурстары коллекцияларын күтіп-баптау» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
екінші бөліктегі «Көрсетілген» деген сөз «Ботаникалық коллекциялар мен өсімдіктердің генетикалық ресурстары коллекцияларын қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ботаникалық коллекцияларды, өсімдіктердің генетикалық ресурстары коллекцияларын қалыптастыру, сақтау, есепке алу және пайдалану тәртібін өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
2-тармақта:
бірінші бөлік «коллекциялар» деген сөзден кейін «мен генетикалық ресурстар коллекциялары» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік «қарамастан» деген сөзден кейін «, ботаникалық коллекциялар мен өсімдіктердің генетикалық ресурстары коллекцияларын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын.
7. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-баптың 1-тармағының 4-3) тармақшасы «екпелерді» деген сөзден кейін «жасау,» деген сөзбен толықтырылсын;
2) 27-бапта:
1-тармақта:
18-1) тармақша «жүргізілуін» деген сөзден кейін «, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың шекараларында орналасқан жасыл екпелердің жасалуын, күтіп-бапталуын және қорғалуын» деген сөздермен толықтырылсын;
33-1) тармақшада:
бірінші бөлік «екпелерді» деген сөзден кейін «жасау,» деген сөзбен толықтырылсын;
екінші бөлікте:
«сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі» деген сөздер «өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«екпелерді күтіп-баптау мен» деген сөздер «екпелерді жасау, күтіп-баптау мен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«екпелерді күтіп-баптау және» деген сөздер «екпелерді жасау, күтіп-баптау және» деген сөздермен ауыстырылсын;
36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«36) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жабайы өсетін өсімдіктерді пайдалану құқығына шектеу (тоқтата тұру) белгілеу туралы шешімдер қабылдайды;».
8. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
9-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9-3) жасыл екпелер - елді мекендердің аумақтарында қорғаныштық, санитариялық-гигиеналық, әлеуметтік, эстетикалық және өзге де функцияларды орындайтын ағаш-бұта және шөптесін өсімдік екпелері;»;
мынадай мазмұндағы 9-4) тармақшамен толықтырылсын:
«9-4) жергілікті сараптамалық қорытынды - сараптаманы аяқтайтын кезеңді қоспағанда, тиісті жоба бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптамалық қолдаудың әрбір кезеңінде ресімделетін және тапсырыс берушіге берілетін, жобалар сараптамасының қорытындысы;»;
36-1) тармақша алып тасталсын;
2) 20-баптың 23-15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«23-15) қалалар мен елді мекендерді абаттандырудың үлгілік қағидаларын бекіту;»;
3) 21-баптың 4-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1) облыс әкімдігі ұсынатын, облыс елді мекендерінің шекарасы шегінде Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту кіреді.»;
4) 22-баптың 1-тармағының 2-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) қала әкімдігі ұсынатын, қала шекаралары шегінде Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту;»;
5) 24-баптың 1-тармағының 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) облыс елді мекендерінің шекарасы шегінде Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;»;
6) 25-баптың 1-тармағының 6-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1) қала шекаралары шегінде Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын қалалық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;».
9. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) интродукция - өсімдік түрлерін олар табиғи өсетін жер шегінен тыс жерге және жануарларды олар мекендейтін орта шегінен тыс жерге әдейі немесе кездейсоқ көшіру;»;
2) 7-бапта:
3-1) тармақшадағы «өсімдіктердің» деген сөз «өсімдіктер мен жануарлардың» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 6-4) тармақшамен толықтырылсын:
«6-4) ғылыми табиғи объектілерге «Ғылыми табиғи объект - ұлттық игілік» мәртебесін беру;»;
3) 8-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Уәкілетті органның, уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің құзыреті»;
бірінші бөлікте:
мынадай мазмұндағы 4-3) және 4-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-3) Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидаларын әзірлеу;
4-4) ғылыми табиғи объектіге «Ғылыми табиғи объект - ұлттық игілік» мәртебесін беру жөнінде ұсыныстар енгізу;»;
6) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«өз қарамағындағы республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, экологиялық дәліздерді құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобаларын;»;
6-1) тармақшада:
үшінші абзацтағы «ұйымын» деген сөз «ұйымының» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы он төртінші абзацпен толықтырылсын:
«Ғылыми табиғи объект - ұлттық игілік» мәртебесін беруге жататын ғылыми табиғи объектілерді айқындау қағидаларын;»;
11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«11) өз қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға басшылық ету, табиғи кешендерді күзету, қорғау және қалпына келтіру жөніндегі қызметті қамтамасыз ету;
12) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ғылыми қызмет пен ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру;»;
мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
«18-1) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өз қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері, экологиялық желіні дамыту саласындағы ашық ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті орган ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері өз қызметін уәкілетті орган белгілеген құзырет шегінде жүзеге асырады.»;
4) 9-бап мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) ғылыми табиғи объектілерге «Ғылыми табиғи объект - ұлттық игілік» мәртебесін беру туралы уәкілетті органға ұсыныстар енгізеді;
6-2) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өз қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері саласындағы ашық ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді;»;
5) 10-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 15-3) тармақшамен толықтырылсын:
«15-3) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері, экологиялық желіні дамыту саласындағы ашық ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді;»;
6) 13-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) табиғат қорғау ұйымдарының ғылыми-техникалық және үйлестіру кеңестерінің жұмысына қатысуға құқылы.»;
7) 14-бапта:
3-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
6-тармақтың үшінші бөлігіндегі «Республикалық маңызы бар қалалардың шекарасында орналасқан мемлекеттік табиғат ескерткіштерін және ботаникалық бақтарды қоспағанда, ерекше» деген сөздер «Ерекше» деген сөзбен ауыстырылсын
8) 20-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту туралы шешім мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындыларын алған жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің негізінде қабылданады.»;
9) 25-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) ерекше қорғалатын табиғи аумақ объектілерінде «Ғылыми табиғи объект - ұлттық игілік» мәртебесінің болуы;»;
10) 4-тарау мынадай мазмұндағы 27-1-баппен толықтырылсын:
«27-1-бап. «Ғылыми табиғи объект - ұлттық игілік» мәртебесі бар ғылыми табиғи объектілер
1. Ғылыми тұрғыдан ерекше құнды және ұлттық игілік болып табылатын, шығуы табиғи немесе жасанды бірегей объектілер «Ғылыми табиғи объект - ұлттық игілік» мәртебесі бар ғылыми табиғи объектілер деп танылады.
2. «Ғылыми табиғи объект - ұлттық игілік» мәртебесі бар ғылыми табиғи объектілерге мыналарды жатқызуға болады:
өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін сақтау, өсіру, реинтродукциялау жөніндегі бірегей объектілер;
табиғи объектілер жөніндегі ғылыми және ғылыми-техникалық ақпараттың бірегей қорлары;
өсімдіктердің, жануарлар мен микроорганизмдердің түрлерін зерделеуге, сақтауға, молықтыруға және пайдалануға байланысты бірегей зерттеу және эксперименттік қондырғылар, кешендер, ғылыми-сынақ полигондары.
3. «Ғылыми табиғи объект - ұлттық игілік» мәртебесі бар ғылыми табиғи объектілерді тіркеуді уәкілетті орган жүзеге асырады.
4. «Ғылыми табиғи объект - ұлттық игілік» мәртебесі уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысанда сертификатпен куәландырылады.»;
11) 29-бапта:
1-тармақтағы «күзету мен қорғау» деген сөздер «күзету және қорғау жөніндегі іс-шаралар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Күзету жөніндегі іс-шаралар:»;
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қорғау жөніндегі іс-шаралар:»;
5-тармақта:
«Қорғау ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету режимінің түрлерін ескере отырып, ғылыми ұйымдардың ұсыныстары негізінде және қарауында» деген сөздер «Қорғау жөніндегі іс-шаралар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы күзет режимінің түрі ескеріле отырып, ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негізінде және қарамағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«орталық атқарушы органдардың рұқсаты» деген сөздер «орталық немесе жергілікті атқарушы органдармен келісу» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 32-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«32-1-бап. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы
1. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы Қазақстан Республикасының аумағындағы өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерінің жай-күйі, оларды зерделеу, қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану жөніндегі қажетті шаралар туралы мәліметтер жиынтығын қамтитын, өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлері тізбелерінің суреттер мен безендірілген басылымы болып табылады. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы қазақ және орыс тілдерінде басып шығарылады, қажет болған кезде басқа тілдерде де басып шығарылуы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына Қазақстан Республикасының аумағында құрлықта, суда, атмосферада және топырақта, Қазақстан Республикасының континенттік қайраңы мен айрықша экономикалық аймағында табиғи еркіндік жағдайында, тұрақты немесе уақытша өсетін өсімдіктердің (биік және аласа) және мекендейтін жануарлардың (омыртқалылар және омыртқасыздар) мынадай санаттағы түрлері (кіші түрлері, популяциялары) енгізіледі:
1) жойылып бара жатқан (жойылып кету қаупі төнген немесе жойылып кеткен болуы да мүмкін);
2) азайып бара жатқан (олардың саны жеткілікті дәрежеде әлі де көп, бірақ ол өте тез түрде азаюда);
3) сирек кездесетін (шектеулі мөлшерде немесе өте шағын аумақтарда кездеседі);
4) айқындалмаған (жеткілікті зерделенбеген, ал популяцияларының саны мен жай-күйі алаңдаушылық тудырады);
5) қалпына келтірілген (түрлердің жай-күйі қауіптілік туғызбайды, бірақ олардың популяцияларын үнемі бақылап отыру қажет).
3. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізуді уәкілетті орган бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы қағаз және электрон дық жеткізгіштерде ресми жариялануға (басып шығарылуға) жатады, сондай-ақ уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады, өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерінің суреттермен безендірілген Қазақстан Республикасы Қызыл кітабының материалдары бұқаралық ақпарат құралдарында, ақпараттық және өзге де басылымдарда жариялануы мүмкін.
4. Өсімдіктер мен жануарлар түрлерін өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерінің тізбелеріне және Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізу не олардан алып тастау жөнінде ұсынымдар әзірлеу үшін ведомствоаралық ботаникалық және зоологиялық комиссиялар құрылады.
5. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің мемлекеттік кадастрларының құрамдас бөлігі болып табылады.»;
13) 38-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«шектеулі шаруашылық қызмет тауарларын өткізуден, балық және балық өнімдерін өткізуден, орман дақылдарын, қорғаныштық және жасыл екпелерді жасаудан түсетін кірістер;»;
1-1-тармақтың 2) тармақшасындағы «мүгедектерден» деген сөз «мүгедектігі бар адамдардан» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 43-баптың 2-тармағының 10) тармақшасындағы «эндемикалық, сирек кездесетін және құрып бара жатқан» деген сөздер «эндемиялық, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 46-баптың 3-тармағы «туристік, рекреациялық» деген сөздерден кейін «(уақытша құрылыстар ғана салу үшін)» деген сөздермен толықтырылсын;
16) 48-баптың 2-тармағының 10) тармақшасындағы «эндемикалық, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан» деген сөздер «эндемиялық, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 67-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) биологиялық (ботаникалық, зоологиялық) - өсімдіктер мен жануарлардың бағалы, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін сақтау және қалпына келтіру үшін;»;
18) 16-тарау мынадай мазмұндағы 73-1-баппен толықтырылсын:
«73-1-бап. Мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің түрлері
Мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілеріне мыналар жатқызылады:
1) мемлекеттік орман қорының ерекше құнды екпелері;
2) сулы-батпақты алқаптар;
3) негізгі орнитологиялық аумақтар;
4) бірегей табиғи су объектілері немесе олардың учаскелері;
5) ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар жер қойнауы учаскелері;
6) өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлері;
7) өсімдіктер дүниесінің ерекше ғылыми және (немесе) тарихи-мәдени маңызы бар бірегей дара объектілері.»;
19) 75 және 75-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«75-бап. Сулы-батпақты алқаптар
1. Өсімдіктер мен жануарлардың халықаралық және республикалық ресурс болып табылатын, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін қоса алғанда, өсімдік түрлерінің (кіші түрлерінің) немесе су маңындағы жануарлардың, ең алдымен қоныс аударатын суда жүзетін құстардың едәуір жиынтығының резерваттары қызметін атқаратын теңіз акваторияларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи және жасанды су айдындары сулы-батпақты алқаптар болып табылады.
2. Сулы-батпақты алқаптар өз мәні бойынша халықаралық маңызы бар және республикалық маңызы бар болып бөлінеді. Олар қолданыстағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына енгізілуі мүмкін не олардың негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жаңа ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылуы мүмкін.
Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізімі Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес қалыптастырылады.
Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар мен республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізімдерін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
3. Сулы-батпақты алқаптарда суда жүзетін құстар мекендейтін жерлерді күзетуді және қалпына келтіруді қамтамасыз ететін қорықтық және (немесе) тапсырыстық режимдер не шаруашылық қызметтің реттеліп отыратын режимі белгіленеді.
4. Сулы-батпақты алқаптарда сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін қоса алғанда, жануарлар дүниесінің түрлерін қорғау және өсімін молайту жөніндегі шаралар көзделеді. Сулы-батпақты алқаптарды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган оларды дамыту жоспарларын бекітеді.
75-1-бап. Негізгі орнитологиялық аумақтар
1. Негізгі орнитологиялық аумақ деп қыстау немесе қоныс аудару кезінде дамылдау орындарында ұя салу, түлеу кезеңінде құстардың бір немесе бірнеше түрлерінің шоғырлану орны болып табылатын аумақ түсініледі.
Негізгі орнитологиялық аумақтарға маңызды ғылыми және танымдық мәні бар учаскелер жатқызылуы мүмкін. Негізгі орнитологиялық аумақтар ретінде табиғи мекендейтін жерлер мен жасанды жасалған объектілер: су қоймалары, тоғандар, ормансыз аудандардағы жасанды орман екпелері және құстардың түрлерінің үлкен саналуандығымен және санымен сипатталатын өзге де объектілер бола алады.
2. Қазақстанның негізгі орнитологиялық аумақтары республикалық және халықаралық негізгі орнитологиялық аумақтар желісінің бір бөлігі болып табылады. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның жәрдем көрсетуімен республикада елдің негізгі орнитологиялық аумақтарының каталогы басып шығарылады және ол кезең-кезеңмен нақтыланып тұрады, онда олардың кеңістікте орналасуы туралы деректер мен осы аумақтардың сипаттамасы қамтылады.»;